Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Бөбек» шағын орталығы Білім беру саласы



жүктеу 1,12 Mb.
бет3/6
Дата21.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#10377
1   2   3   4   5   6

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті үшбұрыштардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: үйдің шатыры, шырша.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар бір - бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады.

Шеңберге тұрып, тілек айтады.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Әңгімелесу барысында балалардан толық жауап алуды, бір-бірін тыңдатуды, анық сөйлеулерін қадағалап отырады.

- Балалар, мына суретте қандай геометриялық фигура бейнеленген?

- Балалар, қандай заттар үшбұрышқа ұқсайды?

«Қандай фигура?» дидактикалық ойыны. Сөйлем арқылы фигураларды сипаттайды.

Сергіту сәті (саусақ жаттығуы):

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін қосып санасақ,

Болады екен он саусақ.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10.

Суретпен жұмыс жүргізеді, үшбұрыштардың қалай орналасқанын, салынғанын айтады.

Нүктені белгілеп, екі жағынан төменге қарай екі сызық жүргізіп, үшбұрышты сызып сурет салады, келесі үшбұрышты төменгі жағына нүкте қойып, екі жағынан жоғарыға қарай сызықтар жүргізеді, іштерін әртүрлі түспен бояйтындарын айтады.



- Үшбұрыш.

- Үй шатыры, сәукеле, шырша. Балалар ойланып, шешуін табады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Педагог берген нұсқауларға сүйеніп жұмыс жасайды



Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмысты әдемі, ұқыпты салуын қадағалайды. Мақтап, мадақтау.


Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үшбұрышты заттарды атай білуді, суретін салуды.

Игереді: қылқалам арқылы үзік сызықтарды қосуды, кеңістікті, түстерді сезіне білуді.

Меңгереді: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастырды.
Тәрбиеші: Сыздықова Б.О.

17 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Көңілді аққалалар.

Мақсаты: Аққала суретін салу үшін суық түстерді - көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Қылқаламды әртүрлі - қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру, балалардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аққала суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь бояулары, қылқалам, су, сүлгі.

Сөздік жұмыс: Аққала, шырша.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог «Аққаланы құрастыр!» ойынын ұйымдастырады.



Сұрақтарға толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог «Қыс мезгілі» туралы әңгіме жүргізеді. Балалардан толық жауап алуды, сөйлем құрап сөйлетуді, дыбыстарды анық айтуларын қадағалау. Дұрыс айтпаса педагог өзі айтып, балаға қайталатады. Сергіту сәті:

Домалатып ақ қарды,

Ұлпа қарлар жинаймыз.

Үлкен, кіші, орташа,

Дөңгелектеп құраймыз.

Мұрнын жасап сәбізден,

Бас киімін - шелектен.

Көңілденіп, секіріп,

Аққаланы жасаймыз.

Педагог балаларға осы аққаланың суретін әдемі етіп салуды ұсынады. - Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек. Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен-бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетеді. Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып, сызып салу керектігін көрсетеді. Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйретеді. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертеді. Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады. «Тура және кері сана» дидактикалық ойыны.



- Айналаны, шыршаларды аппақ қар басқан, далада қар жауып түр. Балалар аққала жасап жүр.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Дөңгелекті үзіліссіз сызып салады. Үлкен, орташа, кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады. Қылқаламды әртүрлі басып: қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіреді, мұрнын үшбұрыш, шелегін төртбұрыш етіп жасайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде болады?

- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар? Педагог оңу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытады, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды. Педагог далаға барып «Аққала жасау» ойынын ойнауды ұсынады.





Жақсы жасалған Аққалаларды балалар өздері атап айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: суық түстерді ажырата білуді.

Игереді: Аққаланың суретін салуды.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды, бояуды.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:

Тобы: «Айгөлек»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қысқы көрініс.

Мақсаты:

Білімділік: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту;

Дамытушылық: суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату, мазмұнын нақты жасауды, қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуға дағдыландыру;

Тәрбиелік:сурет салуда қылқаламмен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсіліне көңіл бөлу, жыл мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, гуашь бояулары, қылқалам, су.

Сөздік жұмыс: пейзаж, көкжиек, кеңістік, мамық.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог Е.Елбаевтың «Қыс» туралы өлеңін оқиды.

Көкті бұлт тұмшалап,

Жер ақ тонын киеді.

Шұнақ аяз шымшылап,

Ақ бетінен сүйеді.

Құлақтарын үсіткен,

Шынықпаған қай бала?

Осы болар қыс деген,

Айтсақ жауап жай ғана.


Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, суретші қыс мезгілін салғанда қандай көріністі

көз алдына елестетеді деп ойлайсыңдар? Суретшіге нені салуға болады? (Қар басқан ағаш, жер, сырғанақ, тау, аспан т.б.). Педагог әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен тақырыпты ашады.

Сергіту сәті (саусақ жаттығуы):

Қолды үстелге қоямыз,

Саусақтарды санаймыз:

1,2,3,4,5- 5,4,3,2,1,

Екі қолды біріктір.

- Балалар, бүгін біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Көкжиек деген - жер мен аспанның қиылысқан жері. Бәріміз қағазымызды дайындап алып, ашық көк түспен қағаз бетін толық бояп аламыз, қылқаламның ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, солдан оңға қарай дәптер бетінің орта тұсынан түзу сызық жүргіземіз. Бұл сызық көкжиек деп аталады, сызықтың жоғары бөлігі аспанды, төменгі бөлігі жерді бейнелейді. Төменгі бөлігіне ағаштар мен шыршаларды саламыз, ақ түспен ағаштар мен шыршалардың бұтақтарына жартылай жеңіл ізбен қар түскенін жүргіземіз, ал жерде аппақ түспен мамық қардың суретін саламыз.

Көкжиек сызығының жоғары бөлігіне бұлттарды, жауып тұрған қарды салып көреміз.



- Далада қар жауып түр.

Шыршаларды қар басқан. Балалар шанамен сырғанап, ойнап жүр.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Бояулармен жұмыс істейді, суреттің мазмұнын нақты беруге тырысады. Қылқаламды еркін сүйкей жағады.



Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, біз бүгін қандай сурет салдық? Қыс мезгілінің қандай ерекшелігін білесіңдер? Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды.

Балалар салған суреттерін бөрі бірге бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.

Игереді: мазмұнды, пейзаж, көріністі сала білуді.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай бояуды.

Тәрбиеші: Комесхан Н.

19 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Атамның тақиясы.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемділікті көріп, қабылдай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық киімдері, бұйымдары, ою – өрнегінің суреттері және тақияның суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, қылқалам, су, сүлгі, тақия үлгісі, гуашь, қылқалам қоятын тұғыр.

Сөздік жұмыс: сәукеле, тақия, кимешек.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог алдын ала жасалған көрмеге саяхатқа баруды ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттың киімдерімен, ыдыстардың түрлерімен таныстырады.


Балалар ұлттық бұйымдар мен киімдерді атайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог қазақтың ұлттық бас киімдерінің түрлері бұрыннан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді.

- Сәукелені кімдер киген? Кимешекті кімдер киген? Тақияны кімдер киген? «Қандай баскиім жоқ?» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға осы суреттегі бас киімдердің ішінен тақияның суретін салуды, оның шетін өрнектермен әшекейлеуді, жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды ұсынады. Тақияны қандай ою-өрнектермен әшекейлеуге болатынын атап өтеді.

- Қылқаламды тік бағытта ұстап, геометриялық фигуралар арқылы тақияны сызып аламыз, сүйкей жағу әдісімен оңнан солға қарай бояймыз.

Педагог өткен оқу іс-әрекеттерін (гүл мен ағып жатқан суды салғандарын) балалардың естеріне түсіреді. «Қызғалдақ», «толқын» оюларын салуды ұсынады.


«Тақия тастамақ» ойынын ойнатады.

Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның «Тақия тастамақ»,

Айналып жүгіріп, жүгіріп,

Байқатпай ақырын тастаймын.


Қазақтың ұлттық бас киімдері, ою-өрнектері аттарын атайды.

Ойынға белсене қатысады.

Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның суретін салады, содан кейін қылқаламның ұшымен тақияның шетіне нүктелердің көмегімен ою салып, нүктелер арқылы салынған өрнектерді бояумен әдемілеп бояйды.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар. Жұмыстарың әдемі, ұқыпты болып шықты. Балаларды мақтап, мадақтап, жұмыстарын көрмеге іледі.


Балалар көрмеге ілінетін суреттерді өздері таңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны ою-өрнектермен әшекейлеуді.

Игереді: ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуді.

Меңгереді: көріп, қабылдау арқылы есте сақтауды.

20 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Теңіздегі кит.

Мақсаты: Бояуды дұрыс таңдауға, суық және жылы түстерді ажырата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту. Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: теңіздің, теңіздегі киттің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.

Сөздік жұмыс: кит, теңіз.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Қайда мекендейді?»

дидактикалық ойыны.

Педагог экранмен жұмыс жүргізеді.


Ойынға белсене қатысады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Барлығы бірге «Теңіздегі кит» әңгімесін құрастырады. Педагог шығармашылық тұрғыдан жетекшілік жасап, балалардың ойын бағыттап отырады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б. әдістер қолдану арқылы балаларды еркін сөйлетіп дағдыландырады. Сергіту сәті (саусақты жаттықтыру):

Теңіз толқиды - бір,

Теңіз толқиды - екі,

Теңіз толқиды - үш,

Толқыды теңіз, толқыды

Теңіз тынышталды.

Түрлі бейнелер жасалды. Педагог теңіздегі киттің фотосуреттерін көрсетіп, суретте қандай бояу түсі басым болатынына назар аудартады. Балаларға тек суық түстермен жұмыс істейтіндерін ескертеді. Теңіздің суретін салатын болғандықтан қағаз көк болатынын түсіндіреді. Педагог алдымен бояп көрсетеді. - Губка арқылы тегістеп бояуға болады, ақ қағазымыз көк түсті теңізге айналды, енді осы теңізде жүзіп жүрген киттің суретін саламыз. Суретті салу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

Домалақтау және сопақша жасау үшін қылқаламның екі түрімен жұмыс жасайды. Қалың ұшты қылқаламмен қағазды тұтас бояуға қолайлы екенін, ал жіңішке қылқаламмен киттің бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіреді.



Балалар көргендерін әңгімелеп береді.

Қимылмен көрсетіп, балалар сөздерін өздері айтады.

Аққағаз бетін қалың ұшты қылқаламмен көк түске еркін бояйды.

Сопақша пішінді естеріне түсіре отырып, бейне жасайды, қылқаламды қағаздан алмай сызады.

Қылқаламды дұрыс ұстап бояуды қадағалайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.


Балалар не салғандарын әңгімелеп айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суық түстерді ажыратуды.

Игереді: қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Күні:

Тобы: «Айгөлек»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Шана.

Мақсаты:

Білімділік: үлгі бойынша заттық сурет салуды үйрету;

Дамытушылық: шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру;

Білімділік: түзу сызықтар сыза білуге, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шананың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.

Сөздік жұмыс: шана, аяз.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

- Балалар, бүгінгі күн бәрімізге сәтті күн болсын. Біз доспыз. Досымыздың тамыр соғысын тыңдап көрейікші.


Балалар бір-бірінің тамырын ұстап көреді.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Топқа қонаққа қыстық киім киген қуыршақ келеді. Амандасады, жақсы көретін ойынын айтады, балалардан қандай ойынды ұнататындарын сұрайды. Педагог қуыршақты дос болуға шақырып, оқу іс-әрекетінен кейін далаға шығып ойнайтындарын айтады.

Жұмбақ жасыру:

Шанамен сырғанап келемін,

Шаңғы, коньки тебемін,

Аққала жасап ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың? Балаларға қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын айтқызады. Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгілін ақ ұлпа қарсыз, аязсыз, аққаласыз, суықсыз елестету мүмкін еместігін айтады.

- Балалар, мына жұмбақтарды шешіп көрейікші:

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз төбеге.

Қыста адамдар биік төбелерден шанамен сырғанап, мұз айдынында коньки тебетінін айтады.

Бой сергіту:

Аппақ,аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

- Енді біз әдемі шананың суретін салып көрейік.



Қуыршақпен

амандасады.

Педагогтің

сұрақтарына

толық жауап

береді.


- Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді айтады.

- Шана.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Педагогтің нұсқауы бойынша шананың суретін салуға кіріседі.




Жасалу жолдары:

- алдымен қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады;

- жіңішке қылқаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларын сызып саламыз.

Педагог балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды.






Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.


Қуыршақ балалардың жұмысын мақтап, бәрі бірге ойнауды ұсынады.

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау