СӨЖ № 1. Тапсырмалар
1. Суреттегі сан түзуінде кескінделген жиындар қасиеттерін атаңыз және жазып көрсетіңіз:
2. А – жазылуы 1 цифрымен аяқталатын екі таңбалы сандар жиыны. Осы жиынға: 28; 31; 11; 41; 321 сандары тиісті ме?
3. Y={0; 2; 4; 6; 8; 10} жиынының Х={2; 4; 6} неліктен ішкі жиыны болатынын, ал С={4; 6; 12} ішкі жиыны болмайтынын түсіндіріп беріңіз
4. Мынадай жиындарды жазыңыз: А – «математика» сөзіндегі әріптердің жиыны, В – «арифметика» сөзіндегі әріптердің жиыны. Мынадай жиындарды құрыңыз және жазып көрсетіңіз: А В, А∩В, А / В, В /А.
5. М – Параллелограмдардың жиыны. А – Тік төртбұрыштардың жиыны. В – Ромбылардың жиыны. С – Шаршылардың жиыны. Осы жиынардың қайсысы басқалары үшін әмбебап жиын бола алады. Мыналарды табыңыз:
А∩В; А∩С; А С; А В; В∩С; В С.
6. 5; 2; 3; 7 цифрларының әрқайсысын: а) бір рет қана пайдаланып; б) екі рет пайдаланып әр түрлі екі таңбалы сандарды жазып көрсетіңіз.
7. Санның жазылуында: а) цифрлардың қайталануы мүмкін екендігін; б) цифрлардың қайталанбауы керектігін ескеріп және 2; 3; 4 цифрларын пайдаланып, әр түрлі үш таңбалы санарды жазып көрсетіңіз.
8. Жиындар берілген: Х={m; n; p} және Y={5; 6}. Х×Y жиынын табыңыз.
9. Тік төртбұрыштың ені а см және ұзындығы b см. Кестенің торкөздеріне, а және b мәндерін пайдаланып, әрбір тік төртбұрыштың ені мен ұзындығын реттелген (а; b) парлар түрінде жазып көрсетіңіз.
а b
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
7
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
|
|
13
|
|
|
|
|
|
Кестенің барлық торкөздеріне жазылған пар сандар жиынын қалай атауға болады?
10. Адияның үш көкірекшесі (ақ, қызғылт, көгілдір) және екі белдемшесі (қара, қызыл) бар. Ол көкірекшелері мен белдемшелерінен әр түрлі қандай жинақ құрастыра алады? Барлығы неше жинақ құрастыруға болады?
11. Таңертеңгі ас екі түрлі тағамнан жасалады. Бірінші тағам {ботқа, шұжықша, пельмен; балық}, ал екінші тағам {шәй; кофе; сүт} жиынынан таңдалады. Осы тағамдардан әр түрлі таңертеңгі қандай ас құрастыруға болады? Әр тағамды әріппен белгілеп, жазып көрсетіңіз.
12. Ондықтарының саны {9; 7; 1} жиынына тиісті, ал бірліктерінің саны {5; 4; 0} жиынына тиісті болатын барлық екі таңбалы сандарды құрыңыз.
13. В={1; 3; 4} жиыны берілген. В×В декарттық көбейтіндіні құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |