Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ


Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштері



жүктеу 3,64 Mb.
бет3/22
Дата03.03.2018
өлшемі3,64 Mb.
#11105
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж.

2013 жылмен, %

Мұнай өндіру көлемі

мың тонна

315,4

283,8

232,9

73,8

Газ конденсатын өндіру көлемі

мың тонна

12 212,8

12 777,2

12 515,3

102,5

Табиғи газ өндіру көлемі (жалпы өнім)

млн.текше метр

19 154,2

19 906,4

19 688,2

102,8


Электрмен қамту, газ беру, бу және ауамен баптау; Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

Облыста электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» ЖШС газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.

2015 жылы электроэнергия өндірісі 1594,7 млн. кВт. сағ. құрады, облыс қажеттілігі 1843,4 млн. кВт.сағ., РФ-дан импорт - 207,6 млн. кВт.сағ. (11,3%). Электроэнергия өндірісінің 2014 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмендеуі КПО б.в. ГТЭС жөндеу жүргізуіне, сонымен қатар сыртқы ауа температурасының жоғары болуынан «Жайықжылуқуат» АҚ ЖЭО жұмысының тоқтауына байланысты.

Облысты электроэнергия қажеттілігін қамтамасыз етуге қуаттылығы 100 МВт газотурбиналық электростанцияны (ГТЭС) іске қосылды («Батыс Пауэр» ЖШС, 1-кезең).

2015 жылы жылу энергия өндірісі 3,1 млн.Гкал құрады, оның ішінде жылу электростанциялар - 1,1 млн.Гкал және қазандар - 2,0 млн.Гкал.

2015 жылы тұтынушыларға облыстың кәсіпорындарымен 1,1 млн.Гкал жылу энергиясы жіберілді. Жіберілген жылу энергиясының жалпы көлемінен халыққа - 0,8 млн.Гкал, кәсіпорындар және ұйымдардың коммуналды-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне 0,3 млн.Гкал түсті.

Жылумен қамту көздерінің саны 135 бірлікті құрады.

Жылу энергиясын өндіру бойынша жылу электростанцияларының орнатылған қуаттылығы 656,0 Гкал/сағ., жылына орташа жұмыс қуаттылығы - 127,0 Гкал/сағ құрайды. Орнатылған қазандар қуаттылығы - 626,9 Гкал/сағ., орташа жұмыс қуаттылығы - 486,0 Гкал/сағ құрады.

2015 жылы тұтынушыларға облыс кәсіпорындарымен 23,4 млн. куб. м су жіберілді, оның ішінде халыққа – 51,7%; коммуналдық қажеттіліктерге - 6,5%, өндірістік - 7,5%.

Объем поданной воды в сеть составил 36,1 млн. куб. м, при этом около 22% объема воды пропущено через очистные сооружения.

Желіге жеткізілген су көлемі 36,1 млн. куб. м құрады, бұл ретте су көлемінің 22% су тазалағыш құрылымнан өткізілді.

7 - кесте



Электроэнергия, жылу энергия, табиғи су өндірісі





2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж.

2013 жылмен, %

Электроэнергия, млн. кВт.сағ.

1 598,3

1 699,8

1 594,7

99,8

Жылу энергиясы, мың.Гкал

3 468,3

3 713,9

3 092,3

90,6

Табиғи су, млн. куб.м

39,5

36,9

38,7

98,0

2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің аймақтың өнеркәсіп өнімінің құрылымындағы үлесі 8,2%-ды құрады, бұл облыстың мұнайгаз кешеніндегі өндіріс көлемінің озық өсуімен түсіндіріледі (2014 жылы – 7,7%). Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2013 жылдан 2015 жылға дейін 141,4 млрд. теңгеден 107,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу себебі өңдеуге арналған шикізат тапшылығы мен оның Ресей Федерациясындағы құнының өсуіне байланысты мұнай өңдеу өнімдер өндірісінің төмендеуі болып табылады. Тапсырыстардың жеткіліксіздігіне, Ресей Федерациясының рубль бағамының төмендеуіне байланысты машина жасау - 11,1%-ға, өзге де металл емес минералды өнімдер - 7,8%-ға, металлургия - 6,5%-ға, тамақ өнімдер өндірісі 9,8% -ға төмендеді.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы кәсіпорындар қызметінің барлық салалық бағыттарын қамтиды.

Республиканың өңдеу өнеркәсібі көлемінде саланың үлесі 1,8% құрайды.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі адам басына 11,2 мың. АҚШ доллар құрады немесе 2014 жылдың деңгейіне - 53,1%, 2014 жылы – адам басына 36,7 мың. АҚШ доллар (112,9%), 2013 жылы – адам басына 36,6 мың. АҚШ доллар (142,0%).

2015 жылы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі – 151,7 млн. АҚШ доллар құрады немесе 2014 жылға – 30,8%, (2014 жылы – 493,2 млн. АҚШ доллар, 2013 жылы – 423,2 млн. АҚШ доллар).

8- кесте

Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері

млн. теңге


Сала атауы

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

НКИ 2015 жыл 2014 жылға, % -бен

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы

Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде

141 416,7

142 480,0

107 057,7

72,1

100

мұнай өнімдерінің өндірісі

49 948,6

46 637,0

11 040,0

32,5

10,3

машина жасау

19 375,2

20 266,4

23 970,6

117,6

22,4

металлургия

8 879,3

10 177,3

7 368,2

55,9

6,9

құрылыс материалдары өндірісі

9 810,3

11 050,5

10 234,8

106,9

9,6

тамақ өнімдері өндірісі

34 791,7

38 672,8

38 325,4

98,2

35,8

жеңіл өнеркәсіп

779,7

792,7

1 065,0

99,8

1,0

9- кесте


Заттай көріністегі өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Тамақ өнімдерінің өндірісі










ет және тағамдық қосымша өнімдер, тонна

5 005

4 661

4 820

еттен жасалған консервілер, тонна

7 211

7 133

5 390

сары май, тонна

606

623

171

шұжықтар және еттен жасалған ұқсас өнімдер, еттен немесе жануарлар қанынан қосымша өнімдер, тонна

8 982

8 541

7 420

өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

2 480

2 601

2 451

ірімшік және сүзбе, тонна

73

87

113

дәнді дақылдардан және өсімдіктен жасалған ұн; олардың майда тартылған қоспасы, мың тонна

112,7

100,8

107,7

жарма, ірі тартылған ұн және дәнді дақылдардан жасалған түйіршіктер мен өзге де өнімдер, тонна

1 915

2 057

2 338

жаңа піскен нан, тонна

33 861

33 526

33 038

кепкен нан және печенье; ұзақ уақыт сақтауға арналған кондитерлік өнімдер және тәтті тоқаштар, тонна

3 189

2 592

2 850

макарондар, кеспелер, кускус және ұннан жасалған ұқсас өнімдер, тонна

16 935

15 389

16 814

Сусындар өндірісі










сыра, сыра қайнатудың шөгінділері мен қалдықтарынан басқа, мың литр

4 334,9

2 752,1

2 893,2

минералды және газдалған тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген сулар, мың литр

17 409,3

25 731,9

30 462,3

өзге де алкогольсіз сусындар, мың литр

1 237,4

787,1

734,5

Тоқыма бұйымдар және киімдер өндірісі










төсек жаймалары, мың дана

120,0

140,1

98,8

ерлерге немесе ер балаларға арналған трикотаждан басқа өзге де сырт киімдер, дана

469

246

77

әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа өзге де сырт киімдер, дана

9 779

10 274

9 869

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру










мұнай отыны (мазут) және газойльдер (дизельдік отын); мұнай дистиляттары, мың тонна

535,9

595,3

201,7

мотор отыны (бензин, соның ішінде авиациялық), мың тонна

6,4

13,0

0,2

газойльдер (дизельдік отын), мың тонна

507,8

500,1

183,5

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру










пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтері, тонна

15 396,6

7 256,6

7 901,4

пластмассалардан жасалған есіктер, терезелер, есік қораптары және терезе жақтаулары, есік босағалары, терезе қақпақтары, жалюзилер және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері, тонна

1 033,5

762,3

755,4

Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру










отқа төзімсіз құрылыстық қыш кірпіштер, кремнеземдік тасты ұннан немесе диатомитті топырақтан жасалған бұйымдардан басқа, мың текше метр

1,7

1,8

1,5

сөндірілген, сөндірілмеген және гидравликалық әк, мың тонна

34,4

41,2

24,9

бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар, тонна

303 381

387 702

332 565

силикат және қож кірпіштер, тонна

171 943

209 623

129 110

тауарлы бетон, тонна

500 753

418 477

501 298

Металлургия өнеркәсібі










әртүрлі диаметрдегі құбырлар, болаттан жасалған тігінсіз профильдер, тонна

19 787

25 105

25 043

легірленбеген (көміртекті) болаттан жасалған қырланған табақтар, тонна

13 506

13 025

11 941

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру










құрама құрылыс металл конструкциялары, тонна

277

573

481

ұнтақтағыш шарлар және диірмендерге арналған ұқсас бұйымдар, тонна

16 701

11 716

11 241

Машина жасау










мұнай мен газды қайта өңдейтін жабдықтар, млн.теңге

59,2

1058,8

616,5

арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

100

110

126


Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

Облыс мұнай өнімдерін қайта өңдеуге маманданған Қазақстанның төрт аймағының бірі болып табылады. Мұнай мен газды қайта өңдеу үшін Қарашығанақ қайта өңдеу кешені, газойль, мазут және жанармай өндіруге маманданған шағын тоннажды қондырғы сияқты қуаттылықтар бар. Қуаттылығы 600 тоннаға дейін ШТҚ бар. Жекелеген көмірсутегі фракциялары қондырғыларын күкіртті сутегі мен меркаптаннан тазалау мақсатында жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл тауардың коммерциялық құнын арттырып, өндірістік қауіпсіздігін күшейтті.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Конденсат» АҚ, «B.N.GASOIL PROCESSING» ЖШС. Негізгі өнім түрлері: ауыр дистиллятты сұйық отын, газойль фракциясы, мұнайды айырып шығару қалдықтары.

Мұнай өнімдерін қайта өңдеудің өндіріс көлемі 2013 жылдағы 49,9 млрд. теңгеден 2015 жылы 11,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді. 2015 жылы газойлдер өндірісінің көлемі 183,5 мың. тонна құрады, ол 2013 жылдың деңгейінен 63,8%-ға төмен.

2011 жылдан бері КПО б.в. компаниясымен тұрақсыз конденсатты жеткізудің тоқтатылуы саладағы проблемалық мәселе болып табылады. «Конденсат» АҚ негізгі шикізат көлемін РФ-дан сатып алды. Сонымен бірге, ағымдағы жылы дайын өнім құнының тоннасы 200 АҚШ долларын құраған болса, РФ-дан жеткізілетін шикізат құны тоннасына 230 АҚШ долларына дейін өсті.

Сонымен қатар, «Конденсат» АҚ «Евро-5» экологиялық класты жанармай өндіру жобасын жүзеге асыруда. Жоба қуаттылығы – жылына 600 мың тонна өңделген шикізат. Негізігі технологиялық құрылғылар «UOPLimited» (Ұлыбритания) компаниясы жаңа технологиясы негізінде келісім-шарт бойынша «VentechFabricationServicesLLC» компаниясымен АҚШ-та дайындалады. Жобаны іске асыру ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын жабу және Қазақстанның батыс өңірін Ресей импортына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.



Машина жасау

Облыста орналасқан машина жасау кешенінің мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, энергетикалық машина жасау, кеме жасау, прибор жасау сияқты басым бағыттар бойынша салаларды дамытуға арналған әлеуетінің маңыздылығы зор.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Омега» прибор құру зауыты» АҚ, «Оралагрореммаш» АҚ, «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС және т.б.

Негізгі өнімдері және қызмет көрсету түрлері: жоғары технологиялы мұнай-газ қондырғыларының өндірісі, соның ішінде бұрғылау сорғыштары және оның қосалқы бөлшектері, кеме құрастыру және жөндеу, мұнай-газ құрылғыларын жөндеу жұмыстары, арнайы техника өндірісі, трансформатор және өзге де бұйымдар өндірісі.

2015 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының кәсіпорындары сомасы 24 млрд. теңгеге өнім өндірді, ал 2013 жылы - 19,4 млрд.теңге. Нақты көлем индексі 117,6%-ды құрады. 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда арнайы және маманданған автомобильдер – 26%-ға, мұнай мен газды қайта өңдейтін жабдықтар шығарылымы – 10,4 есеге өсті. 2014 жылмен салыстырғанда тіркемелер және жартылай тіркемелер, контейнерлер өндірісі 66,7%-ға артты.

Машина жасау саласында жаңа өндіріс түрлерін игеру бойынша жұмыстар атқарылуда. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ көмірсутегі материалынан жылдамдығы 400-550 км/сағ. «LANCAIR» отандық тәжірибелік ұшағын жасап шығарды. Кәсіпорын газтурбина, сорғы және компрессорлық технологиялар бойынша General Electric компаниясының, құбырөткізгіш арматура (клапандар, ысырма-тиек, ернемек) өндірісі бойынша Cameron компаниясының стратегиялық серіктесі болып табылады. Кәсіпорында GeneralElectric компаниясының лицензияланған технологиясы негізінде газтурбиналық қондырғыларды жөндеу, автоматика және басқару жүйесін жөндеу бойынша қызмет көрсететін сервистік орталық құрылды, жоғары технологиялық реттегіш тиек өндірісі жоспарлануда.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС қуаттылығы жылына 10000 дана күш трансформаторларының өндірісі жобасын іске қосты. Өндіріс Германия, Италия, Швейцария елдерінен әкелінген жабдықтарында жүргізілетін болады.

2012-2015 жылдары «Зенит» Орал зауыты» АҚ шекара қызметі үшін 8 дана кеме және катерді суға түсірді. Зауыт жалпы сомасы 458,8 млн.теңгені құрайтын су сыйымдылығы 600 тоннаға дейінгі кеме өндірісі жобасын жүзеге асыруды бастады. Келешекте су сыйымдылығы шамамен 720 тоннаға дейінгі көп функционалдық кемені («Бұлан» жобасы) игеруді жоспарлауда.

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ 2016 жылы «ECA ROBOTICS» француздық компаниясымен бірлесіп су асты роботы техникасының базалық моделін игеруді жоспарлап отыр, сонымен қатар шағын катерлер өндірісі бойынша шығарылатын өнімдер номенклатурасын жаңғырту және кеңейтуді жоспарлауда.

«Оралагрореммаш» АҚ негізінде EVOPRO венгриялық компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобусын игеру жөнінде келісім бар. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Машина жасау кәсіпорындарының басты проблемасы кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырыстарға және мұнай-газ компанияларының тапсырыстарына тәуелділігінде, бұлар өз кезегінде әлемдік мұнай бағасымен тікелей байланысты.

Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «КазТрубпром» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК, «Казармапром» ЖШС.

2015 жылы металлургия өнеркәсібі саласындағы өндіріс көлемі 7,4 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі – 55,9%. Өндіріс көлемінің қысқаруына щойын құю бойынша қызметтерге тапсырыстардың аз болуы, сонымен қатар легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісінің қысқаруы әкеліп соқты.

Бұл ретте, 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда әртүрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі 26,6%-ға өсті.

«КазТрубпром» ЖШС өнімі мұнай-газ саласына бағытталып, бұрғылау, құрылыс, мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және жөндеу кезінде пайдаланылады. Өнімділігі 60 мың тонна сорғыш-компрессорлық және шегендеу құбырларын құрайды. Кәсіпорын негізгі өнім көлемін сыртқы нарықтарға (РФ) жеткізеді.

Дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы өндіріс көлемі 2015 жылы 6,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 25,5%-ды құрады.

2015 жылы «ҚазАрмапром» ЖШС 9,1 мың тонна ұнтағыш шарлар өндірді, ол 2014 жылғы деңгейден 22,3%-ға кем (ресей нарығында өнімді өткізу қиындықтарына байланысты). Бүгінгі күні мәселе шешіліп, кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс жасауда.

Бұл ретте, үш жылда құрылыс металл конструкциялар өндірісі 1,7 есеге артты.

Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 13053 шаршы метр металл құрылымдарын ыстық мырыштау бойынша қызмет көрсету цехы жұмыс істейді («Оралагрореммаш» АҚ). Болашақта кәсіпорын мұнай-газ компанияларының жобаларына қатысу есебінен жобалық қуаттылыққа шығуды жоспарлайды.

Құрылыс материалдарының өндірісі

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС; «Стекло Сервис» ЖШС, «СВ-плюс» ЖШС, «Алим» ЖШС, «Алтимстройдеталь» ЖШС.

Облыстың құрылыс индустриясын силикатты және керамикалық кірпіш, темірбетон бұйымдары, тауарлық бетон, кеуекбетон, ағаш бұйымдары, құмды-қиыршықтас қоспалары, металқұрастырмалары, сэндвич-панель, профлист, металжабынқыштар, терезе, есік және т.б. тауарларды өндіретін кәсіпорындар құрайды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарымен 10,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл сала өндірісінің нақты көлем индексі 106,9% құрады. 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда тауарлық бетон өндірісі 19,8%-ға артып, 501,3 мың тоннаны құрады.

Термотөзімді және көп қабатты оқшаулағыш әйнек өндірісі ұйымдастырылды («Стекло Сервис» ЖШС), керамзит өндірісі жаңғыртылды («Стройкомбинат» ЖШС), қуаттылығы жылына 25 мың текше метр ұяшықты бетон шығаратын зауыт іске қосылды («Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ). Жоба табиғи жолмен кебетін (кебекбетон) неміс технологиясы бойынша дайындалады.

Бүгінгі күні «Болашақ-Т» ЖШС және «СВ-плюс» ЖШС негізінде қуаттылығы сәйкесінше 40 және 50 мың шаршы метр тұрғын үйлер іске қосылып, ірі панельді объектілер өндірісі жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (түрік компаниясы), «Weiler», «Vollert» және MAP (неміс және итальяндық компаниялар) сияқты танымал шет елдік компаниялардың технологияларын қолданады.



Тамақ өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің 35,8%-ын құрайды. Өндіріс көлемі 2013 жылдан 2015 жылға дейін 34,8 млрд. теңгеден 38,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Азық-түлік өнімдерінің нақты көлем индексі 2015 жылы 2014 жылғы деңгейге 98,2%-ды құрады.

Сала кәсіпорындары: «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Попков» ЖШС, «Фирма Родник» ЖШС, «БелесАгро» ЖШС, «Агропродукт LTD» ЖШС, «Казкон» ЖШС, «Свит» ЖШС және т.б.

2015 жылы 2013 жылға қарағанда дайындалған немесе қалбырдағы балық - 15%-ға, сүт өнімдері - 78%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,5 есеге, жарма 22%-ға өсті. 2014 жылмен салыстырғанда ет - 3,4%-ға, құс еті - 27,5%-ға, дайындалған немесе қалбырдағы балық - 43,7%-ға, өсімдік майы - 56,6%-ға, жарма - 13,7%-ға, ұн 6,8%-ға өсті.

2013 жылмен салыстырғанда ет - 3,7%-ға, еттен жасалған қалбырлар - 25,2%-ға, шұжық өнімдері - 17,4%-ға, сары майлар - 71,8%-ға, кондитерлік өнімдер 10,6%-ға төмендеді, бұл РФ-дан тасымалданатын арзан бағалы тауарлардың жеткізілуімен түсіндіріледі (рубль бағамының өзгеруіне байланысты).

Саланың негізін шағын кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Өндірістің негізгі проблемасы отандық өндірушілердің тамақ өнімдері импортталатын тауарлармен бәсекеге қабілетсіздігі, әсіресе РФ-дан әкелінетін арзан бағалы тауарлармен.

Тоқыма бұйымдары және киімдер өндірісі

Тоқыма бұйымдары және киімдер өндіру саласында арнайы киімдер, төсек орындарды, мектеп формаларын, киіз өнімдерін тігуге маманданған бірқатар орта кәсіпорындар қызмет атқарады, олар: «Надежда» ТТФ» ЖШС, «Аяз» ЖШС және т.б.

2013 жылы тоқыма бұйымдар және киімдер өндірісі 779,7 млн. теңгені құраса, 2015 жылы 1065 млн. теңгені құрады немесе 141,5%. Әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер - 0,9%-ға, киім заттары, киім аксессуарлар өндірісі 2,7 есеге өсті.

Жеңіл өнеркәсібі саласы кәсіпорындарының басты мәселесі – тұрақты өткізу нарығының болмауы. Отандық тауар өндірушілердің өнімдері ішкі нарыққа Қытай елінен тасымалданатын төмен бағалы, оған сәйкес төмен сапалы тауарларымен бәсекелесу қиындық туғызуда. Аталған мәселенің шешу жолы, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуына ықпал болу үшін кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыспен, соның ішінде қорғаныс, денсаулық сақтау, білім беру салаларында 3 жыл мерзімге дейін тапсырыспен қамту қажет.



жүктеу 3,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау