Құжаттың грифі: Жариялануға тиіс Қабылданған нөмірі: 35



жүктеу 2,86 Mb.
бет7/16
Дата14.05.2018
өлшемі2,86 Mb.
#12856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

      Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелер мен қадағалау шұңқырларын май сіңген, сүртілген материалдардан тазарту қажет.
  21-тарау. Аккумуляторлық станциялар
      462. Аккумуляторлық станциялар (шеберханалар) отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес бөлмелерде орналастырылуы тиіс.

      Аккумулятор станцияларының есіктерінде "Аккумуляторлық", "От қаупі бар!", "ОТПЕН КІРМЕ!", "ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген жазулар болуы тиіс.

      Аккумулятор станцияларындағы бөлме едендері қышқыл тарамайтын (сілті тарамайтын), ал қабырғалары, төбелері, есіктері, терезе ағаштары, желдеткіш қораптары мен басқа да жабдықтар қышқыл дарымайтын (сілті дарымайтын) бояулармен сырлануы тиіс. Терезелері әйнекпен немесе күңгірт   әйнекпен әйнектелуі тиіс. Ыстық климатты аудандарда терезелерге көлеңкелік күн қағарлар орнатылуы қажет.

      463. Қышқылды және сілтілі аккумуляторларды жөндеу, сақтау және зарядтау әр түрлі бөлмелерде жүргізілуі тиіс.

      Жөндеу, зарядтау, генераторлық және электролитті учаскелер жекешеленген қабырғалары жанбайтын бөлмелерде орналасады. Атқарылатын жұмыс көлемі шағын болса (бір уақытта 10 аккумуляторға дейін), аккумуляторларды зарядтау мен жөндеуді бір бөлмеде арнайы зарядтау шкафында жүргізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда зарядтау қалқаны зарядтау шкафына қарама-қарсы орналасуы қажет. Мұндай бөлмелерде батареяларды зарядтау процесінде ашық отты пайдалануға болмайды.

      464. Аккумуляторлық станциялардың электр жабдықтары мен шырақтары (оның ішінде тасымалдаушы) жарықтан қорғағыш күйде болуы тиіс. Қосқыштар, штепсельді розеткалар, тежегіштер аккумуляторлық станциялары бөлмелерінің сыртында орналастырылуы қажет. Аккумуляторларға жарықтандыру сымдарын жалғау қышқыл дарытпайтын (сілті дарытпайтын) қабықты сыммен орындалуы қажет.

      465. Аккумулятор станцияларының бөлмелері қышқылдық және сілтілік аккумуляторлы учаскелерге арналған жеке тармақтық-сорғыш желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Желдеткіштің электр қозғалтқышын бөлме сыртында орналастыру қажет. Зарядтау бөлмесі мен шкафының желдеткіш жүйесі аккумуляторлық станциялардың басқа бөлмелерінен оқшауланған болуы тиіс. Желдеткіштік арналары мен түтін жолдарын немесе жалпы желдеткіш жүйесін шығаруға болмайды. Зарядтау бөлмесінің (шкафтың) желдеткіш жүйесі желдеткіш жұмысы тоқтаған жағдайда соңғысын сөндіру мақсатында зарядтау тогын беру қондырғысымен автоматты түрде қоршалған болуы тиіс.

      466. Аккумуляторлық станцияларға орталық сумен немесе калорифермен жылу берілуі тиіс. Орталық жылу беру құбырлары зарядтау бөлмелерінің көлемінде дәнекерлеу арқылы жалғанған және тегіс болуы тиіс. От жағу тесіктері, тазалау есіктері, ысырмалар және келте құбырлар бөлме сыртында орналасқан болса, пешпен жылыту жүйесін орнатуға болады. Аккумуляторлық станцияларда электр пештерін орнатуға тыйым салынады.

      467. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау процесінде мынадай:

      1) ұшқын болмас үшін сымдардың батарея клеммасына берік жалғану;

      2) батарея банкасындағы қақпақтардың ашық болуы;

      3) зарядтау тогын қосу және зарядталған аккумуляторларды сақтауға тек ағынды сорғыш желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда рұқсат беру;

      4) өткізгішті жеке аккумуляторлардан ажырату зарядтау тогы өшірулі тұрғанда жүзеге асыру;

      5) зақымдалған өткізгіштерді тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттігінің талаптарын сақтау қажет.

      468. Аккумуляторлық станциялардың зарядтау бөлмелерінде дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданатын жұмыстар батарея зарядталып біткеннен кейін екі сағаттан соң және бөлме мұқият желдетілгеннен кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу немесе дәнекерлеу шамын қолданған кезде бөлмені үзіліссіз желдету қажет. Бөлмелер отқа төзімді қалқандармен қоршалуы тиіс.

      469. Аккумуляторлық станциялардың бөлмелерінде:

      1) темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

      2) бір ауысымдық қажетіліктен асатын қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға;

      3) жұмыс орнында арнайы киімді және басқа бөтен заттарды қалдыруға жол берілмейді.
  22-тарау. Жуу және сырлау жұмыстары
      470. Жуу және сырлау цехтары, учаскелер мен бөлімшелер, әдетте, отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бірқабатты ғимараттарда орналастырылуға, ішкі қабырғасындағы терезесі ойықты болуы және жапсарлас өндірістік бөлмелерден жанбайтын қабырғалармен бөлінуі тиіс. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас бөлмелерге шығу ауа екпінінің түсуін қамтамасыз ететін шлюздің тамбуры арқылы өтуі тиіс.

      471. Сырлау цехтарын ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған бөлмелерде, өртке қарсы қабырғалармен бөлінген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есігі бар бөлмелерде орналастыруға рұқсат етіледі.

      472. Жуу және сырлау бөлмелерін көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, астыңғы және бірінші қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.

      473. Бояу дайындайтын бөлімшелер сыртқы қабырғасында терезелі ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас бөлмелерден жанбайтын қабырғалармен оқшауланған бөлмелерде орнатылуы қажет.

      474. Жуу және сырлау цехтарының, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелердің едені жанбайтын, электрсымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерітінділерге төзімді болуы тиіс.

      475. Жуу және сырлау цехтарының қабырғаларының үстіңгі қабаты кемінде 2 м және тазалануы оңай жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.

      476. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің бөлмелері дербес механикалық үрлеу-сору желдеткішімен және нүктелік сору бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерімен, кептіру камераларымен жабдықталуы қажет. Сырлау цехтарындағы ауаның ылғалдылығы автоматты түрде 65-75 пайыздық мөлшерде болуы керек. Аталған бөлмелерде қауіпті жарылыс қосылыстарының пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газталдауыш орнатылады.

      477. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлімдердің жылу беру аспаптарының беті тегіс болуы және 95 градустан артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берілмейді.

      478. Жуу және сырлау цехтарының, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің электр жабдықтары мен шырақтары жарылыстан қорғайтын нұсқада жасалынуы қажет. Электрлік іске қосатын қондырғылар нүктелі электрмагниттік жібергіштер жуу және сырлау бөлмелерінен тыс орнатылады.

      479. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық ілмекті тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауіпсіздігі канализациясы болуы қажет. Соңғысын жүйелі түрде бояу қалдықтарынан тазалап тұру керек.

      480. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлімдердің жылжымалы технологиялық құралдарын (баспалдақтар, тақтайлар, сүйретпелер, жеңіл баспалдақтар) соққы және үйкеліс кезінде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықтау қажет.
      481. Жуу және сырлау цехтарының және бояу дайындайтын бөлімдердің және лакпен бояу зертханасының бөлмелері үнемі реттелген таза болуы қажет. Жұмыс орнында бөлмелер мен жабдықтарды жинастыру сулы тәсілмен әр ауысымда бір рет жүргізіледі.

      Еденге төгілген лактарды, бояулар мен ерітінділерді ағаш үйіндісі мен судың көмегімен дер кезінде жинап алу қажет.

      Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупі бар органикалық ерітінділерді пайдалануға жол берілмейді. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейін жабылатын арнайы металл жәшіктерге салынып, ауысым соңында белгіленген орынға апарылады. Лакпен бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгіленген алаңдарға жиналады.

      482. Жуу және сырлау процесінде статистикалық электр зарядын сөндіру үшін барлық техникалық жабдықтар, бояу бүріккіштер, еріткіштер мен лакты бояуларға арналған құбырлар (иілгіш шлангілер), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, детальдар және басқа да бұйымдар берік түрде жерге қосу қажет.

      Жерге қосатын электродтың қарсылық көрсету маңызы 10 Ом аспауы керек.

      483. Жеке тораптар мен детальдарды және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық өрт шығу қаупі бар ерітінділерге статикаға қарсы ерітінді қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге қосылатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата салфеткамен жүргізген дұрыс.

      484. Статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және болдырмау үшін:

      1) жұмысшылар мен қызметкерлерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға;

      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге қосылған аймақ қабаттарының қондырғысын қарастыруға;

      3) есік тұтқаларын, баспалдақ ағаштарын, құралдардың саптарын жерге бекітуге;

      4) жұмысшыларды ток өткізгіш аяқ-киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз етуге жол бермеу қажет;

      5) жұмысшыларды (мүмкіндігінше жиірек) өздерінен статикалық электр зарядты жерге қосылған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигізу тәсілімен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупі бар органикалық ерітінділер мен лакты сырлардың жанынан алыс жерлерде түсіріп тұруға міндеттеу қажет.


  23-тарау. Метрополитендер
       485.   Әрбір станцияда өрт болған немесе түтіндеген жағдайда шахта тоннельдеріндегі желдеткіштің жұмысы кезінде метрополитен жұмысшылары іс-қимылдарының тәртібі, жолаушыларды құтқару жоспары, өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі тәртіп, өрт сөндірудің шұғыл жоспары болу қажет. Бұл құжаттар станция кезекшісінің бөлмесінде сақталады. Шұғыл өрт сөндіру жоспарының екінші данасы аға кассирде сақталады және өрт сөндіру басшысының бірінші талабы бойынша беріледі.

      486. Жұмыс істеп тұрған тоннельдер мен станциялардың қиылысу орындары жаңадан салынып жатқан немесе қайта салынып жатқан объектілердің жұмысы басталмас бұрын отқа төзімді, түтін өткізбейтін заттармен қоршалуы тиіс. Жұмыс ұйымдастыру барысында жұмыс істеп тұрған метрополитен желісіне телефон байланысы бар кезекші қойылады.

      487. Станция қабырғаларына, төбелеріне, құтқару жолдарына (дәліздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар), сондай-ақ тоннельдің жер асты дәліздері мен вестибюльдеріне жарнамалар орнату материалдарына тек отқа төзімді материалдар қолданылады.

      488. Метрополитендердің жер асты кеңістігінде орнатылған киім шкафтары жанбайтын материалдардан болуы қажет.

      489. Станцияның жер асты құрылыстарында, мемлекеттік өрт қадағалау органдарымен келісілген, әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрден аспайтын екі газ баллоннан артық сақтауға болмайды.

      490. Метроплитеннің жер асты жолдарында отпен атқарылатын жұмыстар қызмет басшысының өкімімен орындалатын авариялық сипаты бар жұмыстарды болдырмас үшін түнде тек электр желілері ағытылғаннан кейін орындалады.

      491. Жұмыс істеп тұрған тоннельдердегі газбен және электрмен дәнекерлеу жұмыстарын тек жылжымалы көлікке орнатылған арнайы агрегаттар арқылы жүргізуге болады.

      492. Тоннельдерге жанар-жағармайларды жеткізу осы мақсатқа арналған жабдықталған рельспен қозғалатын көлікте арнайы үлестіретін ыдыстарда тек түнгі мезгілде (метрополитенде жолаушылар жоқ кезде) жүзеге асырылуы тиіс.

      493. Тоннельдерге жанар-жағармай жеткізуші көліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

      494. Өртке қарсы тәртіпті тексеру үшін станция мен кабель коллекторлары бөлмелеріндегі авариялық тақтада нөмірлері көрсетілген кілттер станция кезекшілері кабиналарында болуы тиіс. Бұл бөлмелерді тексеру жұмысы станция кезекшісінің немесе қызмет өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      495. Жер асты кеңістігінде орналасқан техникалық кабинеттердегі оқу сыныптарының сыйымдылығы 30 адамнан аспауы қажет.

      496. Метрополитендердің жер асты кеңістіктеріндегі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде металл тұғырлар қолдану қажет.

      497. Жұмыс істеп тұрған тоннельдерде:

      1) газ генераторларымен жұмыс істеуге;

      2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сіңіруге, битум қыздыруға жол берілмейді.

      498. Машина залдарында, экскалаторлар бөлмелері мен демонтаж жасау камераларында қосалқы бөлшектерді, жағармай мен өзге де материалдарды жинауға жол берілмейді.

      499. Тоннельдердегі кабель желілерін сырлау қызмет басшыларының рұқсатымен және мемлекеттік өрт қадағалау органының келісімімен тек түнгі мезгілде жүргізуге болады.

      500. Электр поездарының вагондарын ақаусыз жұмыс істейтін "жолаушы-машинист" байланысымен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет.

      501. Машинисттердің кабинасына орнатылған электр пештері нығыз бекітіліп және дербес қорғану жүйесі болуы қажет. Пештерге және оған жақын жерлерге әр түрлі жанғыш заттарды қоюға болмайды.

      502. Сауда дүңгіршектерін станцияның жер үсті вестибюльдері мен жол асты өткелдеріне ғана орнатуға болады. Дүңгіршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгіршектері жолаушылардың жүріс-тұрысына кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.

      503. Дүңгіршектерге жылу беру үшін май электр радиаторларын немесе жылытқыш электр панельдерін қолдану қажет.

      504. Дүңгіршектерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшісі бар бөлмеге белгі беретін автоматты өрт дабылымен қамтамасыз ету қажет.

      505. Мыналарға:

      1) ТТС, ЖС, ЖГ, аэрозольді орамадағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдар мен отқа қауіпті басқа да материалдарды сатуға және пайдалануға;

      2) станция бөлмелерінде тауарларды, оралған материалдарды, сауда бұйымдарын сақтауға жол берілмейді.
  24-тарау. Теміржол көлігі
      506. Вокзал ғимараттарында дүңгіршектер мен өзге де жолаушыларға қызмет көрсету түрлерін орналастыру келісім бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      507. Қол жүктерін сақтау камералары мен жүк бөлімдеріндегі сөрелер жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдар орнатуға жол берілмейді.

      508. Паравоз деполары мен локоматив қорларының базаларында:

      1) отын бөлімі жұмыс істеп тұрған паравоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғыш зонттарының шегінен тыс жерде от алдыруға;

      2) депо тұрағында және арнайы белгіленбеген орындарда пештің оттығы мен күлін тазалауға;

      3) ТТС, ЖС, қауіпті және өзге де жанғыш жүктері бар жылжымалы құрамды белгіленген паровоз оттығын тазалау орнынан кемінде 50 м қашықтықта орнатуға;

      4) ТТС және ЖС цистерналарын, сондай-ақ аталған сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай депо тұрағында қоюға;

      5) жанармайлар мен майларды шелектерге, қаңылтыр табаларға және көмекші ыдыстарға тікелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;

      6) технологиялық процестермен бекітілмеген орындарда тепловоздарға отындар мен жанар-жағармайларды құюға;

      7) жанар-жағармай бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.

      509. Шлак тазалайтын орларды жанғыш материалдар сақталатын қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзімділігі IV, IVa және V дәрежелі ғимараттардан кемінде 50 м қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшіріліп, үнемі алынып тасталуы қажет.

      510. Локомативтер (паровоздар) қорларының базалары негізгі жолдардан қашық орналастырылып, сырты қоршалады және сыртқы жарықпен қамтамасыз етіледі.

      511. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) арналған алаңдар станцияның тұрпатты технологиялық процесінің талаптарына жауап беруі және станциялық және тракциялық жолдарға жақын теміржолдардан кемінде 30 м, ал көрші теміржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемінде 50 м қашықтықта орналасулары қажет.

      Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтардың алаңдарына мұнай өнімдерінің топыраққа сіңуіне жол бермейтін қатты зат төселуі қажет.

      512. Цистерналарды өңдеу орнына апару жұмысы тек ұшқын өшіргішпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды жеткізу кезінде кемінде 4 осьті екі вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздарды жуу орнына 20 м жақын келуге болмайды, ол жерге әрі қарай жүруге тыйым салынатыны туралы белгі қою қажет.

      513. Жуу-булау станцияларына (бекеттеріне) өңдеуге берілетін цистерналардың құю құралдары, қалпақтар мен тиеуіш люктерінің қақпақтары үнемі жабық болуы қажет. Өңдеуден өткен цистерналар қалыпты тығын арматураларымен жабдықталуы тиіс.

      514. Цистерналардың құю аспаптарының клапандарын толтыру жұмыстары жүргізілетін жолдар мұнай өнімдерінің қалдығын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталуы қажет.

      Тұндырғыштар мен құбыр желілерінің люктары мен бұрандаларын үнемі қақпақтармен жауып отыру керек.

      Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.

      515. Теміржолдар, эстакадалар, құбыр желілері, резервуарлар, ЖГ, ТТС және ЖС бар цистерналар құю және толтыру кезінде статикалық электр токтарынан қорғалуы үшін оларды жерге бекітуді қамтамасыз ету керек.

      516. Металдан жасалған тасымалы және жылжымалы сатылар мыс қармақтармен және буын астындағы резина жастықшалармен жабдықталуы тиіс.

      517. Қазандықтар мен цистерналар ішін жарықтандыруға тек аккумуляторлық фонарьлар қолданылады. Фонарьді жағып-өшіру цистернадан тыс жерде орындалуы қажет.

      518. Эстакадалар мен алаңдар мұнай өнімдері қалдықтарынан тазартылып, әр ауысым сайын бір рет ыстық сумен жуылуы қажет.

      519. Жуу-булау станцияларының (бекеттерінде) аумақтарында:

      1) жарылыстан қорғамайтын фонарьларды, шамдар мен шырақтарды қолдануға;

      2) қара металдан немесе соғылған кезінде ұшқын шығаратын басқа маттериалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;

      3) теміржолдардың, ғимараттарының және құрылыстарының астымен ауа электрсымдарын жүргізуге;

      4) цистерна қазанының ішінде жұмыс істеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ-киімді пайдалануға;

      5) сумен және конденсатпен бірге ТТС және ЖС қалдықтарын ортақ канализация желісіне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;

      6) адамдардың цистернаға түсуі үшін ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;

      7) тексерілген цистерна ішінде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;

      8) локомотивтердің тазалау депосы мен эстакада астына кіруіне жол берілмейді.

      520. Теміржолдардың жақтауларын шырпылардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескі ағаштардан және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұстау қажет. Аталған заттар теміржол бойынан уақытылы тазартылады.

      521. Жол бойына төгілген ТТС және ЖС беті құммен, топырақпен жабылып, жолдың бойынан алынып тасталуы тиіс.

      522. Бөгендерде, станцияларда және буын жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелер уақытша сақталғанда қатарланып жиналуы тиіс.

      Қатарлар тұрған алаң мен оның аумағының айналасы кемінде 3 м қашықтықта құрғақ шөптерден және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалуы немесе жыра қазылуы тиіс.

      523. Ағаштар мен қырлы бөренелер жол бойында параллель жиналғанда үйлер мен құрылыстардан - кемінде 30 м, поездардың ұйымдастырылған қозғалысы жолынан - 10 м, өзге жолдардан 6 м және тіректің биіктігі электр беру және байланыс желісінен кемінде бір жарым елі қашықтықта төселуі мүмкін. Ағаштар қатарының арасы 1 м кем, ал әрбір ағаштың арасы 20 м кем болмауы қажет.

      Ағаштар қатарын ұзақ мерзім сақтағанда немесе олардың мөлшері 10.000 м 3 асқан жағдайда орман шаруашылығында ағаш сақтау талаптарын орындау қажет.

      524. Көпірлерден, жол құрылыстары мен поездардың ұйымдастырылған қозғалысының жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желілерінен кемінде 50 м қашықтықта шөп, сабан және ағаш жинауға болмайды.

      525. Жол бойында алау жағуға, қурайларды, кесілген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.

      526. Орманды алқаптарда көпірлер айналасында кеңдігі кемінде 1,4 м болатын минералды заттар төселіп, ашық белдеу қалдырылуы керек.

      527. Көпірлер астындағы радиусы 50 м ашық жер алаңы қураған шөптен, бұталардан, шырпылардан, жанғыш қоқыстардан тазартылуы тиіс.

      528. Теміржол үстіндегі ағаш өтпе жолдар төменгі жағынан ені 4 м болатын екі жағынан 0,3 м төмен түсірілген ернеуі бар болат қаңылтырмен қапталуы қажет.

      529. Өзендердің қатуына байланысты барлық ағаш төсеніші бар ағаш және металл көпірлер өрт сөндіру мақсатында қатпайтын ойықтармен және оларға келу жолдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Ойық жасалған жер көрсеткішпен белгіленуі қажет.

      530. Барлық жолдар мен жол құбырларында:

      1) көпірлер астына немесе оған жақын жерлерде материалдар жинақтауға, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшін тұрақтар ашуға;

      2) керосин фонарлары мен бензомоторлы агрегаттарға май құюға;

      3) мұнай өнімдерінен тазартылмаған материалдардан әр түрлі құрылыстар және басқа да құрылымдар салуға;

      4) көпірлердің астында қураған шөптерді өртеуге, сондай-ақ бұталар мен басқа да жанғыш материалдарды жағуға жол берілмейді.

      531. Жол машиналары станцияларының вагондар тұрағына арналған теміржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөліп жайғастыруды қамтамасыз ететін көрсеткіштерімен жабдықталады.

      532. Өндірістік шеберханалар, мектептер, балалар мекемелері орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемінде 10 м өртке қарсы бөліктері бар жеке топ болып қойылады.

      533. Станциялардың жол машиналары (бұдан әрі - СЖМ) орналасқан орындарда сумен қамтамасыз етудің табиғи және жасанды су көздері болмаған жағдайда теміржол цистерналарында немесе әрбір топқа (15-20 бірлік) 50 м 3 есебінен басқа сыйымдылықтарда өрт сөндіруге қажетті су қорлары құрылуы тиіс.

      534. Әрбір жылжымалы құраманың жақын маңдағы теміржол станцияларымен өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысы болуы қажет. СЖМ вагондарының тұрағында өрт туралы хабарлайтын дабыл белгісі орнатылады.
  12-бөлім. ӨРТ ЖАРЫЛЫС ЖӘНЕ ӨРТ ШЫҒУ ҚАУПІ БАР

      ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ


      535. Жөнелтуші қауіпті жүктерді сол өнімге қатысты мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда қарастырылған бумалар мен ыдыстарға салып тасымалдайды.

      Олардың бумалары мен ыдыстары төгілу мен шашылуға жол берілмейтін мықты, сапалы және жүкпен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болуы қажет. Ыдыстар мен бумалар ішінде сақталатын заттарға қарағанда инертті материалдардан жасалуы қажет.

      Автоцистерналармен және баллонды автөкөліктермен ТТС және ЖС, сұйытылған көмірсутекті газдарды, жеңіл көмірсутекті шикізаттарды және пентандар тобындағы көмірсутектерді (бұдан әрі - СКГ) тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпті жүктерді автокөліктермен тасымалдау ережесінің және белгілі тәртіпте белгіленген басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындау қажет.

      537. Жеңіл тұтанатын, улы, ащы, коррозиялық газдар мен булар бөлетін, кепкен кезде жарылыс қаупін туғызатын, сумен және ауамен араласқанда қауіпті зат түзетін, сондай-ақ тез тотығатын қасиеті мен жарылыс өрт шығу қаупі бар жүктер герметикалық ыдыстарда болуы қажет.

      538. Шыны ыдыстардағы қауіпті жүктер мықты жәшіктерге немесе торлы ыдыстарға (ағаш, металл, пластмасса) салынып, бос кеңістігі отқа төзімді, соққыдан сақтайтын, сіңіргіш материалдармен толтырылуы қажет.

      Жәшіктер мен торлы ыдыстар қабырғалары ішіндегі шыны ыдыстардан 0,05 м биік болуы керек. Шыны ыдыстардағы қауіпті жүктерді ұсақтап тасымалдағанда қақпағы жабылған нығыз ағаш жәшіктерге салынады.

      539. Пластмасса және металл банкалардағы, бидондар мен канистрдағы қауіпті жүктер қосымша ағаш жәшіктерге, торларға салынуы керек.

      540. Қатты сусымалы қапталған қауіпті жүктер, егер сол өнімдерді қаптау мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарда қарастырылған болса, онда олар вагондармен тасымалданады. Мұндай жүктерді шағын партиялармен тасымалдағанда олар қосымша ыдыстарға (металл немесе фанерлік барабандар) салу қажет.


жүктеу 2,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау