Агроөнеркәсіптік кешен
Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды, онда еңбекке жарамды халықтың үштен астам бөлігі қызмет етеді және жалпы өңірлік өнімнің 3-4%-ын қалыптастырады. Еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінде облыстың үлесі 2013 жылы - 3,4%-ды, 2014 жылы - 3,1%-ды, 2015 жылы 3,5%-ды құрады.
11 - кесте
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
млн.теңге
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2012 ж. %-бен НКИ
|
2014 ж.
|
2013 ж. %-бен НКИ
|
2015 ж.
|
2014 ж. %-бен НКИ
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
|
79 678,3
|
104,6
|
84 573,0
|
103,4
|
106 544,4
|
96,9
|
соның ішінде өсімдік шаруашылығы
|
31 119,6
|
111,1
|
34 370,6
|
107,7
|
40 159,2
|
89,0
|
мал шаруашылығы
|
48 071,5
|
100,3
|
49 567,5
|
100,2
|
65 771,7
|
102,9
|
қызметтер
|
487,2
|
2,7 есеге
|
634,9
|
146,9
|
613,5
|
100,0
|
Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығы үлесінің шамалы болғанына қарамастан, облыстың барлық тұрғындарының 27%-ы аграрлық секторда жұмыспен қамтылған. Облыс халқының тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады және аграрлық сектордың тиімді дамуы ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысында жалпы жер қоры 15,1 млн. га құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары - 12,8 млн. га, соның ішінде егістік жерлер - 0,6 млн. га, тыңайған жерлер - 1,1 млн. га, шабындық - 1,0 млн. га, жайылым - 10,1 млн. га, көпжылдық екпелер - 2,7 мың га.
Жыл сайын ауыл шаруашылығы кешенін қаржыландыру ұлғаюда. 2015 жылы АӨК қолдауға республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен, сондай-ақ Ұлттық Қордан 7,1 млрд.теңге бөлінді, бұл 2014 жылғы деңгейден 42%-ға көп.
Мал шаруашылығы
Облыс республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аса бағалы тектік тұқымды қоры бар, етті мал қазақтың ақбас және герефорд тұқымды еділбай тұқымды етті-майлы бағыттағы және ақжайық етті-жүнді тұқымды қой, көшім өнімді тұқымды жылқы және бірегей асыл тұқымды қазақтың бактриан түйесі бар ірі өңірлерінің бірі болып табылады.
Асыл тұқымды мал төлін ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және сатумен айналысатын 21 субъект жұмыс істейді, 5 шаруашылығы қой өсірумен шұғылданады (21,2 мың бас), 15 - жылқы (6,9 мың бас), 1 шаруашылық түйе өсірумен айналысады (219 бас).
Асыл тұқымыды мал басының үлес салмағы, қой шаруашылығында - 2,3%-ды, жылқы – 5,3%-ды, түйе шаруашылығында 7,7%-ды құрайды.
Асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысатын 101 қожалық жұмыс істейді, солардың 79-ы қазақтың ақбас тұқымды (22,0 мың бас), 12 шаруашылық герефорд тұқымын өсіреді (2,0 мың бас), 1 шаруашылық калмақ тұқымы (10 бас) және 3 шаруашылық асыл тұқымды сүтті бағыттағы мал (968 бас), 2 шаруашылық ангус тұқымын (423 бас), 3 шаруашылық симментал тұқымын (222 бас), 1 шаруашылық голштин-қызыл далалық тұқымын (51 бас) өсіреді.
Облыс бойынша барлығы ауыл шаруашылығымен айналысатын 4825 субъект тіркелген, соның ішінде жұмыс жасайтыны – 4563. Соның ішінде 288 ауыл шаруашылық кәсіпорны және 4275 қожалық (фермерлік) шаруашылық.
2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі - 7,1%-ға, сүт – 0,7%-ға, жұмыртқа 7,3%-ға өсті.
12 - кесте
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Шаруашылықтың барлық түрлері
|
|
|
|
Етке сатылған мал және құс (сою салмағы), мың тонна
|
36,6
|
36,8
|
39,2
|
Сүт, мың тонна
|
224,7
|
224,6
|
226,4
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
139,7
|
156,6
|
149,9
|
Жүн (нақты салмағы), тонна
|
1 730
|
1 865
|
1 983
|
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
|
|
|
|
Етке сатылған мал және құс (сою салмағы), мың тонна
|
1,6
|
1,7
|
1,6
|
Сүт, мың тонна
|
1,8
|
1,9
|
2,0
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
98,5
|
115,8
|
109,2
|
Жүн (нақты салмағы), тонна
|
49
|
52
|
44
|
Қожалық немесе фермерлік шаруашылық
|
|
|
|
Етке сатылған мал және құс (сою салмағы), мың тонна
|
11,4
|
14,1
|
15,6
|
Сүт, мың тонна
|
40,9
|
50,0
|
52,6
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
1,7
|
1,5
|
1,4
|
Жүн (нақты салмағы), тонна
|
773
|
879
|
946
|
Тұрғындардың шаруашылығы
|
|
|
|
Етке сатылған мал және құс (сою салмағы), мың тонна
|
23,6
|
21,0
|
22,0
|
Сүт, мың тонна
|
182,0
|
172,6
|
171,8
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
39,7
|
39,3
|
39,2
|
Жүн (нақты салмағы), тонна
|
908
|
934
|
993
|
Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі өндірушілері халық шаруашылығы болып табылады. 2015 жылы барлық өндірілген өнімнің халық шаруашылығы үлесіне ет – 56%, сүт 76% тиесілі.
Ет пен сүт өндірісінің негізгі үлесі тұрғындардың жеке шаруашылығына тиесілі, бұл өндірістің ұсақ тауарлық екені туралы мәлімдейді, бұл осы саланың дамуын тежейтін басты фактор болып табылады.
Негізгі жұмыс мал шаруашылығын дамытуға мал басын көбейту, өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малы 470,5 мың басты құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға, қой мен ешкі – 1129,3 мың бас (17,7%-ға), жылқы – 131,5 мың бас (27,4%-ға) өсті, құс – 845,4 мың бас (8,2%-ға аз).
13 - кесте
Мал және құс саны
бас
-
Көрсеткіштер атауы
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2015 ж. / 2013 ж. %
|
Республикадағы үлесі в 2015 ж., %
|
Мүізді ірі қара малы
|
417 228
|
456 236
|
470 480
|
112,8
|
7,0
|
Қой мен ешкі
|
959 888
|
1 075 376
|
1 129 349
|
117,7
|
5,4
|
Түйе
|
2 923
|
2 884
|
2 828
|
96,7
|
1,7
|
Жылқы
|
103 180
|
116 891
|
131 456
|
127,4
|
5,2
|
Құс
|
931 791
|
937 000
|
845 401
|
90,7
|
2,5
|
2011-2015 жылдарға есептелген «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыста 5,3 мың тонна ет экспорттау міндеті қойылды. 2015 жылы 2036,3 тонна ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 1029,9 тонна сиыр еті, 1006,4 тонна ет өнімдері.
21 асыл тұқымды шаруашылық, 25,7 мың бас асыл тұқымды ірі қара малға арналған 101 асыл тұқымды репродуктор, 12,2 мың басқа арналған 6 бордақылау кешені жұмыс жасайды.
1600 басқа арналған 3 бордақылау алаңының құрылысы аяқталды, ағымдағы жылы 400 басқа арналған 1 бордақылау алаңы іске қосылды, 2,8 мың басқа арналған 4 бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда.
«Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 484 шаруа қожалығы 5,0 млрд теңге несие алды және 25,8 мың бас аналық мал және 1077 бас тұқымдық бұқа сатып алды немесе жоспар 151,8%-ға орындалды (жоспар - 17,0 мың бас).
«Құлан» бағдарламасы бойынша 979,5 млн.теңгеге 3,3 мың бас сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 383,9 млн.теңгеге 15,6 мың бас ұсақ мал сатып алынды.
Облыстың табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы болып табылады және оңтүстік өңірлерде ерекшеліктерінің негізгі факторлары болып табылады. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында саланы мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады.
Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды суландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жыл мен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына шаруа қожалықтары үшін 129 ұңғыма бұрғыланды және пайдалануға берілді.
Өсімдік шаруашылығы облыста дәнді, майлы, азықтық дақылдар, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен ұсынылған.
Облыс бойынша өсімдік шаруашылығымен негізінен Бөрлі, Зеленов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының агроқұрылымдары айналысады.
Облыста өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша әртараптандыру өткізілуде. 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен облыс Әкімдігі арасында Меморандум жасалды, осыған сәйкес дәнді және майлы дақылдардың ауданы тұрақтанады, жем-шөп, картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары кеңейеді.
Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 2015 жылы нақты себу алаңы 488,1 мың га құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 9,8%-ға кем (540,9 мың га).
Егістік құрылымында астық алқаптары 260,1 мың га құрайды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 26,7%-ға аз (355,2 мың га).
Майлы дақылдар 50,1 мың га егілген (соның ішінде күнбағыс – 40,3 мың га), бұл 2013 жылғы деңгейден 10%-ға аз (55,7 мың га).
Облыс халқының картоп және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын меншікті өндіріс алаңы артып келеді. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының алаңы 2015 жылы 11,6 мың га құрады (картоп – 5,2 мың га, көкөніс дақылдары - 4,4 мың га, бақша дақылдары – 2,0 мың га) немесе 2013 жылғы деңгейден 18,4%-ға көп (9,8 мың га).
Соңғы жылдары мал шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты жемге сұраныс артуда. Мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз ету үшін 166,3 мың га алаңында азықтық дақылдар егілді, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 36,4%-ға көп.
14 кесте
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
егістік алқаптары
тыс. га
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2015 ж.
2013 ж.
%-бен
|
Барлық егіс алқабы
|
540,9
|
509,5
|
488,1
|
90,2
|
Дәнді дақылдар
|
355,2
|
321,0
|
260,1
|
73,2
|
соның ішінде бидай
|
242,2
|
219,0
|
183,9
|
65,3
|
Майлы дақылдар
|
55,7
|
37,1
|
50,1
|
90,0
|
соның ішінде күнбағыс
|
40,3
|
24,2
|
35,0
|
86,9
|
картоп
|
4,2
|
4,5
|
5,2
|
123,8
|
көкөніс дақылдары
|
3,9
|
4,0
|
4,4
|
112,8
|
бақша дақылдары
|
1,7
|
1,8
|
2,0
|
117,6
|
мал азықтық дақылдар
|
121,9
|
141,2
|
166,3
|
136,4
|
2015 жылы ылғал ресурстарын үнемдейтін технологиялар 249,0 мың га алаңында енгізілді немесе барлық дәнді дақылдар егістігінің 95,7%-ы. Тамшылатып суару жүйесі 335 га алаңында қолданылған, 2013 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға өсті (312,0 га).
Маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністермен ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін облыста жалпы көлемі 24,4 мың ш. м. 60 жылыжай бар.
Күрт континенттік ауа-райы жағдайлары, яғни жиі қайталанатын құрғақшылық, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде жауын-шашынның болмауы өсімдік шаруашылығы саласы өнімдерін өндіруді кеңейтуін шектейді.
2015 жылы 115,8 мың га дәнді дақылдар есептен шығарылды, бұл жалпы егістіктің 44,5%-ын құрайды. Қалған алқаптың гектарынан алынған өнім 6,6 ц/га құрады, 95,4 мың тонна астық алынды, 2013 жылғы деңгейден 48,1%-ды құрады.
Майлы дақылдардың жалпы жиналған көлемі 11,7 мың тонна, 2013 жылғы деңгейден 25,5%-ға кем.
Картоп және бау-бақша өнімдері өндірісінің өсімі 2013 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 8,3 және 11,8% құрады.
15- кесте
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі
мың тонна
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2015 ж.
2013 ж.
%-бен
|
Дәнді дақылдар
|
198,4
|
223,8
|
95,4
|
48,1
|
соның ішінде бидай
|
145,6
|
172,0
|
88,8
|
61,0
|
Майлы дақылдар
|
15,7
|
11,3
|
11,7
|
74,5
|
соның ішінде күнбағыс
|
13,8
|
9,4
|
9,9
|
71,7
|
Картоп
|
63,8
|
64,5
|
69,1
|
108,3
|
Көкөніс
|
56,8
|
57,4
|
61,0
|
107,4
|
Бақша дақылдары
|
24,6
|
25,5
|
27,5
|
111,8
|
Жыл сайын АӨК материалдық-техникалық базасы нығаюда. 2015 жылы облыстың агроқұрылымдарымен 14% өсімімен 5,8 млрд.теңге кредиттік ресурстар тартылды. Лизингке 1,0 млрд.теңгенің 284 дана ауыл шаруашылық техникасы алынды. Облыста 10044 трактор, 47 себу кешені, 1269 комбайн, 406 жатка бар.
Шикізат базасының дамуы және экспорттық мүмкіндіктердің кеңейуімен, инвестициялық сектордың тартымдылығымен, тұтынушылық сұраныс өсуінің қолдауымен қайта өңдеу саласында тұрақты өсу серпіні байқалады.
Қайта өңдеу өнеркәсібі салалары арасында астықты және етті қайта өңдеу жақсы дамуда. Ұн тарту өнеркәсібінде 5 ірі кәсіпорын және 20 диірмен жұмыс істейді, сүт саласында - 6 кәсіпорын, етті өңдеумен айналысатын 7 кәсіпорын құрылды, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу бойынша 4 ӘКК және 2 СДО құрылды. Орал қаласында және қала маңындағы аймақта (Зеленов және Теректі аудандары) ірі қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған.
2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда жаңа піскен нан өндірісі – 30,6%-ға, жарма, ірі тартылған ұн - 20,5%-ға, кондитер бұйымдары - 19,8%-ға, қалбырдағы балық - 10,5%-ға, макарон өнімдері 0,7%-ға ұлғайды.
Өсімдік майының өндірісі - 80%-ға, ет және тағамдық қосалқы өнімдер - 76,9%-ға, өңделген сүт пен кілегей - 60,5%-ға, басқа сүт өнімдері - 43,9%-ға, еттен жасалған консервілер - 25,6%-ға, ірімшік пен сүзбе - 24%-ға, шұжық және еттен жасалған ұқсас өнімдер - 9,4%-ға, сары май - 7,7%-ға, ұн 1,1%-ға төмендеді.
2013-2015 жылдары 17 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды: жобалық қуаты жылына 3 тонна ет және шұжық өнімдерін шығаратын өндіріс цехының құрылысы, қуаттылығы тәулігіне 5 тонна кондитерлік бұйымдар шығаратын 2 цех, қуаттылығы тәулігіне 15 тонна ет және шұжық өнімдерінің өндіру бойынша цех, қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңдеу цехын жаңғырту, қуаты тәулігіне 8 тонна кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша цех, 8,8 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы, 100 га тамшылатып суаруды игеру.
2015 жылы өнім өндіру көлемін ұлғайту үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылай қолдауымен 491 жұмыс орны құрылуымен 3,2 млрд. теңгеге 10 жоба іске асырылды. Олардың ішінде вакуумдық орамдағы ірі кесекті және блоктық ет өндіру бойынша ет өңдеу кешені (Ақжайық ауданы «Батыс Марка Ламб» ЖШС), ірі қара мал мен ұсақ мал өсіру бойынша репродуктор 3 шаруашылықтарын құру (Жәнібек ауданындағы «Ұлан» ШҚ, Сырым ауданындағы «Әмір» ШҚ, «Жібек Жолы» ШҚ), мал сою цехы (Сырым ауыданындағы «Жібке Жолыә ШҚ), мал тамағын өндіру жобасы (Теректі ауданындағы «Айсылу» ШҚ), сүт сату және қышқыл сүт өнімдерін өндіру бойынша жоба (Зеленов ауданы «Сары бел» ШҚ), бордақылау алаңының құрұлысы жобасы (Тасқала ауданындағы «Арай» ШҚ), картоп өсіру үшін жабдықтар мен техникалар сатып алу жобасы (Зеленов ауданындағы «Гепарт-Агро» ШҚ), тамшылатып суару жүйесін қолдану бойынша жоба (Зеленов ауданындағы «Берік» ШҚ).
Достарыңызбен бөлісу: |