2014 жылы 1 қыркүйегінде
еңбек ұжымының жалпы
жиналысында бекітілді
2014 – 2016 жылға арналған «Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
мен Бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы
ұжымдық шарт.
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
«Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ИИН KZ86070103KSN0604000 БИН 131040001195
(мекеменің толық атауы, тұратын жері, мемлекеттік құжатының номері, РНН,СИК)
және бастауыш кәсіподақ ұйымы
Ержанова Камшат Кудайбергеновна
(кәсіподақ атауы, төрағаның аты-жөні)
арасында 2014-2016 жылға жасалған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТЫ
ҚР Президентінің «Әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастары бағытындағы келісімін» және «Кәсіподақ туралы» ҚР-ның заңдарын, ҚР-сы үкметі, Қазақстан кәсіподақ федерациясы, Республикалық жұмыс берушілер арасындағы басты келісім шарт және «Еңбек Кодексін» басшылыққа ала отырып:
І-жақ: Алға ауданы, «Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(мекеменің толық атауы)
ІІ-жақ: бастауыш кәсіподақ ұйымы
(кәсіподақ ұйымының атауы)
алдағы уақытта «Екі жақтың» өзара түсінушілігін заңдастыру мақсатында «Ұжымдық шарт» жасайды.
Бұл ұжымдық шарт «екі жақтың» жұмысқа жауапкершілігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қажетті жағдайлар туғызуға, жұмысшылар мен олардың отбасыларын, зейнеткерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуге, экономикалық реформалардын халыққа түсер салмағын жеңілдетуге негіз болады.
Бұл құжат – мекеме басшыларына мекеме мүддесін қорғауда және кәсіподақ ұйымына еңбекшілер ұйымы атынан мәселелер көтеруге құқық береді.
Осы «Ұжымдық шартты» жасасқан «екі жақ» шарт талаптарын мүлтіксіз орындауға, «екі жақтың» да мүддесіне шынайылық білдіруге, өзара түсінушілікке қол жеткізуге және талас мәселелерді бірлесіп шешуге негіз бола алады.
Бұл «Ұжымдық шарт» - әкімшілік өз міндеттерін толық орындаған жағдайда кәсіподақ комитетіне әр түрлі акциялар, бас көтерулер болдырмауды, оған ұйтқы болмауды міндеттейді.
Мекеменің басқару құрылымы өзгерген жағдайда немесе қайта құрылғанда «Еңбек кодексіне» сай ұжымдық шарт өз күшін қайтадан жасалғанша сақтайды.
Ұжымдық шарт талаптарының орындалуы әкімшілік және кәсіподақ тарапынан жылына бір рет таңдалады.
Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан мекеменің барлық мүшелеріне кәсіптік деңгейіне сай қызмет беріледі.
Жұмыс беруші (әкімшілік) – ұжым алдында өзінің болашақ жоспары, қаражат жағдайы және мекемедегі зиянды жұмыстар туралы хабардар етуге міндетті.
1.1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ұжымдық шарт қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік кепілдіктері сақталуын қамтамассыз ету, ұйым қолайлы жағдай тудыру мақсатымен жасалды. Ұйым жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтмасыз етуге, қызметкерлердің тұрмыс дәрежесін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан республикасы Еңбек кодексін, еңбек ету құқығы, салалық, тарифтік келісім және осы Ұжымдық шарт нормалары бар өзге де актілерді орындаудағы Тараптардың өзара жауапкершлігігін қамтмасыз етуге бағытталған.
1.2. Ұжымдық шарт Қазақстан республикасы Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарына, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одақтары одағы арасындағы Тараптардың өзара жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
1.3. Ұжымдық шарт бір жағынан қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша меншік иесінің міндеттемелерін, екінші жағынан – еңбек ұжымының әкімшілік құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін қарастырады.
1.4. Осы Ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеп отыратын құқықтық акт болып табылады және Қызметкерлер мен Жұмыс беруші өкілдерінің арасында жасалады.
1.5. Бірлескен қызмет барысында Тараптар осы Ұжымдық шарттың талаптарын сақтауға, өз қарым-қатынастарын әлеуметтік әріптестік қағидаларына сүйене құруға міндетті.
1.6. Жұмыс беруші өз қаржы-экономикалық жағдайы, таяудағы даму болашағы жайында қызметкерлермен және Кәсіподақ өкілдерімен кездесулерінде ұдайы хабардар етіп отырады.
1.7. Қызметкерлер Кәсіподақ өкілдері арқылы Жұмыс беруші Басқармасының отырыстарына қатысады. Жұмыс беруші басқармасы басқарма отырысы өтетін күні мен орны және күн тәртібі туралы Кәсіподақты хабардар етеді.
1.8. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар, егер бұл мәліметтерде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялар болса, алынған мәліметтерді жария етуге құқықтары жоқ.
1.9. Жұмыс беруші мен кәсіподақ Қызметкер мен Жұмыс беруші арасындағы еңбек дауларын келісім комиссиясы қарастырады деп келісімге келеді. Келісім комиссиясының отырысы жұмыс уақытында өткізілгенде, комиссия мүшелерінің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.
1.10. Осы Ұжымдық шарттың күші барлық қызметкерлер мен Жұмыс берушілерге қолданылады.
1.11. Жұмыс берушінің қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) кезеңінде осы Ұжымдық шарт өз күшін сақтайды.
1.12. Жұмыс берушінің меншік иесі ауысқан кезде Ұжымдық шарт өз күшін үш ай бойы сақтайды. Осы кезең ішінде тараптар жаңа Ұжымдық шарт жасасу неме қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздер бастауға құқылы.
1.13. Жұмыс беруші таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде Ұжымдық шарттың қолданылуы барлық Жұмыс берушілермен Еңбек штаттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
1.2. Шарт нысанасы
1.2.1. Осы Ұжымдық шарттың нысанасы әлеуметтік әріптестік аясында тараптар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу ұйымның экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қызметкерлерге белгіленген заңдармен, нормативтік құқықтық актілермен және Салалық, тарифтік келісіммен, басқа да келісімдермен салыстырғанда барынша қолайлы кепілдіктер мен жеңілдіктер беру болып табылады.
1.3. Ұжымдық шарттың қолданылуы
1.3.1. Осы ұжымдық шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Ұжымдық шарт қабылданғанға немесе екі тараптың өзара келісіуімен өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін қолданылады.
1.3.2. Бұл Ұжымдық шарт Жұмыс берушіге және өз аттарынан Ұжымдық шарт жасалған ұйымның қызметкерлері мен оларға жазбаша өтініштері негізінде қосылған қызметкерлерге қолданылады.
1.4. Тараптардың жалпы міндеттері
1.4.1. Әкімшілік пен Кәсіподақ осы Ұжымдық шарттың талаптарын мүлтіксіз сақтауға, бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, өзара түсіністікке ұмтыла отырып, тайталастарды болдырмауға міндеттенеді. Барлық даулы мәселелер келіссөздер жүргізу мен кеңес беру жолымен шешіледі.
1.4.2. Тараптар өндіріс көлемін қысқарту мен ереуілдер жағдайларынан басқа, қазіргі қолда бар құқықтары мен жеңілдіктерін қызметкерлер жоғалтпауы тиіс деп есептейді.
1.4.3. Осы Ұжымдық шартқа қол қойған кез келген Тарап осы Ұжымдық шарттың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру бойынша тараптармен қабылданып қойған міндеттемелерді орындауға кедергі келтірмейтін өзгерістер мен толықтырулар туралы комиссияға ұсыныстар енгізуге құқылы. Соңғы шешім Жұмыс беруші мен Кәсіподақтың бірлескен қаулысымен қабылданады.
1.4.4. Бұл Ұжымдық шарттың орындалуы кем дегенде жылына бір рет конференцияда қарастырылады.
1.4.5. Жұмыс беруші осы Ұжымдық шарт талаптарын сақтауға және ережелерін орындауға міндеттенеді, ал Кәсіподақ осы Ұжымдық шарттың қолданылуы кезеңінде жұмыс беруші жауапкершілігіне алған міндеттерін орындаған жағдайда ереуілдер ұйымдастырмауға міндеттенеді.
1.4.6. Осы Ұжымдық шартта көзделген міндеттемелер Жұмыс беруші мен қызметкерлердің кінәсінен бұзылған немесе орындалмаған болса, ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауап береді.
1.4.7. Тараптар қол қойылған күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде әр Қызметкерді осы Ұжымдық шарттың мәтінімен хабардар етуге міндеттенеді.
1.4.8. Жұмыс беруші Кәсіподақты Қызметкерлер ұйымының жалпы жиналысында (конференцияларында) еңбек және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар саласындағы мүдделерін қорғауға уәкілеттік берілген бірден-бір өкілі ретінде таниды.
1.4.9. Ұйымның тұрақты және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету, қызметкерлердің тұрмыс деңгейін жоғарылату мақсатында
Жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:
ұйымның тұрақты қаржылық жағдайына қол жеткізу;
Қызметкерлердің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қызметкерлерге заңнамамен және осы Ұжымдық шартпен көзделген барлық құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
Қызметкерлердің өтініштерін бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін мәселелерді шешу кезінде - 15 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде қарауға және өтініш берушіге ауызша да, жазбаша түрде де жауап беру;
бірдей еңбек үшін бірдей ақы төлеуді қамтамасыз ету;
тиесілі жалақыны осы Ұжымдық шартпен белгіленген мерзімде толық мөлшерде төлеу;
жалақы төлеу және қызметерлердің зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы аударымдары бойынша берешктің жиналуына жол бермеу;
еңбек шартында келісілген жұмысты ұсыну;
еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау;
Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындауға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, өзге де құралдармен қамтмасыз ету;
Қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру;
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру;
әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша шешім қабылдау кезінде Жұмыс беруші олардың алдын ала Кәсіподақпен келіседі және оны қажетті ақпарат пен нормативтік құжаттамалармен қамтамасыз етеді.
1.4.10. Осы Ұжымдық шарт аясында қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен
көсіптік мүдделерін қорғау мақсатында Кәсіподақ:
конституциялық құқықтар, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасы негізінде және осы Ұжымдық шартқа сәйкес қымзеткеркерлердің – Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық, экономикалық, кәсіптік және әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша үнемі жұмыс жүргізуге;
ұйымдағы денсаулық сақтау, еңбек және қауіпсіздік техникасы, еңбек тәртібінің жай-күйіне бақылау жүргізуді жүзеге асыруға;
жұмыс берушінің ҚР Еңбек кодексі және еңбек құқықтары нормалары бар өзге де актілерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауына бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
осы Ұжымдық шарттың орындалуына үнемі бақылау жасауға, сондай-ақ осы Ұжымдық шарт талаптары бұзылуын жою туралы Жұмыс берушінің ұсынуларын енгізуге;
Кәсіподақ мүшелеріне осы Ұжымдық шарттың орындалу барысын бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат беруге;
Көсіподақ мүшелеріне демалыс үйлерге, ал аса мұқтаж Қызметкерлерге кәсіптік
тексерулер нәтижелері бойынша санаториялық-шипажайлық емделуге жолдамалар алуына жәрдемдесуге;
Спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу істеріне қатысуға;
Ұйымдағы еңбек тәртібін нығайтуға атсалысуға мінеттенеді.
1.4.11. Ұйым қызметі:
өндірістік міндеттерді жүзеге асыруға, ұйым қызметінің тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға жағдай жасауға;
Жұмыс берушінің Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;
өз жұмыс орнын, жабдықтар мен құралдарды бұзбай, таза ұстауға, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлітіксіз сақтауға;
өзінің кәсіптік деңгейін арттыруға міндетті
2 - тарау. Қызметкерлердің мәртебесі
2.1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асырушы басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын қызметкерлер педагогикалық қызметкерлер болып табылады.
2.2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады..
2.3. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.
2.4. Педагогикалық қызметкер:
кәсіптік қызмет үшін жағдай қамтмасыз етілген педагогикалық қызметпен айналысуға;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-экперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық іс-тәжірибеге жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
жеке педагогикалық қызмет жүргізуге;
білім беру деңгейінің сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын сақтай отырып, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен түрлерін еркін таңдауға;
білім беру ұйымдарын басқару алқалық органдардың жұмысына қатысуға;
бес жылда кем дегенде бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыру курсынан өтуге;
санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;
педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік марапат, құрметті атақтар, сыйлықтар жән атаулы шәкіртақылар түріндегі моральдық және материалдық көтермелеуге;
оның кәсіби абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға;
әскери қызметке шақырудың мерзімін ұзартуға;
ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілі сақаталатын шығармашылық демалыс алуға;
білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқы бар.
2.5. Педагогикалық қызметкер:
өз кәсіптік құзырлылығы саласындағы сабақ берудің тиісті теориялық және практикалық білім мен дағдыларын игеруге;
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметін көрсетудің сапасын қамтамасыз ету;
өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылым деңгейін ұдайы жетілдіруге;
бес жылда кем дегенде бір рет аттесттаудан өтуге;
педагогикалық этика нормаларын сақтауға;
2.6. Педагогикалық этиканың міндеттері мен нормаларын бұзғаны үшін педагогикалық қызметкер Қазақстан Республикасының заңдары мен Еңбек шартында қарастырылған жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
2.7. Педагогикалық қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың өз кәсіптік міндеттерін орындауына қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
2.8. Сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ сотталғандығы заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе есептен шығарылмаған адамдарға білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
3-тарау. Еңбек қатынастары мен еңбек шарты
3.1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады.
3.2. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ қызметкерімен еңбек шартын Еңбек кодексі 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі мерзімге жасауы, атап айтқанда – белгілі бір жұмыстың орындалу уақытында; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасауы мүмкін.
3.3. Жұмыс беруші зейнет жасына жеткен және жоғары кәсіптік және біліктік деңгейді бар қызметкермен оның жұмыс істеу қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзарта алады.
3.4. Тұтастай алғанда ұйымның немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің жойылуы, өндірістің толық немесе ішінара тоқтауы салдарынан Қызметкерлердің босатылуы, еңбек жағдайының нашарлауы болуы мүмкін жағдай Кәсіподақ алдын ала хабардар етілгенде ғана жүзеге асырылады. Қызметкерлерге жұмыстан босатылатыны туралы бір айдан кеш емес дербес мерзімде ескертіледі.
3.5. Жұмыс беруші жүкті әйеледерді қажет болғанына қарай жазбаша өтініші бойынша жалақысы мен жұмыс орнын сақтай отырып, медициналық мекемелерге (перинаталдық орталық, СВА және басқа) баруы үшін жұмыстан босатуға құқығы бар.
3.6. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін шешу кезінде Жұмыс беруші өзара кеңесуі және Кәсіподақ пікірін ескеруі тиіс.
3.7. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен Еңбек шартын ереуілді желеу етіп бұзуға жол берілмейді.
3.8. Санаториялық шипажайлық емделуге жолдама болған кезде қызметкерлерге кестеден тыс демалыс беру.
3.9. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанан кейінгі нақты жағдайда еңбек қатынастары жалғаса берсе және бір де бір тарап оның тоқталуын талап етпеген жағдайда, еңбек шартының қолданылуы белгісіз мерзімге дейін жалғастыралады деп танылады.
3.10. Бұрын бір жылдан кем емес белгіленген мерзімге еңбек шарты жасалған Қызметкермен қайтадан еңбек шарты жасалған, сондай-ақ еңбек шартының мерзімі ұзартылған жағдайда, ол белгіленбеген мерзімге жасалды деп танылады.
3.11. Ұйымда жұмыс барысынан бос уақытта қызметкерлерді компьютерде жұмыс істей білуге үйретуді, қаржы шығындарын қарастыра отырып, олардың компьютерлік сауаттылықты меңгеруін ұйымдастыру.
3.12. ҚР-сы Еңбек кодексінің 43 бабына сәйкес өндірістік қажеттілік болған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақасынан кем емес жалықымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа (ремонт жұмыстары, аула тазалауға және де т.б жұмыстарға ) ауыстыруға құқығы бар.
3.13. 50 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын
сақтау. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 478 қаулысымен бекітілген)
3.14. Жұмысқа қабылдаған кезде және еңбек қызметі уақытында кемсітуді болдырмау бөлігінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 478 қаулысымен бекітілген)
4-тарау. Жұмыс уақыты
4.1. Жұмыс режимі Кәсіподақпен берілесіп жасалған және бекітілген ішкі еңбек тәртібі ережелерімен айқындалады.
4.2. Үстеме жұмыстарға:
жүкті әйелдер;
он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер тартылмайды.
4.3. үстеме жұмыс деп Ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленген жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс есептелінеді. Үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісіміме, төмендегі жағдайларды қоспағанда:
а) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы, өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстар жүргізу кезінде;
б) сумен, газбен, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тірлішікті қамтамасыз етудің басқа жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;
5-тарау. Демалыс уақыты.
5.1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістердің басталу, аяқталу уақыты мен ұзақтығы Ішкі еңбек тәртібі ережелерімен айқындалады.
