Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет13/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.



7-ші дәріс
Информатиканы оқытуды жобалау
Жоспары:
1. Тақырыптық жоспарлау.
2. Сабақты жоспарлау.
Дәрістің мазмұны:
1. Тақырыптық жоспарлау.
Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады.
Жанама дайындық мұғалімнің білім, әсер, тәжірибе жинақтауымен, мәдениетпен шұғылдануымен, бүтіндей қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерінің дамуымен байланысты. Бұл үрдістер әдебиеттерді оқу кезінде, телебағдарламалар, кинофильмдер қарау, театрлар мен мұражайларға бару, әңгімелесу кезінде өлшеусіз және еріксіз жүреді. Жанама дайындыққа іргелі ғылыми негіздерді және пән мұғалім-ұстаз үшін базалық ғылымның жаңа жетістіктерін және де онымен шектес басқа да ғылым салаларын оқуды жатқызуға болады.
Курсты немесе курс бөлімін оқытуға тікелей дайындық бағдарламаларды, кітаптарды, оқу құралдарын, ғылыми және әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады.
Тікелей дайындықтың міндетті элементі – оқытуды жоспарлау, ол білім беру үрдісін ұйымдастырудың ең маңызды кезеңі болып саналады.
Жоспарлаудың төрт түрі бар, нәтижесінде олардың әрқайсысына сәйкес жоспар болады. Олар: білім беру мекемесінің жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы, тақырыптық (күнтізбелік-тақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі жоспарлары.
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар –бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;
2) сабақтардың формалары;
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;
4) тірек білім мен ептілік;
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;
7) оқу-әдістемелік құралдар;
8) пәнаралық байланыстар;
9) сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді). Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.
Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады.
Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну.
Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті:
1. Курс бойынша жұмыс бағдарламасын зерттеу немесе өздігінен әзірлеу, білім беру стандарттарына және педагогтің өзіндік ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты есептеу (мерекелік күндерді ескеріп). Курстың (бөлімнің) басты тақырыптық блогтарын және оқушылардың басыңқы әрекет формаларын бөліп алу. Оқу материалын логикалық аяқталған бөлімдерге бөлу.
2. Тақырыптық және әрекеттік компоненттерін есепке алып, курстың негізгі бөлімдері бойынша жылдық сағаттың жалпы санын үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы бойынша практикумға немесе қайталауға уақыт бөлу). Сабақтан тыс жұмыстарға уақыт бөлу (жеке жоспар бойынша сабақтар, шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.
3. Түрлі факторларды ескеріп, тақырыптық жоспар бөлімдеріне бөлінетін оқу уақытын есептеу (мысалы, оқушылардың білім алу нәтижелерін бақылау тоқсандық бақылау жұмыстарының тақырыптарымен сәйкес келу үшін ірі бөлімдерді немесе тақырыптарды демалыс күндері басталғанға дейін аяқтаған дұрыс).
4. Әрбір бөлім ішіндегі сабақтарды жоспарлау:
- оқулық тақырыбы бойынша оқу материалының мазмұнымен танысу, қойылған мақсатқа сәйкес оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ғылыми және тәрбиелік ойларды, ұғымдарды, заңдарды, ептіліктер мен дағдыларлы бөліп алу; әрбір сабақтың тақырыбын белгілеу, неғұрлым ұтымды сабақ тақырыбын таңдау;
- бөлім бойынша сабақтың оңтайлы технологиялық құрылымын таңдау;
- оқытылатын сабақ формаларын, оқытудың әдістемелік тәсілін және басқа да ерекшеліктерін нақтылау (соның ішінде білімді игеру заңдылықтарына, дидактикалық қағидаларға сәйкес тақырыпты ашу логикасын дәлелдеу, әрбір сабақтың тақырыптарын белгілеу, негізгі тапсырмаларды тұжырымдау, олардың жиынтығы оқытылатын тақырыптың жалпы тапсырмалар кешенін орындауды қамтамасыз етуі тиіс).
Курстың тақырыптық және іскерлік тарауы мына мәліметтер көрсетілген тапсырмалардан тұрады:

  • тапсырманың осы тараудағы және жыл басындағы нөмірі, мысалы: 2/23 сабақ, яғни осы тақырып бойынша екінші сабақ, жыл басынан бастап жиырма үшінші сабақ;

  • сабақ тақырыбы (білім беру стандарттарында, бағдарламалар мен оқулықтарда белгіленген тақырыптар мен сұрақтарға сәйкес құрастырылады);

  • сабақ түрі (формасы) (дәріс, семинар, экскурсия, зертханалық жұмыс және т.б.);

  • сабақ мақсаты (оқушылардың жетілдіруін жоспарлауға жататын басты мақсат жазылады; сабақты жоспарлау кезінде мақсаттар бөлшектеліп нақтылануы мүмкін). Әр бөлімнің дидактикалық және тәрбиелік мақсатын белгілеу;

  • дидактикалық құралдар (таратылатын материал, плакаттар, компьютерілк бағдарламалар және т.б.);

  • нақты сабақтағы бақылау және кері байланыс, олардың формалары;

  • үй жұмыстары (шығармашылық, оқулықтағы параграф нөмірі, тапсырмалар кітапшасындағы тапсырма нөмірі, жеке бағдарламалар бойынша және т.б.).

Мұғалім басқа әдістерді де қоса қолдана алады. Мысалы, оқыту әдістері, негізгі мәселелер, оқушылардың әрекет формалары және т.б.
5. Жылдық тақырыптық жоспардың соңғы құрастырылуы, қажет болғанда бөлімдер жүйесін және оларға алдын ала бөлінген уақытты түзету.
1- кесте. Тақырыптық жоспарлау (М.И. Махмутов бойынша)

Сабақтың нөмірлері

1-сағат

2-сағат

3-сағат

I. Тақырыптардың атауы
1.Сабақ мақсаты (жалпы дидактикалық) немесе сабақтар жүйелері.
2. Сабақ түрі (сабақтар).
3. Оқытудың жалпы әдістері.
4. Жабдықтар және негізгі ақпарат көздері.
5. Сабақтар жүйелері бойынша бақылау жұмыс-тарының формалары.










II. Өзектілігі
1. Тірек білім (ұғымдар мен деректер) және іс-әрекеттер тәсілдері.
2. Өздік жұмыстардың формалары










III. Жаңа ұғымдар мен іс әрекет тәсілдерін
қалыптастыру
1. Жаңа түсініктер мен әрекеттер тәсілдері.
2. Негізгі және екінші деңгейдегі мәселелер, өздік
жұмыстарының формалары.










IV. Қолдану (ептіліктер мен дағдыларды қалып-тастыру)
1. Өздік жұмыстарының формалары.
2. Пәнаралық байланыстар.










V. Үй жұмысы
1. Қайталау (оқу материалының көлемі).
2. Өздік жұмыстарының формалары.










3-кесте. Күнтізбелік-тақырыптық- жобалау үлгісі


Информатика пәні бойынша 200_/200_ а.ж. І (ІІ) жарты-жылдығына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
Сыныптар: _______
Мұғалім: _________
Сағат саны:
Барлығы __ сағ.; аптасына __ сағ. .
Жоспарлы бақылау сабақтары __, сынақтар __, тестілер __7
Жоспар ________________________ негізінде құрастырылды.
(құжат көрсетілуі тиіс)
Оқулық __________________________________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Қосымша әдебиеттер_______________________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Түсіндірме қағаз (таңдаудың,өзгерістердің, қосымшалардың және т.б. дәлелдемелері)



Мазмұны

Бөлім
бойынша
жалпы
сағат саны

Тақырып
бойынша
сағат саны

Ескертпелер
















Тақырыптық жоспарды компьютерде немесе үлкен парақтарда кесте түрінде рәсімдеген ыңғайлы. Курстың әрбір бөліміне жеке парақты бөлуге болады. Әрбір кестенің бағанасына әр сабақтың мәліметтері жазылады. Мұндай жағдайда сабақтың әр бөлігі тігінен қаралады.
4-кесте. Информатика пәнінің 200_/200_ оқу жылының __ жарты жылдық оқыту-тәрбиелік жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Сабақ
тақырып-тары

Сабақ түрі

Сағат саны

Қайталауға
Арналған материал

Көрнекі
құралдар

Сабақты
Бақылау
түрі

Үй
жұмысы

Сынып-тан тыс сабақтар




























М.И. Махмутов мұғалімдерді біліктілігі жоғары мамандармен құрастырылған тақырыптық жоспармен қамтамасыз ету керектігін айтады. Ол бағдарламаны оңтайлы меңгеруді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын және жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз ететін тақырыптық жоспардың бірыңғай дидактикалық сызбасын ұсынды. Бұл сызба үлгі ретінде қолданылады, мұғалімдер оны оқу-тәрбиелік үрдіс кезінде нақты шарттарға сәйкес қана өзгерте алады .



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау