20.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырудың қорытындылары бойынша
бүкіл кезеңде келесі нәтижелер алынуы тиіс:
1.
1) жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар саласында – Web of Science немесе
Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік
ғылыми басылымдарда: іргелі ғылымдар үшін – кемінде3 (үш) мақала, қолданбалы ғылымдар үшін – кемінде 2
(екі) мақала, сондай-ақнөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми
басылымдарда кемінде 2 (екі) жарияланым;
2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария ғылымдары салаларында –
нөлдік емес импакт-факторы баррецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала,
сондай-ақ ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласын бақылау комитетімен ұсынылған журналдардарда кемінде
2 (екі) жарияланым;
1.2. Техникалық, жаратылыстану, медициналық ғылымдар саласындағы (патентке қабілетті жобалар
бойынша) қолданбалы зерттеулер жобалары бойынша қорғау құжаттары алынуы тиіс;
1.3. Қолданбалы зерттеулердің жобалары бойынша нәтижелері практикаға енгізілуі керек (мүмкіндігінше).
21. Жобаның жүзеге асырылуы және/немесе аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыс басылымы кезінде авторлар
нөмірін көрсету арқылы ұтып алынған грантқа сілтеме жасауға міндетті.
22. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан жоба шеңберінде халықаралық
конференцияларға қатысып немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе
шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.
23. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер жаңа ғылыми білім (басылымдар,
патенттер) түрінде немесе дайын ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық,
тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық және басқа
да карталар, жаңа материалдар, препараттар, құралдар және т.б.) ретінде ұсынылуы тиіс.
24. Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың немесе өтінім беруші не бизнес-әріптестің қаражатын
тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер автоматтандырылған және
бағдарламалы-технологиялық кешендерін, жүйелердің бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған
өнімдерін (тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, автоматтандырылған және
бағдарламалы-технологиялық кешендер, эксперименттік және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс және т.б.)
құруға дайын болуы қажет.
25. Жобаның рефератын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің
және/немесе автордың келісімін сұратусыз жариялау құқығы Орталыққа беріледі.
26. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамамен белгіленген тәртіппен міндетті
түрде Орталықта мемлекеттік есепке алынуы тиіс.
27. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаны
жүзеге асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін келісімшарт 4-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша жасалады.
2017 жылғы «15» тамыздағы
Конкурстық құжаттамаға
1 -
қосымша
2018-
2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық
қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі нысанының талаптары
1.
Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;
2.
Жоба бойынша ұсынылған ақпараттың анықтылығын растау, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның
ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға
апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталауы, өзгелердің нәтижелерін иемдену
және т.б.) болдырмауды сақтау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы арыз. Аталған
жобаны орындаушылар аталған конкурс шеңберінде басқа ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу
орындардың атынан толық немесе ішінара конкурстық жобаларды/өтінімдерді бермегені туралы кепілдік.
Жетекшінің диссертация қорғаған ғылыми мамандығы, сондай-ақ оның ғылыми жұмыс тәжірибесі ғылыми
жоба бейініне сәйкес келетініне кепілдік.
Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберңнде сатып алу
және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып,
материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік.
3) Жобаның қысқаша сипаттамасы;
4) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
5) Өтінім берушінің аккредитациядан өткенін растайтын куәлігінің көшірмесі;
6) Этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымының болуы
(биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін);
7) Жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру
үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру
болған жағдайда). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы
келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.
2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы
анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, этика мәселесі
бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымы (биомедицина бойынша адамдар мен
жануарларға зерттеу жүргізу үшін), қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген
және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, гранттық қаржыландыру туралы
конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда)
қойылады.
3.
Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді
есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану
қажет):
сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;
шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-
нан кіші емес);
жоларалық интервал – бір;
азат жол (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;
тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал – жоларалық бір интервал;
Достарыңызбен бөлісу: |