5.2. Бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін қызметкерлерге аптасына екі демалыс – сенбі және жексенбі күндері беріледі. Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістегі қызметкерлердің демалыс күндері шығу кестесімен айқындалады. Қызметкерлердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.
5.3. Бес күндік жұмыс күнінен тыс уақытта қызметкерлерге білім беру ұйымдарында қосымша жұмыс жасауға болады.
5.4. қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
а) төтенше жағдайларда, дүлей зілзаланы;
б) өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін жол беріледі.
5.5. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге, әкелерге (бала асырап алушыларға), бір жарым жасқа толмаған балаларды анасыз тәрбиелеп отырғандарға
тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі.
5.6. Ұйым қызметкерлеріне жыл сайынғы бірелетін ақылы еңбек демалысының ұзақтығы мынадай:
оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін – 42 (кырык екі) күнтізбелік күн беріледі
5.7. Демалысқа кететін қызметкерлерге еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейінгі 3 күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5.8. Қызметкер өтінішінің негізінде оған жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Демалыстың ұзақтығы қызметкермен келісе отырып айқындалады.
5.9. Қызметкердің жазбаша өтініші негізінде мынадай жағдайда күнтізбелік үш күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беріледі:
неке тіркелген;
бала туылған;
жақын туыстары қайтыс болған;
өзге де жағдайлар.
5.10. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломды жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін Жұмыс берушімен келісе отырып, ақылы оқу демалыстары беріледі.
5.11. Мереке күндері қарсаңында жұмыс уақытының ұзақтығы жалақы сақтала отырып, қысқартылуы мүмкін.
6-тарау. Еңбекке ақы төлеу.
Жүмыс беруші міндеттенеді:
6.1. Кәсіподақ келісімі арқылы еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ескере отырып, еңбек нормаларын әзіреуді, жаңаларын енгізуді, ауыс-тыру мен қайта қарау істерін жүртізуге.
6.2. Қызметкерлердің жалақысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтарда бекітілген № 41 «Мемлекеттік қызметшілер болып табыл-майтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен қазынашылық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес есептелуіне.
6.3. Қызметкерлерді қажет болған жағдайда еңбек шартында көзделмеген жүмысқа ауыстырған кезде еңбекке ақы орындалған жүмысы бойынша төленеді, бірақ оның негізгі жұмыс орнынан алатын орташа айлық жалақысынан төмен болмауына.
6.4. Жұмысшылардың тарифтік ставкалары мен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларын Кәсіподақтың қатысуымен Қазакстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілері негізінде белгілеуге.
6.5. Жалақы төлеу ақшалай түрде Қазақстан Республикасының үлттық валютасымен кем дегенде айына бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей жүргізіледі.
6.6. Жалақы төлеу куні демалыс және мереке күндеріне тура келсе, төлемді оның қарсаңында жүргізуге.
67. Қызметкерлерге ай сайын жалақының күрамды бөліктерін, үстап қалу мөлшері мен негіздемесі, оның ішінде үсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, сондайақ төленуге тиісті ақшалай қаражаттың жалпы сомасы туралы мәліметтер көрсетілетін есеп парақтарын беруге.
6.8. Қызметкерлердің лауазымдық еңбекақылары, қосымша және үстеме ақылар, сондайақ басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен сәйкес айқындауға.
6.9. Республикада тарифтік ставкалардың көлемі бұрынғы белгіленген-мен салыстырғанда ұлғайтылғаны туралы шешім қабылданған жағдайда осы өзгерістерді ескере отырып, есептеулер жургізуге.
6.10. Еңбек шартымен келісілген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым немесе өзінің негізгі жумысынан босатылмастан уақытша жоқ қызметкердің міндеттері бойынша қосымша жұмысты орындаушы қызметкерге қосымша ақы төлеуге.
6.11. Қаржылық қаражат бар болған кезде Кәсіподақпен келісіле отырып, қызметкерлерге сыйақы беруге және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдер жүргізуге
6.12. Ұйым қызметкерлеріне мамандығы бойынша білім беру ұйымдарынан 9 сағат жүктеме, негізгі жұмыс уақытында белгіленеді.
7-тарау. Еңбекті және денсаулықты сақтау.
Жұмыс беруші:
7.1. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз етеді.
7.2. Меншікті қаражаты есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту ісін жүргізеді, нұсқаулар береді, білімін тексереді, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етеді.
7.3. Қызметкерлер мен Кәсіподаққа жұмыс орнының сипаттамасы мен ұйым аумағы туралы, еңбек жағдайы, қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі, орын алған өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер жағдайында, сондай-ақ оны зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат береді.
7.4. Жазатайым оқиғаларды тіркеуді, есебін жүргізу мен талдауды жүзеге асырады.
7.5. Өндірісте орын алған жазатайым оқиғаларды тергеуге Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Кәсіподақтың қатысуын қамтамасыз етеді. Кәсіподақпен бірлесіп, олардың алдын алуға қатысты іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
7.6. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінен тепе-теңдік негізінде еңбекті қорғау комиссиясын құрады.
7.7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес болмауына байланысты ұйым жұмысының уақытша тоқтатылған уақытына Қызметкерлердің орташа жалақысын сақтайды.
7.8. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіп пен шарттарға сәйкес өтейді.
7.9. Кәсіподақ өкілдерін, еңбекті қорғай жөніндегі инспекторларды ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі, жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне және Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тексеру үшін еш кедергісіз рұқсат беріледі.
7.10. Кәсіподақпен бірлесе отырып, еңбек заңнамасын, осы Ұжымдық шартта белгіленген міндеттемелерді бұзуға, еңбек жағдайлары мен еңбекке ақы төлеуге байланысты дауларды қарастыруға тепе-теңдік негізінде қатысады.
7.11. 317-баптың 15 бөліміне сәйкес ҚР-ның заңнамасында көзделген жағдайларға байланысты, мекеме басшысы мекеменің барлық жұмысшыларын мерзімдік медициналық тексеруден өз қаражаты есебінен өткізуге міндетті.
а) үш жасқа дейінгі баласы бар аналарды кешкі кезекшіліктен босату міндеттелсін.
б) 7 немесе оданда көп балалы аналарды газет-журналдарға жазылуға жеңілдік жасалсын.
8-тарау. Жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктер
Жумыс беруші міндеттенеді:
8.1.Ұйым құрылымының өзгеруіне, оны қайта үйымдастыруға, адам саны мен штатты қысқартуға байланысты барлық мәселелерді Кәсіподақгы қатыстыра отырып қарастыруға.
8.2. Еңбек жағдайының өзгеруі туралы қызметкерге (жазбаша тұрде) және кәсіподаққа алдын ала кем дегенде бір ай бұрын ескерту жіберуге.
8.3. Кәсіподақ өкілін аттестаттау комиссиясының қүрамына енгізуге.
8.4. Қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту және біліктілігінің жеткі-ліксіздігі салдарынан қызметкердің атқарып отырған қызметі немесе жумысына сай бопмауы кезінде, сондай-ақ қызметкердің еңбек жағдайы өзгеруіне байла-нысты жүмыстән бас тартқан кезде кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын Қызметкерлермен еңбек шартын бүзуды осы ұйымның Кәсіподақ органының уәжді пікірін ескере отырып, Ұжымдық шартта көзделген тәртіпте жүргізуге.
8.5. Енбек шартының қызметкер уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе демалыс (оның ішінде жуктілікке және босануға байланысты) кезеңінде тоқтатылуына жол бермеуге.
8.6. Оқу орындарын бітірушілерге - алдын ала жасалған шарттар немесе өтінімдер бойынша уйымға жұмысқа келген жас мамандарға мамандығына қарай жұмыс беруді қамтамасыз етуге.
8.7. Кәсіподақпен бірлесе отырып, жыл сайын ұйым қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың қажетті көлемін айқындауға.
8.8. Тікелей үйымда немесе білім беру үйымдарында бес жылда бір рет мен-шікті қаражат есебінен қызметкерлердің кәсіптік даярлануын, қайта даярлануы мен біліктілік арттыруын қамтамасыз етуге.
Осы мақсатта кәсіптік даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудан өтіп жатқан Қызметкерлерге оқу мен жұмысты қоса атқару үшін жағдай жасауға, іссапарлар шығынын төлеу,
8.9. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдау. Осы мақсатта: » босаған жумыс орындарын олардың мамандықтары мен біліктілігін ескере
отырып, өз қызметкерлеріне бірінші кезекте ^сыну; • Қызметкерлерді алдағы жұмыстан босату туралы алдын ала ескертумен
бір уақытта ұйымда олардың кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне, ал ол
болмаған жағдайда - басқа жүмысты, оның ішінде аз төленетін немесе
қайта оқытуды қажет ететін жұмыс үшін іріктеу; жұмыстан босатылуы туралы хабарлама алған адамдарға жалақысын
сақтай отырып, жаңа жұмыс орнын іздеу үшін жүмыстан бос уақыт беру.
Кэсіподақ комитеті:
8.10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы ¥жымдық шартта қарастырылған Қызметкерлерді жұмыспен қамту, жұмысқа қабылдау мен босату, жеңілдіктер мен өтемақылар беру мәселелеріндегі әлеуметтік кепілдіктерді қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
9-тарау. Ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету
Жұмыс беруші міндеттенеді:
9.1. Қызметкер кірістерінен табыс салығы ұсталғанға дейін қаражаттарды ұстап қалуға және Қазақстан Республикасы заңнамасымен ақындалған тәртіпте зейнетақы ставкасы бойынша зейнетақы жинақтау қорларына аударады.
9.2. Зейнетақы рәсімдеу үшін Қызметкердің өтілі мен жалақысы туралы мәліметтерді уақытында және дұрыс ресімдеу.
9.3. Қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын қүжаттарды және олардың зейнетақымен қамсыздандыруға деген ақшаларын ұстап қалу және аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік мұрағатта сақтау мен сақталуын қамтамасыз ету.
9.4. Қызметкерлердің күнделікті өміріне өндірістік және сауықтыру гимнастикасын ендіру, психологиялық жеңілдену бөлмелерін қуру.
9.5. Қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы:
*жүмысберушінің қаражатыесебінен мерзімдік медициналық тексерулерден өтуге
міндетті қызметкерлер олардан өткен уақытта;
* донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан тапсыру уақытында;
* қызметкердің іссапары уақытында сақталады.
9.6. Іссапарларға , оның ішінде қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға жіберілетін қызметкерлерге:
*қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
* баратын жеріне дейінгі жэне кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
* тұрғын үй жалдау шығыстарын төлеу.
9.7 Жұмысынан айрылуына байланысты бір айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемі:
* жұмыс беруші таратылған не жумыс берушінің бастамасы бойынша еңбек
шарты бүзылғанда;
* қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің
бастамасы бойынша еңбек шарты бүзылғанда жургізіледі
9.8. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді нормативтік қүқықтық актілерге сәйкес жүргізуге міндетті:
а) егер уақытша жүмысқа жарамсыздық жүмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға байланысты болған жағдайда, әлеуметтікжәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші кунінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген кұнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін (Н-1 нысан актісі) орташа жалақының 100% мөлшерінде төленеді;
б) барлық басқа жағдайларда әлеуметтік жәрдемақы орташа жалақысының есебімен төленеді, бірақайлықесептіккөрсеткіштіңон еселік шамасынән артық болмауы керек.
9.9. Өндірістік жарақаттанулар немесе кәсіби аурулардан кейін еңбек ету қабілетін қалпына келтірген қызметкерлерді жүмысқа орналастырады.
9.10. Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруге:
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес турғын үйге, оның ішінде
қызметтік және (немесе) жатақханаға;
* қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруға.
9.11. Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне тиісті бюджеттер есебінен жыл сайын төленеді.
* мемлекеттік білім беру ұйымдарында оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде кунтізбелік жылда бір рет сауықтыруға арналған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен айқындалған мөлшердегі жәрдемақы;
9.12. Кәсіподақ ұйымы мен білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бірігіуімен қарастырылып жатқан жылына 1 рет коммуналдық көмек көрсетуі үшін мектеп қызметкерлерін ( отын) қамтамасыз ету міндеттелсін.
9.13. Кәсіподақ Жарғысына сәйкес және келісімдер мен ұжымдық шарттар негізінде ай сайын кәсіподақ мүшелерінің жалақысынан қолма-қол ақшасыз есеп түрінде кәсіподақ жарналары ұсталынып, уақытында мекеменің бухгалтериясы арқылы аудандық кәсіподақ комитетінің шотына 1% аударылсын.
10-тарау. Сайланбалы кәсіподақ органы қызметі үшін жағдайлар қамтамасыз ету
Жұмыс беруші:
10.1. Кәсіподақты Қызметкерлердің еңбек, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарға байланысты мәселелердегі жалғыз өкілі және қорғаушысы деп таниды.
10.2. Кәсіподақтың ұсыныстарын қарайды, ҚР еңбек кодексімен белгіленген тәртіпте ұжымдық келіссөздер жүргізеді. Ұжымдық шарт жасасады.
10.3. Кәсіподаққа оның мүшелерінің құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ұжымдық келіссөздер жүргізуге, Ұжымдық шарт жасасу мен олардың орындалуын бақылауға байланысты мәселелер бойынша толық және дұрыс ақпараттар ұсынады.
10.4. Кәсіподақтың, ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүрзеге асыру мақсатында Кәсіподақ сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың құқын мойындайды.
10.5. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуына Кәсіподақтың қоғамдық бақылау жүргізу құқығын мойындайды.
10.6. Кәсіподаққа қызметін жүргізуге жағдай тудыру мақсатында жабдықталған үй-жайды, ұйымдық техниканы (компьютерлер, ксерокс және басқа), байланыс құралдарын (телефон, интернет), көлікті (келісілген кесте бойынша) тегін пайдалану, өз есебінен үй-жайларды жинастыру мен ұйымдық техниканы жөндеуді ұйымдастыру мүмкіндігін береді.
10.7. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің, Кәсіподақ органдары есепшотына кәсіподақ мүшелерінің жалақысынан кәсіподаққа мүшелік жарнасын ай сайын тегін аударады.
10.8. Негізі жұмыстан босатылмаған Кәсіподақ мүшелері, еңбекті қорғау жөніндегі Кәсіподақтың өкілеттілері олардың уақытша қоғамдық міндеттемелерді орындауға тартылуына байланысты еңбек міндеттерін орындау, оныің ішінде қысқа мерзімді кәсіподақ оқуы уақыты, конференция мен съездерге делегат ретінде қатысу, сондай-ақ Кәсіподақтың сайлау органдарының жұмысына қатысу үшін орташа жалақысы сақатала отырып босатылады.
10.9. кәсіпорынның толқы таратылу жағдайын қоспағанда, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылған және өздері мүше болып танылатын кәсіподақ органымен алдын ала келісусіз басқа жұмысқа ауыстырған Кәсіподақ ұйымының төрағасы мен мүшелері әкімшіліктің бастамасы бойынша жұмыстан босатылуы мүмкін емес деп таниды.
11-тарау. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау
11.1. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды Тараптардың теңдей өкілеттілігімен қызметкерлер конференциясында сайланатын Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
11.2. Комиссия тоқсан сайын осы Ұжымдық шарттың орындалу қорытындысы бойынша қызметкерлер конференциясына анықтамалық материал дайындалады. 6 айда бір рет Жұмыс беруші мен Кәсіподақ мен Кәсіподақ осы Ұжымдық шарттың орындалу барысы жайында қызметкерлермен кездесулерде хабарлайды.
12-тарау. Қорытынды ережелер
12.1. Осы Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар оның қолданылу мерзімі ішінде тек Тараптардың бірлескен шешімімен енгізіледі. Бірлескен шешімдер қабылдар оның қолдану мерзімінде Ұжымдық шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
12.2. Қызметкерлер конференциясында қабылданғаннан соң Тараптардың өкілдері осы Ұжымдық шартқа қол қояды.
12.3. Осы Ұжымдық шарт екі дана етіп жасалған және әр Тарапқа бір-бір данадан беріледі. Екі данасы бірдей және заңдық күштері бар.
12.4. Осы Ұжымдық шартты бір жақты бұзуға жол берілмейді.
12.5. Осы Ұжымдық шарт Тараптар өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне ендеі және жаңасы қабылданғанға дейін қолданады.
12.6. тараптардың өкілдері бір айлық мерзімде Тараптар қол қойған Ұжымдық шартты мониторинг жүргізу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынуға міндетті.
Тараптардың қолдары:
Жұмыс берушінің атынан: Қызметкерлер атынан:
Айтимов Ж.Х. Ержанова К.К.
--------------------------------- -----------------------------
«____» ________ 2014 ж. «____» ________ 2014 ж.
«Тамды ауылындағы «Тамды» балалар аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде барлығы 17 адам жұмыс жасайды.
КГУ «Десткий дворовой клуб «Тамды» села Тамды»
ГУ «Алгинский районный отдел образования»
ИИН KZ86070103KSN0604000
Комитет казначейства МФ РК
БИН 131040001195
БИК KKMFKZ2A
Достарыңызбен бөлісу: |