46
5) тегіне, еңбекке жарамсыздықтарына немесе өзге де кедергілерге
байланысты қоғам өміріне араласуы қиын жас адмдар топтарын қызметке
қосу;
6) бейресми білімнің жастарға қатысу құзырын беретін құрал ретіндегі
рөлін мойындау.
Бағдарламалар мен жобалар бірнеше кезеңге бөлінетіндіктен айқын
түрде қадам-қадаммен басталады, жоспарланады және жүзеге асырылады.
Еуропа елдерінде жастармен жұмыс барысында жобаларды басқарудың
төмендегі қадамдық үлгісі жиі пайдаланылады
11
:
1-қадам: Жергілікті қауымдастықпен және жағдаймен танысу.
Жастар бағдарламалары мен жобалары қауымдастық ішінде жүзеге
асырылады, сондай-ақ олар нақты және көрінетін әлеуметтік өзгерістер
қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан, кез-келген жобаны бастамас бұрын
сол қауымдастық төңірегіндегі жағдай туралы барынша толық ақпарат жинап
алып, ондағы жастардың ахуалымен танысу қажет. Белгілі жағдайдағы өмір,
әлеуетті мүмкіндіктер, жергілікті халықтың мәселелері туралы ақпарат сол
жерде тұратын жастардың қажеттіліктерін бағалау кезінде аса маңызды. Бұл
жалпы қауымдастықтың мүддесі мен қажеттіліктерінің сипатын, оларға
жастардың қатысу әдістерін анықтауға көмектеседі.
2-қадам: Қажеттіліктерді талдау – жергілікті қауымдастық.
Жастар
бағдарламалары
мен
жобаларының
ұйымдастырылу
себептерінің әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бұл себептердің жастар мен
жергілікті қауымдастықтың қажеттіліктеріне тікелей байланысты болуы
керек. Әйтеуір бірдеңе ұйымдастыруға ниетті болу жеткіліксіз! Егер жобаның
міндеті - нақты өзгеріс енгізу болса, жергілікті деңгейдегі нақты ерекше
мәселелер мен қажеттіліктердің ескерілуі керек, осындай жағдайда мәселелер
анықталғаннан кейін, жобаның анықталған мәселелердің қайсысын шешуге
бағытталатындығын айтуға болады. Жергілікті қажеттіліктерді анықтау үшін
"өңірдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайға талдау" жасап, осы
жобаның қаншалықты қажеттілігін анықтап алу керек. Бірақ жобаны
ұйымдастырушылар кейде осы қадамға назар аудармайды, іс жүзінде бұл –
бағдарламаны немесе жобаны іске асыруға дайындалудың ең маңызды
кезеңдері, өйткені осы кезеңде бағдарламаның және жобаның нақты мақсаты
айқындалады. Жергілікті қажеттіліктерді анықтайтын көптеген әдістер мен
стратегиялар бар. Мысалы, бақылау, сұхбат, сауалнама, фокус–топ
(респонденттің басынан өткен белгілі жағдайдың немесе оқиғаның нақты
аспектілерін білуге бағытталған, топта өткізілетін сұхбат), сценарийді талдау
және тағы басқалар. Ең қолайлы әдісті жоба ұйымдастырушы таңдайды –
жобаларды жүзеге асырудың құралдарын тиімді пайдалану үшін талап
етілетін ақпаратқа, қол жетімді ресурстар мен сараптамаға байланысты
таңдау жасалады. Жергілікті жастар бағдарламалары мен жобаларының
ресурстары барынша шектеулі, жобаны ұйымдастырушылар жергілікті
қажеттіліктерді талдаудың ең қарапайым әдістерін пайдаланады, егер барлық
тараптар үрдіске жұмылдырылған болса, мұның жеткілікті болуы мүмкін.
Институционалдық талдау.
11
Жергілікті және аймақтық деңгейде қоғамдық өмірге жастардың қатысуы туралы қайта қаралған
европалық хартияны қолдану бойынша тәжірибелік құрал, Европа кеңесі, 2015 ж.
47
Жастар бағдарламалары мен жобаларын әдетте жастармен жұмысқа
қандай да бір қатысы бар топтар, ұйымдар немесе мекемелер басқарады.
Дегенмен, бағдарлама мен жобалардың жергілікті қажеттіліктерді
қанағаттандыруы тиіс және әлеуметтік өзгерістердің орын алуына ықпал етуі
керек, сондай-ақ мекеменің құндылықтар мен басымдықтарына сай болуы
абзал. Жобаның мекеме төңірегінде жүзеге асырылуының көптеген
артықшылықтары бар, мысалы: жинақталған тәжірибені пайдалану,
ғимараттарды, инфрақұрылымдарды және басқа да ресурстарды қолдану,
бірақ, мұның да бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін. Сондықтан, жобаға
кірісер алдында мекеме мен жобаның өзара қаншалықты сай екендігін
анықтайтын бірнеше сұрақ қойған жөн (институционалдық талдау жасау).
Жеке мотивация.
Жастар бағдарламасы немесе жобасын ұйымдастырудың бірнеше
мотивациялары болуы мүмкін. Жоғарыда айтып кеткендей, негізгі мүдденің
жергілікті қажеттіліктерге немесе жастардың қажеттілігіне орайластырылуы
керек, сондай-ақ жоба бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың ынтасы да аса
маңызды, себебі жобаны ұйымдастырушылар жобаның түрлі бағыттарына
ықпал етеді.
3-қадам: Мақсаттарды анықтау.
Жоғарыда сипатталған қадамдар жергілікті жағдайға толық сипаттама
береді және жобаның неліктен осындай жағдайда жүзеге асырылуының
керектігін көрсетеді. Келесі қадам – күтілетін нәтижелерді анықтау, әсіресе
ұзақ мерзімді перспективада, бағдарлама немесе жоба мақсаттарының
айқындалуы шарт. Мақсат барлық жоспарлы нәтижелерге қол жеткізгенде
орын алатын әлеуметтік өзгерісті білдіреді. Мақсаттар көбіне жалпы сипатта
болып жатады. Осылайша, бағдарламаның немесе жобаның соңында, қай
кезеңде қандай мақсаттарға қол жеткізілгендігін анықтау қиын болып
жатады, кейде тіпті мүмкін болмайды. Десек те, мақсаттар бағдарламаны
немесе жобаны іске асыруға жалпы бағыт-бағдар береді. Бағдарламалар мен
жобалардың
кейбір
жетекшілері
мақсаттарды
дұрыс
анықтау
-
бағдарламаның немесе жобаның қысқаша мазмұны болып табылады дейді,
себебі онда ең маңызды аспектілер анықталады. Мақсат – бағдарламаның
немесе жобаның өзгермейтін элементі. Міндеттердің немесе белгілі әдістердің
өзгеруі мүмкін, ал мақсатты өзгерту – бұл жаңа бағдарлама немесе жоба
бастау болып саналады.
4-қадам - Міндеттерді қалыптастыру.
Көптеген жағдайда бағдарламаның немесе жобаның мақсаттары жалпы
сипатта қалады және олардың қай кезеңде жүзеге асқанын анықтау мүмкін
емес, сондықтан, әлеуметтік өзгеріске қол жеткізу үшін жобалар немесе
бағдарламалар
ұйымдастырушыларының,
қатысушыларының
нақты
міндеттерін қалыптастырып алу қажет. Егер міндеттер тұрақты болса, онда
олар барынша айқындалуы керек, бұл не істеу керектігін және неге қол
жеткізілгендікті, неге қол жеткізілмегендікті қалай тексеру керектігін
көрсетеді. Бағдарламаның немесе жобаның міндеттерін қалыптастырудың
бірнеше тәсілдері бар. Олардың бірі SMART-міндеттер деп аталады. SMART-
міндеттер (АҚЫЛДЫ – аббревиатура келесі ағылшын тілінің ұйғарымдарынан
алынған): – Анықталған: Сіз не жасауға және неге қол жеткізуге ниетті
екендігіңізді нақты анықтауға міндеттісіз. – Өлшенетін: орындалғандығын