Жәй html мысалы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/38
Дата25.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#6101
түріПрограмма
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

50
Екінші қалыпты форма
Қатынастарды  екінші  қалыпты  формаға  келтіру  үшін  ең  алдымен
функциональдық  тәуелділік  және  толық  ұғымдарын  түсіндіре  кетейік.
Ақпараттар  обьектісінің  сипатталған  реквизиттері  олардың  барлығына  ортақ
кілтпен  логикалық байланыста. Бұл  байланыс реквизиттердің функциональдық
тәуелділігі деп аталады.
Реквизиттердің функциональды тәуелділіктері – ол ақпараттар обьектісінің
бір  данасындағы  кілттік  реквизиттің  бір  мәніне  сипатталатын  реквизиттің  тек
бір  мәні  сәйекес  келетін  тәуелділік. Функциональдық  тәуелділіктің  мұндай
анықтамасы  пәндік  аумақтың  реквизиттерінің  барлық  байланыстарын
талдағанда өзіндік ақпараттық обьектіге бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Толық  функциональды  тәуелділік – ол кілттік  емес  атрибуттар  тәуелділігі.
Бұл  жағдайда  әр  кілттік  емес  атрибут  кілттен  функциональды  түрде  тәуелді
болады, бірақ  құрамды  кілттің  ешқандай  бөлігінен  функциональды  түрде
тәуелді емес. Қатынас екінші қалыпты формада мына жағдайда болады: егер ол
бірінші  қалыпты  формада  болса  және  әрбір  кілттік  емес  атрибут  құрамы
кілттен функциональды тәуелді түрде болса.
Үшінші қалыпты форма
Үшінші  қалыпты  форма  ұғымы  транзитивті  емес  тәуелділік  ұғымына
негізделеді. Транзитивті  тәуелділік  мына  жағдайларда  байқалады: егер
сипатталатын  реквизиттің  екеуінің  бірі  кілттен  тәуелді  болса, ал  екіншісі
бірінші  сипатталған  реквизиттен  тәуелді  болса.Егер  қатынас  екінші  қалыпты
формада  болса  және  әр  кілттік  емес  атрибут  бірінші  кілттен  транзитивті  емес
тәуелділікте болса. Сипатталатын реквизиттердің транзитивті тәуелділігін алып
тастау  үшін  бастапқа  ақпараттық  обьектілердің “бөлу”-ін  орындау  қажет.
Соның  нәтижесінде  реквизиттердің  бір  бөлігі  бастапқы  ақпараттық
обьектілерге бөлінеді және басқа ақпараттық обьектілердің құрамына  (мүмкін
жаңадан құрылған) енеді.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [9] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Деректер  қорының  анықтамасын  беріңіз  және  оның  мақсатын
сипаттаңыз
2. ДҚБЖ анықтамасын беріңіз және оның мақсатын сипаттаңыз.
3. Деректер үлгісінің қандай түрлерін білесіз?
4. Обьектілер арсындағы байланыстардың қандай түрлерін білесіз?
5. Қатынастарды қалыптастыру принципі дегеніміз не?
6. ДҚБЖ негізгі функциональдық мүмкіндіктері қандай?
7. ДҚБЖ  пайдаланып ақпаратты өңдеудің технологиялық процестерінің
негізгі кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз?


51
4 – Дәріс.  Дәріс тақырыбы:
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
4.1  Мультимедиялық  технологияның  негізгі  ұғымдары. Мультимедиа
аппараттық  құралдары. Мультимедиапрограммалық  құралдары. Мультимедиа
технологиясы.
Дәріс конспектілері:
“Мультимедиа” термині  “мульти” — көп, и “медиа” — орта, тасушы, хабар
құрамы  деген  сөздерден  құралған, және  оны  жобалап “көпқұралды” деп  те
аударуға болады.
Мультимедиа — әр  түлрі  компьютерлік  технологияларға  арналған
жинақталған  ұғым. Бұл  технологияларда  бірнеше  ақпараттық  орталар
қолданылуы  мүмкін. Мысалы  графика, мәтін, бейне, фотосурет, жылжымалы
бейнелер (анимация) дыбыстық эффектер, жоғарға сапалы дыбыстық қоршама.
Мультимедиа-компьютері — бұл  мульти  медиа  технологияларын  іске
асыратын, аппараттық  және  программалық  құралдармен  жабдықталған
компьютерлер.
Мультимедиа  ұғымы  мынаны  білдіреді: ақпаратты  компьютерде
бейнелеудің  әртүрлі  тәсілдерін: мәтін, графика, дыбыс, бейнелер  біріктіру.
Мультимедианы  көптеген 
программалар 
өздерінің 
жұмыстарында
пайдаланады. Бұл компьютерлік ойындар, презентациялық программалар және
аудиомен, видеомен жұмыс істейтін программалар.
Мультимедиа қолдану аймағы
·
Компьютерлік  технологияларды  пайдаланып  оқыту  арнайы  жүргізілген
зерттеулер мыналарды көрсетеді: адамның миында естіген ақпараттың төрттен
бірі, көргеннен  үштен  бірі, көру  және  есту  әсерлері  бірге  болғанда - 50%, ал
егер оқу процесінде оқушыға мультимедиа қолданбалары көмегімен белсенді іс
- әрекетті орындаса — 75% ақпарат қабылданады екен.
·
Ақпараттық және жарнамалық қызмет.
Сауықтар, ойындар, виртуальды 
дүние 
жүйелері 
мультимедиа
технологиясын екі компонента құрады: - аппараттық және программалық.
Мультимедиа  аппараттық  құралдары Негізгілері - тактілік  жиілігі 100-200
МГЦ, өнімділігі  жоғарғы  компьютер, желел  жадысы 8-64 МБайт, винчестер
жинақтауыш сыйымдылығы  1-2 ГБайт  және одан  да жоғары, иілгіш магнитті
дискілік жинақтауышы бар, манипуляторлары бар, стереодинамигі мен мульти
медиа  маниторы  бар  және SVGA бейне  адаптері  бар  компьютерлер. Арнайы
қосқышы  бар CD-ROM, TV- тюнерлері, фрейм-грабберлері, графикалық
акселераторлары, оның  ішінде  үш  өлшемді  графиканы  көрсету  мүмкіндігі  бар
бейнені  қайталау  платасы, бейне  тізбектерін  енгізу  құрылғылары, орнатылған
микшерлері  бар  дыбыстық  платалар, нақты  музыкалық  аспаптардың  үнін
қайталай алатын, музыкалық синтезаторлар, құлақ құралдары бар акустикалық
жүйелер және т.б.
Мультимедиа  программалық  құралдары
Мультимедия  қолданбалары –
энциклопедиялар, көптеген  пәндерді  оқып  үйренуге  арналған  интерактивті
курстар, ойындар, сауықтар. Интернетпен  жұмыс, тренажерлер, сауда


52
жарнамасының  құралдары, электрондық  презентациялар, қоғамдық орындарда
орнатылып әртүрлі ақпаратты беретін ақпараттық киоскілер және т.б.с.с.
Мультимедиа  қолданбаларын  құру  құралдары – көру – бейнелеу
редакторлары, мамандандырылған  графикалық  редакторлар, дыбыстық
ақпаратты  жазуға , құруға, жөндеуге  арналған  құралдар. Бұлар  дыбыстық
файлдарды  программаға  енгізу  мүмкіндігін  береді. Сигналдың  амплитудасын
өзгертеді,фонды  алып  тастайды  не  бір-біріне  қосады, белгілі  бір  уақыттық
бөлікте  деректер  блогын  кесіп  алып  тастайды, не  енгізеді, сонымен  бірге
бейнелер сегменттерімен жұмыс істейтін программалар, яғни түсті, политраны
өзгертеді, гипермәтіндерді іске асыратын программалар т.б.с.с.
Мультимедия  технологиялары – басқа  программалар  жұмыс  істеп
тұрғандағы  компьютер  маниторына  теледидар  сигналдарын  қабылдап
шығарады. Кейбір бейнекадрларды цифрлық түрде бейнені басып алу, - «басып
алу» немесе «құрсап қою».
Анимация – суреттің  қимылдап  тұруын  бейнелейтін  суреттер  тізбегін
қайталау.
Дыбыстық  эффектер – музыкалық  аспаптардың  үнін, табиғат  үндерін
немесе 
компьютерде 
жазылған, цифрланған, құрылған 
музыкалық
фрагменттерді цифрлық түрде сақтау.
Үшөлшемді (3D) графика – ұзындығы,ені, тереңдігі бар бейнелер көмегімен
құрылған графика.
MІDІ (Musіcal Іnstrument Dіgіtal Іnterface- музыкалық  саймандардың
цифрлық  интерфейсі) музыкасы  - музыканы  шығарғанда  және  жазғанда
цифрлық  музыкалық  аспаптарды  компьютерге  қосуға  мүмкіндік  беретін
стандарт. Виртуальды  дүние (Vіrtual Realіty, VR). «Виртуалды»  деген  сөз
мынаны  білдіреді: «өзін  шын  сияқты  іске  асыратын  және  көрсететін».
Виртуалды  дүние  бұл  пайдаланушыға  үлгілеу  әлеміне  кіріп  онда  іс-әрекет
жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік үлгілеудің жоғарғы даму формасы. Ол
кезде  пайдаланушының  көру, есту, ұстау  және  лютерлі  сезінулері  компьютер
генерациялаған имитациямен ауыстырылады.
Виртуалды  дүние  құрылғыларының  белгілері: нақты  уақыттық  масштабта
үлгілеу, қоршаған жағдайды нақты деңгейде имитациялау; қоршаған төңірекке
әсер ету мүмкіндігінің болуы және бұл жағдайда кері байланыстың да болуы.
Виртуалды дүниені қолдану мысалы: архитектуралық құрылыс компаниясы
тапсырыс берушіге  құрылыс  басталмай тұрып болашақ  салынатын құрылысқа
«еніп», соның  үлгілеу  әлемінде  болуын  қамтамасыз  ететін  программалық
қамтама. Ол кезде пайдаланушының көру, есту, ұстау және лютерлі сезінулері
компьютер генерациялаған имитациямен ауыстырылады.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [9] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультимедиалық программалық қамтама дегеніміз не?
2. Мультимедиалық аппараттық қамтама дегеніміз не?


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау