МР ортасы. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына бес негізгі аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет :
тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау), «Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;
мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін, мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады. Мән мәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң батырмасы немесе Shift+F10 пернелер тіркесі басылады. Мән мәтіндік мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға
тиіс.
басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға қою үшін: Вид- Панели инструментов- шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына - қанатша қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная», «Форматирование», « Рисование» тақталары тұрады.
терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға болады.
жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасқан. Жағдай жолының сол жағында ағымды құжаттың жағдайы: ағымды беттің және бөлімнің нөмірлері; құжаттың басынан ағымды бетке дейінгі бет саны және беттердің жалпы саны; беттің жоғарғы шетінен меңзерге дейінгі қашықтық және жол саны сол жақ өрістен, меңзерге дейінгі символдар саны бейнеленеді. Сонымен қатар, жағдай жолында тап осы сәтте мәтіндік редактордың қай режімде екенін хабарлайтын индикаторлар бар.
Жұмыс режімдері. Мәтіндік редактордың, айқын бір жұмыс түрін орындауға бағытталып, нақты белгіленген жағдайын – оның режімі деп түсініледі.
Құжатты жасау режімі. Құжатты жасау үшін мына амалдарды орындау қажет:
1. Мәтінді енгізу.
2. Мәтінді редакциялау.
3. Символдарды пішімдеу.
4. Абзацтарды пішімдеу.
5. Иллюстрацияларды енгізу.
6. Колонтитулдарды енгізу.
7. Беттерді пішімдеу.
8. Сілтеме
Мәтіндік Word процессорында жаңа құжатты жасаудың мына әдістері қолданылады: жаңа бетті ашып құжатты теру, дайын шаблон бойынша жасау, бар құжаттың негізінде жасау.
Жаңа құжатты жасау (таза беттерді «алу») – Файл -Создать - Новый документ- ОК. Немесе саймандар тақтасындағы «Создать» батырмасы шертіледі.
Жаңа құжатты дайын үлгі (шаблон) бойынша жасау – Файл -Создать - (На моем компьютере, На моих Web-узлах, Шаблоны Office Online), құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы), таңдалған типтен нақты құжаттың атауын шерту, мысалы, Изысканное письмо немесе Современное резюме. Мұндай құжатта ұсынылған қасиеттер бойынша деректерді енгізсе болғаны.
Бар құжатты (файлды) шақыру (ашу) – Файл - Открыть, дискілерде, қапшықтарда тұрған керек файлды тауып, оның атауын екі рет сырт еткізу. Немесе тақтадағы «Открыть» батырмасын шертіп Открытие файла терезесінен ... .керек қапшықтан файлды табу.
Мәтінді енгізу. МР енгізу режімін жағдай жолы анықтайды. Мәтін алфавитті-цифрлық пернелер көмегімен енгізіледі. Үлкен әріпті енгізу үшін SHIFT пернесі қолданылады. Үлкен әріптердің ұзын тізбегін енгізу CAPSLOCK пернесімен пернетақтанің режімін ауыстыру арқылы жүзеге асады. Мәтінді енгізгенде мына ережелерді ұстану қажет:
қазіргі мәтіндік редакторлардың бәрінде, мәтінді теру барысында жаңа жолға өту автоматты түрде жүреді;
абзацтың аяғы Enter пернесін басу арқылы белгіленеді;
тыныс белгілерінен кейін міндетті түрде бос орын қажет;
алдында бос орын терілмейді. Арнайы тыныс белгілері пернелердің мына комбинациясы арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |