Жергілікті актілер



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет25/62
Дата06.02.2020
өлшемі1,96 Mb.
#28339
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62

 
сипаттамасы;  оқушының  пәннің  жеке  сұрақтары  бойынша  даярлығының  жетіспеушілігі; 
техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беруде  кәсіптер  (мамандықтар) 
бойынша    білікті мамандарды даярлауды жақсарту туралы ұсыныс-кеңестер.   
2.18  Комиссия  төрағасы  оқушылар  кеңесіне  комиссия  жұмысының  нәтижесі 
туралы баяндайды.   
 
 
 
 
 


 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ КОМИСИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
1.  Жалпы ережелер 
 
1.1  Осы  Ереже  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Рудный  әлеуметтік-гуманитарлық 
колледжі»  КМҚК-ның  (бұдан  әрі-Колледж  оқуға  түсер  алдындағы  емтихандар  мен 
апелляцияны өткізу кезеңінде )    апелляциялық комиссиясының құрамын, өкілеттілігі мен 
жұмыс тәртібін анықтайды.   
1.2 Апелляциялық комиссияның негізгі міндеттері:   
-  Қазақстан  Республикасның  Контитуциясы  және  заңнамасымен  орнатылған  білім 
саласындағы азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;   
-  оқуға  түсу  емтихандарын  жүргізу  кезінде  бірыңғай  талаптардың  сақталуы  мен 
емтихандық жұмыстардың бағасына қатысты даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету;   
- оқуға түсетіндердің бейімділігі мен дарындылығына дұрыс баға беру.   
1.3 Апелляциялық комиссияны сайлау тәртібі.   
1.4  Оқуға  түсу  емтихандарының  қорытындыларымен  келіспейтін  талапкерлердің 
өтініштерін қарастыру үшін Колледждің директорымен апелляциялық комиссияқұрылып, 
оның құрамы мен төрағасы анықталады.   
1.5  Апелляциялық  комиссия  тәжірибелі  және  білікті  әкілдердің  санатынан 
құрылады.   
1.6 Апелляциялық комиссияның әрекетте болу мерзімі – 1 жыл.   
1.7  Апелляциялық  комиссия  өз  жұмысында  келесі  нормативтік  құжаттарды 
басшылыққа алады:   
- Қазақстан Республикасының «Білі туралы» Заңы;   
-  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген  техникалық  және 
кәсіптік білім ұйымының типтік жұмыс ережелері;   
-  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген  техникалық  және 
кәсіптік  білімнің  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымына 
қабылдаудың типтік ережелері;   
-  Қазақстан  Республикасының  білім  және  ғылым  Министрлігінің  басқа  да 
нормативтік құқықтық құжаттарымен;   
- білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының мемлекеттік лицензиясы;   
- колледж Жарғысы;   
- коллед директорымен бекітілген колледжге қабылдау ережелері;   
- осы Ереже.   
 
2 Негізгі бөлімі 
 
2.1  Апелляциялық  комиссияның  дербес  құрамы мен оның жұмыс  тәртібі  Колледж 
директорының бұйрығымен бекітіледі.   
2.2 Апелляциялық комиссияны ҚР қолданыстағы заңнамасы және    осы ережемен 
сәйкес комиссияның жұмысын ұйымдастырып, мүшелердің арасында міндеттерді бөлетін, 
оның жұмысының бақылауын жүзеге асыратын төраға басқарады.   
2.3  Апелляциялық  комиссияның  құрамына  кіреді:  Колледждің  қабылдау 
комиссиясының  төрағасы  мен  оның  орынбасары,  қабылдау  комиссиясының  жауапты 
хатшысы, оқытушылар.   
2.4 Апелляциялық комиссия келесі функцияларды атқарады:   


 
-  оқуға  түсу  емтихандарын  өткізу  тәртібінің  бұзылғандығы  және  (немесе)  оқуға 
түсу  емтихандарының  нәтижелерімен  келіспегендігі  туралы  түскен  өтінішті  қабылдап, 
қарастырады;   
-  оқуға  түсу  емтихандарының  мазмұны  мен  құрылымын,  оларды  тексеру  және 
бағалау үдерістерінің орнатылған    талаптарына сәйкестілігін анықтайды;   
-  оқуға  түсу  емтихандары  бойынша  қойылған  бағаларының  сәйкестілігін 
анықтайды;   
-  қойылған  баға  мен  қойылған  басқа  бағаның  сәйкестілігі  туралы  апелляцияны 
қарастыру нәтижесі бойынша шешім қабылдайды;   
-  қарастырылған  аппеляция  нәтижесі  бойынша  шешім  қабылдайды  және  ол 
хаттамамен рәсімделеді, хаттама апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері қол 
қояды;   
-  қабылданған  шешім  апелляцияға  жүгінген  талапкердің  немесе  оның 
ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мәліметіне қол қою арқылы жеткізіледі.   
2.5 Апелляциялық комиссия Төрағасының міндеттері:   
-осы  Ереже  және  нормативтік  құқықтық  актілердің  талаптарына  сәйкес 
апелляцияның өзуақтылы және дұрыс қарастырылуын жүзеге асыруға;   
-  өзіне  жүктелген  міндеттерді  жоғары  кәсіптік  деңгейде,  этикалық,  моральдық 
нормаларды сақтай отырып атқаруға;   
-  АК-ның  төрағасына  апелляцияның  қарастырылу  мерзімдерін  бұзуға  әкеп  соғуы 
мүмкін мәселелер туралы өзуақтылы хабарлауға;   
- құпиялылықты сақтауға;   
-  апелляциялық комиссиясының шешімін қарастыруға ұсынып, оның талқылауына 
қатысуға;   
-  дауыс  беру  арқылы  аппеляциялық  комиссияның  шешімін  қабылдау  үдірісіне 
қатысуға;   
- құжат айналымының орнатылған тәртібін сақтауға, құжаттар мен материалдардың 
сақталуына.   
2.6 Апелляциялық комиссия мүшелерінің міндеттері:   
-  апелляцияны  осы  Ереже  мен  нормативтік  құқықтық  актілердің  талаптарына 
сәйкес өзуақтылы және дұрыс қарастырылуын жүзеге асыруға;   
-  өзіне  жүктелген  міндеттерді  жоғары  кәсіптік  деңгейде,  этикалық,  моральдық 
нормаларды сақтай отырып атқаруға; 
- қойылған бағаның орнатылған талаптарға сәйкестілігін тексеру;   
-  дауыс  беру  арқылы  аппеляциялық  комиссияның  шешімін  қабылдау  үдірісіне 
қатысуға;   
            - құпиялылықты сақтауға;   
-  апелляциялық  комиссияның  шешімдері  хаттамамен  рәсімделіп,  комиссияның 
барлық мүшелерінің қолы қойылуына;   
- құжат айналымының орнатылған тәртібін сақтауға, құжаттар мен материалдардың 
сақталуына. 
2.7 Апелляциялық комиссия жұмысының тәртібі:   
Өзінің  оқуға  түсу  емтихандарының  нәтижелерімен  немесе  бағасының    түсуіне 
себеп  болған  емтихандарды  қабылдау  үдірісімен  келіспейтін  талапкерлер  апелляциялық 
комиссияның  төрағасының  атына  өзінің  пікірі  бойынша  қойылған  бағаны  дұрыс  емес 
екендігі  туралы  аргументтелген  жазбаша  өтінішті  осы  Ереженің  1-ші  қосымшасының 
үлгісіне сәйкес ұсынуына құқылы.   
Апелляциялық  комиссияның  жұмыс  уақыты  мен  орны  төрағамен  белгіленеді. 
Апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін осы пән бойынша апелляциялық 
өтініштер қабылданбайды және қарастырылмайды.   
Оқуға  түсу  емтихандарынан  алған  бағасының  қайта  қарастырылуына  қалайтын 
талапкердің жеке тұлғасын растайтын жеке куәлігі болуы керек.   


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау