Жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен жұмыс істеу
2012 жылғы сәуір айының соңында жаңа жеке куәліктерге жеке тіркеу сертификаттарын жазу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Бүгінгі күні бұл қызмет Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларының басты ХҚКО-ларында көрсетіледі.
Жеке куәлікке ЭЦҚ кілттерін орналастырудың басымдылығы оның қауіпсіз сақталуында, бұл жерде жабық кілттің көшірмесін жасау мүмкін болмайды. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭЦҚ-ны пайдалану мүмкін емес, себебі бұл үшін PIN-код (банктік картаға ұқсас) білу қажет, бұл жерде кері қайтаруға өтініш беріп, тіркеу куәлігін кері қайтаруға болады.
Жаңа үлгідегі жеке куәліктің электрондық чипі бар, бұндай чип банктік карталарда да болады. Бұл чиптың жадысының арнайы бөлігіне тіркеу сертификатын, яғни өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізді жазуға болады.
Ескерту. ЭЦҚ-ны тек жеке тұлғалар ғана жаза алады. Заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ жеке куәлікке жазылмайды.
ҚР ҰКО сайтының басты парағында осы уақытқа дейін берілген ЭЦҚ статистикасын танысуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |