Модул 2. Конвективті жылуалмасу
Дәріс 6
(1 сағат, 6 апта)
Тақырып. Жылулық шекаралық қабытының негіздері
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Шегінен асқан күй облысының қолданылуы.
2 Шегінен асқан күй облысының заттың физикалық қасиетінен тәуелділігі.
3 Заттың шектік күйінен асқан жағдайындағы жылуалмасу мен бір фазалық ортадағы жылуалмасуды салыстыру .
Қазіргі кезде энергетикада және техниканың басқа облыстарында жоғарғы қысым мен температура кеңінен қолданылады. Көптеген аппараттар мен құрылғыларда жылутасымалдығыштың қысымы шегіне жеткен жылудинамикалық қысымынан «Рк» артық болады. Бұл кездегі сұйық температурасы шектік жылудинамикалық температурадан tк көп немесе аз болуы мүмкін.
Шегінен асқан күй облысы температура мен қысымның өте аз өзгерісі кезіндегі заттың физикалық қасиеттерінің қатты өзгеруімен сипатталады. Әсіресе, жылусыйымдылық «Ср» кенет өзгереді. Ол көп рет өзгеріп максимум арқылы өтеді. Р=const кезіндегі жылусыйымдылықтың максимумына сәйкес келетін tm температураны «жалған» шектік депатайды. Бұл облыста тығыздықтың, тұтқырлықтың және жылуөткізгіштік коэффициенттерінің елеулі өзгерісі өтеді. Прандтль сонда ерекше өзгеріп Максимум арқылы өтеді. Заттың шектік күйінен асқан жағдайында заттың сұйықтық фазадан газ тәрізді күйінен өтуі үздіксіз жүретіні жылудинамикадан белгілі.
Бұл жағдайда сұйық және бу фазасында байқалатындай зат қасиеті өзгерісінің секіруі және оның үзілуі болмайды. Сондықтан заттың шектік күйінен асқан жағдайындағы жылуалмасуды бір фазалы ортадағы жылу алмасу сияқты қарастырады. Өте аз температура орында ған жылу беру коэффициенті кәдімгі формулалармен анықталады, себебі бұл кездегі физикалық параметрлердің өзгерісі жоққа тән.
Горизонталь және тік орналасқан құбырларда Re>106 кезінде жылу берудің нашарлауы байқалады.
Осы дәрістің материалдарының негізгі түсініктерің білүі керек:
Заттың шектік күйі; P=const жылусыйымдылығы; жылуалмасу.
Өздік бақылау сұрақтары
1 Заттың шектік күйінен асқан жағдайындағы жылуалмасу өндірісте пайдаланыла ма?
2 Шегінен асқан күй заттың физикалық қасиетінен тәуелділігі.
3 P=const жылусыйымдылықтың максимумы.
4 Заттың шектік күйінен асқан жағдайындағы жылуалмасудың немен салыстырып қарастырады?
Ұсынылатын оқулықтар
1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. – б.3-20
2 Нащокин В.В. «Техническая термодинамика и теплопередача». – М.: Высшая школа, 1980. – б.3-15
3 Асамбаев А.Ж. «Техникалық термодинамиканың негіздері» - 2006. – б.4-16
4 Баскаков Б.В., Берг О.К., Витт и др. «Теплотехника» - М.: Энергоатомиздат., 1991. – б. 4-11, б. 40-41
5 Энергетиканың электрондық энциклопедиясы.
Модул 2. Конвективті жылуалмасу
Достарыңызбен бөлісу: |