Жергілікті актілер



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет28/62
Дата06.02.2020
өлшемі1,96 Mb.
#28339
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62

 
диалектикасын  көрсетуге  мүмкіндік  береді,  табиғатқа  құнтпен  қарау  керек  деген 
сенімділікті, табиғатты қорғау және табиғи байлықты молайту қажеттілігін сендіру болып 
табылады. 
Практиканың  қорытындысы  бойынша  дифференцирленген  сынақ  қойылады 
(баға). 
  « Балалармен жазғы жұмыстарға даярлық»    практикасы 
"Балалармен  жазғы  жұмыстарға  даярлық"  оқу  практикасы  сауықтыру    лагерлері 
үлгісінде немесе колледж жағдайларында    өткізілуі мүмкін. 
Практика  жоспары  оқу-өндірістік  практика  жетекшісінің  педагогика  және 
психология ПЦК жетекшісімен біріге отырып құрастырылады және оқы мекемесінің 
басшысымен бекітіледі. 
Теориялық және практикалық білім колледж оқытушыларының күшімен өтікізелі, 
қажет  болған  жағдайда  оларды  өткізуге  лагерь,  мектеп,  басқа  да  орта  кәсіптік  оқу 
орындарының  қызметкерлері  де  тартылуы  мүмкін.  Оқушыларға  практиканың  бұл  түрі 
үшін дифференцирленген сынақ (баға) қойылады және қала сыртындағы жазғы лагерлерге 
жолданатын оқушыларға вожатый куәлігі беріледі. 
Туристік жорық. 
Апталық  туристік  жорық  "Дене  шынықтыру  және  спорт"  мамандығында  оқитын 
оқушылармен екінші сместрде өткізіледі. 
Туристік  жорықты  өткізу  кезінде  оқу    тобы  10-12  адамнан  тұратын  2 
топшаға бөлінеді, әр топшаның жетекшісі тағайындалады. 
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы жорыққа дайындалу кезінде оқу мекемесінің 
жетекшісімен бекітілген саяхаттың жол-бағыттама парағын құрастырады. 
Оқушыларға  практиканың  осы  түрін  жетістікпен  орындағаны  үшін 
дифференцирленген сынақ (баға) қойылады. Жүргізілген жұмыс есебі өндірістік парктика 
журналына толтырылады.   
Медициналық-санитарлық практика және оқыту-жорық жиыны. 
Практика    колледж  жанында  өткізіледі.  Практиканың  жетекшісі  ретінде  бастапқы 
әскери  даярлық  пәнінің  оқытушысы  мен  колледждің  медициналық  қызметкері 
тағайындалады.  Медициналық-санитарлық  даярлық  барысында  қыздар  халыққа  табиғи 
апаттар  мен  төтенше  жағдайлар  туғанда  көрсетілетін  медициналық  жәрдем  түрлері 
бойынша  теориялық  және  практикалық  тәжірибе  алады,  Санитарлық  дружиналар  және 
олардың  дәрігреге  дейінгі  бастапқы  медициналық  жәрдем  көрсетудегі  рольдері  мен 
міндеттері. Жарақат алған кездегі бірінші медициналық жәрдем (қан кету, сынықтар, күйік 
алу  мен  үсіп  кету).  Жасанды  тыныс  алдыру  мен  жүрекке  тікелей  емес  уқалау  жасау. 
Радиациялық  талқаныс,  уландырғыш  заттар  мен  қатты  әсер  тигізетін  заттамен  уланған   
кезінде медициналық жәрдем көрсету.   
Ұлдар бұл кезде бескүндік дала жорығын өтеді. 
Практиканың  осы  түрі  үшін  оқушыларға  дифференцирленген  сынақ  (баға) 
қойылады. 
Пленэр 
Практиканың  бұл  түрі  оқу  жоспарына  сәйкес  бірінші  және  екінші  курс  соңында 
өткізіледі (2-ші және 4-ші семестрлерде, әрқайсысына 2 аптадан). 
Практиканың міндеті: 
Осы  уақытқа  линиялық  және  ауалық  болашақ  заңдылығы  мен  т8стану  негіздерін 
игерген  оқушылардың  кәсіптік  білімі  мен  ептілігін  бекіту.  Пленэрарнайы  пән 
оқытушылардың  жетекшілігімен  өткізіледі.  Оқу  тобы  2  топшаға  бөлінеді.  Жұмыстың 
өткізілетін тәулік мерзімі ауа-райына байланысты оқытушымен белгіленеді, ең қолайлысы 
күннің  бірінші  жартысында  болған  дұрыс.  Практика  басталар  алдында  оқытушылар 
ауадағы  жұмыстың  ерекшеліктері  туралы  әңгіме  жүргізеді,  алға  қойылған  тапсырманың 
көлемімен таныстырады. Бірінші жазғы пленэр ішінде оқушылар жұмыс нысанын таңдап 
үйренулері  тиіс,  1-2  жоспарлы  этюд  орындап,  аспанның,  жердің,  судың  түстерін  дұрыс 


 
жеткізе  білулері  керек,  ағаштар мен гүлдердің  әр  түрлігігін  жеткізе  біру  керек.      Екінші 
жазғы  пленэр  кезінде  оқушылар  күрделірек  тапсырмалар  орындайды,  техникалық 
құрылымдарды әр түрлілігін зерделейді, табиғи жағдайда аңдарды, құстарды, адамдарды 
суреттейді.  Қорытынды  жұмысты  орындайды  –өткен  пленэр  бойынша  өздерінің  алған 
әсерлерінің  композициясы.  Әр  пленэр  міндетті  түрде  практиканттардың  жұмыстарын 
қараумен  аяқталады.  Бірінші  және  екінші  пленэр  кезінде  тапсырманың  көлемін  толық 
игерген оқушыларға қорытынды дифференцирленген сынақ (баға) қойылады. 
Декоративтік-қолданбалы өнер практикасы 4-ші курста өткізіледі. Практика кезінде 
оқушылар кешенді тапсырмалармен жұмыс жасайды, яғни:   
–    эскиздар жасау; 
–эскиздар  бойынша  жұмыстар  жасау,  безендіру  жұмыстары.  Практика  оқу 
мекемелерінде өткізілуі мүмкін (мектептер, училищелер);   
Практика  арнайы  пән  оқытушыларының  жетеушілігімен  өткізіледі.  Практика 
нәтиежелері бойынша оқуышыларға дифференцирленген сынақ (баға) қойылады. 
Байқау практикасына даярлық. 
Практика  келісілген  сабақ  кестесіне  сәйкес  колледж  жанында  және  базалық 
мекемелерде  өткізіледі.  Топтағы  практика  жетекшілері  ретінде  педагогика,  психология 
және жеке әдістемелік пәндерінің оқытушылары тағайындалады. 
Студенттер  практиканың  мақсатымен  және  міндетімен,  мектептің  оқу-әдістемелік 
базасы  және  мектеп  құжаттарымен  танысады,  оқу  жоспарын,  оқу  бағдарламалары  мен 
мектеп оқулықтарын талдайды. Сабаққа кіруді, бастауыш сынып мұғалімдерінің көрсету 
сабақтары мен сабақтан тыс шараларын қадағалауды ұйымдастырады. Практиканың жеке 
жоспары  әзірленеді.  Бастауыш  сыныптарда  пәндер  бойынша  сабақтар  мен  сабақтан  тыс 
жұмыстардың    толық  жоспар-конспектісі  құрылады  және  әдіскерлермен  бекітіледі. 
«Сабақта  сабақ»  және  оқу  пәндері  бойынша  сабақтан  тыс  жұмыстар  ұйымдастырылады. 
Көрнекі құралдар, дидактикалық ойындар мен таратпалы материалдар әзірлеу. Түрлі жас 
мөлшерінде  балалардың  психологиялық-педагогикалық  ерекшеліктері  зерделенеді.   
Сауалнама  мен  пікіртерім,  тренинг  материалдары  мен  психологиялық    зерттеулер 
әдістемелерін  даярлау.  Байқау  практикасының  күнделігін  дайындау.  Бастауыш  сынып 
пәндері бойынша портфолио құрастыру. 
Практиканың  бұл  түрі  бойынша  оқушыларға  дифференцирленген  сынақ  (баға) 
қойылады.       
Дипломалды практикаға даярлық. 
Практиканың  бұл  түрі  барлық  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  өткізіледі. 
Практика  дипломалды  практика  басталғанға  дейін  және  аяқталғаннан  кейін  өткізіледі. 
Практика  барысында  оқушылардың  педагогика,  психология,  жалпыбілім  мен  кәсіптік 
пәндер бойынша кәсіптік білімдері мен ептіліктері және тәжірибелері қаралады. 
Практика  кезінде  «Түлектің  портфолиосы»  өткізіледі  (Коледждегі  оқу  кезеңінде 
жиналып, даярланған    көрнекі, дидактикалық және әдістемелік материал). 
Практика  процессінде  практиканттармен  әзірленген  сабақтар  мен  сыныптан 
тыс  шаралардың  конспектілерінің  байқау-сайысы    өткізіледі;  көрініс-сабақ 
өткізіледі. 
Практика  жетекшілерімен  топта  педагогика,  психология  және  жеке  әдістеме 
оқытушылары тағайындалады. 
Практика жоспары педагогика, психология пәндерінің оқытушылары мен жеке 
әдістеме  оқытушыларымен  біріге  отырып  құрылады  және  оқу-өндірістік 
практиканың басшысымен бекітіледі. 
Практиканың  бұл  түрі  үшін  оқушыларға  дифференцирленген  сынақ  (баға) 
қойылады. 
 
3. Педагогикалық өндірістік тәжірибе 
 


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау