Қазатомөнеркәсіп
денсаулықты,
еңбек пен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы үздік әдістерді қолда-
нуға тырысады және бұл мәселені
болашақта бірінші кезектегі маңызды
призмасы арқылы қарауды жалғасты-
рады. Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы
ең тартымды жұмыс беруші болуға
ұмтылады және оның кәсіпорындары
мен кеніштерінде мүлдем қауіпсіз
жұмыс жағдайын ұстауын қадағалайды.
Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп Vision
Zero халықаралық қозғалысына (нөлдік
өлім-жітім идеологиясы) Өндірісте
жазатайым оқиғаларды болдырмау
тұжырымдамасын жылжыту мақсатында
қосылды және LTIFR коэффициентін де,
сол сияқты
өндірісте жазатайым оқиға-
лар санын да төмен деңгейде ұстап
тұруға тырысады. Қазатомөнеркәсіп
2016 және 2017 жылдары еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы саласындағы
инвестициялар бағдарламасын жандан-
дырып, 2015 жылы 5 102 млн. теңгеден
2017 жылы 7 137 млн. теңгеге дейін
ұлғайтты, бұл ретте кейінгі жылдары да
инвестицияларды өсіруді жоспарлап
отыр.
Компанияның тағы бір стратегиялық
басымдығы
акционерлердің табыс-
тары мен капиталдың оңтайлы
құрылымы арасындағы теңгерімді
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазатомөнеркәсіптің операциялық
қызметі шектеулі күрделі шығындар
мен
қаражат көздерінің құрылымын-
да қарыз капиталының төмен үлесі
кезінде жоғары табыстылығымен ерек-
шеленеді. Сондықтан Қазатомөнер-
кәсіп өзінің акционерлеріне, бұл ретте
шикізат тауарларына бағалар қолайсыз
болған жағдайда да қарыз қаражаты
үлесінің қолайлы деңгейін ұстап тұруға
мүмкіндік беретін теңгерімнің кон-
сервативті құрылымын сақтай отырып,
елеулі ақша ағындарын қайтаруға
тырысатын болады. Қазатомөнеркәсіп
дивидендтік саясаты, егер Қазатомө-
неркәсіп кредиттік тірегі түзетілген
EBITDA-ға 1,0 x таза борышынан төмен
немесе тең болса, кемінде 75% еркін
ақша ағынын
және егер кредиттік тірек
коэффициенті түзетілген EBITDA-ға
1,5 x таза борышынан жоғары болса,
кемінде 50% еркін ақша ағынын бөлу-
ден тұрады.
САЛА КӨШБАСШЫСЫНЫҢ
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН
ДАМЫТУ. ДЕНСАУЛЫҚ, ЕҢБЕК
ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
САЯСАТЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ
ӨЗГЕРМЕЙТІН БАҒЫТЫ.
Компанияның 2018 жылғы Даму стратегиясын іске асыруға шолу
2018 жылы еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы
саласына инвестициялар
7,38
млрд теңге
Стратегиялық
мақсаттар
2018 жылы стратегиялық міндеттерді орындау
бойынша қадамдар
Негізгі қызмет түріне көңіл қою
• Energy Asia (BVI) Limited компаниясының
40,05% акциялар пакетін («Байкен-U»
ЖШС 47,5% және «Қызылқұм» ЖШС 20%),
сондай-ақ «Хорасан-U» БК»ЖШС жарғылық
капиталындағы 16,02% сатып алу бойынша
мәміле аяқталды.
• 2018 жылы қорлардың өсімі 96 057 тоннаны
құрады, оның ішінде С
1
санаты бойынша —
50 747 тонна, С
2
санаты бойынша — 45 310
тонна
• Компанияның Инвестициялық саясатына
сәйкес 2018 жылға инвестициялық жобалар
портфелі қалыптастырылды
Нарықтық жағдайлар негізінде
өндіру, қайта өңдеу және сату
көлемдерін оңтайландыру
• 2018 жылға арналған уран нарығының
қажеттіліктерінің болжамдарын ескере
отырып, Компания жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарттарда 2018 жылға
жоспарланған уран өндіру көлемі бойынша
келісімшарттық жағдайларға қатысты уран
өндіру көлемін 20%-ға төмендетті.
Маркетинг функциясын күшейту
және сату арналарын кеңейту
арқылы құндылық жасау
• Маркетингтік функцияларды күшейтуге бағыт-
талған 8 рәсімнен, әдістемелерден,
анкета-са-
уалнамалардан, сатып алу-сату келісімдерінің
үлгі нысандарынан тұратын әдіснамалық база
әзірленді,енгізілді және іске асырылуда. Уран
сатудан түскен түсімнің жоспарланған көлемі
АҚШ-та, Еуропада және Оңтүстік Кореяда
жаңа клиенттерді тарту жолымен клиенттік
базаны ұлғайту, уранды жеткізу географиясын
кеңейту, уранды трейдерлерге сатуды тоқтату,
уранды деривативтік құралдарды сату және
уранды сатуға арналған келісімшарттар порт-
фелін оңтайландыру есебінен 5%-ға асыра
орындалды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
17
Компанияның 2018 жылғы Даму стратегиясын іске асыруға шолу
(жалғасы)
Стратегиялық
мақсаттар
2018 жылы стратегиялық міндеттерді орындау
бойынша қадамдар
Бизнес-қызметте озық тәжіри-
бені қолдану
• Өндірістік қауіпсіздік саласында қауіпсіздіктің
мінез-құлықтық аудиттерін жүргізу,
сондай-ақ
қауіпті жағдайларды, қауіпті іс-әрекеттерді,
Near-Miss ықтимал қауіпті оқиғаларды
анықтау процестері енгізілді. 1 800 аудит
өткізілді, 6 200 Near Miss тіркелді
• Дайын уран өнімдерін өндіру процесінде
баламалы химиялық реагенттерді пайдалану
нәтижесінде 109,2 млн. теңгеге қол жеткізілді.
• Технологиялық скважиналарды салу кезіндегі
шығындарды оңтайландыру нәтижесінде эко-
номикалық тиімділік 107,6 млн теңгені құрады.
• Компанияның АТ Стратегиясы әзірленді және
бекітілді
• Цифрландыру жобаларына бастапқы түгендеу
жүргізілді және цифрландыру жобаларының
тізбесі анықталды.
• Компания инвестициялық қызметке портфель-
дік тәсілді қолдануды енгізеді, және осыған
байланысты 2018 жылы инвестициялық
қызметке портфельдік
тәсіл бойынша әдістеме
әзірленіп бекітілді.
• Корпоративтік орталықта және еншілес
ұйымдарда 12 бизнес-процесс іске асырылды
(оның ішінде автоматтандырылған). Жыл
қорытындысы бойынша жабу дәрежесі Компа-
нияның Трансформациялау бағдарламасының
Жарғысына сәйкес 2021 жылға дейін жоспар-
ланған бизнес-процестерді реинжинирингтеу
бойынша барлық көлемнің 32%-ын құрады.
• Корпоративтік орталықта және жеке ЕТҰ-да
SAP ERP және ИСП ақпараттық жүйелері
енгізілген.
• Халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қа-
уымдастығының (ISSA) қауіпсіздік, денсаулық
және жұмыста амандық жақсарту жөніндегі
бастамасын қолдай отырып, Компания Vision
Zero халықаралық бағдарламасының қаты-
сушысы ретінде тіркелген.
Бұл қатысу Ком-
панияның қауіпсіздік техникасының мықты
мәдениеті жұмыста жазатайым оқиғаларды,
жарақаттар мен ауруларды төмендетуі мүмкін
деген сенімін көрсетеді.
Сала көшбасшысына сәйкес ке-
летін корпоративтік мәдениетті
дамыту
• Қоғамның 2018-2028 жылдарға арналған
жаңартылған Кадрлық саясаты бекітілді, ең
үздік тәжірибелерді зерттеу негізінде әзірлен-
ген, адам ресурстарын басқарудың принцип-
тері, негізгі бағыттары, тәсілдері мен әдістері
жүйесін бизнес қажеттіліктеріне анықтайтын;
ең үздік әлемдік тәжірибелер негізге алынды.
• Компанияның Корпоративтік құндылықтары
қалыптастырылып, бекітілді және оларды
Қоғам қызметкерлеріне белсенді көрсету
басталды.
• Үздік
әлемдік тәжірибеге сәйкес, Компанияда
корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы
(тәуелсіз консультанттардың ұсынымдары
негізінде) корпоративтік басқару рейтингін
сақтау қамтамасыз етілді
• Оқу бағдарламасы қолданылуда
18 | Жылдық есеп. 2018
Компанияның даму стратегиясы