Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы



жүктеу 3,49 Mb.
бет7/10
Дата20.05.2018
өлшемі3,49 Mb.
#14928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Барлық ауылдар орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етілген, телефон байланысының тіркелген желілері тартылған. 2017 жылы электрмен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Ахмирово ауылында электрмен қамту желілері құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Меновное ауылындапошта байланысының стационарлық бөлімшесі бар.

Ауылшаруашылық алқаптарының шектеулігінен және қалаға аумақтық (қала маңындағы аймақ) тұрғыда жақын болғандықтан Самсоновка, Жаңа-Троицкое және ЖаңаЯвленкаауылдарында ауылшаруашылық өндірісі дамыған.

Қалалық және аулыдық мекендердің жоспарлануы

Өскемен қаласының аумақтық дамуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.09 ж. № 1749 қаулысымен бекітілген қаланың бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы жоспар даму перспективаларын 2020 жылға дейін қарасты. Өскеменқаласына Ахмирово, ЖаңаАхмирово, ЖаңаЯвленка, Самсоновка, Меновное, ЖаңаТроицкое, Прудхоз сияқты жеті ауылмен аумақ қарасты болуда. 2015 жылы Өскемен қаласының шегіне Комсомольское аулыы қосылған. Сонымен Өскемен қалалық әкімшілігі аумағының жалпы аумағы 54709 га.

2016 жылы Өскеменқаласының бас жоспары (түзету) әзірленген.Осы жоспар 2035 жылға дейін даму перспективаларын белгіледі, ол келісуде.

Өскемен қаласының маңындағы барлық кенттер қанмен бірігіп кетті.Бас жоспарда Прапорщиково, Тәжірибелік өріс, Радужный, Солнечный, Герасимовка қаланың жобалық шекарасына қосылған.

2016 жылы Өскемен қаласы шекарасына Радужный кентін қосы жобасы әзірленген. Жобамен жалпы аумағы 94,8173 гектар болатын Глубокое ауданы Бобровское ауылдық округі Радужный кентінің жерлерін Өскемен қаласының шегіне беру және «Азия Авто Қазақстан» АҚ автозауытының құрылысына қарастырылған аумағы 15,1098 гектар болатын аумақты Өскемен қаласының шегінен шығарып, осы жерлерді Глубокое ауданының жерлеріне қосу қарастырылған.

Ертіс пен Үлбі өзендері қаланың тұрғын аумағының негізгі жоспарлау құрылымы болып табылады. Осы өзендер қаланы Оң және Сол жаға деген екі бөлікке бөледі.

Бас жоспар ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау кезінде, бірінші кезектегі құрылыс жоспарларын жасау кезінде негіз болып табылады. Қала 40 тұрғын аудандарды қамтиды 6 аумақтық ауданға бөлінген. Қаланы одан әрі дамыту Оңтүстік жоспарлы ауданында (Сол жағалау) қарастырылған, соның ішінде тоғыз жаңа тұрғын аудандар.



2006-2015 жылдары кезеңіндебазалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі әзірленген.

Мекенжайлардың эталондық базасы ретінде «Мекенжайлық регистр» атты ақпараттық жүйесін бекіту және мемлекеттікоргандарының ақпараттық жүйелерімен,ақпараттық өзара әрекеттесу бойынша деректердің өзге мемлекеттік деректер базаларымен шоғырлану жөніндегі жұмыстар аяқталды.


Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:

«Екінші деңгейдегі» қаланың

мықты жақтары (S):



  1. Қала дамуының бас жоспарының болуы;

  2. Қалалар мен аудандық орталықтарында базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінің болуы;

  3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының болуы.

ауылдық аумақтар

  1. Кәсіпкерліктің және инфрақұрылымның дамуына ықпал ететін облыстық орталықтың аумақтық жақындығы.

  2. Әлеуметтік сала объектілерінің болуы.

Инфрақұрылымдық кешеннің болуы (сумен қамту, электр жабдықтау, телекоммуникациялар)

«Екінші деңгейдегі» қаланың

әлсіз жақтары (W):



  1. Тұрғын аудандарының нақты жоспарлау жобаларысыз аумақтың стихиялық құрылысы меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, аумақтардың тиімсіз игеруіне, бірінші кезекте әлеуметтік объектілері, үйлердің, инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы құнының қымбатталуына әкеледі.


ауылдық аумақтар

  1. Ауылшаруашылық алқаптардың шектеулігі.

  2. Ауылшаруашылық техниканың жоғары тозуы.

  3. Кредиттік серіктестіктері кооперациясының жоқтығы.




«Екінші деңгейдегі» қаланың

мүмкіндіктері (O):



  1. Тұрғындардың тіршілік әрекетінің оңтайлы ортасын құру үшін аумақтың кешендік құрылысы.

  2. Табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, функционалдық аумақтауды және осы аймақтардың аумақтарын пайдалануын шектеуін, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды ескерумен, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қосқанда, елдімекен аумағы дамуының негізгі бағыттарын шешу.

  3. "ақылды қала" концепциялық жобаларын іске асыру


ауылдық аумақтар

1. Инфрақұрылымдық кешенді жақсарту бойынша жобаларды жүзеге асыру (сумен қамту, су бұру).



«Екінші деңгейдегі» қаланың

қауіптері (T):



  1. Белгілі тәртіпте бекітіліген нақты жоспарлау жобаларынсыз жер телімдерін ұсыну және объектілердің құрылысы.

  2. Қала құрылысы кеңестігінің стихиялық игерілуі. Бұл жайт адам тұру ортасының деградациясына және депрессивтік қалалық аумақтарға әкеп соғады.

  3. Әлеуметтік және өндірістік бағыттағы объектілердің орналасуына бақылаудың жоқтығы, осындай объектілердің әлеуеттік мүмкіншілктерін ескерусіз стихиялық орналасуы орны толмас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарларға әкелу мүмкін.


ауылдық аумақтар

  1. ЖаңаТроицкое ауылында қоғамдық көлік қатынасуының жоқтығы.

  2. Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы үшін жеке айналым қаражаттарының және кепілдік қамтудың жетіспеушілігі





«Екінші деңгейдегі» қаланың

негізгі проблемалар:



  • нақты жоспарлау жоспарларысыз аумақтардың стихиялық құрылысы.

  • ауылдық аумақтар:

  • ауылшаруашылықалқаптарының шектеулігі;

  • ауылдарды мектепке дейінгі ұйымдардың жоқтығы;

  • Жаңароицкое ауылында өрт сөндіру жүйесінің жоқтығы;

  • қайта өңдеу кәсіпорындары және цехтердің жоқтығы (Меновное ауылынан басқа).

2.1.2 Әлеуметтік сала


Білім беру

2011 - 2016 жылдары білім беру саласында Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс атқарылды. Оның аясында қалада білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылды. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтап қалу және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 2014 жылмен салысытрғанда 5 ұйымға артқан. организаций. 5-6 жастағы балалар толығымен мектепалды даярлығымен қамтылған, балалар саны 2453.

3 - 6 жас аралығындағы 14731 бала (100%) мектепке дейінгі біліммен қамтылуы (16-кесте).
16-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар желісіннің даму динамикасы


Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

201ж./2014ж.(+,-)

Балабақшалар саны, бірл.

46

49

51

5

Балабақшалардағы балалар саны, адам

14238

20781

14731

493

Шағын орталықтар саны, бірл.

70

35

32

- 38

Шағын орталықтардағы балалар саны, адам

6543

6777

2237

- 4306

3 – 6 жастағы балалардың жалпы қамтылуы, %

100

100

98

- 2

Мектепке дейінгі тәртіп пен оқыту ұйымдары үшін балабақшалардың тапшылық проблемасы қала үшін маңызды болып қалуда. Өскемен қаласының мектепке ұйымдарға кезекте тұрғын балалар саны 10557 құрайды, олардың ішінде 73,6% жуығы 1-3 жас аралығында.

1-3 жас аралығындағы балалар үшін мектепке дейінгі мекемелердегі сұранысты қанағаттандыру қажеттілігінен басқа, педагог кадрларының(қалада жоғары және бірінші санаттағы педагогтар үлесі 28,1%, ал ауылдық жерде 3,9% құрады) сапасын арттыру мәселесі маңызды болып тұр.
Жалпы орта білім

2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына қалада 45 күндізгі жылпы білім беру және 2 кешкілік мектебі қызмет етуде. (17-кесте).


17-кесте –2013-2015 жылдары мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері желісінің динамикасы



2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл


2016 ж./2014ж.(+.-)

Мектептер саны

43

44

45

1

контингент, адам

28640

30853

33489

4849

Қалада апаттық және 3 ауысымдық мектеп жоқ.

Қаланың барлық мектептері компьютерленген. 2016 жылыжалпы білім мектептерінде компьютерлермен қамтамасыз етілу бір компьютерге 12 оқушыны құрады. 100% мектеп кеңжолақты Ғаломторға қосылған, 2014 жылмен салыстырғанда 82,5 % болатын,17,5 %-ға өсті.

Мектептердің пәндік кабинеттерінің жаңа модификациядағы материалдық-техникалық базасының жабдықталуы жеткіліксіз болып қалуда. Қазіргі таңда қала бойынша мектептердің жабдықталоу пайызы 87,5% құрайды, 2014 жылы осы көрсеткіш 65,1% құрады (18-кесте).


18-кесте –Мектердің пәндік кабинеттермен жабдықталуы




2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Саны

Қамтамасыз етілу %

Саны

Қамтамасыз етілу %

Саны

Қамтамасыз етілу %

Барлығымектептер

43

65,1

44

74,4

46

87,5

Мультимедиялық кабинеттер

39

90,7

44

100

44

95,6

Физика кабинеттері

31

72,1

36

81,8

41

89,1

Химия кабинеттері

27

62,8

30

68,1

41

89,1

Биология кабинеттері

15

34,9

21

47,7

35

76,0

2014 - 2016 жылдары кезеңінде 3687 педагог, немесе білім беру ұйымдарында жұмыс істеушілердің жалпы санынан 85,8% біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Білім беру ұйымдарында жұмыс істеушілер қатарында әйелдер. 2925 педагог қатарынан 2595, немесе 88,7% әйел, с.і. ауылдық жерде 148 педагогтан 131 әйел (88,5%). 2016 жылы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 1540 адамға жетті, бұл 52,6% құрайды (2014 жылы - 51,5%)

Білім сапасы артуда. Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындылары бойынша 2016 жылы орташа балл 86,6 балды құрады (орташа облыстық 82), 2014 жылы - 83,01 балл. 2016 жылы халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаз оқушылар саны 10 болды (2014 ж. – 8).

Жазғы кезеңде 7 қала сыртындағы балалар сауықтыру лагері қызмет етеді: 2 мемлекеттік, 5 жеке. Балаларды жазғы демалыспен, сауықтырумен, бос уақытын толтырумен қамту 97% құрады, 2014 жылмен салыстырғанда, сол деңгейде.

2016-2017 оқу жылында 15789 оқушыны қамтумен 11 қосымша білім беру ұйымы қызмет етті (47%), 7 ұйым жайғастырылған тұрғынжайларда орналасқан.

Көптілдіктің дамуы

Республиканың білім беру жүйесінде ағылшын тілге кезең-кезеңімен ауысу, басты мақсат анықталған: мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы мақсат Қазақстанның әлемнің 30 ең бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену кезеңінде маңызды. Көптілді білім беруге кезең-кезеңімен ауысуға бағдар Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастан басталатын ағылшын, қазақ және орыс тілдеріне үздіксіз оқытудың үлгісі басталып, ол мектепте жалғасуда.

Жалпы мектептер оқушылардың көптілді оқытуын жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрлармен қамтамасыз етілгенін атап кету қажет.

Қазақстандық оқулықтардың, соның ішінде тілдік піндер бойынша жаңартылған мазмұнына қарамастан,оқушыларда ауызекі тілді игеру деңгейі төмендеуде. Оқу-әдістемелік кешендердің жетілмегендігі, оларда дидактикалық және барабар материалдардың жоқтығы, оқулықтардың 2012 жылғы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмеу негізгі себептер жатады.

2015-2016 оқужылыШығыс Қазақстан облысы бойынша үштілдік білім берудің кешендік жоспары қабылданды. Осы жоспарды іске асыру жөнінде жұмыс топтар құрылған. Жұмыс топтар үштілдік білім беруді дамыту жөнінде оқу-әдістемелік кешендерді әзірледі.


Балалар құқықтарын және мүдделерін қорғау

2017 жылғы 01 қаңтар жағдайы бойынша қалада 457 жетім-бала және ата-анасының қамқорысыз қалған бала өмір сүруде. Соның ішінде 446 бала қамқорлықта (қорғаншылықта) және 11 бала –патронаттық тәрбиеде. 2011 жылдан бастапжетім-балаларды және ата-анасының қамқорысыз қалған балаларды қолдау бойынша бесжылдық кешендік жоспар және осы санаттағы балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде «Мейірім» акциясы жүзеге асырылуда. Осы акциямен 63жетім-бала және ата-анасының қамқорысыз қалған бала қамтылған. Балалардың шоттарына «Тұрғын үй жинақ банк» АҚ-на барлығы 53 патронаттық ұйымдармен 7,2 млн. теңге аударылған, 63 әлеуметтік келісімшарт бекітілді.

Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға, бірінші кезекте осындай балаларғажағдайлар жасалуда.

БарлығыӨскемен қаласы бойынша 0-18 жас аралағындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 4388 құрайды, соның ішінде94 балада есту қабілеті нашар, 519 балада көру қабілеті нашар, 917 бала нашар сөйлейді, 317 балада тірек-қозғалыы аппараты бұзылған, 1774 балада психалық дамуы төмен, 523 баланың ақылы кем болса 128 балада эмоциялық-еркіндік саласы бұзылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тең қатынау үшін тосқауылсыз ортаны құру мақсаттарында 30 ведомствалық ұйыммен 19,6 млн теңге сомасында пандустарды орнату үшін бюджеттік қаражаттар бөлінді.

Жыл сайын музыка мен өнерде дарынды мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Адамдарға қуаныш сыйлаңыз» атты шығармашылық фестиваль өткізіледі.

Білім берудің барлық ұйымдарымен инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Өңірлік бағдарламаны іске асыру бойынша жоспарлар құрастырылған. ого образования. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы үшін жағдайлар құрылуда. Қаланың білім беру ұйымдарында тосқауылсыз ортаны құруға қаржыландыруды қарастыру қажет.

Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:


Мықты жақтары (S):

  1. Орташа білім берудің жан басыға нормативтік қаржыландырудың пилоттық апробациясы қаржыландырудың жаңа форматтарына ауысуды жеңілдетеді;

  2. Жетімдерді және ата-анасының қамқорысыз қалған балаларды қолдау бойынша бастамалардың жемісі.




Әлсіз жақтары (W):

  1. Мектепке дейінгі мекемелерге жоғары кезектілік, балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтуды арттыру;

  2. Білім беру ұйымдардың, с.і. жаңа модификациядағы кабинеттермен, арнайы техникамен және жабдықпен; заманауи компьютерлік техникамен жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы;

  3. Мектепке дейінгі мекемелерде және мектеп ұйымдарындағы педагог кәсіпкерлігінің жеткіліксіз деңгейі, әдіскер-пән оқытушыларының, мектепке дейінгі педагогтардың, инклюзивті білім беру бойынша мамандардың, азжиынтықты мектептер үшін кадрлардың тапшылығы;

  4. Шет тілдері мұғалімдерінің сапалық құрамының жеке көрсеткіштерінің нашарлауы (орташа жастың артуы, жоғары санаты бар мұғалімдер үлесінің төмендеуі).

Мүмкіндіктері (O):

  1. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа балабақшалардың құрылысы;

  2. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарлама аясында білім беру ұйымдарды, с.і. жаңа модификациядағы кабинеттерді жабдықтау;

  3. Эксперимент ретінде билингвалдық және көптілдік білім бағдарламаларын іске асыру;

  4. e-learningаясында цифрлық білім беру ресурстарын (ЦБР) пайдалану мүмкіндігі;

  5. Мектеп педагогтардың үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілігін арттыру.

Қауіптер (T):

  1. Мектептердің 20% күрделі жөндеуді талап етеді.

Негізгі проблемалар:

- балалар мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі орындар тапшылығы;

- мектеп ғимараттарының едәуір физикалық және моралдық тозуы;

- мектептердің пәндік кабинеттерінің материалдық-техникалық базасының және жабдықтың жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Жастар саясаты

Өскемен қаласында 77мыңға жуық жастар тұрады. Бұл қаланың барлығы тұрғындарынан ширекке (22,9%) жуықты құрайды. Соның ішіндеерлер - 37188 (48%), әйелдер - 40240 (52%).

Қалада 30-дан астам жастар ұйымы тіркелген. Жастар облыстың 4 жоғары және 19 орта арнайы оқу мекемесінде білім алуда. Оларда 22 мыңнан астам студент дәріс алуда.

2016 жылы 80 мың адамды қамтумен жастар үшін 300-ге жуық іс-шара өткізілді.

Жұмыспен қамтуға, жұмысқа тұрғызуға, қолжетімді тұрғын үймен қамтуға бағытталған жобалар жастар саясатын жетілдіру тетіктердің бірі болуда.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыс істеуде. Олжұмысқа тұрғызу, студент жастардың қолы бос болмаушылығын ұйымдастыру, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖОО және ТжӘБ мекемелері түлектерінің қолы бос болмаушылығына ықпал етудің, «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңестік көмек береді.

2016 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмысқа тұрғызуға ықпал ету үшін 1018 жас адам жүгінсе, оның 682 жұмысқа тұрғызылды. 2014 жыл 786 адам жүгінсе олардың арасынан 472-сі тұрақты жұмысқа тұрғызылды.

«Жасыл Ел» бағдарламасы іске асырылуда, ол бойынша 2016 жылы 204 жас адам еңбек етсе, 2014 жазғы ауысымда – 89.

2016 жылы жастар тәжірибесіне 68 жолданса, тәжірибе орны бойынша 5 адам жұмысқа алынды. Жастар қатарынан әлеуметтік жұмыс орынға 15 адам жіберілді.

«Жол картасы 2020» бағдарламасының аясында жастартәжірибесіне 27 адам, кәсіптілік оқу курстарына 68 адам жолданды.

Жастар қатарынан даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 18 адам, «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 34 адам жіберілді.

2016 жылы 2 бос орын жәрмеңкесі, 29 мини жәрмеңке өткізілді. Оларға 29 жасқа дейінгі350 адам қатысты. Осы жәрмеңке келген 74 адам жұмыспен қамтылды.

Қаланың жастарынамемлекеттік спорт объектілеріне бару үшін 50% жеңілдік абонементтер ұсынылады.

Оқу жыл бойында күндіз оқитын студенттер үшін 50% жеңілдік студенттік жол жүру билеттері сатылады.

Қаланың бірқатар кәсіпорнында жастармен жұмыс жүргізу жөнінде құрылымдар құрылған: «Казцинк» ЖШС-да «Жастар одағы» жастар бірлестігі, «АЭС Өскемен ӨЭО» ЖШС-да «ЖасЭнерджи» жастар бірлестігі, «Өскемен-Водоканал» МК-да жастармен жұмыс жүргізу бойынша комиссия, «Казминералс» ЖШС-да, «ҮМЗ» АҚ-да, «ШҚАЭК» АҚ-дажастар бірлестігі қызмет етуде.

Қала әкімдігі маңында Жастар мәслихатын және Жұмыс істейтін жастар кеңесін құру бойынша жұмыс атқарылуда.

Жастар істері бойынша Үйлестіру кеңесінің қызметі ведомствоаралық өзара әрекеттесу үшін басты тетік және алаң болып табылады.

Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсаттарында қаланың 7 ірі кәсіпорнында және 18 оқу мекемесінде полициямен ықпал ету жасақтарының жұмысы атқарылуда. Соның ішінде7 жасақ ДНД қалалық жиынтық штабының құрамына кіреді. Олар оқу корпустарының және жатақханалары маңындағы көшелерді патрульдейді, құқық қорғау органдарымен тығыз ықпал етуде.Студенттік жасақтарполиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық орындарда рейдтер өткізеді.

Жастар қылмыстығының деңгейі төмендеді: кәмілет жасқа толмағандармен 2014 жылы 163 қылмыс немесеқала бойынша қылмыстардың жалпы санынан 4,0% жасалса, 2015 жылы – 98 қылмыс, немесе 2,1%, 2016 жылы – 79 қылмыс, немесе 1,5%.


Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:


Мықты жақтары (S):

  1. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік маңыздыпроблемаларды шешуге белсенді жұмылдыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Тұрғын үй алуға кезекшілік;

  2. Үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдауға қаражаттардың жеткіліксіз бөлінуі.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  2. Мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс көлемін арттыру



Қауіптер (T):

  1. Қалада қоғамдық-саяси ахуалының күрделенуі

  2. Деструктивті діни ағымдарының таралуы;

  3. Жастарды деструктивті ағымдарға тарту;

  4. Шет елдері тарапынан ақпараттық ықпал етуі.

Негізгі проблемалар:



  • тұрғынүймен қамту;

  • жастар арасында бұзақылық байқалуда;

  • қоғамдық ұйымдар белсенділігі деңггейінің едәуір төмендеуі;

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың дәстүрлі жүйесі ҮЕҰ институционалдық дамуын қарастырмайды. Осы тапсырысты алу жоғары бәсекелестікпен күрделенеді.

Денсаулық сақтау



2014-2016 жылғы кезеңде қала бойынша демографиялық ахуалға өлім-жітімділіктік көрсеткішін төмендету ықпал етті (1000 тұрғынға) 2014 жылы 11,07-ден 2016 жылғы10,49 дейін, немесе 5,2%-ға. Сонымен қатар, әйелдердің босану деңгейі төмендеді (1000 тұрғынға) 2014 жылғы 16,35-тен 2016 жылғы 15,78-генемесе 3,5%-ға (8-сурет).


8-сурет – Облыстық деңгеймен салыстырғанда, 2014-2016 жылдары Өскемен қаласы бойынша бала туу және өлімі-жітімділіктің негізгі көрсеткіштері
2016 жылыбала туу деңгейі (16,68) облыстық көрсеткіштен 1,7%-ға төмен (ШҚО – 16,4), өлімі-жітімділік деңгейі – 10,7,облыстық көрсеткіштен 3,7%-ға төмен (ШҚО – 10,32).

Ластанудың жоғары дәрежесімен өнеркәсіптік ұйымдардың болуы, тұрғындардың көп жыл бойы радиоактивтік жауын-шашымды ластану аймағында өмір сүру факторы қала экологиясына ықпал етті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша өмір сүрудің күтілетін ұзақтылық деңгейі: 2016 жылыкөрсеткіш 2015 жылғы 70,82-ге қарсы 71,3 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 72,3-ке төмен (2016 жыл). Ерлер арасындағы өмір сүрудің күтілетін ұзақтылық деңгейі (ШҚО)– 66,7 бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,1%-ғатөмен (ҚР –2016 жылы 68,1).2014 жылмен салыстырғанда, бала туу жасындағы әйелдердің және балалардың денсаулық деңгейі артуда. 2016 жылыӨскемен қаласы бойынша ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ(ШҚО – 13,3), 2014 жылы Өскемен қаласы бойынша 1 ана өлімі жағдайы тіркелді, көрсеткіш -11,4, ШҚО бойынша -4,3.

Соңғы жылдары қала бойынша 1000 тірі туған нәрестеге нәресте өлім-жітім көрсеткішінің тұрақты төмендеуі байқалуда: 9,6 - 2014 жылы, 2016 жылғы 8,4 –ке немесе 12,5%-ға дейін.



Соңғы жылдары тұрғындардың әлеуметтік-маңызды сырқаттанулардан өлім-жітімділіктің таралу көрсеткішінің төмендеу байқалуда. Туберкулезбен сырқаттану көрсеткішінің төмендеуі байқалуда: 100 мың тұрғынға 2014 жылғы 84,6-дан 2016 жылғы 50,5-ке немесе 1,7 есеге. Бірақ, ол облыстық деңгейден 1,8%-ға жоғары болып қалуда (ШҚО – 2016 жылда 49,6) (9-сурет).

9-сурет –2014-2016 жылдары Өскемен және ШҚО бойынша туберкулезбен сырқаттану және одан өлім-жітімділік (100 мыңтұрғынға)
Балалар арасында туберкулезбен сырқаттанудың 2,2 есе төмендеуі байқалуда: 2014 жылы тиісінше тұрғындардың 100 мыңның 10,5–нен 2016 жылғы 4,8-ге.

Туберкулезмен сырқаттанатын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері маңызды болып қалуда (тұрғынүй беру, жол жүруін төлеу, балаларды қосқанда, тамақтануға қаражаттар бөлу).

Соңғы 3 жылда 77190,0-ден тұрғындардың сырқаттануының өсуі байқалуда, 2014 жылы 78677,8 дейін, 2016 жылынемесе 1,9%-ға сырқттардың көп таптары бойынша: эндокриндік аурулар, тыныс алу органдарының, сүйек-бұлшықет жүйесінің, нәсіпжыныс жүйесінің аурулары, жарақттар мен уланулар.

Қанайналымы жүйесінің ауруларымен (ҚЖА) сырқаттану оң динамикасыз болып қалуда: 14,8%-ға өсу (2014 ж. – 2885,4, 2016 ж. – 3312,4) және ШҚО бойынша көрсеткіштен 9%-ға жоғары; қатерлі ісіктермен сырқаттану (100 мыңтұрғынға): 3,5%-ға өсу (2014 ж. – 405,1, 2016 ж. – 419,3) және ШҚО бойынша көрсеткіштен 1,4 есе жоғары (10-сурет). Қатерлі ісіктермен сырқаттануды анықтау, оның ерте диагностикасы бойынша скрингтік бағдарламаларды енгізу қатерлі ісіктермен сырқаттанудың көбеюйіне ықпал етті.




10-сурет –Өскемен қаласы және ШҚО бойынша 2014-2016 жылдары қатерлі ісіктермен сырқаттану(100 мыңтұрғынға)
ҚЖА-ға жалпы өлім-жітім құрылымында өлім-жітімнің басқа себептерінің арасында ең көп меншік салмақ келуде (23,2%). 2016 жылықалада ҚЖА-дан өлім-жітім көрсеткіші облыс бойыншадеңгейде (199,81)100 мың тұрғынға 246,7 құрады. Қалада ҚЖА-дан өлім-жітімді төмендету мақсаттарында кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмыс ретке келтірілген. Қалада кардилогиялықжәне кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеудің және тексерудің жаңа әдістерін енгізу 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда, 8,3%-ға жүректің ишемиялық ауруынанөлім-жітімді төмендетуге әкелді.

Жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан, уланулардан өлім-жітімділік (10,5%) қала тұрғындарының өлім-жітімділігі арасында үшінші орын алуда – 2016 жылы 111,6, ал 2014 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға азайю (ШҚО бойынша көрсеткіште – 2016 жыл үшін 118,68 ).

Жалпы қала бойынша тұрғындарға медициналық көмекті 2017 жыл басына келесілер көрсетті:


  • 7ауруханалық ұйым (соның ішінде 4-і меншік түрінде, 3 – мемлекеттік меншік түрінде: соның ішінде 3 қалалық аурухана және 9 облыстық аурухана Өскемен қаласы аумағында орналасқан);

  • 40 амбулаториялық-емханалық ұйым: оның ішінде 4 – мемлекеттік меншік түрінде және 36 жеке түрінде;

  • 3 фельдшерлік-акушерлік және 3 медициналық пункт дәрігерге дейін көмек көрсетуде.

2014 жылы мемлекеттік секторда дәрігерлер саны 471 құрады, 2016 жылы олардың саны 475-ке дейін артты.

2016 жылы дәрігерлермен қамтылу 30,92 құрады, 2014 жылы – 31,3, орташа медициналық жұмыскерлермен қамтылу 2016 жылы – 72,96, 2014 жылы – 75,0 (ШҚО бойынша 2016 ж.– 105,1).

Қазіргі күнге дәрігерлік кадрлар тапшылығы 85, облыс бойынша 144 дәрігер.

Дәрігерлік кадрлардың «қартаю» беталысы байқалуда: 50 жастан жоғары адамдар 35,9% құрайды, 30 жасқа дейін – 26,5% (АСУ кадр деректері бойынша, Өскеменқаласының аумағындағы барлық облыстық МБ қосқанда).

Мемлсектор бойынша дәрігерлердің біліктілік санатына ие медициналық жұмыскерлердің меншікті салмағы – 70%. Медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мақсаттарында білімін арттырудың көшпелі циклдары және шебер кластары, сонымен қатар шетел мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылған (Израиль, Корея, Алтай өлкесі).


Мықты жақтары (S):

  1. Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту: өлім-жітімділікті төмендету, табиғи өсімді арттыру;

  2. Нәрестелердің өлім-жітімділік көрсеткішін төмендету;

  3. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлем аясында тұрғындар үшін медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлері үшін қолжетімділікті жақсарту;

  4. Кардиологиялық жәнекардиохирургиялық қызметті дамыту

Әлсіз жақтары (W):

  1. Тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурулармен сырқаттанудың жоғары деңгейі;

  2. Облысбойынша дәрігерлердің тапшылығы;

  3. Ұсынылатын медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасы;

  4. Медициналықжабдықпен және медициналық мекемелердің үлгілік ғимараттарымен жабдықталудың жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Заманауи медициналық объектілері құрылысын қаржыландыруды арттыру;

  2. Қызмет ететін медициналықкадрларын жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды, нақытылап айтқанда СНП тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу

Қауіптер (T):

1.Саланың жеткіліксіз қаржыландырылуы, осының салдарынан: медициналықжабдықтың және медициналық мекемелер ғимараттарының барынша тозуы, бұл сырқаттануды дер кезінде диагностикалауды және тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын төмендетеді


Негізгі проблемалар:



  • әйелдермен балалар денсаулығының төмен индексі;

  • нәресетелер өлім-жітімділігінің жоғары көрсеткіштері;

  • тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурулармен сырқаттанудың жоғары деңгейі: ЗНО, туберкулез;

  • жарақттар мен уланулардың, ВИЧ/СПИД жоғары деңгейі;

  • кадрмәселелері;

  • денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімдігі аз сектораралық өзара әрекеттесу;

  • тұрғындар тарапынан өз денсаулығына жеткіліксіз жауапкершілік;

  • емдеу-алдын алу ұйымдардың, әсіресе ауыл буындағылардың, жеткіліксіз материалдық-техникалық базасы.

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Қалада соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағдай жеткіліктідей тұшрақты болып қалуда: шағын бизнес саласында кәсіпорындар саны артуда; жұмыс орындар саны және бос орындар көбейюде; білікті еңбекке сұраныс пен ұсыныс артуда.

Жұмыспен қамту қызметінің бағыты бойынша жұмысқа тұрғызу жүйесі көп жағдайда еңбек нарығындағы ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді (19-кесте).


19-кесте –2014-2016 жылдарындағы еңбек нарығындағы көрсеткіштер динамикасы




2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл


Өсу қарқыны 2016 ж./2014 ж., %

Жұмысқа тұру мәселесі бойынша жұмыспен қамту қызметіне жүгінгендер, адам

6 612

8 486

7 817

118,2

Жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмысқа тұрғандар, адам

4 485

6 657

6 273

139,9

Жұмыс орны құрылған

6 170

6 206

5 506

89,2

Жалға алатын жұмыскерлердің нақты саны, адам

147 086

145 212

147 774

100,5

Мемлекеттік саясаттың ойластырылған тиімді саласына байланысты қаладажұмыспен қамту жүйесінде оң өзгерістер байқалуда. Бірақ, шешілмеген проблемалар сақталынуда. Ең бастысы, бұл еңбек нарығындағы жұмыс күштің, әсіресе жастар, кәсіпорындар мен ұйымдардан босатылған мүгедектердің сұранысы пен ұсынысы арасындағы дисбаланс. Тұрғындардың осы санаттарын жұмыспен қамту мақсаттарында тұрғындардың жұмыспен қамтылуының Кешендік жоспары әзірленген.

2016 жыл соңына ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 636 адамды құрайды, бұл 2014 жылдың деңгейін 3 есе арттырады – 215 адам.

Соңғы үш жылда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6275-тенастамадам еңбекпен қатылған және де 4956 адам жұмысқа тұрғызылды. Бағдарлама аясында талап етілетін мамандықтар бойынша 1 103-ден астам адам оқудан өтті. Оқудан өткен адамдар қатарынан 706 адамнемесе 64,0% тұрақты жұмыс орындарға жұмысқа қабылданды.

Өмір сүру минимумы шамасынан төмен табысты бар тұрғындардың үлесі 2014-2016 жылдары 0,5% деңгейінде.

2016 жылы атаулы әлеуметтік көмек (ГАСП) кедейлік шегінен төмен табыстары бар 88 азаматқа тағайындалған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 74,6%-ға аз. МАӘКалушылар құрылымында ең көп меншікті салмақты балалар құрауда – 65,9% (58 бала).

2016 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 809 балаға тағайындалды. 2016 жылы, 2014 жылмен салыстырғанда, тұрғын үй көмегін алған отбасылар саны 24,0%-ға төмендеп, 699 отбасын құрады.
Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қалада «Үлбі»тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» КММ әрекет етуде. Мүгедектер мен ардагерлер «Үлбі»санаториясында денсаулығын түзете алады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың меншікті салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) 2014 жылғы 97,3%-дан 2016 жылы99,0%-ға дейін өсті.


Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:


Мықты жақтары (S):

  1. Оқуға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, қоғамдық жұмыстарды кеңейтуге бағытталғанқалатұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал етудің Кешедік жоспары әзірленіп іске асырылуда;

  2. Облыстың еңбек ресурстары көздерін және қажеттіліктерін болжау мақсатымен қаланың 2017-2019 жылдарға Жұмыспен қамту картасы әзірленген;

  3. 3 жылда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) алушылар саны 74,6 %-ға төмендеді;

  4. Мүгедектердің қоғамға шоғырлануы бойынша шараларды іске асыру;

5. Өнімді жұмыспен қамтылу және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру. Ол еңбек нарығының қажеттіліктерін, кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді ауыл мен қаладамикрокредиттеуді кеңейтуді, еңбек ресурстарының шұғылдығын ескерумен техникалық және кәсіби білім кадарларын дайындау арқылы жұмыспен қамтылуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
6. Шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша «Өрлеу» жобасын іске асыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының дисбалансы;

  2. Экономиканың кадрлардағы қажеттіліктерін анықтау тетігінің жоқтығы;

  3. Жұмыс мамандықтардағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

4. МАӘКалуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жетілдірілмеген әдістемесі.


Мүмкіндіктері (O):

  1. Жұмыспен қамтылудың белсенді түрлерін қолдану, сонымен қатар тұрғындар бөлігін кедейлік «пулынан» шығару бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;

  2. Жұмыс берушілердің талаптарына сай жұмыссыз тұрғындардың кәсіби дайындық, қайта дайындық бағдарламаларын жетілдіру;

  3. Дайындығы өңірде жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шетел жұмыс күшін жұмылдыру;

  4. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуының белсенді мемлекеттік бағдарламалары спектрін кеңейту.




Қауіптер (T):

  1. Қаланың ірі және орта кәсіпоындарында өндіріс көлемдерінің төмендеу салдарынан жұмыссыздықтың өсуі

  2. Еңбекақысы төмен бос орындардың көп үлесі, бұл жұмыс күшіне сұраныстың белсенді толықтырлуына кедергі жасайды;

  3. Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың көшуінің артуы;

  4. Өмір сүру минимуы шамасынан 60%-ға дейін кедейлік шегі өлшемінің шекті деңгейін арттыру АӘК алушылар санын көбейтеді;

  5. Коммуналдық қызметтерге тарифтерді арттыру тұрғын үй көмек алушыларының артуына әкеледі.




Жұмыспен қамту саласындағы негізгі проблемалар:



  • жоғары білімі бар мамандардың көп болуы және білікті жұмыскадрларындағы тапшылық;

  • көлеңкелі жұмыспен қамтылуыдың болуы;

  • кәсіби дайындықтың еңбек нарығының қажаттелігінің сай келмеуі;

  • жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие кәсібі мен мамандығына кәсіби бағдарланудың жеткіліксіз деңгейі;

  • 50 жастан асқан адамдардың жұмыссыздық проблемалары;

  • мүмкіндігі шектеулі адамдардың, түрмеден шыққан адамдардың жұмыссыздық проблемалары;

  • жастардың жұмыссыздық проблемалары;

- мүгедектер,түрмеден шыққан адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшінжұмыс орындарыквотасын орындау;

- кәмілет жасына дейін ата-аналарынан айырылған немесе қамқорысыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарыквотасын орындау.


Әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі проблемалар:

  • егде жастағы азаматтардың және мүгедектердің өмір сүруінің төмен деңгейі;

  • АӘК және ГДП алушылардың ГДП жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысқылары келмегендігі;

  • мүгедектердің және өзге санаттағы азаматтардың оңтайландырылуындағы өсіп жатқан қажеттілік(психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелерге жоғары кезектілік);

  • мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өмір сүрудің қолжетімді ортасының жетіспеушілігі;

  • әлеуметтік сала жұмыскерлерінің еңбек төлемінің төмен деңгейі;

  • МӘМ-дің медицинылық білім беру кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Мәдениет


Мәдениет саласы өңірдің әлеуметтік жаңартылуына және экономикалық дамуына барынша ықпал етеді, жалпы жергілікті қоғамдастықтың қалыптасуына және тұрғынардың оқу мен білім саласындағы жеке жетістіктерінің өсуіне ықпал етеді.

Мәдениет және өнер саласы ұйымдарының желісі 01.01.2017 жыл жағдайында 160-тан астам жұмыскерлер санымен, соның ішінде шығармашылық кадрлар – 95-тен астам (кітапханаларда – 68), 1 клуб мекемесінен (Өскеменқаласы әкімдігінің 2016 жылғы 02 желтоқсандағы № 3440 Қаулысына сәйкес Өскеменқаласы әкімдігінің ««Өнер» мәдени-бос уақыт орталығы» КМҚК-на қосылу жолымен қайта ұйымдастырлған ), 14 кітапханадан тұрады.Қалада200–ден астам ұйым әрекет етеді, с.і. «Халықтық» – 8, «Үлгілік» – 8 атақтары бар.

Өскемен қаласының аумағында 58 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Соның ішінде: 46 сәулет және қала құрылысы ескерткіші, 11 – монументалды, 1 – археологиялық. Достық үйі және қоғамдық келісім (Жамбылатындағы бұрыңғы театр) және Металлургтер мәдениет үйі республикалық маңыздылықтағы тарих және мәдениет ескерткіші болуда.

Кітапханалардың кітап қоры және қала тұрғындарының оларға келушілігі артуда (20-кесте).


20-кесте –2014-2016 жылдарында кітапханалық жүйе көрсетікштерінің динамикасы



2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл


Өсу қарқыны 2016 ж/2014 ж., %

Кітап қоры, дн.

254 659

258 380

262 140

102,9

Мемл. тілдегі кітап қоры, дн.

62 315

65 319

66 747

107,1

Жаңа әдебиеттің келіп түсуі

9 820

10 323

6 914

70,4

Кітапханаларға бару, мың келулер

310,3

312,2

309,6

99,7

Оқырмандар саны, адам.

49 982

51 214

51 530

103,0

Клубтық мекемелерде 2016 жылы 380 мәдени-көпшілік іс-шара өтті, бұл 2016 жылдың деңгейінен 17,4%-ға төмен: 2014 жылы 460, ал 2015 жылы– 440 іс-шара өтті.

2014 - 2016 жылдары кезеңінде397 маңызды қоғамдық-саяси және мәдени іс-шара өтті, соның ішінде 2014 жылы 164 іс-шара, 2015 жылы – 160, 2016 жылы – 73 іс-шара жүргізілді.

Интернетке 2016 жылы қатынаудың болуы 2014 жылдағыдай, қалада 14 кітапхана бар.

Мүмкіндігі шектеулі мүмкіншіліктерімен адамдардың мәдениет объектілеріне қолжетімілігі үшін мәдениет ғимараттары негізінен пандустармен және қолжетімділіктің өзге құралдарымен жабдықталған.

Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:




Мықты жақтары (S):

  1. Орындардың өзгермейтін санында мәдениет объектілеріне бару деңгейінің артуы.

  2. Тұрғындардың мәдениет объектілерінің қызметтерімен қамтылу дәрежесін арттыру.

  3. Музыкалық және жарық аппаратурасын, LED экрандарды сатып есебінен материалдық-техникалық базасын күшейту.




Әлсіз жақтары (W):

1. Кітапханалар үшін үлгілік жайлардың жеткіліксіз жабдықталуы мен жоқтығы.

2. Кітапхана саласы кадрларының ағымдылығы.

3. Тұрғындардың сұратылып отырғандығында Сол жағалау ықшам ауданыда көпшілік кітапханасының жоқтығы.

4. Мәдениет мамандары мен менеджерлерін дайындау орталықтарының жоқтығы;

5. Бюджеттен күрделі және ағымдағы жөндеулерді жүргізуге жеткіліксіз қаржыландыру.

6. Шаруашылық субъектінің жоқтығынан монументалды ескерткіштері паспорттарын ресімдеу проблемасы.


Мүмкіндіктері (O):

1. Әлеуметтік-осал топтарының өкілдері үшін қызметтерді тегін көрсету мәдениет қызметтерін неғұрлым қолжетімді етеді.

2. Өз мекемелерінің негізінде музыкалық аспаптарды, халық өнерінің өзге заттарын жасау, костюмдерді тігу.

3. Өз студиясының негізінде сапалы дыбыс жазуы.

4. Мәдениет қызметтерінің мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.


Қауіптер (T):

1. Мемлекеттік емес мәдениет мекемелері санын қысқарту сектордағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін төмендетеді, бұл ұсынылатын қызметтер сапасы мен құнына кері ықпал ету мүмкін.

2. Мәдениет мекемелері қызметтерінің орташа құнының 2 есе артуы тұрғындардың белгілі таптарына осы қызметтердің қолжетімсіздігіне әкелу мүмкін.

Негізгі проблемалар:

- мекемелер желісі қажеттіліктеге жауап бермейді: обысл орталығының 6 ықшам ауданыда клубтар , ал 3-де–кітапханалар жоқ;

- мәдениет ұйымдары желісінің және кітапханаларды жинақтақталуының минималды мемлекеттік нормативтерінің жоқтығы кітап қорларын жаңартуында, мекемелер желісінің және жылжымалы мәдени-бос уақыты кешендерінің дамуында қиындықтар туғызады;

-мәдениет жұмыскерлерін дайындау орталықтарының жоқтығы. Тар шеңберлі мамандардың, сонымен қатар маркетинг және арт-менеджментке ие жаңа үлгідегі шығармашылық көшбасшылардың және басқарушы кадрлардың тапшылық проблемасы келесі мәселелердің шешілуін талап етеді;

- ведомствалық тұрғынжайдың жоқтығы (білікті мамандарды жұмылдыру үшін негізгі шектеулер).

- нашар материалдық-техникалық жабдықталу (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтың, сахналық костюмдердің жетіспеушілігі), бұл жайт қызметтер сапасына әсер етеді.
Денешынықтыру және спорт

Денешынықтыру және спорттың дамуы тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, азаматтардың барлық санаттарымен және тұрғындар топтарымен денешынықтыру және спортпен шынығу үшін жағдайлар жасауға, спорт саласында кадарларды, сонымен бірге спорттық резервті және халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Өскемен қаласы тұрғындарының жалпы санынан 2017 жылдың басында денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 106539 адамды құрады, 2014 жылдағыға қарағанда 5,9%-ға өсті (21-кесте).
21-кесте - 2014-2016 жылдары спорт дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірліктері

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1.

Спорт құрылыстары

бірл.

416

416

416

2.

Денешынықтыру және спорт саласындағы мамандар – барлығы

- соның ішіндеденешынықтырубілім барлары



адам.

906
820

924
820


924
820



3.

Барлық жастағы тұрғындардың үнемі түрде денешынықтыру және спортпен қамтылуының артуы

%


30,9

30,7

31,7

4.

Денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны

адам.

100600

103773

106539

5.

Денешынықтыру және спорт бірлестіктері (ведомствалық денешынықтыру-спорт қоғамдары, спорт клубтары, денешынықтырумәдениеті кәсіпорындары мен ұйымдарының спорт ұжымдары)

ед.

214

214

214

6.

Денешынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

%


18,5

19,5

32,6

7.


Денешынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны

адам.


8535

14121

15670

Қаланың аумағында барлығы 13 балалар-жасөспірімдер спорт мектеп қызмет етеді. Соның ішінде 4 – олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 – мамандандырылған балалар-жасөспірімдер техникалық спорт мектебі, 6 – балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 2 – жоғары спорт шеберлігінің мектебі, спорттағы дарынды балалар үшін мектеп-интернат.

Өскеменқаласының денешынықтыру жәнеспорт бөлімінің теңгерімінде 3 спорт мектебі бар. Жаттықтыру-оқытушы құрамы – 74 адам. Оқушылар контингенті 1912 баланы құрайды (оқу жылының басынан қалыптасады), 22 бөлімше қызмет етеді.

2016 жылы 201 спорттық-көпшілік және денешынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді.

Өскеменқаласындаденешынықтыру жәнеспорт сабақтары үшін соңғы жылдары келесі спорт ғимараттары салынған: Жекпе-жек сарайы, олимпиада чемпионы О. Рыпакованың атындағы жеңілатлетикалық орталығы, жабық 50метрлік жүзу бассейні,спорттағы дарынды балалар үшін 200 орынды мектеп-интернат. Сонымен бірге 2 хоккей модуль қызмет етеді.

195 спорт секциясы қызмет етеді. Спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша шұғылданатындардың жалпы саны 2016 жылы 6763 адамды құрады. Бұл жалпы білім беру мектеп оқушыларының жалпы санынан 19% құрайды.

2015 жылмен салыстырғанда, оқушылардың контингенті 1021 адамға артты.

7358 бала 30 балалар-жасөспірімдер клубтарына қатысуда. Жалпы білім беру мектептердің спорт мүкәммал мен жабдықпен орташа қамтамасыз етілуі 65%құрайды.

Спортинфрақұрылымының өсу қарқынына қарамастан, денешынықтыру-сауықтыру сабақтары үшін және23 спорт және көпфункционалды спорт залы бар.

Тұрғындарды денешынықтыру жәнеспорттың жүйелі түрдегі сабақтарына жұмылдыру үшін әртүрлі спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіледі: Аблакетка тауына жылдамдықта шығу, веложүрістер, медициналық, банк жұмыскерлері арасындағы спартакиадалар, қала кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы жарыстар.

2016 жылы Өскеменқаласының құрама командасы ШығысҚазақстан облысының 2 кубогына, 21 чемпионатына, 9 турниріне, 4 біріншілігіне қатысты. Өскеменқаласының құрама командасы үшін 23 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Спорт резервін дайындау бойынша Өскемен қаласы көшбасшы орындарының бірін алуда. Облыстың құрама командалары 70%-дан астамға өскемендікітерден тұрады. Қала спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысады.

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша спортшылардың біліктілігін арттыру нәтижесінде 619 спорт разряды тағайындалды, соның ішінде: жоғары деңгейдегі жаттықтырушылар –2 біліктілік – 56 адам, 2 разрядтағы спортшы – 129 адам, 3 разрядтағы спортшы – 62 адам, 1 жасөспірімдер разрядтағы спортшы– 115 адам, 2 жасөспірімдер разрядтағы спортшы– 132 адам, 3 жасөспірімдер разрядтағы спортшы– 115 адам, 4 разрядтағы спортшы – 10 адам.


Сала дамуы күйінің SWOT-талдауы:


Мықты жақтары (S):

  1. Спорт объектілері және құрылыстар желісінің өсуінің тұрақты динамикасы;

  2. Тұрғындар үшін қолжетімді мәдени-сауықтыру кешендері имараттардың болуы




Әлсіз жақтары (W):

  1. Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі;

  2. Саланың төмен кадрлық қамтамасыз етілуі;

  3. Көпшілік спорттың жеткіліксіз дамуы.

  4. Көптеген қолданыстағы спорт имараттары техникалық пайдалану бойынша жетілдірілген нормативтер мен талаптарына, халықаралық регламенттерге және жарыстарды және оқу-жаттығу үдерістерді өткізу ережелеріне сай келмейді

Мүмкіндіктері (O):

  1. ҚазақстанРеспубликасында 2025 жылға дейін Денешынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасының жеделдетіп іске асырылуы;

  2. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

  3. Спорткадрларын дайындау бағдарламасын жетілдіру.

Қауіптер (T):

  1. Денешынықтыру және спорттың компьютерлік ойындар, кино, дискотека жәнет.б. ойын-сауықтың өзге түрлерімен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі

  2. Біліктілігі жоғары мамандардың өзге салаларға кетуі.

жүктеу 3,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау