Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Бөбек» шағын орталығы Білім беру саласы


Игереді: әртүрлі әдіспен сурет салуды. Меңгереді



жүктеу 1,12 Mb.
бет5/6
Дата21.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#10377
1   2   3   4   5   6

Игереді: әртүрлі әдіспен сурет салуды.

Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын, түстердің үйлесімділігін.

2



Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

_№ 15 "Көжек" ортаңғы_топқа арналған

Күні, айы, жылы 26.03.2015ж



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Күннің мол шуағы.

Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: жылы түс реңктері.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Тұрғанымен жырақ өзі,

Таусылмайтын шырақ көзі.

Балалар шеңбер бойында алақан түйістіріп тұрып, шешуін айтады: «Күн».

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.

- Күн - бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.

«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.

- Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?! (Балалар жауап таба алмаса, педагог өзі айтады).

- қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызыл сары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық. Педагог бір түсті атайды, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.

Педагог күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.

- Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз.

Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын - қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады. Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.

Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды? » ойынын ұйымдастырады.


Күннің пішіні неге ұқсайтындығын, түсін, жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады.

Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды. Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.

Түстерді

ажыратып


ойнайды.
Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді. Дәптерді қолдарымен қозғалтып, айналдыра отырып салып көреді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рақметін айтып, шығып кетеді.


Өз-өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.

Игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.

Меңгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.



Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

15"Көжек" ортаңғы тобына арналған


күні, айы, жылы: 2.04.2015ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Мысығым.

Мақсаты: Мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: пеш, марғау.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог баяу әуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып, Ертегілер әлеміне саяхатқа шығуды ұсынады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрақ-жауап арқылы айтқызады.

Балалар көздерін жұмып, ертегіні елестете жауап береді. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог жетектеуші сұрақтар көмегімен «Менің мысығым» атты тақырыпқа әңгіме құрастыртқызады. Балалардың толық жауап беруін, анық, байланыстыра сөйлеулерін қадағалайды.

- Бүгін біз мысықтың суретін саламыз. Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады.

Мысықтың суретіне қарап, оның дене бөліктеріне: басы, құлағы, көзі, денесі, мұрты, құйрығы, аяғы т.б. талдау жасайды. Сергіту сәті:

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Сурет салу әдісі:

Ең алдымен денесін, басын, содан кейін аяқтарын, құйрығын салуды ұсынады.

Алдымен денесін үшбұрыш тәрізді салып алып, қызғылт сары бояумен бояу қажет.

Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсығын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек. Соңында құйрығы сопақша пішінмен салынады.

- Сендерге бір өтінішім бар. Кім сурет салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойлансын және оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып берсін. Педагог жұмбақ жасырады.



Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған.

- Мысық тышқан аулайды. Оның жүні үлпілдек, мамықтай екен.

Суретке, үлгіге қарап мысықтың суретін салуға кіріседі. Дене бөліктерін атайды. Денесі үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. Басын дөңгелектеп үзбей сызып шығады, қалаған түспен бояйды.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Дене бөліктерін анықтап, қылқаламмен сызық жүргізіп алады, үшбұрышпен денесін, дөңгелекпен басын және басқа дене бөліктерін салады. Суретті тегістеп, әдемілеп бояйды.


Жұмбақтың шешуін тауып, жұмбақты жаттап алады.



Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтайды және мадақтайды. Балалардың әңгімелеріне орай кімнің үй жануарларына өте жақсы қамқорлық жасайтынын айтады.

Балалар бір-бірінің салған суретін қарап, кімнің мысығы ең жақсы, үлпілдек немесе тегіс әдемі боялғанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салуды.

Игереді: үй жануарларын салу дағдысын.

Меңгереді: шыдамдылықпен еңбек етуді.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.



Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

_№ 6 «Балапан»_ ортаңғы_топқа арналған

Күні, айы, жылы 21.05.2014ж



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.

Мақсаты: Ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: перде, араластыру.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.



Шеңбер құрып жүріп, өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды.

- Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше?

Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық? Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар.

Үп-үлкен боп өседі.

- Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. (Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді).

Ен, бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.

Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.

Саусақ жаттығуы:

Ұшты - ұшты көбелек,

Би биледі дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың,

Ағашқа қонды көбелек.

Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.

Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады.


Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады,

ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.

Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.

(Қимылмен көрсету).

Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді. Әдемі гүлдер ашады, гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды.

Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының гүлінің суретін салады. Қай жерде орналасқанын айтады, кеңістікті бағдарлау. (Естеріне түсіру) Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б. айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді.



Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші балалар жұмыстарын талдайды.

Көктем туралы тақпақтар сұрайды.



Салған суреттерін

тәрбиешіге

көрсетеді.

Өздері білетін

тақпақтарын

айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: ағашты салуды естеріне түсіруді.

Игереді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.

Меңгереді: композиция құра білуді, ойларын дамытуды.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

31 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ұлттық баскиімді әшекейлейміз.

Мақсаты: ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сәукеленің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, доп.

Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттың баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстыртады. Шеңберге тұрып балаларға допты лақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия - тақиялар, етік - етіктер).



Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалайды. «Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойыны. Педагог балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрайды. Сәукеле туралы түсінік береді.

Педагог ұлттық баскиім - сәукелені әшекейлеуді ұсынады (сәукелені қиып дайындап беруіне болады). Салыну жолдары: Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен төменнен жоғары қарай гуашьпен боятып, сөл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып, өздері қалаған түспен әшекейлетеді. «Қызғалдақ» және «толқын» өрнектерін салуды ұсынады.



Балалар сұраққа толық жауап береді. Киімдерді атайды, неден жасалғанын, қайда киетінін айтады.
(Көрмені топтағы палас үстіне немесе үстел үстіне ұйымдастыруға болады).

Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен

жұмыс жасайды. Қандай түспен, қылқаламмен, қай жерін бояп жатқандарын айтады.


Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмыстарына талдау жасалады. Жұмыстарды көрмеге іледі.


Балалар жақсы жасалған сәукелені атап көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық баскиімдерді ажыратуды.

Игереді: ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыруды.

Меңгереді: көз мөлшерін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

_№ 6 «Балапан» ортаңғы __топқа арналған

Күні, айы, жылы 28.04.2014ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Мені қызықтыратын жануар.

Мақсаты: үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру, геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қойдың суретін сала білуге үйрету; қол қимылдарын, ойлануға, қиялын дамытуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері, қойдың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: жүн, төлі.


Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Төрт түлік малды ата» дидактикалық ойыны. Педагог суретпен жұмыс жүргізеді. Балалардың төлдердің аттарын еске түсіруіне көмектеседі.

Балалар толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог қой малын жалпы сипаттап, ерекшеліктерін айтады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыландырады. Бой сергіту:

«Атауын естіп, дыбысын сал». Педагог бір түліктің атауын атайды, балалар төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады. — Ал, балалар, біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз. Қойдың денесін салмас бұрын жапырақ тәріздес денесін, басын салып аламыз, құйрығы, ең соңында аяқтары, жапырақ тәріздес қылып екі құлағын саламыз. Бізге керегі екі түс - сүр және қара түстер. Сурет салуға қиналған балаларға көмек көрсетеді.

- Дайын бейнені қылқаламмен ретімен бастырып, аяқтарын, жүнін, құлағын, көздерін, аузын саламыз.


Балалар сөйлем құрап сөйлейді, анық жауап береді.

Төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады.

Алдымен нүктелер арқылы қосып алып, қойдың денесін, кейіннен аяқтарын, құйрығын қосады, қосылған дене мүшелерін гуашьпен бояйды.

Қойды басқа бояумен

бояғаннан кейін, қылқаламның ағаш басын қара гуашьқа малып алып, нүкте арқылы көзін, тұмсығын жасайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардан қандай жануардың суретін салғандарын сұрайды, мақтап - мадақтайды, ең әдемі суреттерді көрмеге іледі.


Балалар өз-өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларын салуды.

Игереді: геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып сурет салуды.

Меңгереді: қол қимылдарын, қиялын дамытуды.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

33 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА



Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№ 15«Көжек» ортаңғы топқа арналған

Күні, айы, жылы: 30 .04.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Түрлі түсті шарлар.

Мақсаты: балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамыту, түстерді атай білуге үйрету; жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы суретін салуды, қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету, көрсету; достыққа тәрбиелеу, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шарлардың түрлері, суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа, сурет дәптері.

Сөздік жұмыс: әртүрлі, әр түсті.


Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

- Балалар, бір – біріңнің қолыңды ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Енді табиғатқа терезеден көз салайық.

Армысың, алтын күн,

Армысың, асыл жер.

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым.

Жылуыма жылу қос.

- Далада көктем мезгілі, халықтар достығы мерекесі келді.


Шеңбер бойында тұрып өлеңді қайталап айтады. - Міне, менің қолым бос. Бір-бірінің қолдарынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Бірінші мамыр - тамаша мереке, Халықтардың ынтымақ күні.

- Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар? Педагог әңгіме жүргізіп, балаларды тыңдайды.

Бой сергіту:

тыныс алу жаттығулары.

«Кім тез үрлейді?» дидактикалық

ойыны.


(Ауада қолдарымен шарды бейнелеп, көздеріне елестете үрлейді).

- Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Шарды сопақша немесе дөңгелек пішінде етіп жоғарыдан төмен қарай сызамыз. Шардың домалақ бөлігін салып болғаннан кейін жіп байлайтын жерін саламыз, шарды толығымен бояп, шарымызға жіп байлайың. Жіпті салу үшін қылқаламның ұшын суға жуып, ұшын бояуға тигізіп, жіптің суретін толқынды сызықпен саламыз.



Балалар суретте кімді көріп тұрғандарын, олардың қолында не бар екенін айтады. Шардың ерекшеліктерін айтады. Тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Шарлардың түстерін қызыл, сары, жасыл, көкпен бояйды. Пішіндерін домалақ, сопақ, ұзын, ирек етіп суретін салады.



Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, сендер бүгін қандай мерекемен таныстыңдар? Балалар, сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Әртүрлі шарлар салдыңдар, қараңдаршы, айнала түрлі түсті болып құлпырып кетті.


Шарларды қызықтайды, шарларды үрлеп ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мереке туралы мәліметтермен танысады.

Игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, шардың суретін салуды.

Меңгереді: пішіндерді атап, ажырата білуге дағдыланады.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

34 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Отшашу.

Мақсаты: жеңіс мерекесі туралы түсінік беру; ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу; отшашу суретін салу және шығармашылық қабілетін дамыту, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жеңіс күніне арналған суреттер, отшашу суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, бояулар, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау