«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Бірінші орынбасарының 2016 жылғы «___» __________ № ___ бұйрығына
№ 4 қосымша
«Жастар-Отанға» - «Молодежь для страны!»
партиялық жобасының тұжырымдамасы
Жоба мазмұны.
Өзектілігі. Жоба «Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ» деп атап көрсетілген «Нұр Отан» партиясының (әрі қарай-Партия) Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жастар әлдеқайда қуатты, білімді, дене және кәсіби дайындығы бекем, мобильді, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін жедел қабылдайтын, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделген болып табылады.
Партияны дамыту жоспарына сәйкес партияның жаңа идеологиялық қадамдарының өзегі экономикалық гүлденген мемлекет дамуының жоғары мақсаттарын адамға деген күнделікті қамқорлықпен ол өзін өзгерістердің әрбір кезеңінде бірліктегі қоғамның ажырамас бөлшегі ретінде сезінетіндей қылып біріктіру болып табылады.
Мемлекет басшысы Партияның XV съезінде партия басты патриоттық күш және Стратегия-2050-де, сондай-ақ «Нұрлы Жол – Путь в Будущее» Жолдауында жарияланған жаңа қазақстандық патриотизмнің жалпыұлттық орталығы болуы тиіс деп атап өткен болатын. Бұл қағида «Жастар - Отанға!» жобасының негізіне айналды.
Партиялық жобаның өзектілігі келесідей проблемалық мәселелердің болуымен байланысты болып отыр:
- жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігінің жоқтығы;
- жастарды әлеуметтік бейімдеу жүйесінің болмауы;
- өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жайлы хабардар болмауы;
- жас буынды рухани-адамгершілік тәрбиемен толыққанды қамтымау.
Жобаның негізгі идеологиялық аспектілерінің бірі мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдарын (әрі қарай - ҮЕҰ), жастар қоғамдық бірлестіктерін тарта отырып, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының ережесін спикерлердің баяндамасында пайдалана отырып, жобаның мақсатты топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру бойынша мақсатты іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жобаның тағы сол сияқты іс-шаралары арқылы партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясын ілгерілету болып табылады.
Доктрина құндылықтарын ілгерілету: жоба аясында Доктринаның Адам, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс секілді құндылықтарын, сондай-ақ патриоттық тәрбие беруді ілгерілету қамтамасыз етіледі.
Мақсаты: жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау.
Міндеттері:
жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігін әзірлеу;
жастарды әлеуметтік бейімдеудің жолға қойылған жүйесін қамтамасыз ету;
ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу, жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін кеңейту;
жас буынды рухани-адамгершілік және қоғамдық-құндылықтық тәрбиемен толыққанды қамту.
Мақсатты аудиториясы: 14 пен 29 жас аралығындағы жастар (жастар арасындағы бейресми көшбасшылар, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастар).
Іске асыру бағыттары:
Жастар арасында қоғамдық-рухани құндылықтарды ілгерілету және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша жастардың ірі үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимылы. «Нұр Отан» партиясы жастар ұйымдарымен бірге меморандумдар мен ортақ жұмыс жоспарларына қол қоятын болады. Партия жастарды еліміздің қоғамдық өміріне тарту тетігін жасап шығару үшін қоғамдық пікір көшбасшыларын, жастар үкіметтік емес ұйымдарын белсенділерін және барлық мүдделі тұлғаларды біріктіреді. Бұл жұмыстың нәтижесі жастарды толық қамту мен идеологиялық құндылықтарды насихаттау болмақ.
Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру бойынша ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимыл және «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында Қазақстан жастар Конгрессімен бірлесе отырып жастарға рухани, патриоттық тәрбие беруге аға буынның қатысуын қамтамасыз ету маңызды аспект болып табылады. Әлдеқайда жас ұрпақ та қамтылатын болады, себебі «Жас Ұлан» ББЖҰ-мен бірлесе отырып мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік бағдарын қалыптастыру бойынша қозғалысқа жаңа серпін беруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жас ұрпақты экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны сақтауға деген жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу үшін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарымен бірлесе отырып «Таза мекен» экологиялық акциялары өткізіледі. Әскери-патриоттық ұйымдармен бірлесе отырып әскери-патриоттық тәрбие беруге, оқушыларды жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне ортақтастыруға бағытталған «Әскердегі бір күн» акциясы ұйымдастырылатын болады.
Жастарды қоғамдық қызметке тарту және еріктілер институтын қолдау. Жастарды ынтымақшылдық, патриотизм рухында тәрбиелеу және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Еріктілер мектебі» әрекет етеді. Аталған жұмысты «Жас Отан» ЖҚ және Партияның қызметіне еріктілерді жұмылдыру арқылы ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жобаларға қатысумен қатар, еріктілер білім беру курстарынан өтеді. Сондай-ақ олар еріктілер институты аясында бірқатар әлеуметтік-мәдени іс-шараларға қатысады. Еріктілердің жеке дамуы үшін эмоциялы интеллектті, стресске төзімділікті өсіру бойынша өзін өзі оқыту әдістері де, функционалдық білімдерін жоғарылату және біліктердің әлдеқайда жоғары даму деңгейіне жетуге бағытталған әртүрлі оқу әдістері де қолданылады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ортақ еріктілер базасы жасалады. Еріктілер корпусы «Жас Отан» ЖҚ іс-шаралары мен акцияларын және «Нұр Отан» партиясының өзге де бастамаларын өткізуге қатысады.
Жастар арасындағы қоғамдық пікір лидерлерін жұмылдыру бойынша «Жастар – Отанға!» жазғы жастар саяси лагерін өткізу дәстүрлі түрде жалғасын табады. Осы бағыттың аясында өз лидерлік қасиеттері мен біліктерін көрсете білген жастардың ең үздік өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері республиканың түкпір-түкпірінен лагерьге қатысуға шақырылатын болады. Аталған шара жастарды қоғамдық-саяси қызметке тартудың ынталандырушы және тиімді тетігі болуы тиіс.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастарға атаулы көмек көрсету. Жастар жеткілікті дәрежеде белсенді болып табылады, алайда мемлекеттік бағдарламалар жайлы аз хабардар болғандықтан, өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болмай отыр. Осыған орай, «Жас Отан» ЖҚ «Кеңес орталығының» қызметі аясында барлық облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда жұмыс іздеу және кәсіби бағдарлануына заң және практикалық көмектерін көрсететін болады. Сондай-ақ, «Кеңес орталығында» білім беруге, жұмыспен қамтуға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, т.б. арналған мемлекеттік және өзге бағдарламалар жайлы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Аталған жұмысты ұйымдастыру жастардың лайықты білім мен жұмысқа ие болуға деген мүмкіндіктері мен құқықтары жайлы хабардар болу деңгейін өсіруге септігін тигізеді.
Жас өнертапқыштар мен новаторларға әлеуетті инновациялық жобаларын алға жылжытуға қолдау көрсету. Жастарды ғылыми-зерттеуге жұмыстарына тарту мақсатында, сонымен қатар ғалымдарды, инженер-техник мамандарды, өнертапқыштарды, аспиранттар мен студенттерді және мектеп оқушыларын инновациялық зерттеу жұмыстарына ынталандыру үшін 14-29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер, жас оқытушылар, кәсіпкерлер мен жас өнерпаздар арасында инновациялық жобаларға қатысты Республикалық Жастар байқауы өткізіледі. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік әлеуметтік инновация», «Үздік рационализаторлық ұсыныс», «Үздік жас ғалым», «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба», «Мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» келесі бағыттарда: IT технология және әуеғарыштық технологиялар, энергиялау және энергия үнемдеу, нано-технология және биотехнология, өнеркәсіптік және құрылыс технологиясы және өндіріс, агроинновация, медицина, медициналық техника және технология, фармация, табиғатты үнемді пайдалану, ресурстарды үнемдеу, робототехника, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа материалдарды 3D форматта басып шығару, білім беру, үздік лайфхаккер, гаджеттерге арналған мобилді қосымшалар.
Конкурс нәтижелері үшін құрамына үздік эксперттер, ғалымдар, танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, ЖОО, Ұлттық компания және «Атамекен» ҰКП, технопарктер, ҮЕҰ және бизнес құрылымдары өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады, біріншісі – іріктеу, екіншісі – презентациялық қорғау.
Сонымен қатар конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, 10 үздік жоба авторларына әрі қарай өз жобаларын халықаралық байқауларда қорғау үшін қолдау көрсетілетін болады. Жеңімпаздарға қосымша технологиялық бизнес-инкубатор технологиялар, конструкторлық бюро және жоғары технологиялар трансфертіндегі халықаралық орталықтар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Инновациялық жобалар байқауын өткізу тұрақты экономикалық өсім және қазақстандық жастардың әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға инновациялық идеялар мен озық технологияларды анықтау үшін көмектеседі.
Мақсаттық индикаторлар:
1. 2017 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастарды кеңес берумен қамту деңгейі – 30000 адамнан кем емес;
2. 2017 жылы еріктілер пулына қосылған жастардың саны – 1500 адамнан кем емес;
3. халықты еріктілер қызметімен қамту деңгейі – 15000 адамнан кем емес;
4. 2017 жылы жастар саяси лагерлеріне тартылған жас көшбасшылардың саны – 300 адамнан кем емес;
5. жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасылары мен жастар ұйымдары өкілдерінің жергілікті деңгейде сайлау процесстеріне қатысуы - 10%-дан кем емес;
6. 2017 жылғы конкурсқа қатысу үшін жіберілген өтініштер саны – 100 кем емес;
7. 2017 жылғы беделді халықаралық конкурстарға қатысуға жіберілген жобалар саны – 10.
Жобааралық байланыстар: Ерікті-жасотандықтар түрлі партиялық жобалар аясындағы жұмысқа тартылатын болады. «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагеріне қатысу үшін «Жастар кадрлық резерві» және «Сәтті қадам» секілді өзге жобалардың табысты қатысушылары да шақырылуы мүмкін.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында жалғыз басты қарт адамдар, тыл еңбеккерлері және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне атаулы көмек көрсету және қолдау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Ықтимал тәуекелдер:
имидждік:
- халықтың қамтылмаған топтары тарапынан жүргізілген жұмысқа теріс қарым-қатынасы;
- жүргізілген жұмыс нәтижелеріне мақсатты топтар өкілдерінің көңілі толмауы.
ұйымдастырушылық:
- өңірлердің дұрыс емес ақпаратты ұсынуы;
- қойылған міндеттерді орындау үшін партияның аймақтық және аумақтық филиалдары қызметкерлері санының жеткіліксіздігі;
- аталмыш жобаның ұстанымы мен басымдықтарын партия филиалдары мен мемлекеттік органдар басшылығы тарапынан түсінбеуі және еріктілерді өзге іс-шараларда жаппай көпшілік көріністерде пайдалану;
- негізгі жұмыстарындағы жүктеме салдарынан БПҰ мүшелерінің еріктілер жұмысына белсенді қатысу мүмкіндігінің болмауы.
функционалдық:
- жобаны іске асырудағы «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің селқостығы;
- мемлекеттік органдар селқостығы;
- аймақтық және орталық деңгейдегі бюджет тапшылығы;
- рухани-адамгершілік тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың сандық және сапалық тиімділігінің нақты деңгейін анықтаудың қиынға соғуы.
Жұмысты ұйымдастыру.
Жетекші: Партияның Хатшысы - Ф. Қуанғанов.
Үйлестіруші: «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ.
Аймақтық үйлестіруші: «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдары.
Қатысушылар мен серіктестер: «Нұр Отан» партиясы, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ЖОО, БАҚ, мектептер және азаматтық қоғамның өзге де мүдделі институттары, партияны қолдаушылар.
Партиялық құрылымдар, мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдардың функционалдық жүктемесі келесідей болып құрылады:
Партияның орталық аппараты – партияның аймақтық және аумақтық филиалдарына әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру, республикалық деңгейде іс-шаралар өткізу, орталық деңгейде мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдармен өзара әрекет етуді ұйымдастыру, іске асыру тиімділігін талдауды жүргізу, жобаны іске асыруды жалпы үйлестіру, проблемалық мәселелерді сараптама топтарының қарауына шығару, соның ішінде аймақтық филиалдар деңгейінде де қарауына шығару.
«Жас Отан» ЖҚ хатшылығы – жобаны жалпы үйлестіру, проблемалық мәселелерді сараптама топтарының қарауына шығару, республикалық деңгейде жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу, Орталық аппараттың Баспасөз қызметімен бірлесе отырып, жобаны БАҚ және әлеуметтік желіде ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу, «Жас Отан» ЖҚ аумақтық филиалдарының қызметін үйлестіру, жоба бойынша есептік ақпаратты әзірлеу.
Партияның аймақтық филиалдары және «Жас Отан» ЖҚ филиалдары – жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, аймақтық деңгейде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, аймақтық деңгейде мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдармен өзара әрекет етуді ұйымдастыру, аймақтық деңгейде жобаны БАҚ және әлеуметтік желіде ақпараттық сүйемелдеу, партияның аумақтық филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының қызметін үйлестіру, жобаға, жобаның мақсаттық тобына қатысты мәселелер бойынша мәслихаттағы фракциямен өзара әрекет ету.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Білім және ғылмы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі – мемлекеттік бағдарламарды іске асыруда партиямен және «Жас Отан» ЖҚ-мен өзара әрекет ету, түсіндірме және практикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру және іске асыру.
Жергілікті атқарушы органдар - түсіндірме және практикалық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру.
Профилді ҮЕҰ – жобаның мақсаттық тобының проблемалық мәселелерін анықтауда партияға көмек көрсету, шешу жолдарын іздеу, мемлекеттік органдар қызметіне мониторинг жүргізу, түрлі диалог алаңдарында мақсаттық топ мүдделерін қорғау.
Бизнес-қауымдастықтың, қайырымдылық қорларының өкілдері - жобаның мақсаттық тобына нақты көмек көрсетуге бағытталған ортақ іс-шаралар мен акциялар өткізу.
ҚР Парламенті, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – халықпен кездесу барысындағы түсіндірме жұмысы, заңнамалық бастамаларды дайындау.
Жоспарлау: партия филиалдары мен «Жас Отан» ЖҚ филиалдарының жұмысы үлгілік жоспар негізінде қалыптасқан, оған басты бағыттар, мақсаттық индикаторлар және іс-шаралар енгізіліп, бекітілген жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырылатын болады.
Жобаны іске асыру аясында мемлекеттік органдармен жүйелі және тиімді өзара әрекет етуді қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде де, аймақтық деңгейде де мемлекетті органдарды тарту жоспарланған.
Ақпараттық сүйемелдеу: жобаны БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық тұрғыда ілгерілетуді «Жас Отан» ЖҚ және аймақтық филиалдар Орталық аппараттың Баспасөз қызметімен бірлесе жүзеге асырады. Жоба жайлы ақпарат таратуда жобада көрсетілген Доктрина құндылықтарын (Адам, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс), сондай-ақ жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың маңызын ілгерілету қамтамасыз етіледі.
Қаржылық қамтамасыз ету: жобаны қаржыландыру бекітілген жоспарлар негізінде қалыптасқан, аймақтық филиалдардың жылдық бюджеттік өтінімдері негізінде, «Жас Отан» ЖҚ, аймақтық және аумақтық партия филиалдары бөлген қаржы және материалдық қаражат есебінен жүзеге асатын болады.
«Жастар – Отанға!» жастар саяси лагерін өткізуді қаржыландыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес болады.
Байланыстағы партиялық ККО: партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары.» сайлауалды тұғырнамасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша партиялық куратор М.М. Бегентаевтың сараптама тобы.
Кері байланыс:
- мақсаттық топқа ықпал етуді бағалау (сауалнамалар, анкеталық сауалнамалар, топ фокусы);
- баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілерде жарық көрген материалдар мониторингісін жасау;
- жастардың көңіл-күйін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу.
Жоба кезеңдері:
1) дайындық кезеңі – 2015 жылдың төртінші тоқсаны (ахуалды талдау, құжаттама даярлау);
2) іске асыру кезеңі – 2016 жылғы қаңтар – 2018 жылғы қараша (іс-шараларды іске асыру, жоспар бойынша жұмыс жүргізу);
3) аяқтау кезеңі –2018 жылғы желтоқсан (нәтижелерді мониторингтеу, жобаны іске асыру қорытындысы бойынша есеп беруге дайындық).
Іске асыру кезеңі: орта мерзімді, 2016-2018 ж.ж.
Достарыңызбен бөлісу: |