2-бөлім. Мекеме орнымен танысу. «Мак-Астана гордорстрой
«МАК-Астана гордорстрой» ЖШС құрылыс компаниясы әкімшілік ғимараттарды салуға, ғимараттарды қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге, жолдарды салуға және жөндеуге маманданған. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы және тіпті ең күрделі технологиялық тапсырыстарды орындауға қажетті тәжірибелі жұмысшылар штаты бар. Барлық жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға және келісілген мерзімге сәйкес жүргізіледі.
Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеден жетекші берілді, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырды. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырып, жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрдық. Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырды, күнтізбенің тәртібін бақылады, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, ішкі ережелерінің орындалу тізбегі, күнделікте сақталуы, қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілді, техникалық және де басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады. Керек болған жағдайда тәжірибеге келген студенттерді медициналық тексерулерін ұйымдастырды. Өндірістік тәжірибе нәтижесінде мен компьютерде PHP, Java Script, HTML тілдерін және Colvir программаларымен жұмыс жасауды меңгердім. Тәжірибеден өткен мекемемнің құрылысымен, осы мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен таныстым. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көрдім. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істедім. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе.
Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. Өндірістік тәжірибе өткен жерімде еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану керек екендігі айқын көрінді. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу, бағдарлама құру, бағдарламаларды орнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу секілді кафедрадан алған жеке тапсырмама сүйеніп, осы мекемеде ақпараттық техникалық бөлімде практикамды өткіздім.
Достарыңызбен бөлісу: |