Деректер қорының жіктелуі. Деректер қоры әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.
Сақталған ақпараттың сипаты бойынша деректер қоры фактографиялық және құжаттық деп бөлінеді.
Фактографиялық ДҚ қатал анықталған пішімде қысқа ақпараттар сақталады. Мысалы, мәліметтер тіркелген карточкалар жинағы. Ал, деректілік сипатты ДҚ – тұрлі құжаттар және онда мәтіндік құжаттардан басқа, графикалық, бейнелік дыбыстық (мультимедиа) сақталады, мысалы – мұрағат қоры.
Деректердің сақталуы бойынша – ДҚ орталықтандырылған және бөлісілген болады. Орталықтандырылған ДҚ барлық ақпарат бір компьютерде сақталады. Ол дербес автономиялы ДК немесе пайдаланушы-клиенттің қатынасуға рұқсаты бар, желілік сервері болуы мүмкін. Бөлісілген ДҚ жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілерде қолданылады. Бұл жағдайда қордың әртүрлі бөлігі әртүрлі компьютерлерде сақталып тұрады.
Деректерді ұйымдастыру құрылымы бойынша – ДҚ кестелік (реляциялық), желілік және иерархиялық деп бөлінеді.
Базалық курста тек фактографиялық реляциялық деректер қоры қарастырылады. Бұл реляциялық типті деректер қорының ең жиі қолданылуына және оның әмбебаптылығына байланысты. Теориялық жағынан кез келген деректер жүйесін кестелер көмегімен бейнелеуге болатындығы дәлелденген. Қарапайым реляциялық ДҚ бір кестеден, күрделісі көптеген өзара байланысқан кестелерден тұрады.
2. Реляциялық деректер қорының құрылымы. ДҚ элементтері: басты кілт, өрістің аты, мәні және типі.
Бір кестелік реляциялық ДҚ құрылымы. Реляциялық деректер қорының терминологиясында кестенің жолдары – жазба, бағаналары – өріс деп аталады. «Реляциялық ДҚ» атауының өзі ағылшын тілінің – relation сөзінен шыққан, аудармасы – « қатынас». Мұнда «қатынас» термині кестенің өрістерінің арасындағы өзара байланысы деп түсініледі.
Реляциялық деректер қоры – қисынды байланысқан, кестелерде тұрған деректер жиыны (қор). Анықтамаларға ұқсаған, әр кестедегі ақпарат, тек қана бір объект туралы ғана болады. Ал кестелер арасында байланыстарды құру, кез келген кестелерден кез келген деректерді жеңіл шығару және қатынасу мүмкіндігін береді.
Оқушыларға материалды нақты мысалдар негізінде түсіндіру қажет. Мысал ретінде мұғалім әртүрлі кестелерді: «Ауа райы», «Сабақ үлгерімі», «Факультативтер», «Үй кітапханасы» т.с.с. көрнекілеп дайындауына болады. Деректер қорында әр кестенің өз атауы болатынын ескерту қажет.
1-мысал: «Кинотеатрдың апта репертуары» атты ДҚ құрылымын сипаттау керек. Құрылымды сипаттау деген – кестенің барлық өрістерін атау және әрбір өрісті сипаттау болады:
Осы тақырып бойынша, оқушылардың біліктілігін қалыптастыруға қажет негізгі түсініктер:
кез келген кестеде қандайда бір нақты объект (үрдіс) туралы ақпарат болады, сондықтан ол ақпараттық модель болып табылады;
кестедегі кез келген жазба – берілген жүйенің нақты объектісі (құбылысы) туралы ақпарат;
әр жазбадағы өрістің мәні – объектінің айқындалған сипаттамасы (қасиеті, атрибуты).
Осы ұғымдарды бекіту үшін оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болуы керек:
Сұрақ: «Сабақ үлгерімі» кестесінде қандай жүйе туралы ақпарат бар?
Жауап: Мектептің анықталған сыныбы туралы.
Сұрақ: Бұл кестенің әр жазбасында қандай объект туралы ақпарат бар?
Жауап: Нақты оқушы туралы ақпарат бар .
Сұрақ: Жазбадағы өрістердің мәндері нені белгілейді?
Жауап: Осы оқушының мектеп пәндері бойынша алған бағаларын белгілейді .
ДҚ элементтері. Жазбаларға, өрістерге байланысты негізгі
ұғымдар:
жазбаның басты кілті;
өрістің аты;
өрістің мәні;
өрістің типі.
Басты кілт – кестедегі жазбаны бір мәнді анықтайтын, өріс немесе өрістер жиыны. Басқаша айтқанда, басты кілтті жазбаның идентификаторы деуге болады. Деректер қорында «кілт» сөзінің бірнеше қолданысы бар: іздеу кілті – оның мәні бойынша ДҚ жазбаны іздейтін өріс; іріктеу кілті – оның мәні бойынша жазбаларды реттейтін өріс. Жазбалардың идентификаторын басты кілт деп атайтыны сондықтан.
Шама – басыбайлы атауы бар және компьютердің жадында орын алатын жеке ақпараттық объект. Осы жағынан қарағанда өріс – шамалар болып табылады. Кестеде әр өрістің атуы бар, әр қайсысының типі анықталған. Шаманың типі ұғымы оның үш қасиетімен байланысты:
шама көптеген мәндерді қабылдай алады;
шамамен көптеген амалдарды орындауға болады;
ЭЕМ жадында ішкі ұсыну пішінімен.
Көптеген жағдайда деректер қорында өрістердің (шамалардың) төрт негізгі типі қолданылады:
символдық – ондай өрісте символдардың кез келген тізбегі сақтауға болады;
сандық – бүтін немесе ондық бөлшек сандардан тұрады;
дата – күн/айы және/жылы;
логикалық – логикалық шамалардың мәндері (иә – жоқ, ақиқат – жалған, (true - false)
Оқушылардың назарын мына жағдайға аудару қажет: символдық өрісте цифрлар тұруы мүмкін. Осы себепті кейде символдық және сандық типтер арасында жаңылыстық болады.
Ондай жағдай болмау үшін мына ережені ұстану керек: егер өрісте рет нөмірі немесе цифрлық код белгіленсе, онда оған символдық типті тағайындау керек. Ал, егер өрісте әлдененің саны немесе қандай да бір көлемдік шама белгіленсе, онда ол өріс сандық типті болуға тиіс. Мысалы: кітапханадағы кітаптардың түгендеме нөмірі, үй нөмірі, телефон нөмірі символдық типті өрістер болуға тиіс. Ал, мынадай өрістер: адамның жасы, объектінің салмағы, қашықтық, сыныптағы оқушылар саны сандық типті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |