7) жанып жатқан цистерна мен қатар тұрған цистерналарды суыту, қажет болған жағдайда өртті сөндіруге ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын, станция қызметкерлерін жұмылдыру және өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану, өрт сөндіру жеңдерін ең жақын су көздеріне жалғау. Аталған операциялар осы жұмысқа қатысушы адамдардың жеке қауіпсіздігін ескере отырып орындалуы қажет;
8) шаруашылық мұқтаждарына бөлінген су мөлшерін қысқарта отырып, қажет болса, объектілердегі су беру торабының қысымын көтеру шараларын жасау;
9) жедел өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алуды қамтамасыз етіп, олардың бастығына өрттің шығуын толық сипаттап баяндау. Егер де алғашқы 15 минут ішінде өртті сөндіру мүмкін болмаса, онда өрт аймағында (радиусы 100 м) тек өрт қарсы бөлімшелер қалдырылады.
614. Жедел өрт сөндіру бөлімдері келіп жеткенше өрт шығу қаупін жою немесе өрт сөндіру жұмыстарының жетекші болып, теміржол басшысы (жол бастығы, бөлім, станция бастықтары немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтіру поезының бастығы табылады.
Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткеннен кейін өртті сөндіруді басқару жедел аға бастыққа - өрт сөндіру басшысына жүктеледі (бұдан әрі - ӨСБ), жылжымалы құрамды құтқару мен қауіпсіз жерге көшіру жөніндегі станция қызметкерлерінің әрекеттері ӨСБ нұсқауымен және келісімімен жүзеге асырылады.
615. Өрт шығу қаупі бар жағдайларды және өрттерді жою үшін темір жол станцияларында салалық өртке қарсы қызметтері құрылады, олар өз жұмыстарын белгіленген тәртіп бойынша бекітілген, өртке қарсы қызметтері туралы көрсетілген ережеге сәйкес жүргізеді.
616. СКГ төгілген жағдайда, СКГ құю, босату жөніндегі барлық технологиялық жұмыстар, сондай-ақ барлық маневр жұмыстары мен поездар қозғалысы, яғни, өртті сөндіру, өрт көзін жоюдан басқа жұмыстар тоқтатылады. Негізгі от көзі (от, ұшқындар) жойылады. СКГ төгілген аймақтан жанғыш заттарды жинап алу қажет.
Егер қауіпсіз болса, мамандар болған жағдайда ағу жағдайы тоқтатылып, СКГ өзге, ақаусыз цистернаға айдау жұмыстары барлық өрт қауіпсіздігін ескере отырып жүргізілуі керек.
Газдың екпінді шығуы болған жағдайда радиусы 200 аймақтағы газдану барысын толық бақылай отырып, цистернадан газдың толық шығып болуына мүмкіндік беру қажет. Апат болған жерге өртке қарсы қызметінің бөлімшелерін, сол ауданның салалық өртке қарсы және газдан қорғау қызметтерін шақыру қажет. Қауіп төнгені жөнінде жергілікті атқарушы органдарды хабарландыру қажет. СКГ тоннельдерге, жертөлелерге, каналдарға ағып түсуіне жол бермеу қажет.
617. Ағып жатқан СКГ жана бастаса, апат орнында өртке қарсы қызметі болмаған жағдайда өртті шектеп, цистернадан немесе эстакадан аққан өнімнің қауіпсіз жолмен жанып бітуіне жағдай жасау қажет.
618. Ағып жатқан газ адамдар өміріне, басқа объектілер мен өрттің апатты өршуіне мүмкіндік бермейтін жағдайда, өрт шығу қаупі туындаған кезде өрттің алдын-алу жұмыстарын басқару басшысы газды жағуға, сол арқылы өрт қаупін жоюға өкім береді. СКГ тұтандыру жұмысын таса жерде тұрып, ракетница немесе петарданың көмегімен жүзеге асыру қажет. Апат болған жерде СКГ жағып бітіру жұмысы, одан әрі қажетті көлемдегі өрт сөндіру қызметі бөлімінің бақылауында болады.
619. Теміржол көлігі қызметкерлерінің, апаттық топ мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатындай жағдай туындаса, онда жұмыстар тоқтатылып, адамдар қауіпсіз жерге көшіріледі.
13-БӨЛІМ. САҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
25 тарау. Жалпы талаптар
620. Қоймаларда (бөлмелерде) заттар мен материалдарды сақтау тәртібі, олардың өрт шығу қаупі бар, физикалық-химиялық қасиеттері (тотығу дәрежесін, сумен, ылғалмен өздігінен қызып кету, тұтану, ауамен әрекетке түсуі) өзара әрекеті мен өрт шыққан жағдайда сөндіру жолының біртектілігін ескере отырып, заттарды және материалдарды бірге сақтау жөніндегі өрт қауіпсіздігі талаптарында (5-қосымша) көрсетілген тәртіпке сәйкес сақталуы қажет.
Заттардың біртектілігіне қарамастан бір секцияда каучукпен немесе авторезинамен үйлеспейтін екінші түрлі заттарды сақтауға жол берілмейді.
621. ЖГ бар баллондар, ыдыстар (бөтелкелер, басқа да ыдыстар) ішінде ТТС және ЖС бар, сондай-ақ аэрозольді бумалар күн сәулесінен және басқа да жылу әсерінен қорғалуы қажет.
622. Аэрозольді бумаларды көп қабатты қоймалардағы өртке қарсы жабдықталған жоғарғы қабаттардағы бөлімдерде сақтауға болады. Мұндай бөлімдердегі бумалар саны 150 000 аспауы керек.
Қойманың жалпы сыйымдылығы 900 000 бума орналастырудан артық болмауы қажет. Жалпы қоймалардағы аэрозолды бумалар саны 5000 аспауы керек.
Жалпы қоймаларда аэрозолды бумаларды 5000 бумадан артық сақтауға болмайды.
623. Ашық алаңдар немесе бастырма астында аэрозолды бумаларды тек жанбайтын контейнерлерде сақтауға рұқсат етіледі.
624. Сөрелері жоқ қоймаларда заттарды сақтағанда қатарлап жинау қажет. Есік алдына жүк жинағанда қатарлар арасында есік кеңдігіндей, 1 метрден кем емес жол қалдырылады.
Қоймалар ішінде әрбір 6 м сайын жүктер арасында кем дегенде кеңдігі 0,8 м жол қалдырылады.
625. Қойма бөлмелері ішіндегі ағаш құрылыстар оттан қорғау құрамымен өңделуі қажет.
626. Транзиттік электр кабельдері, газдық және басқа да коммуникациялар өтетін ғимараттарда қойманы орналастыруға жол берілмейді.
627. Жарық түсіргіш шамдар мен жиналған жүктердің арақашықтығы 0,5 м кем болмауы қажет.
628. Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған ғимараттарда тұрмыстық бөлмелерді, тамақ ішетін және басқа да қызметтік бөлмелерді орнатуға болмайды.
629. Тауар тасушыларды, қоймашылардың, сарапшылардың жұмыс орнын қоршауға арналған қоймалық бөлмелерде орнатылған әйнек қалқалар өрт болған жағдайда, адамдарды құтқаруға немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды тасуға кедергі келтімеуі қажет.
630. Жүк арту-түсіру және тасымалдау көліктерін қойма іштеріне, дебаркадерлерге қоюға, жөндеуге жол берілмейді.
Жұмыс аяғында рампаға түсірілген жүктер мен материалдар ол жерден әкетілуі керек.
631. Қойма бөлмелеріндегі ыдысты ашу, ыдыс ішіндегі заттардың ақаусыз немесе ұсақ жөндеу жұмыстарымен, өнімді бумалардан шешіп алу, өртке қарсы сұйықтар дайындауға байланысты барлық жұмыстар сақтау орындарынан оқшауланған бөлмелерде жүргізіледі.
632. Автокөліктер, мотовоздар, автоартқыштар, автокрандар және өзге де жүк көтеру техникаларын жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, үймелер мен бастырмаларға 3 м кем жақын жерге орналастыруға жол бермеу қажет.
633. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күні аяқталысымен кернеуден ажыратылуы керек. Қойманың электр жабдықтарын ажырату аппараты, қоймадан тыс жерде жеке шкафқа немесе отқа төзімді материалдан жасалған қуысқа орналастырылып, құлып салу мен пломба қоюға ыңғайланған болуы қажет.
634. Қойма бөлмелерінде кезекші шамдарды орнатуға, газ плиталарды қолдануға, электр жылыту құралдары мен штепсельді розеткалар орнатуға жол берілмейді.
635. Материалдарды ашық алаңдарда сақтау кезінде бір секцияның (қатардың) ауданы 300 м 2 артық, ал штабельдер арасындағы өртке қарсы кеңістік 6 м кем болмауы керек.
636. Базалар мен қоймалар орналасқан аумақтағы ғимараттарда қызметкерлер мен адамдардың тұруына жол берілмейді.
637. А, Б және В санатындағы қоймалардың ғимараттарына локомотивтердің кіруіне жол берілмейді.
638. Цех қоймаларында кәсіпорында бекітілген нормадан артық ТТС және ЖС сақтауға жол берілмейді. Жұмыс орындарындағы сұйықтар мөлшері бір ауысым қажетінен артық болмауы тиіс.
Жанғыш материалдарды немесе жанғыш ыдыста жанбайтын материалдарды жертөлелер мен жапсарлас қабаттарда, егер олардың түтін шығатын терезелері мен тесіктері болмаса, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерінде сақтауға жол берілмейді.
26-тарау. ТТС, ЖС және басқа да өрт шығу қаупі бар
сұйықтар қоймасы
1 параграф. Резервуарлық парктер
639. Мұнай базасының (қоймалардың), құю және айдау станцияларының аумақтары биіктігі екі метрден кем емес жанбайтын қақпалармен қоршалуы қажет.
640. Резервуарлар айналасын топырақпен үйіп қоршау, жал жасау және олар арқылы өтетін жолдар ақаусыз болулары қажет. Жолдар ішіндегі алаңдар тегістеліп, құм себіліп қойылуы керек.
641. Мынадай жағдайларда:
1) герметикалық түрде жабылмайтын жабдықтар мен жабу арматурасын пайдалануға;
2) жобалау нормасымен орнатылған қорғанның биіктігін төмендетуге;
3) майысқан және жарығы бар ыдыстарды, сондай-ақ, ақаулы құрал жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, ақаулы құбыр желісі мен тұрақты өрт сөндіргіш құралдарды пайдалануға;
4) жолдар үстінде ағаш пен бұтақтардың болуына;
5) ыдыстарды жанғыш, тіпті ауыржанғыш тағандарға орнатуға;
6) резервуарлар мен цистерналардың мөлшерден артық толтырылуына;
7) ыдыстарды толтыру немесе босату кезінде мұнай мен мұнай өнімдерінің үлгілерін алуға;
8) найзағай кезінде мұнай мен мұнай өнімдерін құюға немесе босатуға тыйым салынады.
642. Тыныс алу клапандары мен от қайтарғыштарды әзірлеуші зауыттың техникалық құжаттарына сәйкес тексеру қажет.
Тыныс алу арматурасын тексергенде клапан торларын мұздан тазарту қажет. Оларды жылытуды өртке қарсы шараларды ескере отырып жасау қажет.
643. Мұнай өнімдерінің дәрежесін өлшеу мен үлгісін алу тек өлшеу қондырығысының тұрақты өрт қауіпсіз жүйемен іске асыру қажет.
644. Резервуарлық парктердің қоймаларында өрт сөндіруші заттардың қоры болуы тиіс.
2 параграф. Ыдыста сақтау
645. Тұтану температурасы 120 0 С жоғары сұйықтарды, көлемі 60 м 3 дейін жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтау тек олардың едені жанбайтын, ыдыс үсті нығыздалып тапталған, кемі 0,2 м топырақ қабатымен жабылғанда ғана рұқсат етіледі.
646. ТТС және ЖС сұйықтықтарын бір орында сақтауға және олардың жалпы көлемі 200 м 3 аспайтын жағдайда ғана рұқсат етіледі.
647. Қойма бөлмелері басқа бөлмелерден отқа төзімділігі кемінде 0,6 сағат мөлшеріндегі жанбайтын қабырғалар (қалқалар) арқылы бөлінуі қажет.
648. Қоймаларда ТТС және ЖС құйылған бөшкелерді қолмен орналастырғанда олар екі қатардан аспауы, ал механизмдермен орналастырғанда ЖС - 5 қатардан, ал ТТС - 3 қатардан аспауы керек.
Қатарлар кеңдігі 2 бөшкеден артық болмауы керек. Бөшкелерді тасымалдау үшін бөшкелер арасындағы негізгі жол кеңдігі 1,8 м, қатарлар арасы 1 м кем емес болуы тиіс.
649. Сұйықтарды тек ақаусыз ыдыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Төгілген сұйық шұғыл түрде сүртіліп алынуы қажет.
650. Мұнай өнімдерін ашық алаңдарда сақтау алаңы топырақ жолдарымен немесе биіктігі 0,5 м кем емес, отқа жанбайтын тұтас қабырғамен қоршалып, алаңға өту радиусы қалдырылады.
651. Алаң 0,2 м биіктікте орналасып, айналасы судан қорғау орларымен қоршалады.
652. Топырақ жолды алаңда өлшемдері 25х15 м бөшкелерден тұратын 4 қатарға дейін орнатуға, қатарлар арасы 10 м кем емес, ал қатар мен топырақ арасы 5 м кем болмауы керек.
Қатарға орналасқан екі алаң ортасы 20 м кем болмауы қажет.
653. Алаң үстіне жанбайтын материалдардан бастырма орнатуға рұқсат беріледі.
654. Мұнай өнімдерін құйып алуға, сондай-ақ бума материалдар мен ыдыстарды жолмен қоршалған алаңдарда сақтауға рұқсат етілмейді.
3 параграф. Газды сақтау
655. Жанғыш газ толтырылған баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл ашылатын жабынды бір қабатты және шатырсыз болуы тиіс.
Газы бар баллондар сақталатын бөлмелердің терезелері ақ бояумен сырлануы немесе күннен қорғайтын материалмен жабылуы қажет.
Баллондарды ашық алаңды құрылымдарда сақтағанда, оларды жауын-шашын мен күннен қорғайтын құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалуы керек.
656. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 м қашықтыққа дейін қандай да болмасын жанғыш материалдар сақтауға және отқа байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
657. Топты баллондар қойылған қондырғы ғимараттардың ойығы жоқ қабырғаларға орнатуға рұқсат етіледі.
Баллондар орнатылған шкафтар мен будкалар, оларда жарылыс туғызатын қосындылар түзбеу үшін табиғи жолмен желдетілетін етіп құрылуы қажет.
658. Жанғыш газдары бар баллондар тотықтырғыш болып табылатын оттегі, сығылғын ауа, хлор, фтор және басқа да газдары бар баллондардан бөлек сақталуы керек.
659. Сұйытылған, сығыстырылған және ерітілген түрдегі газдарды сақтауға арналған баллондар қысым бойынша жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз орнату және пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет. Баллондардың үстіңгі қабаттары сол газға арналған түске боялады.
660. Оттегі бар баллондарды сақтау мен тасымалдау кезінде олар толтырылған торларға әр түрлі майлар мен май сіңген материалдар жақындатуға, жұқтыруға жол берілмейді.
Баллонды қолмен домалатқанда клапандарынан ұстауға болмайды.
661. Баллондарды жинау кезінде бір-біріне соғуға, қақпағын және баллонның өзін жерге құлатуға болмайды.
662. Газдар сақталатын орындарда ақаусыз жұмыс істейтін газ анализаторларын орнату қажет. Газ анализаторлары болмаған жағдайда объект басшысы үлгі алу мен бақылау тәртібін орнатуы қажет.
663. Баллондардан газ шығу жағдайы анықталғанда олар шұғыл түрде қоймадан шығарылуы қажет.
664. ЖГ сақталатын қоймаға табанында таға немесе металл шеге қағылған аяқ киім киген тұлғаларға кіруге рұқсат берілмейді.
665. Тежегіштері бар ЖГ баллондары тік түрінде құлап қалмайтындай етіп, арнаулы ұяларда, клеткаларда немесе басқа да түрдегі қондырғыларда сақталады.
Тежегіштері жоқ баллондар көлбеу жағдайда арнаулы ағаштар мен сөрелерде сақталады. Бұл жағдайда қатар биіктігі 1,5 м аспауы, клапандары бір жаққа қарата жабық күйде жиылуы қажет.
666. Газ қоймаларында басқа материалдар мен заттарды сақтауға рұқсат етілмейді.
667. ЖГ сақталатын қойма бөлмелері табиғи желдеткішпен жабдықталады.
27 тарау. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау
1 параграф. Жем-шөптерді сақтау
668. Жем-шөп қоры ферма ғимараттарынан бітеу жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) төзімділік шегі кемінде 0,75 с жабындарымен бөлінген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақталады.
669. Қосымша құрылыстардың (жапсарлас салынған) есіктері тек тыс бағытқа ашылуы қажет.
670. Шөп жинау орны топырақ белдікпен, сымды қорамен қоршалуы керек. Таразы шөп жинау орнының айналасында орнатылуы қажет.
Маялар (кебендер), бастырмалар, қатарлар электр желілерінен кемінде 15 м, жолдардан кемінде 20 м, үйлерден кемінде 50 м қашықтықта тартылуы қажет.
671. Орман алқаптарына жақын орналасқан шөп қоймалары ені 1 м кем болмайтын қазылған ор қоршауының аралығы кемінде 20м болуы керек.
672. Өндірістік-шаруашылық комплексінің аумағында орналасқан жем-шөп қоймасын арнайы бөлінген алаңға орналастыру қажет. Маялар (кебендер), мая жұптары, қатарлар жиылған алаңдар айналасы кеңдігі 4 м белдеу етіп жыртылады. Белдеу мен маялар (кебендер) арасы 15 м, жеке маялар мен белдеулер арасы 5 м кем болмау керек.
673. Бір мая орналасқан аудан - 150 м 2 , престелген шөп (сабан) орналасқан қатар ауданы - 500 м 2 аспауы керек.
674. Маялар (кебендер), қатарлар, бастырмалар арасындағы өртке қарсы қашықтық 20 м кем болмауы қажет. Қатарларды, бастырмаларды, маяларды (кебендерді) жұптап орналастырғанда маялар арасы 6 м, жұптар арасы 30 м кем болмауы керек.
675. Кварталдар (бір кварталда 20-ға дейін мая, қатарлар болады) арасы кемінде 100 м болуы қажет.
676. Маяларға бөлініп жиналған ылғалдылығы жоғары шөптерді конус кебендерде (шөмеледе) арасын кемінде 20 метрден сақтау қажет. Өздігінен жануға бейім тұратын ылғалдылығы жоғары маялар мен қатарларға металл құбырға қойылып, маялардың терең жеріне орналастырылған әдеттегі сынапты термометрдің көмегімен ұдайы температуралық бақылау жүргізу қажет.
677. Жем-шөп қоймаларында жұмыс істеуші тракторлар мен автокөліктер ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы, ал автокөліктерде - бампердің астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Жем-шөп қоймаларында жұмыс істейтін тракторлар мен автокөліктер ұшқын өшіргішпен жабдықталуы, ал автокөліктердегі сөндіргіш бампердің алдына шығарылуы тиіс. Ұшқын өшіргіштері жоқ тракторлар мен көліктер қоймаға жұмыс істеуге жіберілмеуі керек. Қоймаға кірер алдында жүргізушілер ұшқын өшіргіштің жарамдылығын және нығыз бекітілуін тексерулері қажет.
678. Жұмыс істеп жатқан сүйретпелі тракторлар мен автокөліктер шығып тұрған құбырға, коллектроларға және сөндіргіштерге тиіп, тікелей жануды болдырмас үшін маяларға 3 м артық жақындауға болмайды.
679. Жем-шөпті арту кезінде машина сөндірулі болуы қажет. Машинаға қоймадан шығуға автокөлік пен шөп (сабан) жинау орнын мұқият тексергеннен кейін барып рұқсат беріледі.
680. Жем-шөп қоймасында өрт шыққан жағдайда кем дегенде 50м 3 кем емес су қоры болуы қажет.
2 параграф. Астық сақтау
681. Егін жинау науқаны алдында астық сақтайтын және кептіретін қоймалардың пайдалануға дайындығын тексеру қажет. Анықталған ақаулықтар астық кептіру мен қабылдауға дейін жойылады.
682. Астық сақтайтын қоймаларды оқшау тұрған ғимараттарда орналастыру қажет. Олардың қақпалары сыртқа қарай ашылуы және кедергісіз жұмыс істеуі қажет.
683. Астықты үйіп сақтағанда астықтың төбесі құрылыс төбесіне, электр сымдарына, жарықтандыру шамдарына кемінде 0,5 м қашықтықта жетпеуі қажет.
Ойықтар арқылы астықты тасымалдау орындарында, өртке қарсы тосқауылдарда оттан қорғағыш құрылғылар орнату қажет.
684. Мыналарға:
1) астықпен бірге басқа материалдар мен құрал-жабдықтарды бірге сақтауға;
2) қоймалардың іштерінде қолданылатын астық тазалау, басқа да машиналарда іштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;
3) қойманың екі жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге;
4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерде ТТ және ТЖС жағуға, ал сұйық отынмен жұмыс істеу кезінде тұтандыру үшін шамшырақ қолдануға;
5) кептіргіштерде ақауы бар температура өлшеуіштері мен оттықтағы от сөніп қалғанда отынды беруді автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлі тұтату жүйесімен немесе оларсыз жұмыс істеуге;
6) астықты транспортер лентасынан биік етіп үюге және лентаның транспортер тетіктерімен үйкелуіне жол беруге тыйым салынады.
685. Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда астық температурасын бақылауды үлгіні әр 2 сағат сайын алу арқылы жүзеге асырылады.
Арту-түсіру механизмдерін шаң-тозаң мен астықтан тазарту жұмыстары бір тәуліктен кейін жүргізіледі.
686. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасының ғимаратынан 10 м кем қашықтықта орнатылады.
Кептіргіштердің от жану жүйелерінен ұшқын шықпауы тиіс. Түтін шығу құбырлары ұшқын сөндіргішпен жабдықталып, олардың жанғыш құрылыстардан өтер тұстары отқа төзімді материалдармен оралып, сылануы қажет.
687. Астықты қойма ішін желдеткенде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 м аулақ орнатылуы тиіс. Ауа шығарғыштар отқа төзімді материалдардан жасалады.
688. Кептіргіштегі механизмнің мойынтіректері мен басқа да бөліктерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес майлау қажет.
689. Астықты кептіру кезінде қызмет етуші тұлғалар кептіру бөлмелерінде болып, оның жұмысына бақылау жүргізіп тұруы қажет.
28 тарау. Орман материалдарын сақтау
1 параграф. Жалпы талаптар
690. Көлемі 10000 м 3 артық ағаш сақтау қоймаларында ағаш сақтау талаптары ағаш қоймаларының жобалық нормаларына сәйкес болуы қажет.
691. Көлемі 10000 м 3 кем болған жағдайда, өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі өртке қарсы қызметі органдарымен қатарларды сақтау, орналастыру, олардың көлемі, өрттен сақтау арақашықтығы мен аралық қатынас жолдары, сондай-ақ қатарлармен көрші нысандар қашықтығы келісілуі тиіс.
692. Қатарлар арасындағы өрт қауіпсіздігі аралықтарына ағаш және басқа да құрал-жабдықтарды қоюға болмайды.
693. Қатарларға арналған алаңдар құрғақ шөптерден, жанғыш қоқыстардан тазартылып, құм, топырақ қалыңдығы 15 см кем болмастай етіп төселуі қажет.
694. Қатарлардың әрбір қоймасы үшін өрт шыққан жағдайда қатарларды артып әкету, техниканы, баланс қорларын және басқа да мүмкіндіктерді пайдалануды ескере отырып, өрт сөндіру жөніндегі іс-шаралардың жоспары жасалуы қажет. Әр жыл сайын көктем-жазғы өрт шығу қаупі бар маусым басталар алдында кәсіпорынның барлық аусымдары мен өрт сөндіру қызметкерлерін қатыстыра отырып, өрттен сақтау шаралары жөнінде жоспар жасалынады.
695. Қоймаларда өрт сөндіру кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қатар өртті жедел сөндіру жөніндегі шұғыл жоспарға сәйкес бекеттер құрылып, олар қажетті мөлшердегі құралдармен жабдықталуы қажет.
696. Қоймаларда ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға рұқсат берілмейді.
Ағаш материалдарды сақтау қоймалары өртке қарсы қызметімен келісе және қоймалардан белгілі қашықтықта өрт қауіпсіздігін ескере отырып салынады. Олардың жұмысшылары үшін тынығу үйлері болуы қажет.
697. Бұл ғимараттарды жылыту үшін тек зауытта дайындалған электр жылыту құралдары пайдаланылады.
698. Іштен жану қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін шығырларды көлденең дөңгелек ағаштар қатарынан кемінде 15 м қашықтыққа орнатылады.
Шығыр айналасы ағаш сынықтары мен қабығынан, қоқымнан таза болуы қажет. Жанар-жағар майлардың қоры бір бөшкеден артық емес, ол шығырдан 10 м, қатарлардан 20 м қашықтықта тұруы қажет.
2 параграф. Кесілген ағаш материалдарының қоймасы
699. Ағаш материалдар қатарларын артып-түсіру жұмыстары кезінде тасымалдау пакеттері жолдың тек бір шетіне жинақталып, көлік жолы 4 м кем болмау қажет.
700. Тасымалдау пакеттерін өртке қарсы арақашықтықтарда, көлік жолдарында, өрт сөндіру су көздері маңында жинақтауға жол берілмейді.
701. Механизмдердің уақытша тұрып қалуы кезінде тасымалдау пакеттерін қайта жинау мен қоюға, құрал-жабдықтар мен төсеу материалдарын сақтауға, тек арнайы алаңдарда рұқсат етіледі.
702. Тасымалдау пакеттерін су өткізбейтін қағазбен орау жұмыстары бірыңғай технологиялық процесс болмағанда арнайы бөлінген алаңдарда орындалуы қажет.
703. Пайдаланылған қағазбен оның жыртығын, кесінділерін бөлек контейнерге жинақтау қажет.
704. Жабық қоймалардағы штабельдер мен қабырғаның шығыңқы бөліктерінің арақашықтығы 0,8 м кем болмауы қажет. Қойма есіктері алдында, есік кеңдігімен бірдей, бірақ 1 м кем емес жол қалдырылады.
705. Жабық қоймаларда бөлу қабырғалары мен қызмет бөлмелері болмауы керек.
706. Жабық қоймалар мен бастырмалардың едендері жанбайтын материалдан жасалуы қажет.
3 параграф. Жоңқалар қоймасы
707. Жоңқаларды жабық қоймаларда, бункерлерде, және едені жанбайтын ашық алаңдарда сақтауға болады.
708. Жоңқаларды тасымалдайтын конвейерлерді қоректендіретін электрдвигателдер орналасқан үйшіктер отқа төзімдлігі ІІ дережеден кем болмауы қажет.
709. Жоңқалардың қыздыру температурасын өлшеуді бақылау үшін, бурт ішінде отқа төзімді материалдан жасалған құдық орнатылып, онда термоэлектрлік өзгерткіштер орнатылады.
29 тарау. Көмір мен торф қоймасы
710. Көмір мен торф жинайтын алаңдарды жасағанда, оларды жауын-шашын мен топырақ құрамы сулары көміп, шайып кетпеуін ескеру қажет.
711. Мыналарға:
1) жаңа қазылып алынған көмірді, өндірілгеніне бір айдан асқан көмір үйіндісіне қоса жинауға;
2) қоймаға жану қаупі анық байқалатын көмір мен торф қабылдауға;
3) жанып жатқан көмір мен торфты транспортирмен тасымалдауға және теміржол вагонына немесе бункерге артуға;
4) көмір мен торф қатарларын жылу жүйелері үстіне (бу құбырлары, ыстық су мен ыстық ауа құбырлары), сондай-ақ, электркабелі мен газ құбырлары өткен алаңдарда жинауға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |