Жеке бренд: еркелік пе әлде қажеттілік пе?



жүктеу 1,94 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата12.02.2020
өлшемі1,94 Mb.
#28806
1   2   3   4   5   6

ТАБЫСҚА ҚАРАЙ САМҒАУ

«Қанша рет сүрінсең, сонша рет тұруың керек» дейді халық 

даналығы. Бұл біздің бүгінгі қаһарманымыздың сәттілік оқиғасын тура 

сипаттайтындай. 

Төлеген Махмет – бойы ұзын, еңсесі биік азамат, кеудесін тік 

ұстауына қарап, бұрынғы ұшқыш екенін танисың. Ол – «L-Capital» 

компаниясының алғашқы акционерлерінің бірі, компанияның 

құрылуы мен даму жолы осы кісінің көз алдында өткен. Бүгінде ол өзін 

болашаққа сеніммен қарайтын, қаржылық тәуелсіз адам деп нақты 

айта алады. Алайда әрдайым бұлай болған емес. Оның өткенінде де 

бірнеше сүрінулер болған, Төлеген Зиятдиновичтің өз аузынан естіген 

әңгімемізді оқыңыздар – мұндай оқиғаларды барлығы білуі тиіс.

 

2009 жылдың аптап ыстық жазы еді. Мен «Инвест-авиа» әуекомпаниясы экипажы құрамында 

Иранда келісім-шарт бойынша жұмыс істейтінмін. Осы кезде бізді қырсық шалады деп 

ешқайсымыз ойламадық, бірақ солай болып шықты. 2009 жылдың 24 шілдесінде Тегерандағы 

қонақ үйден жолдастарымды кезекті рейске шығарып салдым, ал кешке қарай апат орын 

алғаны туралы хабарлама келді. Қазақстандық ұшақ Мешхед қаласының әуежайына қону 

кезінде апат болған. 

Осы кезден бастап, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сұмдықтар басталды. Нәтиже – экипаж-

дың компаниядан жұмыстан шығуы және «Ары қарай не істеймін?» деген сұрақ туындады. 

Мені еш қызықтырмаған жұмыстарға шақырулар болды. Отбасымдағы түсінбеушіліктер, 

жұмыссыз адамның жағдайы, болашаққа деген қорқыныш, шығар жол таппау сезімі және 

торығу... осының барлығы менің мектептегі досымның әпкесі – Шолпан Зада хабарласқанға 

дейін жалғасты. Ол маған жас, алдарына мақсат қойған, ниеттес адамдар істейтін «L-Capital» 

компаниясында жұмыс істейтінін айтты, олар Қазақстан халқына қалай табысқа қол жеткізу 

мен қаржылық тәуелсіз және кәсіби инвестиция арқылы өз капиталдарын өсіру үшін өз бетінше 

жұмыс істеу идеяларын жеткізгісі келген. 

Бұл идея маған қызық болды, себебі менің жағдайымда бұл мен үшін қызығарлықтай мүмкіндік 

болды. Сондай-ақ бұл компания арқылы мен өз армандарымды іске асыру мүмкіндігін көрдім: 

ол мұқтажсыз қартаюды қамтамасыз ету, балаларыма шет елден білім беру, тұрғын үй мәселе-

сін шешу және әрбір адам армандайтын басқа да көптеген ұмтылыстар еді. 

«L-Capital» компаниясының басшысы Серік Иманбековпен кездескеннен 

кейін ол кісінің маған жақын, әрбір Қазақстан азаматының қолынан 

келетін идеяларды жүзеге асырып жүргенін түсіндім. Осылайша, мен осы 

компаниямен өз мақсататтарым мен армандарымды іске асырамын деп 

шештім. 

Басында қиын болды, мен түсінбеушілікті, қорқынышты, туыстарым мен 

достарымның тарапынан сенімсіздікті сезіндім. Бірақ мен отбасымның 

қаржылық болашағы үшін жауапкершілік алдым және бірнеше инвестици-

ялық бағдарламалар бойынша келісімге отырдым. 

Алайда мен бірінші қайда екенімді, «қоғамда ақша айналымы» қалай 

болып жатқанын түсінуім керек болды. Себебі бұл мен үшін жаңа қызмет 

түрі еді. Бұрын мен ұшақ құрылымы туралы, «аэродинамика» дегеніміз 

не және т.б. туралы сағаттап айта беретін едім. Ал қаржы туралы білімім 

еңбекақы мен оны ай сайын қалай тиімді жұмсау керектігімен шектелетін 

болды. «L-Capital» компаниясында жүріп өзімнің ақшаға тек тұтынушы 

ретінде қарағанымды түсіндім және бұрын ақша тауарлар мен қызметтерді 

сатып алу үшін ғана жасалған деп ойлайтынмын. Қаншалықты көп тапсам

соншалықты көп жұмсайтынмын: киімге, тамаққа, саяхаттауға, автокөлік-

терге, пәтерге, балалардың жеке меншік мектептеріне. 

Қаржылық қамтамасыз етілген және еркін адам болуды түсіну үшін, мен 

қаржылық сауаттылықты үйрететін компания өткізген көптеген семинар-

лар мен тренингтерге қатыса бастадым. Мен қаржы саласында керемет 

нәтижелерге жеткен адамдардың өмірбаянын оқи бастадым: олар Джон 

Рокфеллер, Рокфеллер отбасы, Уоррен Баффет, сонымен қатар белгілі биз-

нес-тренерлер: Роберт Киосаки, Брайан Трейси, Тони Роббинс және т.б. еді.

Осы жаңа білімнің барлығы менің «тұтынушылық ойымды» «инвести-

циялау ойына» ауыстыруға көмектесті. Себебі, жалға жұмыс істеп, айына 

100 сағат ұшсаңда немесе таңды таңға соғып кетпенмен жұмыс істесеңде

ешқашан еркін және қаржылық қамтамасыз бола алмайсың. 

Мен қарапайым шындықты түсіндім: әлемдегі барлық бай адамдар ақша 

үшін жұмыс істемейді екен. Олар өмірден ләззат алуға көмектесетін, 

өздеріне табыс әкелетін капитал мен бизнес жасайды, яғни ақша оларға 

күндіз де, түнде де қызмет етеді, қосымша ақы, демалыс талап етпейді, 

ауырып қалмайды. Бұлар өздерін секунд сайын «клон» рөлінде көрсетіп, 

иелері үшін көбеюі. 

Инвестицияның мәні де осында – сіздің қатысуыңызсыз табыс әкелу. Тек 

кәсіби инвестицияны хайптық үлгілермен, алаяқтар пирамидаларымен 

шатастырып алмаңыздар. 

Мен «L-Capital» ұсынатын барлық қаржылық құралдарды белсенді 

түрде насихаттай бастадым. Жоғарыда айтылып кеткендей, басында, 

тіпті қазір де көп адам біздің инвестициялық бағдарламаларымыздың 

артықшылықтарын түсінбейді және мұны түсінуге болады. 

Біріншіден, біздің халықтың арасында (көптеген ТМД тұрғындары секілді) 

инвестициялық мәдениет деген жоқ. Біз тек 25 жылдан аса нарықтық 

жағдайда өмір сүріп жатырмыз. «Кеңес үкіметінің» менталитеті мемле-

кетке немесе біреуге жұмыс істеуді ұсынады және жұмыс беруші жалақы-

ны көбейтуін, ал мемлекет – зейнетақыны көбейтуін күтуге тура келеді. 

Екіншіден, көптеген пирамидалық ұйымдар жағымсыз іздерін салып 

кеткендіктен, адамдар ақша салудың кез келген түрін «алаяқтықпен ақша 

табу» және «лақтырып кету» деген түсінікпен қабылдайды. 

Үшіншіден және бұл ең бастысы; білімнің жоқтығынан, яғни қаржылық 

сауаттылықтың болмауынан адамдар тез байып кету туралы қызықты 

ұсыныстарға жиі сеніп қалады да, нәтижесінде ақшаларынан айырылады. 

Осы жерде мен инвестиция бастауды қалайтындарға кеңес беріп кеткім 

келеді. Егер сізге біреу жылдам табыс табу мақсатында ақша салуды 

ұсынса, оған мына 4 сұрақты қойыңыз, егер тек бір сұрағыңызға ғана 

дұрыс жауап алмасаңыз – ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҢЫЗ!

1. 

«Компанияңыз Қазақстан территориясында ресми түрде жұмыс 

істей ме?». «Ресімделіп жатырмыз» деп жауап беруі мүмкін, алайда 

есіңізде болсын – Ұлттық банк еш уақытта «хайп» компаниялардың 

инвестиция тартуына рұқсат бермейді. 

2

.  «Егер сіз осындай үлкен табыс табатыныма сөз берсеңіз, салық 

жағының мәселелерін қалай шешесіз?». Жауап: «Бұл сізге қатысты 

мәселе, керек болса өзіңіз ЖК және т.б. ашыңыз» – бұндайда сақтық 

танытқаныңыз жөн. 

3.

  «Менің ақшамды көбейту үшін сіздің амалдарыңыз қаншалықты 

маңызды? Егер ойланып, ертең ақшамды кері қайтарып алуыма бола 

ма?».


   Егер жауап «жоқ» немесе «қатыру» мерзімі 0,5 жылдан 1 жылға 

дейін уақытты алады және т.б.» болса – бұл сіздің сенімсіздігіңізді 

тудыруы мүмкін. 

4.

  «Мұндай үстеме табыс қайдан шығып жатыр?».

Алаяқтар «алдамшы айла-амалдарын» ұсынып, шын мәнінде түсетін 

табыс тек жаңа «инвесторлар» тарту жолымен келеді, ал егер олар 

болмай қалса, пирамида жабылады. Ал адамдар көліктерін, пәтерлерін, 

алған несиелері арқасында тапқан ақшаларынан айрылады. Мұндайлар-

ды соңғы жылдары мен өте көп кездестірдім. «L-Capital» компаниясының 

мақсаты – Қазақстанның әр азаматының кәсіби инвестиция салу арқылы 

баюына көмектесу, олар заңды қамтамасыз етіледі және құқықтық 

тұрғыда жұмыс істейді. Осы мақсаттаға белсенді тұлға ретінде 9 жыл 

бойы менде «L-Capital»-мен бірге іске асырып келемін. Мен өзіміздің 

жүздеген отандастарымыздың қаржылық тұрғыда қамтамасыз етілген, 

тәуелсіз болуларына көмектестім. Олардың капиталдары мемлекеттен 

түсетін көмекті, жұмыс беруші беретін сыйлық ақыны күту жайлы ойлан-

дырмайды да. Олар өздері жасаған капиталдың табысына өмір сүреді. 

«L-Capital» олардың өмірін жақсы жағына өзгертті деп сенімді түрде айта 

аламын. Осы жылдар бойы мен аймақтық директор лауазымына дейін 

көтерілдім, ұлым Сиднейде (Австралия) оқыды, қызым міне 4 жыл болды 

Лос-Анджелесте (АҚШ) оқиды. Компания шегінде мен отбасыма ай сайын 

көлемді табыс әкелетін капитал жасадым. Компаниямен серіктес болған 9 

жыл ішінде біз отбасымызбен 36 рет тегін шет елге шықтық, бұл «Табысты 

инвестор» бағдарламасының арқасында жүзеге асты. «L-Capital» компа-

ниясымен бірге, мен және менің отбасым болашаққа сеніммен қараймыз. 

Қорыта келе, мен Джон Рокфеллердің «Кедейлік жауапкершіліктен 

қашатындарда болады» деген сөзін келтіре кеткім келеді. Тура бүгін өз 

мақсатыңа қарай не үшін қадам баса алмай тұрғаныңды айтып ақталма. 

Байлыққа қарай бастайтын жол пассивті табыста жатыр. Пассивті табыс 

көзін жасап, өз өміріңнен рахат ал». 

Ең бастысы – осы компанияда болу және онда жұмыс істеу маған және 

отбасыма ұнайды. Қиын жағдайда, жұмыссыз, жақында зейнеткерлікке 

шығатын адам бола тұра, «L-Capital» компаниясының шексіз қаржылық 

құралдарын пайдалана отырып, табысты және бай тұлға деңгейіне жет-

кенімді Қазақстан азаматтарына көрсетіп, үлгі болғым келді. 

Төлеген Махмет, 

L-Capital акционері

12 

Табысты ИНВЕСТОР  



№2 2018

13

Басылым қаһарманы 



Басылым қ

аһарманы



жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау