Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ПРОФЕССОР С.ИСАЕВТЫҢ ПІКІРІ БОЙЫНША КАТЕГОРИЯ БОЛУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ



жүктеу 0,72 Mb.
бет98/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

58. ПРОФЕССОР С.ИСАЕВТЫҢ ПІКІРІ БОЙЫНША КАТЕГОРИЯ БОЛУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Грамматикалық категория болудың алғы шарттары:

1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек ;

2) ол мағыналар бір-бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды;

3) ол грамматикалық мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да,1-жақ 2-жаққа, я 3-жаққа қайшы келуі;

4) әрі тектес, әрі ыңғайлас , әрі бір-біріне қарама-қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы ;

5) сол тектес мағына да, қайшы мағына да бөлек-бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі ;

6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық-тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы.

Міне, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық категория болып таныла алады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналар жүйесі еш грамматикалық тұлғасыз семантикалық тәсіл арқылы ғана берілетін болса, онда грамматикалық категория жасай алмайды, өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық мағыналар жиынтығы ғана емес, сол тектес, мәндес, әрі бір-біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалар жүйесі болып табылады.

Грамматикалық категориялар грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен соған лайық олардың грамматикалық мәнімен сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен , басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді морфологиялық категориялар және топтау, я жіктеу мәнді (классифицирующие) морфологиялық категориялар деп бөлу дәстүрі бар.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалы(морфологиялық) категориялар бола бермейді. Грамматикалық категориялары бар сөз таптары – зат есім , сын есім, етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан-мөлшер категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, шырай категориясы, салт-сабақты етістік категориясы, етіс категориясы, болымды-болымсыз етістік категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік категориясы.

Белгілі сөз табына қатысты грамматикалық категориялардың грамматикалық сипаттары сол сөз табының семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалады. Сондықтан да грамматикалық категориялардың түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес.Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық мағыналары бірде таза грамматикалық қана мағына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа ие болады.Мысалы: шырай категориясы, етіс категориясы, салт-сабақты етістік категориясы, болымсыз етістік категориясы сөзге реңк мәнін қосады. Көптік, тәуелдік, септік,рай, шақ, жақ категориялары түбір білдіретін мағынаға ешбір нұқсан келтірмейді.Сондықтан морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын семантикасына қандай да болсын әсер етуіне қарай лексика-грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей, өзгертпей, тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөлу керек.




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау