Құжаттың грифі: Жариялануға тиіс Қабылданған нөмірі: 35



жүктеу 2,86 Mb.
бет12/16
Дата14.05.2018
өлшемі2,86 Mb.
#12856
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

      876. Шланг пен темір түтіктің жалғасқан жеріне ұзындығы 40-50 см сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан) кигізіледі.

      877. Ыдыс толған соң құбырдағы қалдық масса сорылып алынады.

      878. Қайнатылған битумды араластыру кезінде ерітінді құю (бензин, скипидар) қажет. Араластыру тек ағаш араластырғышпен ғана жүзеге асырылады.

      879. Битум массасын дайындаған кезде ерітінділерді қыздыруға радиусы 50 м ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.


  44-тарау. Дәнекерлеу және басқа да отпен

байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі

өрт қауіпсіздігі шаралары
  1 параграф. Жалпы ережелер
      880. Ашық отты қолдануға байланысты дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар осы бөлімнің талаптарына, сондай-ақ тиісті нормативтік құжаттар мен мемлекеттік стандартқа сәйкес орындалады.

      881. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар орны:

      1) үнемі осы мақсат үшін арнайы жабдықталып, ұйымдастырылған цехтарда, шеберханаларда және ашық алаңдарда;

      2) уақытша, отқа байланысты жұмыстар тікелей құрылып немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа құрылыстарда, жабдықтарды жөндеу мақсатындағы кәсіпорындар немесе құрылысты монтаждау аумақтарында болуы мүмкін.

      882. Отқа байланысты жұмыстардың 10 бекеттен көп (дәнекерлеу, кесу шеберханалары) орнын ұйымдастыру кезінде электр-газбен қамтамасыз ету орталығында қарастырылуы тиіс.

      883. 10 аспайтын бекеттері бар дәнекерлеу шеберханаларының әрбір бекетіне арналған жанғыш газбен және оттегімен толтырылған бір-бір артық баллондары болуы тиіс. Артық баллондар жанбайтын материалды қалқандармен қоршалуы немесе арнайы орында сақталуы тиіс.

      884. Үнемі дәнекерлеу жұмысы жүргізілетін орындардың едендері жанбайтын материалдардан жасалған болуы тиіс. Детальдарды алдын-ала қыздырмай дәнекерлейтін жайларда жанбайтын негізді ағаш едендерді орнатуға болады.

      885. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды жүргізуге белгіленген тәртіппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша сынақ тапсырып, өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша біліктілік куәлігіне берілетін арнайы талон (8-қосымша) бойынша тапсырылған тұлғалар жіберіледі.

      886. Арнайы шеберханалар мен ашық алаңдарда отты жұмыстардың тұрақты орны кәсіпорындар (ұйым) басшыларының бұйрығымен анықталады.

      887. Уақытша электр дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстардың тұрақты орны нысанның өрт қауіпсіздігіне жауап беруші тұлғасының жазбаша рұқсатымен, рұқсат үлгісі отқа байланысты жұмыстарды жүргізуге берілетін рұқсат қағазы ( 9-қосымша ) бойынша анықталады.

      888. Отты жұмыстарды жазбаша рұқсатсыз жүргізу өртке қауіпсіз орындарда және құрылыс алаңдарында, тек Ережені жақсы білетін және өрт-техникалық минимум бағдарламасын жақсы меңгерген жоғары білікті мамандарға рұқсат етіледі.

      889. Отқа байланысты жұмыстарды уақытша жүргізуге рұқсат тек жұмыс ауысымына беріледі. Бір жұмыс қатарынан бірнеше күнге немесе ауысымға жалғасатын болса, объект әкімшілігінен қайта рұқсат алу талап етілмейді.

      Мұндай жағдайларда әрбір келесі жұмыс ауысымына, берілген жұмыс орнын қайта тексергеннен кейін, алдында берілген рұқсат әкімшілікпен расталады. Отқа байланысты жұмыстардың жүргізілуіне уақытылы бақылау жүргізу мақсатында осы жұмыстарды жүргізуге рұқсат құрылыс әкімшілігінен объектінің салалық өртке қарсы қызметіне, ал егер болмаған жағдайда ерікті өртке қарсы құрамаға берілуі тиіс.

      Отқа байланысты жұмыстарға кірісуге шаралар орындалғаннан кейін барып рұқсат беріледі.

      890. Отпен жұмыс істейтін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс (от сөндіргіш, құмы бар жәшік, күрек, суы бар шелек т.б.).   Объектілерде   ішкі өртке қарсы су құбырларынан отты жұмыстарды жүргізу орнына өрт сөндіру крандарынан өрт сөндіргіш оқпанды жеңдер салынуы тиіс. Отты жұмыстармен айналысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі тиіс.

      891. Отты жұмыстарға жауап беруші тұлға жұмыс орнында өрт сөндіру құралдарының болуын тексеруге міндетті.

      892. Отпен тұрақты жұмыс істеу үшін өртке, өрт жарылу қаупі бар бөлмелерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

      893. Отпен жұмыс істейтін технологиялық жабдықтарды өрт пен жарылу қаупінен сақтау үшін:

      1) оларды өрт жарылу қаупі бар заттардан арылту;

      2) жұмыс істеп тұрған коммуникацияларды тоқтату (жұмыс жүргізуге қатысы бар коммуникациялардан басқа);

      3) алдын ала жуу, тазалау, булау, желдету, жұту және флегматизация жұмыстарын атқаруы қажет.

      894. Технологиялық жабдықтың ішкі құрылысын булағанда будың температурасы жанғыш будың (газдың) тұтану температурасының 80% мөлшерінен аспауы тиіс.

      895. Технологиялық жабдықтарды жуғанда ондағы бу (газ) тұтануынан төмен температурада немесе электростатикалық тәртіпте жуу қажет.

      896. Отпен жұмыс істейтін үй-жайларды, жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау әдістері онда жарылыс қаупі бар булы-тозаңды қосылыстар мен от көздерін түзбейтін болуы тиіс.

      897. Металдардың қызған бөлшектері қосалқы бөлмелерге, көршілес қабаттарға т.б. түсіп кетпеу мақсатында барлық бақылау, технологиялық және басқа да люктер (кішкене люктер), желдеткіштік, монтаждау ойықтары мен тесіктер, жаппалардағы, үй аралық қалқалардағы т.б. отқа жанбайтын материалдармен жабылуы тиіс.

      898. Отпен жұмыс істейтін жерлердің барлығы осы Ереженің 10-қосымшасында көрсетілген радиуста отқа қауіпті заттар мен материалдардан тазартылуы тиіс.

      899. Көрсетілген радиус аймағындағы құрылыстар, еден төсеніштері, қабырға әрлері, сондай-ақ жабдықтың бөліктері мен изоляциясы - жанғыш материалдардан жасалған асбест кенептерден және басқа да заттардан ұшқын түсуден қорғалуы, қажет болса сумен бүркелуі тиіс.

      900. От жұмысы жүргізіліп жатқан орынды көршілес үй-жаймен жалғастыратын барлық есіктері, соның ішінде тамбур-шлюздер есіктері нығыз жабылуы тиіс. Терезелер жыл маусымына, бөлмедегі температураға, жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты жұмыстың қауіптілігіне сәйкес мүмкіндігінше ашық болуы тиіс.

      901. ТТС және ЖС мен ЖГ жинақталу қаупі бар ғимараттар отпен жұмыс жүргізу алдында желдетілуі тиіс.

      902. Дәнекерлеу және кесу жұмыстары жүргізілетін үйлер мен жайлардағы - құрылыстарына отқа қауіпті материалдар қолданылған - жанбайтын материалмен жасалған қоршаумен қоршалуы тиіс. Қоршау материалының биіктігі 1,8 м кем емес, ал қоршау мен еден арасындағы саңлау 5 см артық болмауы тиіс. Жұмыс кезінде қызған бөлшектердің ұшып шашырауынан сақтану үшін саңлау көздері 1,0х1,0 мм металл тормен бітелуі тиіс.

      903. Отқа байланысты жұмысты бастаудың алдында және жұмыс кезінде технологиялық жабдық пен қауіпті аймақтағы бу, газ, ауа құрамы үнемі бақылауда болуы қажет.

      Егер де қауіпті аймақ пен технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы артып, флегматизаторлар құрамы төмендеп, жарылыс қаупі деңгейіне жуықтаған жағдайда, отпен жұмыс істеу тоқтатылуы тиіс.

      904. Отпен жұмыс істеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде люктер мен технологиялық жабдықтардың қақпақтарын ашуға, өнімді түсіруге, артуға, құйып алуға, ашық люктер арқылы салуға, егер олар өрт шығуына, жарылыс болуына - газдану мен шаң-тозаңданудан қауіп тудырса, жұмысқа рұқсат етілмейді.

      905. Жұмыс кезіндегі үзілісте жұмыс уақыты аяқталысымен дәнекерлеу аппараты ток көзінен, ал шлангілер жанғыш сұйықтар мен газдардан ағытылуы, дәнекерлеу лампаларындағы қысым толық шығарылуы тиіс.

      906. Жұмыс аяғында барлық аппараттар мен жабдықтар арнайы орынға жинастырылып қойылуы қажет.

      907. Отпен жұмыс кезінде:

      1) аппаратта ақау болғанда жұмыс бастауға;

      2) отқа жанғыш бояулармен сырланған құрылыстар мен бұйымдарды дәнекерлеуге;

      3) жұмыс киімінде майлардың, бензиннің, керосиннің жанғыш заттардың дақтары болса;

      4) дәнекерлеу кабиналарында киімді, ТТС және ЖС және өзге де жанғыш заттарды сақтауға;

      5) дербес жұмысқа оқушыларды, мамандығы жөнінде куәлігі мен өрт қауіпсіздік талоны жоқ жұмысшыларды жіберуге;

      6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған, қысылған газдары бар баллондармен үйкелісуіне;

      7) жанғыш және улы заттарға толы электр кернеуіне қосулы аппараттармен және коммуникациялармен жұмыс істеуге;

      8) отпен байланысты жұмыстарды шатырдағы гидроизоляциялы, бунзоляциялы қондырғылармен, жанғыш және ауыр жанғыш панельдерді монтаждаумен, еден төсеніштері мен бөлмелерді әрлеу (жанғыш заттар мен желімдерді, лактарды т.б.) монтаждап, бір мезгілде істеуге;

      9) электр дәнекерлеушімен және газ дәнекерлеушімен (газ кескіш) бір мезгілде жабық сыйымдылық пен бөлмелердің ішінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

      908. Үй бөліктерінің жеңіл металл құрылыстардан, жанғыш және ауыр жанғыш жылытқыштар толтырылған бөліктерде отпен байланысты жұмыстарға рұқсат етілмейді.

      909. Мұздатқыштардағы электр дәнекерлеу жұмыстары қабырғалары қалың (сылақ, бетонды және армобетонды сылақтар) және өртке қарсы қойылатын белдіктері бар, жанғыш материалдардан босатылған касералар мен бөліктерде ғана жүргізілуі тиіс.

      910. Қоғамдық және тұрғындық ғимараттарда түбегейлі жөндеу және жаңарту жұмыстары кезінде отты жұмыстарды ұшқын мен жануға қарсы шаралар қабылданғаннан кейін жүргізу қажет.

      911. Өндірістің тоқтаусыз жұмыс істейтін цехтарында түбегейлі жөндеу, жаңарту және отты жұмыстарды жүргізгенде кәсіпорын әкімшілігі осы кезеңге өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын күшейту жоспарын жасауға міндетті.

      912. Көптеген өрт қауіпті, отты жұмыстар, сондай-ақ биікте жұмыс істеген кезде өрт бекеттерін тұрғызу қажет.

      Биікте жұмыс істейтін жұмысшыларда электродты тұқылдарды жинауға арналған металл қораптар болуы тиіс.

      6 баллдан жоғары жел тұрғанда биікте жұмыс істеуге жол берілмейді.

      913. Өрт қауіпсіздігіне жауапты объект жетекшісі немесе басқа қызметтік тұлға отты жұмыстар аяқталған соң орнына 3-5 сағат ішінде тексеру жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
  45-тарау. Электрлік дәнекерлеу жұмыстары
      914. Дәнекерлеу сымдары изоляциясыз немесе бүлінген изоляциялы, сондай-ақ, стандартты емес қорғану аппаратын қолдануға рұқсат етілмейді.

      915. Дәнекерлеу сымдарын өзара престеу, дәнекерлеу немесе арнаулы қысқыштармен жалғастыру қажет. Электр сымдарын дәнекер тұтқасына және дәнекер аппаратына мыс тетіктер (шайбалы) арқылы жалғастыру қажет.

      916. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қолғапшасы өзге қондырғыларға, дәнекерлеу орнына жалғанатын сымдар сенімді түрде оқшауланып, қажетті жағдайларда жоғары температурадан, механикалық зақымданудан, химиялық әсерден қорғалуы тиіс.

      917. Электр дәнекерлеу кабельдері (сымдары) оттегі жүретін түтіктерден 0,5 м, ацетилен жүретін түтіктерден кемінде 1 м қашықтықта болуы тиіс.

      Дәнекерленетін бұйымнан дәнекерлеу тоғына кері тасымалдаушы ретінде болат немесе алюминий шиналар (сымдар), дәнекерлеу плитасы, сөрелер немесе дәнекерлеуші бұйымның өзі, егер көлденең кесіндісі сәйкес келсе қызмет ете алады.

      918. Кері тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын заттар өзара болаттармен, қысқашпен т.б. жалғастырылады.

      919. Өрт және жарылу қаупі күшті жағдайларда, кері тасымалдаушы зат ретінде, дәл электр қуаты тура келетін кабель сияқты жақсы изоляцияланған кабельді пайдалану қажет.

      920. Кері тасымалдаушы зат ретінде ішкі теміржолдарды, жермен жалғастыру немесе бейтраптандыру тораптарын сондай-ақ үйлердің металл құрылыстары мен технологиялық жабдықтарды, коммуникацияларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      921. Ашық ауада орнатылған дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлары, сондай-ақ оларға көмекші құралдар мен аппараттар ылғалға қарсы изоляциямен жабық түрде орындалуы және жанбайтын материалдардан жасалған шатыр астында орнатылуы тиіс.

      922. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерінің тұтқасы электродты жылдам ауыстыру мен нығыз қысып тұруды, сондай-ақ дәнекерлеуші затпен қысқа тұйықталмауды, қолдан түсе қалған жағдайда жабысып қалмауды қамтамасыз етуі тиіс.

      923. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыш құрылымы берік ұстағышпен және жылдам ауыстырылатын электродтармен қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ жұмыс барысында уақытша үзіліс кезінде немесе олардың металл заттардың үстіне түсуін болдырмау қажет. Дәнекерлеуші тұтқаның сабы отқа төзімді, диэлектрлі және жылу өткізбейтін материал болуы тиіс.

      924. Дәнекерлеу кезінде қайталанатын электродтар зауытта жасалған, жұмыс кезіндегі тоқ номиналына сәйкес келуі тиіс.

      Дәнекерлеу барысындағы электродтар қалдықтарын жұмыс орнындағы темір жәшіктерге жинақтау қажет.

      925. Электр дәнекерлеу агрегаты жұмыс кезінде жермен жалғастырылуы тиіс. Негізгі дәнекерлеу қондырғысынан басқа, дәнекерлеу трансформаторының екінші орамына келетін тасымалдау сымын да жермен жалғастыру қажет.

      926. Агрегат пен жүргізіп жіберу механизмін күн сайын жұмыстан кейін тазалап тұру қажет. ТҚК мен жоспарлы жөндеу жұмыстары тиісті кесте бойынша атқарылуы тиіс.

      927. Атомды-суттекті дәнекерлеу қондырғыларында доғаны қоректендіру бөлек транформатордан жүргізіледі. Доғаны тікелей бөлу қорабынан кез келген үлгідегі реттегіш арқылы қоректендіруге жол берілмейді.

      928. Атомды-сутекті дәнекерлеуде ысытқышта тізбек үзіле қалған жағдайда кернеуді ағытып тастаудың автоматты тетігі орнатылуы тиіс.

      929. Тізбекке қосылған ысытқышты қараусыз тастауға болмайды.

      930. Өрт жарылыс қаупі бар аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде:

      1) тұрақты тоқ көздерін пайдалану қажет немесе айнымалы тоқты пайдаланғанда олардың құрылысында импульсті генераторлары - электрод пен дәнекерленуші зат арасындағы кернеуді доғаның қайталана қозуы кезінде көтеретін ("разряд" типіндегі тоқ көзі) болуы қажет;

      2) П-II класындағы өртке қауіпті жағдайларды қиын тұстардағы шаң-тозаңды кетіру үшін 1 м 2 алаңға 1 л есебінен дайындалған көбіктенгіш ерітіндімен жуылуы қажет;

      3) тігінен және төбедегі дәнекер жұмыстары диаметрі 4 мм үлкен емес электродтармен атқарылады. Бұл жағдайда қайталанылған тоқ қуаты төменгі көлбеу жағдайдан 20 пайыз кем болуы тиіс;

      4) электр қондырғысын іске қосу алдында дәнекерлеу тұтқасында электрод болмауына көз жеткізу қажет.
  46-тарау. Газбен дәнекерлеу жұмыстары
      931. Тасымалдық ацетилендік генераторларды пайдалануға рұқсатты объект әкімшілігі береді.

      932. Жылжымалы ацетилен генераторларын ашық алаңдарда орнату қажет. Оларды уақытша жақсы желдетілетін жайларда қолдануға жол беріледі.

      933. Ацетилен генераторларын отпен жұмыс істейтін жерден 10 м қашықтықта, сондай-ақ ауа сорушы компрессорлар мен желдеткіштерден 10 м қашықтықта болуы тиіс.

      934. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге "Бөгде адамдарға кіруге болмайды!", "Отқа қауіпті!", "Темекі шегуге болмайды!", "От алып өтуге болмайды!" - деген аншлагтар (плакаттар) ілінуі тиіс.

      935. Жылжымалы генератордағы кальций карбиді жұмыс соңында зиянсыздандырылады. Генератордан алынған әк балшығы осындай мақсатқа арналған ыдысқа немесе әк балшығына арналған бункерге, шұңқырға тасталады.

      936. Әр балшығына арналған ашық шұңқырлар шарбақпен қоршалып қойылады, ал жабық шұңқырлар ауа сору желдеткішімен және әкету тесіктерімен жабдықталады.

      937. Әк балшығы тасталған жерде радиусы 10 м аймақта темекі шегуге, от жағуға рұқсат берілмейді. Ол жөнінде арнайы ескерту ілінуі тиіс.

      938. Аппарат ниппельдерінен газ тасымалдайтын шлангілер ысытқыштарға, кескіштерге, редукторларға сенімді түрде жалғанып, қамытпен қысылуы немесе екі жерінен күйдірілген (тоқыма) сыммен байлануы тиіс.

      Су ысырмалары никкельдеріне шлангілер тығыз кигізілгенімен қамытпен бекітілмейді.

      939. Кальций карбиді құрғақ желдетілетін жайларда сақталуы тиіс.

      Кальций карбидін жертөлелер мен су түсетін төмен жерлерде сақтауға рұқсат етілмейді.

      Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидінің барабандарын тігінен үш қабат етіп жинайды, ал механикасы жоқ қоймаларда көлденеңінен екі қатардан және тігінен екі қатардан артық жинауға рұқсат берілмейді. Барабандар қатарының аралығына қалыңдығы 40-50 м тақтай төселеді.

      Қатарларға жиналған кальций карбиді барабандарының аралық жолы 1,5 м кем болмауы тиіс.

      940. Ацетилен қондырғылары бар жайларда, егер кальций карбидін сақтайтын орын болмаса, 200 кг дейінгі кальций карбидін сақтауға болады. Бұл жағдайда тек бір барабан ғана ашылуы тиіс.

      941. Ашылған кальций карбиді бар барбандарды су тиюден сақтау қажет.

      942. Кальций карбидін сақтайтын, ашатын орындарда темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.

      943. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау барысында оларға бұрамалы қалпақтар кигізіледі. Баллондарды тасымалдау кезінде олар соққыланбауы тиіс. Дәнекерлеу жұмыстары орнына баллондар арнайы арба, зембіл, шанамен жеткізіледі.

      944. Газ толтырылған баллондарды сақтау кезінде "қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдаланудың қауіпсіздік және орнату ережесі" басшылыққа алынуы тиіс. Газы бар баллондар сақталу, тасымалдау және жұмыс кезінде күн және өзге де жылу көздерінен қорғалуы қажет.

      945. Ғимараттарға орнатылған, сақтауға қойылған баллондар жылу аспаптары мен пештерден кемінде 10 м, ал ашық от көздерінен кемінде 5 м қашық болуы қажет.

      Рампалы (топты) баллондар ысытқыштан (көлденеңінен) кемінде 10 метр, ал оттегі немесе ЖГ бар жеке баллондардан кемінде 5 метр қашық болуы қажет.

      Бір ғимараттың ішінде оттегі, ЖГ баллондарын, кальций карбидін, бояулар мен майларды сақтауға рұқсат етілмейді.

      946. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегі және бес ацетиленді қосалқы баллондар болуы керек.

      947. Бос оттегі ЖГ баллондарымен жұмыс істеген кездегі сақтық шаралары толы баллондармен жұмыс істегендей болуы қажет.

      948. Газбен пісіру және газбен кесу кезінде:

      1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және өзге де дәнекерлеу аппараттарының бөлшектерін ашық отпен, қызған затпен жылытуға;

      2) оттегі баллондарын, редукторларды және өзге де дәнекерлеу аппараттарының бөлшектерін әртүрлі майларға, май киімге, май сіңген шүберекке тиюіне жол берілмейді;

      3) бір су ысырмасынан (затвор) шығатын түтікпен екі дәнекершінің жұмыс істеуіне;

      4) өте ірі кальций карбидін генераторға салуға, салу үшін металл заттар мен сымды пайдалануға, сондай-ақ карбид ұнтағымен жұмыс істеуге;

      5) кальций карбидін су болған себетке немесе газ жинағышта су бар кезде салуға, сондай-ақ генераторда "сулы карбид" бар кезде карбид себетін салуға;

      6) ЖС арналған шлангыны оттегімен үрлеуге, керісінше, оттегі бар шлангыны ЖС үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезінде олардың шлангыларын өзара ауыстыруға;

      7) ұзындығы 30 м асатын, ал монтаждау кезінде 40 м асатын шлангілермен жұмыс істеуге;

      8) газ жүретін шлангілерді бұрауға, сындыруға, қысуға;

      9) газ жинағышында ацетилен бар кезде генераторды тасымалдауға;

      10) ацетилен генераторының газ қысымын арттыруға, сондай-ақ, қысымды арттыру үшін кальций карбиді мөлшерін артық салуға, арнайы рұқсат етілмейді;

      11) кальций карбиді бар барабанды мыс аспаппен ашуға, сондай-ақ ацетилен аппаратын дәнекерлеу үшін мысты пайдалануға, әсіресе оның ацетиленмен жұғысуы мүмкін жағдайда жол берілмейді.
  47-тарау. Сұйық жанғыштар қолданылатын

отпен байланысты жұмыстар


  1 параграф. Металл кесу
      949. Бензинмен, керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезінде де жұмыс орны электр дәнекерімен жұмыс істегендей етіп ұйымдастырылады. ТТС және ЖС төгілуіне жол бермеуге және оларды дұрыс сақтауға, тәртібін ұстауға, ыдыстағы сұйықтың жұмсалуына ерекше назар аударылады.

      950. Бензинмен және керосинмен кесу орындарындағы отын қоры бір ауысым қажетінен аспауы керек. Отын сынбайтын, дұрыс формадағы, аузы тығыз жабылатын ыдыста, отпен жұмыс істеу орнынан кемінде 10 м қашықтықта сақталады.

      951. Бензинмен, керосинмен кесу агрегаттарына пайдаланылатын отын ешқандай қоспасыз, суы жоқ таза болуы тиіс. Жұмыс багын, оның көлемінің 3/4 бөлігінен толтыруға болмайды.

      952. Отын багы ақаусыз және герметикалы болуы тиіс. 5 атм. қысымда сынақтан өтпеген, отын ағызатын, ақауы бар сорғыш пен манометрлі отын багын пайдалануға болмайды.

      953. Жұмысты бастаудан бұрын бензо-керосин кескіштің шлангілерінің бүтіндігін, ниппельдермен жалғану тұсын, бұрандалардың ақаусыз тұсын тексеру қажет.

      954. Кескіштің тозаңдатқышын жұмыс орнында ТТС және ЖС құйып жылытуға рұқсат етілмейді.

      955. Отын багы оттегі бар баллоннан және от көзінен 5 м қашықтықта, жұмыс орнынан 3 м қашықтықта болуы керек. Осының өзінде отын багына жұмыс кезінде ұшқын шашырамайтындай орнатылуы қажет.

      956. Бензинмен, керосинмен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде:

      1) отыны бар бакта кескіш оттегі қысымынан артық қысым ұстауға;

      2) кескіштің буландырғышын қатты қыздыруға, сондай-ақ кескішті жұмыс кезінде басын жоғары ұстап, ілуге;

      3) кескішке оттегімен отын беруші шлангілерді қысуға, сындыруға, бұрауға;

      4) кескішке оттегі беретін шлангіні отын беретін шлангі ретінде пайдалануға жол берілмейді.


  2 параграф. Дәнекерлеу жұмыстары
      957. Дәнекерлеушімен жұмыс істегенде жұмыс орны жанғыш материалдардан таза және 5 м қашықта болуы керек, жанғыш материалдар қоршалып немесе көбіктендіргішпен, сумен бүркелуі қажет.

      958. Дәнекерлеу шамдары толық ақаусыз болып, айына бір рет герметикалық жағдайы тексеріліп, нәтижесі арнайы журналға жазылуы қажет. Одан басқа жылына бір рет оларды гидросынақтан өткізу қажет.

      959. Әрбір дәнекер шамының зауыттың гидросынақтан өткізілгені жөніндегі құжаты және рұқсат етілетін қысым мөлшері белгілі болуы қажет. Сақтандыру клапандары тиісті қысымға реттеліп, манометрлері ақаусыз жағдайда болуы қажет.

      960. Дәнекерлеу шамдарына май құю мен оларды іске қосу арнайы орындарда атқарылуы қажет.

      961. Дәнекерлеу шамдарына жалын шашылмау үшін құйылатын отын бөтен қоспалар мен судан тазартылады.

      962. Дәнекерлеу шамы жарылып кетпеу үшін:

      1) керосинмен жұмыс істейтін лампаларға бензин немесе бензин мен керосин қоспасын қолдануға;

      2) шамды ауамен толтырғанда құжатында көрсетілген қысымнан артық қысым беруге;

      3) шамға оның ыдысының 3/4 бөлігінен артық отын құюға;

      4) шам суымай тұрып, ауа винтін немесе отын құю қақпағын ашуға;

      5) ашық от қасында шамды жөндеуге немесе оған отын құюға (оның ішінде жанған сіріңке мен темекі жақындатуға) жол берілмейді.
  48-тарау. Бөлмелерге жылу беру және кептіру

қондырғыларын орнату және пайдалану кезіндегі

өрт қауіпсіздігі шаралары
  1 параграф. Жалпы талаптар
      963. Бірыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарды жылыту үшін тек бу және май калориферлері және зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.

      964. Су киімдер мен аяқ киімдерді кептіру тек орталықтан бу арқылы жылытылатын арнайы бөлмелерде немесе су калориферлерін пайдалану арқылы кептірілуі тиіс.

      965. Кептіру құралдарын тамбурларда және басқа да шығу жолдарына орнатуға тыйым салынады.

      966. Металл құрылысты полимерлі жылытқыштар орнатылған үйлерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде ауа немесе сумен жылыту жүйелерін пайдалануға болады, олардың от жағылатын бөлігі үйден тыс кемінде 18 м қашықтықта, өртке қарсы қабырғадан сырт орналасуы тиіс.

      Жылу құбыры мен қоршау құрылысына дейінгі аралық 100 метрден кем болмау тиіс.

      967. Жылу бөлмелерінде ашық от жағуға, ашық отты пайдалануға, электр калориферлерін, газ жылытқыштарын, инфрақызыл сәулелі жылытқыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді.


  2 параграф. Бөлмелерді инфрақызыл сәуленің газды

жылытқыштарымен кептіру кезіндегі


жүктеу 2,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау