Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

БИЗНЕС-МОДЕЛЬ
UxC деректеріне сәйкес, Топқа жатқы-
зылатын, оның бірлесіп бақылайтын 
компаниялары мен қауымдасқан 
компанияларының уран өндіруін 
және оны қайта өңдеуін қоса алғанда, 
Топта
2
 уран өндіру, 2018 жылғы 31 
желтоқсанда аяқталған жыл ішінде 
уранды бастапқы өндірудің жалпы 
әлемдік көлемінің шамамен 23%-ын 
және жерасты шаймалау әдісімен 
уранды өндірудің әлемдік көлемінің 
шамамен 40%-ын (ЖС немесе ЖҰС 
-жерасты ұңғымалық сілтілеу) құрады.
Өзінің еншілес кәсіпорындары, бір-
лесіп бақылайтын және қауымдасқан 
компаниялары арқылы Топ ҚР-да 
орналасқан және 13 кластерге топ-
тастырылған 26 кен орнын игеруде. 
Топтың барлық уран кен орындары 
ЖС үшін қолайлы. Өзінің арсена-
лында өндірудің басқа әдістерімен 
салыстырғанда қоршаған ортаға аз 
әсер ететін ЖС экономикалық тиімді 
технологияларын және резервтердің 
ұзақ мерзімді базасын біріктіре оты-
рып, Топ ең озық және аз шығынды 
(UxC деректеріне сәйкес өзіндік құн 
деңгейі бойынша әлемде екінші 
орын) уран өндіретін кәсіпорындар-
дың бірі болып қала алуға қабілетті. 
Топ қазақстандық өндіруші сала 
жинақтаған ЖС-да 40 жылдан астам 
тәжірибесі бар. Үнемділік пен эколо-
гиялықтан басқа, ЖС технологиясы 
2
 Осы құжатта «Топ» термині Компанияға және оның шоғырландырылған еншілес кәсіпорындарына, 
яғни Топ (i) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін олардың тиісті қызметіне басшылық ету 
құқығы, (ii) осы компанияларға олардың қатысуынан алынатын ауыспалы табыстарға құқықтар, 
сондай-ақ (iii) Топтың пайда көлеміне ықпал ету мақсатында осы компанияларға қатысты өз өкілет-
тіктерін пайдалану мүмкіндігі арқылы бақылайтын компанияларға қатысты. Елеулі әлеуетті дауыс 
құқығын қоса алғанда, материалдық құқықтардың болуы және әсері Топтың басқа компанияға әсер 
етуінің болуын бағалау кезінде ескеріледі.
әдеттегі өндіріспен салыстырғанда 
жоғары пайдалану икемділігін қамта-
масыз етеді, бұл Топ операциялары-
ның ауқымдылығын арттыруға және 
өзгермелі нарықтық жағдайларға 
жауап ретінде өндіруді тез әрі үнемді 
арттыруға немесе азайтуға мүмкіндік 
береді.
Компания уранның, оның қосылы-
старының, атом электр станциялары 
үшін отынның, арнайы жабдықтар 
мен технологиялардың, сондай-ақ 
сирек металдардың экспорты мен 
импорты бойынша Қазақстанның 
ұлттық операторы мәртебесіне ие. 
Қазақстанның ұлттық компаниясының 
тиісті мәртебесі Компанияға белгілі 
бір артықшылықтарды пайдалануға, 
оның ішінде, басқалармен қатар, 
өзге жағдайларда міндетті болып 
табылатын тендерлік процесс арқылы 
емес, Үкіметпен тікелей келіссөздер 
жолымен жер қойнауын пайдалануға 
арналған келісімшарттарға құқық 
алуға мүмкіндік береді. Бұл іс жүзінде 
Компанияға осындай мүмкіндіктерге, 
оның ішінде Қазақстан Республика-
сында кеңінен таралған ЖС қолдану 
үшін қолайлы табиғи уранның жоға-
ры сапалы кен орындарына басым 
қолжетімділікті береді. 
Топ уран өндіруді тек қана Қа-
зақстанның кен орындарында жүзеге 
асырады. UxC деректері бойынша, 
Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания болып табылады (өндіру көлемі 
тұрғысынан), ол UxC деректері бойынша әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың бірін басқарады.
2018 жылы уранды өндіру
бастапқы өндірудің
жалпы әлемдік көлемінің
23
%
 КАП1 
12 | Жылдық есеп. 2018
             Бизнес-модель 


Қазақстан Республикасы әлемдегі ең 
ірі уран өндіруші ел болып табылады, 
оның үлесіне 2018 жылы уранды 
бастапқы өндірудің шамамен 44%-ы 
тиесілі. Топ сондай-ақ UxC мәлімет-
теріне сәйкес, өз бәсекелестерінің 
арасында уран кенінің ірі қорына ие. 
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай 
бойынша Топтың үлесіне жатқызыла-
тын дәлелденген және ықтимал кен 
қорлары уран металының баламалы 
құрамының («Uranium Metal Content 
Equivalent» немесе «UME») 305,6 
мың тоннасын құрады, ал Топтың 
үлесіне жатқызылатын өлшенген және 
анықталған минералдық ресурстар 
(кен қорларын өндіру үшін түрлен-
дірілген минералдық ресурстарды 
қоса алғанда) JORC Кодексінің
3
 шарт-
тары мен анықтамаларына сәйкес 
476,7 мың тонна UME құрады.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық 
оператор бола отырып, Компания 
уран өнеркәсібінің барлық жетекші 
қатысушыларының серіктесі болып 
табылады. Топ Cameco, CGNPC, Kansai, 
Marubeni, Orano (бұрын Areva), Роса-
том және Sumitomo-мен, сондай-ақ 
Азиялық энергетикалық консор-
циуммен 10 табысты серіктестік 
жобаны құрды. Мұндай ынтымақта-
стық Топтың активтері базасының 
әлемдік ауқымда маңыздылығын 
көрсетіп отыр, сонымен қатар Топқа 
серіктестердің технологияларына қол 
жеткізуге және технологиялық және 
басқарушылық ноу-хауды жақсар-
туға мүмкіндік берді. 2017 және 2018 
күнтізбелік жылдары Топ өндірген 
уранның 60,4% және 49,1%-ы Топтың 
бірлескен кәсіпорындар мен қа-
уымдасқан компанияларда қатысуына 
тиесілі болды.
Топтың негізгі тұтынушылары 
ядролық энергия өндіру жөніндегі 
объектілердің операторлары, ал топ-
тың өнімін экспорттау үшін басты на-
рықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс 
Азия елдері, Солтүстік Америка және 
Еуропа болып табылады. Топ уран 
өнімін ұзақ мерзімді келісімшарт-
тар, қысқа мерзімді келісімшарттар 
бойынша, сондай-ақ спот нарығында 
Швейцариядағы өзінің еншілес сауда 
компаниясы арқылы сатады. Уранның 
бағасы ядролық энергияны өндіруге 
жұмсалатын жалпы шығындардың 
аз ғана үлесін білдіреді, бұл ретте 
Топ клиенттерінің көпшілігі өзінің 
ауқымы мен уран өндіру көлемінің 
арқасында жеткізу қауіпсіздігін қамта-
масыз ету үшін барлық жағдайлар 
мен мүмкіндіктерге ие болған кезде 
жеткізу қауіпсіздігіне (баға белгілеу-
дің қолайлы жағдайларына қараған-
да) басымдық береді.
Уран өндіру Топ қызметінің негізгі 
бағыты болып табылатынына қара-
мастан, Топ уранның конверсиясын 
қоспағанда, реакторға дейінгі ЯОЦ-
тың басқа да көптеген кезеңдерінде 
(өздерінің еншілес компаниялары, 
БК және қауымдасқан компаниялары 
арқылы) қызметті жүзеге асырады. 
Осы кезеңдердің қатарына ядролық 
отын компоненттерін өндіру, уранды 
қайта айырбастау кіреді, сондай-ақ 
топ уранды байыту жөніндегі өн-
дірістік қуаттарға қол жеткізе алады. 
Топ уран өнімін, оның ішінде табиғи 
уранның шала тотығы-тотығын, уран 
диоксидінің ұнтағын және электр 
энергиясын өндіру үшін атом электр 
станциялары пайдаланатын ТВС — 
отынды дайындау кезінде пайдала-
нылатын отын таблеткаларын шыға-
рады. Қазіргі уақытта Топ ҚХР АЭС 
үшін ядролық отын өндіру жөніндегі 
зауыттың (ТВС) құрылысымен айна-
лысуда, оны 2019 жылдың соңына 
пайдалануға беру көзделген. Кейін-
нен 2020 жылдың соңына дейін ТВС 
бірінші партиясын шығара отырып
технологияны жеткізуші (Framatome) 
ТВС зауытын сертификаттау рәсімін 
аяқтау жоспарланып отыр. ҚХР-ға 
ТВС-тің коммерциялық жеткізілімін 
2021 жылы бастау жоспарланып отыр. 
Егер конверсия болашақта экономи-
калық жағынан тартымды болса, онда 
Топтың конверсиялық шекті дамыту 
үшін де әлеуеті жетеді, бұл ретте Топ 
қажетті конверсиялық технология-
ларға қол жетімділікті қамтамасыз 
етуді жоспарлап отыр. 
Уран өндіру және қайта өңдеумен 
байланысты қызметтен басқа, Топ 
сирек кездсесетін металдардан, ең 
алдымен тантал мен бериллийден 
өнімдерді өндірумен айналысады.
Топтың тұрақты қаржылық жағдайы 
бар және операциялық қызметтен оң 
ақша ағынын генерациялайды. Топ 
таяу болашақта өзінің операциялық 
қызметін және қолда бар өндірістік 
активтерге жоспарланған күрделі са-
лымдарды меншікті қаражаттан және 
қол жетімді қарыз қаржыландыру көз-
дерінен қаржыландыруға қабілетті. 
Бұл ретте кен орындарын игеру бой-
ынша тәуекелдер мен шығындардың 
едәуір бөлігін топ бірлескен кәсіпо-
рындар бойынша өз серіктестерімен 
бөліседі. АХҚО биржасындағы және 
Лондон қор биржасындағы Қазатомө-
неркәсіп акцияларының листингі, 
сондай-ақ кредиттік рейтингтердің 
болуы Топқа капитал нарықтарына 
қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар-
ды қамтамасыз етеді.
Топ үлесіне жатқызылған
дәлелденген және ықтимал
кен қорлары
305,6
мың тонна
3
 Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі, қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорла-
ры туралы Австралиялық-Азиялық есептілік кодексі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 13


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау