53
2) бағдарламаның және жобаның орындаушысынан талап етілетін есеп
нысаны. Есеп нысанында орындаушыдан мониторинг немесе бағалау жүргізу
үшін ненің талап етілетіндігі көрсетіледі;
3) фокус-топтарда талқыланатын мәселелер;
4) сұрақнама немесе сауалнама парағы;
5) қадағалау немесе техникалық өлшеу құралдарын пайдалану
барысында нәтижелер жазылатын нысан.
Ақпарат жинау кезеңі: Мониторинг – ай сайын (мүмкіндігінше), бағалау
– бағдарламаның немесе жобаның жүзеге асырылу кезеңдеріне немесе
бағдарламаның және жобаның ауысымдары бойынша басқарушылық және
қаржылық шешімдердің қабылдануына байланысты.
Жиналған ақпаратты талдау:
1) Алынған сандық ақпараттарды талдау - көрсеткіштердің сандық
мәндерін абсолютті және салыстырмалы түрде алу (үлес, пайыз);
2) Сапалық ақпараттарды қарастыру - жағдайлар, пікірлер, қатынастар,
ұсыныстар жинағын алу;
3) Нақты қызметтің жоспарланған қызметке сәйкестігін анықтау
(мониторинг);
4) Өзгерістерді немесе олардың жоқтығын анықтау (бағалау кезінде);
5) Өзгерістердің дәрежелерін анықтау (бағалау кезінде);
6) Пікірлерді, көзқарастарды және ұсыныстарды анықтау;
7) Интерпретация – неліктен бұлай?
Есепті дайындау барысында есепке тапсырыс берушінің бағдарына,
мониторинг және бағалау сұрақтарының жауаптарына бағдарлануға, қысқаша
қорытындылар мен ұсыныстарға, тұжырымдар мен ұсынымдардың
құрылымына назар аудару керек. Үлкен көлемдегі сандық ақпарат маңызға
ие, бірақ, мониторинг және бағалау мақсаттары үшін қосалқы маңызға ие,
сондықтан қосымшада ұсынылады.
Шешімдер қабылдау барысында мониторинг және бағалау нәтижелерін
пайдалану:
1) Стратегия:
- Жоба немесе бағдарлама орындалуының жалғасы / аяқталуы.
- Бағдарламаны немесе жобаны орындау аумағының өзгеруі.
- Қызмет алушылар тобының өзгеруі.
2) Жоба немесе бағдарлама қаржыландырылуының өзгеруі.
3) Жоба немесе бағдарлама басқарылуының өзгеруі.
4) Қызметкерлердің жұмыстарының өзгеруі.
5) Жоба немесе бағдарлама инфраққұрылымының өзгеруі (техникалық
жабдықталуы, қызметкерлердің біліктілігі және т. б.).
Жобаны идеясы мен оны жүзеге асыру үрдісі қаншалықты маңызды
болса, оның мониторинг және бағалау жүйесі де соншалықты маңызды.
Өйткені, бұл жүйе жобаға тиісті түзетулерді дер кезінде енгізу және
қолданылған шаралардың тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді. Бұл
қызметте объективті деректер мен алынған нәтижелерді талдай білу
қабілеттері маңызды. Мониторинг пен бағалаудың жеке мақсат еместігін
түсіну керек, бұл жобаның тиімді және нәтижелі түрде жүзеге асыру тәсілі.
54
9-қосымша
Қазақстан Республикасы жастармен
жұмыс жөніндегі мамандарының ар-
намыс кодексі
Жастармен жұмыс – қоғам тарапынан көрсетілетін ерекше сенімді
білдіреді және жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың моральдық-
этикалық болмысына жоғары талаптар қояды.
Қоғам, жастармен жұмыс жөніндегі мамандар өздерінің барлық
құндылықтық ұстанымдарын, білімдері мен тәжірибелерін кәсіби қызметі
барысында пайдаланады деп санайды.
Бұл Этикалық кодекс жалпылай қалыптасқан моральдық-этикалық
нормаларға сәйкес әзірленген және жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың
моральдық-этикалық болмыстарына қатысты негізгі талаптарды анықтайды.
Кодекс қоғамның және жастардың жастармен жұмыс жөніндегі
мамандарға деген сенімдерін нығайтуға, жастармен жұмыс барысында
жоғары мәдениеттің қалыптастырылуына және жастармен жұмыс жөніндегі
мамандардың ерсі мінез-құлықтарының алдын алуға бағытталған.
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандар:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді
нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және өзге де тілдерге, Қазақстан
халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) жастармен жұмыс жүргізудің мақсаттарына, әдістері мен
қағидаларына үнемі адал және ашық болуға;
3) жалпылай қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларды сақтауға,
барлық жастармен бірдей қарым-қатынас жасауға, олардың пікірі мен
дүниетанымдарына құрметпен қарауға;
4) жастардың пікірі мен ұстанымдарын құпиялылық қағидаттарын
сақтай отырып пайдалануға, өзіне мәлім ақпаратты бастапқы мақсат үшін
ғана пайдалануға міндетті. Құпиялылық қағидаты жастармен жұмыс
жөніндегі маманның пікірі бойынша ақпарат жастар, басқа тұлғалар және
тұтас қоғам үшін нақты қауіпті деп танылатын жағдайда ғана сақталмайды;
5) жастарды бастамашылдыққа ынталандыруға және барлық жастарды,
әсіресе, экономикалық, географиялық, ұлттық себептерге, денсаулығына
қатысты ерекшеліктерге немесе басқа да мән-жайларға байланысты
мүмкіндіктері аз жастардың қамтылуын қадағалауға;
6) өз қызметінің ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін, ЖРО, жастар
ұйымдарының және жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметтеріне
кедергі келтіретін немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы
тұруға;
8) лауазымдық міндеттемелерін тиімді атқару мақсатында өзінің кәсіби
деңгейі мен біліктілігін үнемі арттыруға;