Сөз
1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз
2. буын, оның т.үрі
а) ашық буын (а.б)
ә) тұйық буын (т.б.)
б) бітеу буын (б.б)
3. тасымал
4. екпін
5.буын
6. дыбыс үндестігі
а) ілгерінді ықпал
ә) кейінді ықпал
б) тоғыспалы ықпал
Сатылы комплексті талдау грамматикалық материалды терең меңгерумен қатар тартымды сөйлеуге, сөйлеудің мазмұнды болуына, сөйлеудің техникасына, сөйлеудегі сөз байлығы мен көркемдегіш ќ±ралдарына, сөйлеген сөздің әсерлілігіне, мәдениеттілігіне баса назар аударуға үйретеді. Төменде фонетикалық талдаудың толық түрі, ықшамдалған түрі, дыбыстарды математикалық тәсілмен талдау, дыбыстық мінездеме берудің үлгілері рет-ретімен берілуі керек.
Ана
1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Сөздер құрамындағы дауысты дыбыстар а,а- жуан дауыстылар
2. Бұл сөз а-на болып екі буынға бөлінген. Сөз құрамында 2 дауысты дыбыс бар. А буыны да, -на буыны да- ашық буын (а.б). себебі, а буыны жалғыз дауысты дыбыстан тұр, -на буыны дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталып тұр.
3. Сөз 2 буыннан тұрғанмен тасымалданбайды, өйткені жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.
4. Сөзде екпін - на буынындағы а дыбысына түседі.
5. Сөзде буын үндестігі жоқ, себебі түбір сөз.
6. Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ, өйткені қосымшасыз түбір сөз.
Өмір тіршілігінде кездесетін заттар мен құбылыстар адам баласына сөз арқылы танылатыны белгілі. Сөз адам баласы ұғымдарының қағаз бетіне түсірілген белгісі екенін түсіндіру қажет. Біріншіден, лексика тілдегі сөз атаулының олардың мағыналарын тексеретін бөлім екендігі түсіндіріледі.Лексика сөздердің алуан түрлі мағыналарын қарастырады, сондықтан лексикада берілген сөздің тура және ауыспалы мағыналарын, көп мағыналы сөздерді, омоним, синоним, антонимдерді кейбір грамматикалық категориялар сияқты жеке күйінде өтуге болмайды. Себебі, сөздердің мағыналары үнемі сөйлем ішінде, тексте сараланып, танылады. Яғни, оқушылардың әдеби тілдің нормасында жатық, көркем сөйлеулеріне лексика бөлімінде дұрыс бағыт беруге көңіл бөлінеді. Сөздер қашан да белгілі бір мағынаға ие болады.
Мысалы: қала, бала, он, жақсы, оқы, мен, жоғары т.б. Сөздердің ешбір сөзбен қарым-қатынасқа түспей тұрған мағыналарын сөздердің бастапқы негізгі мағынасы немесе тура мағынасы деп аталатыны түсіндіріледі.
Оқушының ұғымына қонымды түрде жаттығу жұмысы үстінде синоним сөздердің тіркесі жөнінде мағлұмат берудің артықшылығы жоқ. Мысалы: түр, түс, ажар сөздері белгілі бір заттың көрінісін білдіретін синоним сөздер екені айтылады. Мұнан соң оқушыларға: «Осы сөздердің мағыналарын тағы қандай сөздермен алмастырып айтуға болады?» деген сұрақ қойып, өздеріне синоним сөздер тапқызу керек. Демек, түр, түс, ажар сөздерінің мағынасына жуық көрік, келбет, пішін, рең деген сөздер айтылып, оларды мағынасы мен тұлғалары тіркес сөздер құрамында салыстыра түсіндіріледі. Мысалы:
көркі
ажары
Адамның келбеті
пішіні
реңі
түрі
т‰сі
Малдың түсі
Гүлдің түсі
Көрік, ажар, келбет, пішін, рең сөздері кез келген сөздермен тіркесе (үйлесе) бермейді, тек адамға байланысты сөздермен ғана тіркесетіні аңғарылады. Түс, түр сөздері адамға байланысты айтылмайды, адамдық ұғымнан басқа сөздермен тіркеседі.
Мысалы, малдың түсі, сиырдың түрі, гүлдің түсі, гүлдің түрі т.б.
Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін меңгерткен соң, алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға шығармашылық жұмыс істеуге болады. Сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін беріп, оларды мағыналары жағынан топтастырып, графа толтыруға болады.
Адамның көзі. Қол. Оттың қызуы. Ақ, әдемі. Қолды болды. Қара. Малдың көзі. Жаз. Қызу еңбек . Қайнаған су. Таза бұлақ. Иненің көзі. Шыны. Таза жүрек . Сұлу. Тамаша. Бас. Бос сөз.
Тура мағынасы
|
Ауыс
палы мағынасы
|
Көп маѓына-лығы
|
омоним
|
синоним
|
антоним
|
Адамның көзі
|
Көзі ашық (оқыған адам)
|
Мал-дың көзі
Бұлақ-тың көзі
|
|
|
|
Жалпы қорытындылай келсек, қазақ тіліндегі фонетика мен лексиканы оқыту, талдауда бірнеше єдістер ќолданылады. Б±л єдістер бірнеше т‰рге жіктеледі.
Т‰сіндірмелі талдаулар:
лексикалыќ талдау єдісі
фонетикалыќ талдау єдісі
морфологиялыќ талдау єдісі
синтаксистік талдау єдісі
Аныќтауыштыќ талдаулар:
орфографиялыќ талдау єдісі
пунктуациялыќ талдау єдісі
орфоэпиялыќ талдау єдісі
стилистикалыќ талдау єдісі
Талдау єдістерініњ формасы – сабаќ т‰рлері
Талдау єдістері арќылы білімді мењгерту, практикалыќ даѓдыны ќалыптастыру ќажет.Талдау єдістерініњ материалдары – дидактикалыќ материалдар. Олар екі топќа жіктеледі:
теориялыќ материалдар: таќырыптыњ термині, аныќтамасы, ережелері, µзіндік ерекшеліктері
практикалыќ материалдар: сµздер, сµйлемдер, мєтіндер, фразалар, наќыл сµздер.
Әрбір пәнді оқытуда белгілі әдіс-тәсілдер қолдану көзделеді. Мәселен, қазақ тілі пәні бар, осы пәнді тиімді, ұтымды өткізудің әдісі бар. Яғни, қазақ тілі оқытудың ғылыми пән екендігінің дәлелі.
Методика - метод, гр metjdos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінің методикасы- ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтарын тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды. Білім беру жолдары мен құралдарына:
1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;
2) оқу жұмысын ұйымдастыру;
3) оны үйрету
әдістері жатады.
Қазақ тілінің білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудің маңызы зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді.
Білім беру әдістерін талдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға байланысты сұрыптау алу- методиканың қиын әрі күрделі мәселелері. Сондықтан да оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдың көлемін талдау аса қажет. Оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Білім беру әдістерін іске асыруда оларды топтастыру, жіктеу ең қажетті мәселе болып табылады. Оқушыларды тілді практикалық-теориялық және теориялық практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілі білім беру әдістерін топтастыру методиканың соңғы жетістіктеріне негізделеді.
Қазақ тілі білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше жіктеуге болады:
а) Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалмен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі.
ә) қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. Бұған мына әдістер кіреді: әңгіме әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі.
б) Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері. Олар мыналар: дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологилық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, жазу әдісі және диктант жазу әдістері.
Қазақ тілінің теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері дыбыс заңдылықтарының өзіндік белгілерін практикалық дағдылар арқылы меңгертуде үлкен қызмет атқарады. Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалдармен дәлелдеуге бұл әдістің пайдасы мол. Жаттығу жұмыстары қазақ тілі материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ұстарту, сөйлеу тілін дамыту дағдыларын жүзеге асыруда аса зор септігін тигізеді. Бұл әдіс қазақ тілі материалдарының бір-бірінен айырмашылығы, бірімен-бірінің байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.
Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, түрі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады. Бұл оқушыларға берілген теориялық біліммен үйлестіріле отырып орындалады.
Мысалға 5-сынап оқулығындағы жаттығулар мен сұрау-тапсырмалардың бәрі де тілдік құбылысты жан-жақты және оны тілдің басқа салаларымен сабақтастыра танытуды көздейді.
Тіл білімінің лексикадан басталуына оқушы назарын аударудың барлық тәсілдері мақсатты түрде қамтылуы өте орынды. Оның ең басты мақсаты- лексиканың сөз туралы терең білім беретін сала екендігін саналы түрде ұқтыру. Егер сөз тілдің мәйегі болса, сөздің басты белгісі-оның белгілі бір мағына білдіруі. Сондықтан да ол сол мағынаны зерттейтін сала болғандықтан, грамматикалық ұғымдар жүйесі лексикадан басталады.
Лексиканың зерттейтін объектісі үлкен екі саланы біріктіреді. Бірі- сөздің мағыналық жағы, екіншісі- тіл байлығы. Сондықтан бұл екеуін тұтастыққа таныту оқушының оны толық меңгеруіне негіз болады.
Лексикадан кейінгі сала- фонетика. Егер құрамы жағынан келсек, онда тіл туралы білім сөздің ең кіші бөлшегі тіл дыбыстарынан басталуы орынды сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, дыбыс- сөздің материалы, ал себебін қайталаса, сөз болу үшін оның негізгі белгісі білдіретін мағынасына байлаулы. Бірақ ол ұғым дыбыстың сөз мағынасымен қарым-қатынасын жоққа шығармайды.
Лексика туралы жалпы түсінікті өткенде, тіліміздегі сөздердің бір күн, бір жыл немесе он жыл ғана өмір сүріп қоймайтындығын, бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүретіндігін, қолдану барысында тіл өңделіп, жетіліп, кейде жойылып, кейде түрлі өзгеріске түсіп отыратындығын, бірақ бұл құбылыс өте баяу жүретіндігіне мысалдар арқылы көз жеткізген дұрыс.
Мысал ретінде кестені қолдануға мүмкіндік туады: сөз мағыналарының өзгеруі
Реті
|
түрлері
|
мысалдар
|
1.
|
Сөздің мағынасын да, дыбысталуы да толық сақталған түрі
|
ата, ана, ақ, қара, кел, бар, күн, адам...
|
2.
|
Мағынасы сақталған да, сыртқы дыбысталуы өзгеріске ұшыраған
|
йер (жер), иасыл (жасыл), көкбөрі (көкпар), товар (тауар), сұғ (су)...
|
3.
|
Дыбысталуы сақталған да, жеке өзіндік мағынасы жойылған.
|
Асты, үсті, екен, еді, соң, -ау, -мыс, бері...
|
Бірақ та кестедегі сан реті екінші қатардағы мысалдарды оқушыларға түсіндіріп, оларға ол жөнінде мәлімет беруге ғана болады, бірақ дәл осындай мысалдар теріп жазыңдар немесе біліп келіңдер деп тапсырма беруге болмайды. Себебі, товар деген сөздің орыс сөзі емес, көне түркі тілінде бар сөз екенін, оның орыс тілінде қолданылатындығын мұғалім ғана білуге тиіс екенін, оқушының білмеуі заңды екенін ескеру керек және осындай сөздерді өзің біліп кел деп тапсыру сыйымсыз.
Кестедегі рет саны бірінші қатардағы мысалдарды тіліміздің сөздік қорын құрайтын сөздер бойынша толықтыруға болады. Ал рет саны үшінші қатардағы сөздерге тіліміздегі көмекші сөздер – көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар жататындығын ажырата алса және өздері мысал келтіре алуы қажет.
Лексикаға қатысты жаттығулардың бірінде әр сөздің грамматикалық белгілерін –қай сөз табы, қандай сөйлем мүшесі, қандай формада тұрғанын дәлелдеңдер деген тапсырма лексикаға қатысты болмаса да, оқушылардың 4- сыныпта өткендерін жаттығу жұмысы арқылы қайталау және сөздегі лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың бір еместігі, грамматикалық мағынасы грамматикалық форма беретіндігіне жүретін тапсырма деп түсінуі дұрыс.
Лексиканың зерттейтін объектісі үлкен екі саланы біріктіреді. Бірі- сөздің мағыналық жағы, екіншісі- тіл байлығы. Сондықтан бұл екеуін тұтастықта таныту оқушының оны толық меңгеруіне негіз болады. Лексика туралы осындай мағлұмат берілгеннен кейін оқылатын сала –фонетика.
2.1. Лексика мен фонетика салаларының жаңа білім мазмұнын анықтауда төмендегідей танымдық-практикалық бағыттар мен міндеттер басшылыққа алынады.
1. Танымдық бағыт бойынша
1. Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру. Мұнда лексика, фонетика тақырыптары тілдің қарым-қатынас құралы, ұлттық мәдени мұра, қоғаммен бірге дамушы құбылыс екендігін танытуға бағытталады. Пәндік байланыс негізінде тілді жүйелі, тұтас ғылым ретінде түсіндіреді. Пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлу арқылы ана тілінің өмірдегі мәні ұғындырылып, тілді сүюге және құрметтеуге үйретеді.
2. Оқушыларға қазақ тілінің жүйесі туралы теориялық білім беру. Мұнда әр саланың тіл құрылымындағы орны, рөлі туралы түсінік және тілдік салаларды өзара байланыстыру арқылы оқушылардың тілдік компоненттілігі қалыптастырылады; лексикалық және фонетикалық машық, дағдылар қамтамасыз етіледі.
3. Оқыту арқылы оқушыға эстетикалық тәрбие беру. Ол адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдебін үйретуден бастап, тілдегі тазалықты, сұлулықты танытуға, тілдік нормаларды меңгертуге, тіл мәдениетін игертуге бағытталады.
2. Практикалық бағыт бойынша
1. Лексикалық, фонетикалық машықтар мен дағдыларды қалыптастыру. Мұнда сөз мағыналарын дұрыс ажырата білу, сөздерді эмоциялық, стильдік реңіктеріне қарай қолданып, ситуацияға сай іріктеп алу, көркем әрі әуезді сөйлеу дағдыларын қамтамасыз ету мәселелері іске асады.
2. Әдеби тіл нормасын игерту. Тілдің фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын меңгертуде сөздердің лексикалық мағыналарына бағындыра отырып игерту көзделеді.
3. Оқушылардың тілін ұстарту. Сөйлеудің диалогтік, монологтік түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктері мен байланыстарын түсіндіру арқылы оқушының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсат етіледі.
4. Лексикалық және фонетикалық білімді оқушылардың логикалық ойлауын дамытумен ұштастыру. Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігіне негізделген философиялық тұжырымдарды басшылыққа алып, сөздерді түріне, тегіне қарай жіктеп, саралауға үйрету, үндестік заңына сәйкес қолдануға дағдыландыру.
Осындай бағыттарды ала отырып, лексиканы, фонетиканы оқутуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
- сөз мағыналары, тіл дыбыстары туралы бастауыш сыныптарда алған түсініктерін ғылыми тұрғыда жүйелеп, қазақ тілінің лексика, фонетика салалары жөнінде теориялық білім беру;
- сөздік қор, сөздік құрам тілдің сөз байлығы, сөздердің мағыналық топтары, олардың ішкі ерекшеліктері туралы нақты ұғымдар қалыптастырып, сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіру;
- тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің ой дәлдігін берудегі көріктеуіш тәсілдерін таныту арқылы сөзді талғап, саралап қолдануға машықтандыру;
- лексикалық және фонетикалық білімді тілдің қоғамдық сипаты мен танымдық рөлін игертуге қарай бағыттау, коммуникативтік дағды қалыптастырудың базасы ретінде пайдалану;
- сөздердің стильдік реңіктерін таныту арқылы тіл мәдениетін меңгертуде этнолингвистиканы кең қамтып, оқушылардың ұлттық мәдениет, өнер туралы дүниетанымын кеңейту;
- лексиканы, фонетиканы оқыту үстінде оқушыны сауатты жазып, әдеби тіл нормаларына сай сөйлеуге үйрету;
- қазақ тілінің үндестік заңы, оның халықтық сипатын танытатын ең басты ерекшелігі екенін дәйектеу;
- сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай қолдану дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі лексикасы мен фонетикасын оқытуда оқушының дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптары:
5 сыныпта қазақ тілінің 2 үлкен саласы оқытылады. Олардың бірі - тілдің негізгі ұйтқысы, ең мәнді бірлігі болып саналатын сөздің мағынасын зерттейтін лексика да, екіншісі- сол сөздің материалы, дыбыстың жамылғысы, тіл дыбыстарын қарастыратын фонетика. Одан кейін сөзжасам мәселелері бойынша практикалық бағыттағы мәліметтер ұсынылады.
Сондықтан осы негізгі екі сала бойынша ұсынылатын білім көлеміне қарай оқушы игеруге тиісті білім көлемі екі деңгейде белгіленеді:
1. Оқушылардың осы сала бойынша міндетті деңгейдегі білім дәрежесінің ең төменгі әрі қажетті мөлшері нақтыланады.
2. Оқушылардың осы игерген білімінен жоғары тұрған мүмкіндік деңгейдегі білім-білік дәрежелері қамтылады. Ескертетін жайт, мүмкіндік деңгейдің жоғары шегін анықтау қазірше мүмкін емес, ол оқушының қабілет-қарымы мен мұғалімнің сол қабілетті қалай дамытуына және шығармашылық еңбегіне байланысты.
Лексика бойынша міндетті деңгей көлемі мынадай болып бөлінеді:
- лексика тіл білімі саласының бірі екендігін тану, оның зерттейтін объектісін білу;
- лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана білу;
- сөздердің лексикалық мағынасын айыра білу;
- сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктей алу;
- омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір-бірінен ажырата алу, оларды сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;
-синонимдік қатардан контекске сай сөздерді іріктей алу;
-антонимдерді ойды әсерлі, көркем етіп жеткізудің құралы ретінде пайдалана алу;
- тұрақты тіркестер мен мәтелдерді ажырату;
- қазақ тілінің сөз байлығын, сөздік құрам тармақтарын дұрыс түсіну, оларға тән сөздерді жіктей алу;
- диалогты сөздерді тани білу, олардың тіл мәдениетімен қарым-қатынасын түсіне алу;
- архаизм мен тарихи сөздерді бір-бірінен ажырата білу;
-термин сөздердің ғылым салаларымен байланысын білу және оларды орынды қолдана алу;
- кәсіби сөздердің терминнен өзгешелігін білу;
- неологизм сөздердің мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде дұрыс айту және сауатты жаза білу;
- неологизм сөздердің тілдің дамуымен байланысты пайда болатындығын түсіну;
- жалпылама қолданылатын сөздердің өзіндік ерекшеліктері мен мәнін білу.
Фонетика бойынша міндетті деңгейде игерілуі тиіс білім-біліктер мынадай:
- фонетиканың тіл дыбыстарын зерттейтін сала екенін білу;
- фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата алу және орынды қолдана білу;
- дыбыс пен әріптің бірлігі мен айырмашылық арақатынасын білу;
- сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін ажырату;
- сингармониз (ілгерінді, кейінді ықпалдар) туралы білімдерін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;
- қазақ әліпбиінің құрамын, ретін білу;
- сөздерді орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай айта және жаза білу;
- тіл дыбыстарының сөз мағынасы мен қарым-қатынасын білу;
- буын түрлерін ажырата алу;
-екпіннің қазақ тіліндегі ерекшелігін тану;
-лексикографиялық сөздіктердің түрлерін білу және олармен жұмыс істей алу.
Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
- фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;
- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
2.2. Қазақ тілін оқытудың методикасының талдау әдістеріне тоқталсақ, фонетиканы не лексиканы оқытуда олардың бірнеше әдістері қолданылады. Ал талдау әдістері бірнеше түрге жіктеледі:
1.Түсіндірмелі талдаулар
1) лексикалық талдау әдісі
2) фонетикалық талдау әдісі
3) морфологиялық талдау әдісі
4) синтаксистік талдау әдісі
2) Анықтауыштық талдаулар
1. орфографиялық талдау әдісі
2. пунктуациялық талдау әдісі
3. орфоэпиялық талдау әдісі
4. стилистикалық талдау әдісі
Талдау әдістерінің формасы- сабақ түрлері
Талдау әдістері білім меңгеру, лекция, практикалық дағдыны қалыптастыру, практикум, семинар, сынақ сабақтарында қолданылады. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар екі топқа жіктеледі:
1) теориялық материалдар: тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері
2) практикалық материалдар: сөздер, сөйлемдер, мәтіндер (фразалар, нақыл сөздер)
Жалпы талдау түрлеріне тоқталсақ, қазақ тілі бойынша талдау мазмұнына қарай.
а) қазақ тілі бойынша талдау. Оған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң боп дауыссыздар тобы енеді.
ә) үндестік заңы бойынша талдау. Оған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөздер сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал тақырыптары кіреді.
Қазақ тілі бойынша талдау көлеміне қарай екі түрге бөлінеді:
а) толық және жалпы талдау
ә) жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау
Сонымен бірге орындалу тәсіліне қарай ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.
Мектепте қазақ тілі бойынша талдауды жүргізудің жүйесі осындай:
1. Алдымен мәтін не сөйлем алынып, ондағы сөздер буынға бөлінеді;
2. Сөздегі әрбір буында , неше әріп барлығы ажыратылады;
3. Бөлінген буындағы дауыстылардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай бөлінуін талдай отырып, буын түрлері анықталады;
4. Буындағы дауыссыздардың үнді, ұяң, қатаң түрлері ажыратылады;
5. Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды жинақтап талдау жүргізіледі;
6. Буын түрлері анықталады да, екпіннің қайсысы буынға түсіп тұрғандығы қарастырылады;
7. Сөздер буынға бөлініп, буын үндестігіне талданылады;
8. Дыбыс үндестігі, яғни түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал анықталады;
9. Біріккен сөздер сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал талданады;
10. Түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал дәлелденеді;
11. Біріккен сөз сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпалдар ажыратылады.
Сонымен бірге қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде жұмсалады;
2) материалды бекіту кезінде қолданылады;
3) оқушылардың өздігінен істейтін класс жұмыстарында жұмсалады;
4) үй тапсырмаларын орындауда қолданылады;
5) оқушылар білімін есепке алу жұмыстарында жұмсалады;
6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады;
7) материалды пайдалану кезінде орындалады.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың құштарлығын арттырып, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, оқушыларды қазақ тілі бойынша талдауға белсенді қатыстыратын амал-карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу. Карточкалы дәптер оқушылардың ұқыптылық дағдысын арттырып, баяндамалар жасауына, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ол оқушыларды практикалық жұмысқа дағдыландырады, олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту қабілетін күшейтеді. Карточкада талдап үйрету үшін мұғалім әуелі екі тақтада талдап көрсетеді, карточканың үлгісін сызады, карточкадағыдай схемада талданады.
Карточкадағы «Балық суда жүзеді» сөйлеміндегі балық сөзін буынға бөліп, төмендегі үлгіде талдау жасайды:
-
1- карточка
Дауысты дыбыстар
Балық суда жүзеді.
Ба-лық
А: ез (езілік), аш (ашық), жу (жуан)
Ы: ез (езулік), қы ( қысаң), жу (жуан)
немесе
ез., аш., жу;
ез., қы., жу;
|
Кейін мұғалім оқушыларға карточкалы дәптер арқылы талдау болатынын, қандай тақырыптар қамтылатындығын хабарлап, талдауға кірістіреді:
Жұмысшылардың жалақысы артты.
Мұғалім бір оқушыға бұл сөйлемді дауыстап оқытып, сөйлемде неше сөз бар екендігін анықтайды. Бұл сөйлемдегі сөздерді оқушылар ұжымды түрде буынға бөледі. Себебі, оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге кірістіру. Содан соң, бұл буындардағы дыбыстар ауызша талданады: жұ буынындағы ұ дыбысы еріннің қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай қысаң, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс.
2- карточка
Дауысты дыбыстар
Жұмысшылардың жалақысы артты
Жұ-мыс-шы-лар-дың жа-ла-қы-сы арт-ты.
ЖҰ:
ұ: е. қе ер. (еріннің қатысына қарай еріндік)
ұ: и. қ. қы (иектің қызметіне қарай қысаң)
ұ: т. қ. жу (тілдің қатысына қарай жуан)
|
Бұл берілген талдаулар сөйлем ішінен бір сөзді алып, ол сөздің тек бір буынын сатылай талдап үйретеді. Олар әбден жаттығып, үйренгеннен кейін мұғалім алынған сөйлемдегі сөздердің барлығын буынға бөлдіріп, түгелдей карточкада талдатады:
3-карточка
Дауысты мен дауыссыздар
Дауысты дыбыстар
Оқушылар сыныпты безендірді.
О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.
О-қу-шы-лар
о: ер., аш., жу.
у:ер., қы., жу
ы: ез., қы., жу.
а: ез., аш., жу
ы: ез., қы., жу.
безендірді:
е: ез., аш., жі.
і: ез., қы., жі.
|
Оқушылар дауысты дыбыстарды карточкалы дәптерде машықтандырғаннан кейін дауыссыздар сатылай талданады да, дауыстылар жинақтауға машықтанады.
4-карточка
Дауысты дыбыстар
Оқушылар сыныпты безендірді.
О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.
О-қу-шы-лар
о: ер., аш., жу.; қ: қд (қатаң дауыссыз)
у:ер., қы., жу.; ш: қд (қатаң дауыссыз)
ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)
сы-нып-ты:
ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)
т: қд; ы: ез., қы., жу
безендірді:
б: ұд., е: ез., аш., жі
з: ұд; е: ез., аш., жі.
Т: қд; т: қд
І: ез., қы., жі.
|
Карточкалы дәптерде қазақ тілі бойынша талдау өткізудің тағы бір тәсілі- сатылы басқыштар бойынша талдау.
5- карточка
1 басқыш
Колхозды ауыл қауымды келеді.
Еңбек екпіні дауылды келеді.
колхозды:
о, о, ы- дауысты дыбыстар.
к, л, з, д- дауыссыз дыбыстар.
|
6- карточка
2 басқыш
колхозды ауыл:
колхозды бірінші басқыштағыдай талдаймыз.
Ауыл:
А, ы- дауысты дыбыстар.
У, л- дауыссыз дыбыстар.
Бірінші сөзде үш буын бар:
Кол-хоз-ды
Екінші сөз екі буынды:
А-уыл
|
7- карточка
3 басқыш
Колхозды ауыл қауымды
Қауымды:
А,ы,ы- дауысты дыбыстар.
Қ, у, м, д- дауыссыз дыбыстар.
Бұл сөз үш буынды қа-уым-ды
Екпін- ды септік жалғауына түседі.
Мұнда буын үндестігі мен дыбыс үндестігі кездеседі.
Қауым-ды, қауым-ды.
|
8- карточка
3 басқыш
кел-ді
Бұл түбір мен қосымша аралығында ілгерінді ықпал заңы бойынша үндеседі. Түбірдің үнді л дыбысы, қосымшаның басқы дыбысын ұяңға айналдырады.
|
9- карточка
4 басқыш
Колхозды ауыл қауымды келеді.
Еңбек екпіні дауылды келеді.
Колхозды ауыл қауымды...
Келеді:
Е: ез., аш., жі; і: ез., қы., жі.
Қ: қд., л: үд; д: ұд.
Үш буынды ке-ле-ді
Бұлар жинақтала талданады
Кол-хоз-ды:
Қ- қатаң дауыссыз
О: ер., аш., жк.
Л: үнді дауыссыз; х- қатаң дауыссыз.
З- ұяң дауыссыз
Ы: е., қ., ер; и: қ., қы., т. қ. жу
Үш буынды: кол-хоз-ды
Буын үндестігі: колхоз-ды
Дыбыс үндестігі-колхоз-ды
Екпін- ды буынына түседі.
|
Сөйтіп теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыру осы карточкалы дәптер негізінде үйретіледі.
Сондай-ақ үндестік заңына байланысты да сатылы басқыштар бойынша түсіндірмелі талдау жүргізіледі.
Мысалы: Тұрманбек Аманқарағайдан келді.
10- карточка
2 басқыш
А-ман-қа-ра-ғай-дан:
Аманқарағайдан- екі сөзден біріккен сөз.
Біріккен сөз аралығында үндеседі:
Аман-қарағай
Түбір мен қосымша аралығында үйлеседі:
Аманқараайдан
Жазылуы: Аманқарағайдан
Жазылуы: Амаңқарағайдан
|
Сөйтіп қазақ тілі бойынша талдау түрліше тәсілдермен жүргізіледі. Қазақ тіліндегі келесі әдіс- дайын материалды талдау. Ол жаттығулар бойынша өткізіледі. Дауысты дыбыстарды тұтас өтіп болған соң, өтілгенді бекіту мақсатында жүргізуге болады. Орындалу тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау 2-ге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |