Жедел өткен шақ формасы сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрын болып өткен қимылды жай хабарлау түрінде баяндауын білдіреді. М: мен кітапханаға кеттім.
Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады. М: мен ол жігітті жақсы танимын, институтта бірге оқығанбыз.
Дағдылы өткен шақ формасын сөйлеу кезінен кем дегенде жарты не бір жыл бұрын болып өткен істі, қимылды білдіреді және істің, қимылдың ертеректе бірнеше рет қайталанып, әдетке, дағдыға айналып кеткенін көрсетеді. М: әбдірахман әкесі үшін қатты қиналып, оңашада ұзақ ойланып жүруші еді.
Достарыңызбен бөлісу: |