Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру



жүктеу 96,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі96,5 Kb.
#20239
түріСабақ


Бекітемін:

Күні:


Сыныбы: 5

Пәні: Информатика

Мұғалімі: Рамазанова Гүлзия Қайырғалиқызы

Тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен



жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,жұмыс дәптері.

Оқушылар білуі тиіс : мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды.

Сабақтың өту барысы.

І. Ұйымдастыру:

«Шаттық шеңбері» тренингі

Армысың,шұғылалы Алтын күн!

Армысың,қайырымды Жер ана!

Армысыңдар, достарым!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Болашақты қалай елестетемін» тақырыбында салып келген суреттерін қарап шығу.



ІІІ. Білімді өзектендіру:

  • Мәтінді енгізудің қандай құрылғылары бар?

  • Меңзер дегеніміз не?

  • Мәтіннің минималды элементіне не жатады?

  • Мәтіндік редактордың қандай мүмкіндіктерін білесің?

ІҮ. Жаңа түсініктер.

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

  • мәтіндік құжаттарды құруға ;

  • оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге ;

  • мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге ;

  • құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері : символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін.

Абзацтар бір –бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Мәтінге біз «абзацтың соңы» символын қостық. Ешбір символдарды көріп тұрмасақ та, біздің мәтінімізде енді екі бос абзац бар және олардың ішінде стрелкалармен жоғары –төмен жылжуға болады. Бірнеше рет Бос орын, Tab пернелерін басыңдар. Бұл символдар да көрінбейді, бірақ олар құжатта сақталады. Сонымен абсолютті «бос» құжаттар болмайды.

Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементері де жатады. Бос абзацтың өзінде де қайсыбір қасиеттер анықталған.

Абзацтың ең белгілі қасиеттері :


  • әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері ;

  • мәтінді түзеу тәсілі ;

  • шегіністер мен интервалдар.

WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылды.

Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылқтайтын сызықша – мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде тірелетінін көрсетеді.



Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.



Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.



Ү. Практикум

Оқулықтағы тәжірибелік тапсырмаларды компьютерде орындау.

№1 тапсырма: «Менің досым» шағын эссе жазу. Жазу уақытын санаңдар.

№2 тапсырма: Кестені толтыр: Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығымен кемшілігін толтырып жаз.



Кемшілігі

Артықшылығы






ҮІ. Сабақты бекіту сұрақтары:

  • WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

  • Мәтіндік редактор деген не ?

  • Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.

  • Мәтіндегі абзацтар бір- бірінен қандай символмен ажыратылады?

  • Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз ?

  • Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.

  • Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақталғанда қандай пішімді таңдау керек ?

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  • WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.

  • Бақылау сұрақтарына жауап іздеу. /1-7 сұрақтар/

жүктеу 96,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау