Жазира Ныгметоллақызы Нургалиева,
Подстепный №1 ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
БҚО,Теректі ауданы.
Мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру. Топпен жұмыс жасау дағдысын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кім жылдам, Жигсо, миға шабуыл, ББҮ кестесі, топтастыру, ыстық орындық.
Қолданылатын ресурстар: А3 форматы, маркерлер, интербелсенді тақта
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды алдын ала 3 топқа бөліп аламын
I топ «Тұман»
II топ «Бұлт»
III топ «Су»
-Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Табиғаттағы су. Бұлт және тұман.
Әр топ өзінің тобының атына байланысты өткен тақырып бойынша түсініктерін айтады.
Топтық жұмыс: Топтар алдарында берілген мақтамен ақ бетке тиісті бұлттың бейнесін жасайды.
1топ-Шарбы бұлт
2-топ-Будақ бұлт
3-топ-Қабат бұлт.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақты шешіңдер:
Жерге тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады.(Жаңбыр)
Аспаннан әлек салып,
Тарыдай шашылады.
Күн шықса қорқып қалып,
Жылғаға асығады.(Бұршақ)
-Ендеше балалар,бүгін біздің тақырыбымыз «Жауын-шашын.Суды қорғау»
Дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазамыз.
Ауа райын бақылау.
Түсіндіру.
«ББҮ кестесі» әдісі.Мұғалімнің түсіндіруі.Электронды оқулықпен жұмыс.
IV.Сергіту сәті.
V.Оқулықпен жұмыс.
«Ыстық орындық» әдісі.
Жаңа сабақты үш бөлімге бөліп 3 топқа оқыту.
Топ ішінен бір оқушы шығып ыстық орындыққа отырып түсінгенін ортаға салады.
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді.Әр топ қарсы топқа 2 сұрақ әзірлейді.
Мұғалімнің сұрағы:
-Қандай жауын-шашын түрлерін білесіңдер?
-Қар немесе жаңбырдың жаууы неге байланысты?
-Жер асты суы қалай пайда болады?
- Сулар ненің әсерінен ластанып жатыр?
-Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек? (Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиясын айту).
Проблемалық тақырып.
- Егер сен Табиғатты қорғау министр болсаң не істер едің?
Достарыңызбен бөлісу: |