3.2. Туған жер. Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім
3.3. Қазақстанның рухани қасиетті жерлері. Қазақстанның киелі географиясы.
3.4. Тарих, мәдениет және тіл ортақтылығы. ЖаҺандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті.
6. Агроөнеркәсіптік кешеннің
тұрақты дамуы және ауыл
шаруашылығы
өнімінің
қауіпсіздігі
1. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы
2. Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3. Қарқынды егінжәне өсімдік шаруашылығы
4. Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін және шикізатты қайта өңдеу мен сақтау
6. Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуды техникалық қамтамасыз ету
7. Ауыл аумақтарын тұрақты дамыту
8. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіру және коммерцияландыру
7.Ұлттық
қауіпсіздік
және
қорғаныс (құпия таңбасыз)
Іргелі ғылыми зерттеулер
1. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің жалпы теориясы
2. Мемлекеттің әскери ұйымын дамыту
Қолданбалы ғылыми зерттеулер
1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін, қаруландыру және әскери техниканы, әскери-ғарыштық технологияларды дамыту
3. Әскери қауіпсіздік және әскери өнер салаларындағы зерттеулер
4. Ланкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, барлау және қарсы барлау қызметі
5. Құқық қорғау органдарының қызметтерін жалпылау
3. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімді ұсыну тілі
1. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
4. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімнің нысаны мен мазмұнына талаптар, қоса
қаржыландырудың көлемі және жағдайлары
1. Конкурсқа қатысу өтінімдері 1-қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек және осы конкурстық
құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жасалады. Жобаның ілеспе хаты, өтінімі және қысқаша
сипаттамасы 3-қосымшаға сәйкес нысанда жасалады.
2.
Өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада (дискіде), екі данада, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне мына мекен-жайы бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел
даңғылы, 8, 11-кіреберіс, 1039-кабинеті.
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының
талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы қажет.
ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың соңғы
күніне дейін конкурс қатысушылары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның
(бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық
жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы өтінімді тіркеуге тиісті.
Мерзімнің аяқталуынан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
4. Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде
қойылады.
5. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім жобаны іске асыру мерзімі 3 жылдан аспауы туралы ақпаратты
қамтуы керек.
6. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітілу керек, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар
жайлы жазба болу керек және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгеленген мөрімен қоса қолымен
расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.
7. Өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізетін әлеуетті әшкерелеу,
мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.
8. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
-
жалпы ақпарат;
-
жобаның сипаттамасы;
-
зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;
-
жобаны жоспарлау және басқару;
-
зерттеушілер тобы;
-
зерттеу ортасы;
-
күтілетін нәтижелер;
-
библиография;
-
қосымшалар.
9. Келесі талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:
1) ЖТН-ні болмаған өтінімдер;
2) өтінімді ресімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;
3) талап етілген құжаттардың толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер;
4) плагиат және өтінім тақырыбының немесе мазмұнының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бұрын
немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілері анықталған өтінімдер (көрсетілген фактілер
болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және
мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды
тарту арқылы келтірілуі тиіс);
5) конкурс қатысушыларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу
туралы куәлігі болмаған өтінімдер;
6) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;
7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болған
немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;
8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және
жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болмаған өтінімдер;
9) мемлекеттік бюджет қаражатынан бұрын қаржыландырылған немесе қазір қаржыландырылып отырған
жобалар бойынша өтінімдер.
10. Өтінім мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер
бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы
келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады. Жеке әріптестің болуы өтінімді қарауда және гранттық
қаржыландыру алатын жеңімпазды айқындауда басым шарттардың бірі болып табылады.
5. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптар, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де
мәліметтер мен ерекше талаптар және қаржыландыру сомасы
Достарыңызбен бөлісу: |