Бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе ҰКО-ның арнайы қызметшісіне, операторына жеке куәлікке ЭЦҚ жазуға өтініш білдіру қажет. Бұл қызмет көрсетілетін ХҚКО-лардың тізімін осы жерде қарауға болады.
Оператор сіздің жеке куәлігіңіздің чипын тексереді және оған жаңа ЭЦҚ жазады, ол сізден PIN-код ойлап табуды және оны арнайы пернетақтаның көмегімен енгізуді сұрайды. Банктік карточкалардың коды секілді ЭЦҚ PIN-коды да 4 цифрдан тұрады. ЭЦҚ жазуға 5-10 минут уақыт жұмсалады.
Қазіргі кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте ЭЦҚ жазылған жеке куәлікті пайдалану үшін арнайы қондырғы – смарт-карталарға арналған картридер (smart card reader) сатып алу қажет.
Картридер – оқу/жазу үшін пайдаланылатын қондырғы, ол смарт-карталармен ақпарат алмастыруға арналған болып келеді. Ол ақпаратты беру немесе ақпаратты жазуүшін негізгі автономдық модуль болып табылады.
ҚР барлық облыс орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға болады, бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе egov.kz порталына кіру қажет емес, бұл жерде ҚҚО-ға кіріктірілген картридердің көмегімен жеке куәлікті пайдалана отырып, Қоғамдық қолжетімдік орны деп аталатын қондырғыға жүгіну жеткілікті болып келеді.
Smart Card Reader-лерді қай жерде сатып алуға болады?
Мамыр айының басында "AKNUR Security" компаниясы ACR38U-I1 және ACR38U-N1 карт-ридерлерінің үлгілерін ресми түрде таныстырды, оларды қазірдің өзінде еліміздің "Технодом" және "Белый Ветер" ірі сауда жүйелерінің сатылымынан табуға болады.
Ықшам құрылғылар микропроцессорлы және криптопроцессорлы смарт-карталардың барлық үлгілерімен жұмыс істейді. Олар ISO 7816-1/2/3, EMV, Microsoft PC/SC стандарттарына толығымен сәйкес келеді және Windows, MacOS және Linux операциялық жүйелерімен үйлесімді.
Және де картридерлерді келесі жерде сатып алуға болады:
Астана қ.: Тархан к-сі, 4, кеңсе 121, т. 8 (7172) 29-37-13, 29-37-15;
Алматы қ.: Немирович-Данченко к-сі, 18, т. 8 (727) 247-87-34, 8 (727) 354-04-72.
Сондай-ақ, Smart Card Reader «ALSI» - www.alsi-online.kz интернет дүкенінде және дүкеннің келесі мекенжайлар бойынша орналасқан филиалдарында сатып алуға болады:
Астана қ., Сарыарқа даңғ, 26 үй. Телефон: +7 (7172) 55-10-00;
Алматы қ., Жандосов к-сі, 34a үй, Әуэзов к-сі бұрышы. Телефон: +7 (727) 297-11-40;
Алматы қ., Көктем-2 ш/а, 19а үй (ALSI басты кеңсесінің ғимараты). Телефон: +7 (727) 297-11-70;
Атырау қ., Сарыарқа даңғ., 40 үй. "Каспий Толқыны" тұрғын үй кешені. Телефон: +7 (7122) 271-494, 272-939, 273-160.
Достарыңызбен бөлісу: |