«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
11
қамтамасыз етеді. Аударма әдісін қолдану барысында «Түрікше-қазақша сөздік» және «Қазақша-
түрікше сөздіктерді» пайдаланылады. [3,286б]
Аударма әдісін қолдана отырып, студенттерге төмендегідей тапсырмаларды ұсынуға
болады:
1-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне екі тілдік сөздікті қолдана отырып, аударыңыздар:
2-тапсырма. Мәтіндіндегі дипломатиялық терминдерді теріп
жазыңыз
Қазақша тілінде: Ыстамбұлдың жаңа Қаржы Министрі Шүкрү Дилавердің мәлімдемесіне
қарағанда, Қаржы Министрлігінде жаңадан тазартулар нәтижесінде Ұлттық ипотека мен бухгалтерлік
бірліктері және салық департаменттері бөлінгеннен кейін әрбір ұжым жеке жұмыс істей бастаған.
Тапсырманың мақсаты: Студенттерге кәсіби сөйлеу дағдарыстан шығуға байланысты елімізде
болып жатқан күнделікті түрлі дипломатиялық шаралардан хабардар ету үшін газет мәтіндерін
үзінді беру, сол арқылы жаңа дерек көзімен қамтамасыз ету; сондай-ақ түрік елінің министрі Шүкрү
Дилавер туралы ақпарат беру; тіл үйренушілердің екі тілдік сөздікпен жұмыс жасау дағдысын
қалыптастыру арқылы танымдық, ізденімпаздық оқылым әрекеттерін дамыту.
Тапсырманың тиімділігі: Қазақ бөлімінде оқитын студенттердің екі тілдік сөздікпен жұмыс
жасау дағдысы қалыптасады, дипломат туралы мәліметтер студенттердің кәсіби танымын арттырады,
мәтіндерді аудару барысында түрік тіліндегі сөйлемдердің құрылымын білу – студенттердің түрікше
сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Мысалы:
Başbakan Kazakistan'da
Kazakistan’ın başkenti Astana’da bulunan Başbakan Recep Tayyip Erdoğan, Hoca Ahmet Yesevi
Üniversitesi mezuniyet törenine katıldı.Başbakan Erdoğan düzenlenen diploma merasiminde yaptığı
konuşmada Kazakistan ile eğitim alanında işbirliğine önem verdiklerini söyledi . Üniversiteden mezun olan
başarılı öğrencilere diplomalarını ve hediyelerini veren Başbakan Erdoğan , bu mezuniyeti Almatı’da
yapmak istediklerini ancak programın yoğun olması sebebiyle Astana’ya alındığını kaydetti . Kazakistan’ın
son yıllarda yakaladığı ekonomik başarıdan bahseden Erdoğan , kardeş ülkenin başarılarından dolayı iftihar
ettiğini söyledi . Erdoğan , Kazakistan ' ın büyük değişiminde ' ' ak sakalımız , değerli dostum ' ' diye hitap
ettiği Cumhurbaşkanı Nursultan Nazarbayev ' in engin devlet tecrübesi ve vizyonunun büyük payı olduğuna
işaret etti . Başbakan Erdoğan , Türkiye ile Kazakistan ' ın diplomatik ilişkilerinin 20 . yılında iki ülke
ilişkilerinin geldiği seviyenin tarihi bir aşama olduğunu , iki ülke ilişkilerinde yeni bir dönem başladığını
vurguladı
diplomatik ilişkiler - дипломатиялық қарым-қатынастар
devlet diplomatik ilişkiler - мемлекеттік дипломатиялық қарым-қатынастар
ülke – ел (өлке)
ifade dostane devlet – мемлекеттік
devlet sekreteri – мемлекеттік хатшы
ulusarası ilişkiler – халықаралық қатынастар
uluslararası anlaşmalar – халықаралық келісім
Жоғарыда берілген тапсырмалар халықаралық қатынас мамандықғында бойынша білім
алатын студенттердің кәсіби лексикасын сөздік, аударма,ойын әдістері арқылы дамытуға және
толықтыруға септігін тигізеді және сабақтың ұйымдастырылуы, тақырыптың меңгерудегі тиімділігі
де арта түсері сөзсіз.
Әдебиеттер:
1. К.Д.Ушинский: Балалар тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері . –Алматы,
ОҚБ, 1951 -45б.
2. Терминдердің түрікше сөздігі . – Алматы, 1959.15 май –118б.
3. «Терминдерінің түрікше-орысша сөздігі» . – Алматы, 1977. – 286б.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
12
Айдар Жансая
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: PhD доктор Н.С.Балтабаева
ҚазМемҚызПУ
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
Аннотация:
Данная статья посвящена цели работ Р. Отарбаева. Его работы посвящены описанию
жизни, национальных обычай казахского народа.
Abstract:
This article is devoted to the purpose of R.Otarbayev
,
s works. His works are devoted to describing
the life, national habits of Kazakh people and shortcomings of Kazakh language.
Сахна - түрлі өнердің синтезі. Әдебиет, музыка, хореография, тізе берсек таусылмайды.
Көрерменнің жүрегін тулатып, көңіл-күйін мың құбылтатын сахна құдіретінің сырын ешкім ұға
алған емес. Сахнада қойылатын түрлі қойылымдардың тамырына қан жүгіртіп, көрерменнің жүрек
соғысының жиілеуіне себеп болатын өзге бір әлемнің де иесі, жасаушысы, авторы болады. Сол автор
өзінің жазған көркем шығармасындағы әрбір кейіпкердің әлеміне енеді, мінезін қалыптастырып,
күйін кешеді. Кейіпкерлерімен бірге жылайды, бірге күледі, бірге мұңаяды, бірге қуанады. Бірақ
соған қарамастан, ол өзінің «менін» жоғалтпайды.
Сондай дара тұлғалардың бірі –Рахымжан Отарбаев. Ол қазақтың қара сөзін әлемге жеткізген
жазушы, драматург. Қазақтың бір туар азаматы, ұшқыр ойдың иесі. Оның ұлт тарихын ұлықтаған
шығармалары Түркия, Қытай, Қырғыз, Моңғолия, Ресей сынды елдердің баспаларында жарық көріп,
сахналарында қойылды [1, 296 б.]. Бірнеше тілге аударылып, талай оқырманның санасында сақталды.
Анадан ерте көз жазып, ата-әже тәрбиесін көріп өскен ол ескі әңгімелермен сусындап ер жетті, туған
топырақтың киесінен нәр алып, суынан сыр ұққан Рақымжан Отарбаев жиі қиялына ерік беретін еді.
Сондай ескіліктің қасиеті, көненің құдіреттілігі оған қалам тартқызды. Қиял аралында қалықтаған
қаламгер алғашында өлең жазып, кейіннен проза жанрын жанына жалау етті. Рахымжан Отарбаевтың
қаламынан туған қай шығарма болмасын, тарихи танымға толы. «Соғыстың соңғы бомбасы»,
«Өмірзая», «Дүние ғайып», «Шыңғысханның көзжасы», «Шер» т.б. туындыларын, әңгімелерін
тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес [1, 296 б.]. Сондай-ақ бүгінгі күннің көрінісін тап басқан
жиырма бес әңгімесі енген «Біздің ауылдың Амазонкалары» кітабы сұлу сырға, ордалы ойға, аратұра
ащы мысқыл мен зілсіз әзілге толы. Жалпы қоғам зарын, ғасыр дертін дөп басып айтқан Рахымжан
Отарбаевтың драмалық шығармалары да қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өшпес қазына,
мол мұра. Заманымыздың заңғар жазушыларының қатарына мақтанышпен қосатын Рахымжан
Отарбаев керемет драматург екендігін тек қазақтар ғана емес, әлем мойындайды. Драматургиялық
жолы тіптен бөлек болған Рахымжан Отарбаевтың «Бас», «Нашақор туралы новелла», «Мұстафа
Шоқай», «Сұлтан Бейбарыс» сынды драмалары көпшіліктің жүрегін тебіренткені сөзсіз. Дара
тұлғаның драмалары тек қазақ даласында ұсынылып қана қоймай, шет елдерде де көрермен назарына
ұсынылған. «Сұлтан Бейбарыс» пьесасы тұңғыш рет қазақ даласында, қазақ театрында, қазақ
актерлерінің ағылшын тілінде сомдауымен таңдай қақтырған болатын. Осындай таңдай қақты
шығармалардың бірі көршілес қырғыз елінің сахнасында сомдалып жүрген «Тағдыр» деп өзгертілген,
Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» пьесасының желісі бойынша сахналанған
«Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылымы 10 жыл көлемінде 499 рет қойылып, қырғыз ұлттық
академиялық театрының сомдауымен Атырауда 500-ші рет халық назарына ұсынылып,ұлттың ұлы
ықыласына бөленген. Қазірде бұл қойылым сахна төрінде жалғасын табуда. Рахымжан Отарбаевтың
бұл пьесасы қоғамдық дерт, жалғызды да, топты да жанымен жалмайтын нашақорлық жайында
болып табылады. Бұл пьесаны жазудағы Рахымжан Отарбаевтың басты мақсаты қоғамды білдірмей
шырмауына алып бара жатқан зауалдың жастар арасында етек алуын тоқтату, күресудің жолдары,
әуелде қызығына бөлеп, соңында қайғысына ұшырататын кесапаттың зардаптарын халық ойына
жеткізу, жүрегіне сіңдіру. 15 жылдай бұрын пьеса Сыр елінің театрында ұсынылғаннан кейін, облыс
әкімі Серікбай Нұрғисаевтың қолдауымен, мектеп қабырғасындағы 8-9 сынып оқушыларына ата-
аналарымен бірге, студенттерге жетекшілерімен бірге осы спектакльді көрулеріне жағдай жасаған
[2.]. Бүгінде осындай спектакльдерді жас буындар назарына көптеп ұсыну ұлттың ұлылығын,
тазалығын, тектілігін бекітетін нағыз рухани құлып болар еді деп есептеймін.