«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет31/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

58 



Нұрланқызы Жанеля 

5В011900-Шетел тілі:екі шетел тілі 



Насирова Лаборхан 

5В011900-Шетел тілі:екі шетел тілі 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Н.Ш. Калиева 

ҚазМемҚызПУ 



 

ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР МЕН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ  

РӨЛІ 

 

Аннотация.  В  статье  представлена  информация  об  интернет-ресурсах  и  мобильных  приложениях, 

предназначенных для изучения турецкого языка. Определена роль интернет-ресурсов и мобильных приложений 

в изучении турецкого языка. 

Abstract.The article provides information about Internet resources and mobile applications designed to learn 

the  Turkish  language.  Defines  the  role  of  Internet  resources  and  mobile  applications  in  the  study  of  the  Turkish 

language. 

 

Интернет  және  білім  беру  бүгінгі  күні  бір-бірімен    тығыз  байланыста.  Атап  айтар  болсақ, 



арнайы  қашықтықтан  оқыту  технологиялары,  интернет  желісі,  электронды  пошта  және  т.б.  сияқты 

әртүрлі  интернет  қызметтері  шетел  тілдерін  оқытуда  қол  жетімді  болып  отыр.  Өйткені  ақпараттық 

технологиялардың таралуы білім беру ортасының технологиямен интеграциялануын талап етеді.  

Жаңа  технологиялар,  соның  ішінде  ақпараттық  технологиялар  үйрену  мен  оқытуда  жаңа 

дәуірдің  есігін  ашты.  Интернеттегі  қосымшалар  мен  интернет  байланысы  арқылы  тіл  үйрену 

күнделікті жаңалықтармен  толығып даму үстінде.  Классикалық медиа құралдары  алдын-ала белгілі 

бір  формада  жазылған  немесе  әзірленген  ақпаратты  ұсынып,  тасымалдауға  мүмкіндік  берсе,  ал 

онлайн мультимедиа құралдары жаңа ғасырдың жаңа ұрпағына аз ғана уақыт ішінде жылдам мәлімет 

алу мүмкіндігін тудырады.  

 Интернет  ресурс  дегеніміз  -  Web  серверлерде,  РГР  серверлерде  және  т.б.  орналасқан 

интернеттің  ақпараттық  материалдарының  жиынтығына  арналған  ортақ  атау  [1,456б].  Интернет 

ресурстардың  түрлері  көп,  соның  ішінде  біз  білім  беруге,  яғни  түрік  тілін  үйретуге  бағытталған 

интернет  ресурстарға  кеңінен  тоқталамыз.  Олар:  білім  беру  сайттары,  порталдары,  электронды 

кітапханалар т.б. 

Түрік тілін үйренуге арналған сайттар мен мобильді қосымшаларды топтастырдық. Алдымен 

түрік  тілін  үйретуге  арналған  интернет  ресурстарға  тоқталып  өтейік.  Біз  төмендегідей  бірқатар  веб 

сайттарды анықтадық: 

1.http://www.turkcede.org/yeni-ogrenenlere-turkce-ogretimi 

2.https://turkce.yee.org.tr/tr 

3.http://yabancilaraturkce.gurkanbilgisu.com 

4.http://diksiyondersi.com.  

Бұл  тіл  үйрену  сайтының  басқа  сайттардан  ерекшелігі  тыңдалым  дағдысы  мен  сөйлесім 

дағдысын қатар дамытуға арналған видеомәтіндер онлайн қаралады.  

5. http://www.tdk.gov.tr/ 

Анықтағанымыздай  түрік  тілі  грамматикасын  меңгеруде  осы  сияқты  мазмұнды  сайттардың 

көмегі маңызды екенін атап өткеніміз жөн.  

Сонымен қатар, тілді үйрене отырып, өте бай танымдық, әдістемелік, ғылыми әдебиеттерге, 

мақал-мәтел,  тұрақты  тіркестер,  диалектологиялық,  түсіндірме  сөздіктеріне,  орфографиялық 

ережелер  мен  кәсіби  терминдерге  қатысты  әдебиеттерге,  көркем  әдебиет  пен  сирек  кездесетін 

әдебиеттерге  Түркия  Республикасы  Түрік  тілі  қоғамының  http://www.tdk.gov.tr/  сайтындағы 

электронды кітапхана арқылы қол жеткіземіз. 

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей бұл сайттардың барлығында дерлік танымдық ақпараттармен 

қатар,  тілдік  дағдылардың  төрт  түрі:  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  оқылымды  дамытуға 

арналған  материалдар  жинақталған.  Интернет  ресурстарды  орта  білім  беру  ұйымдары  мен  кәсіби, 

жоғары  білім  беру  ұйымдарында  да  пайдалану  тілдік  дағдыларды  қалыптастыруға  көмекші  құрал 

ретінде  пайдалануға  өте  тиімді.  Яғни,  сөйлесім  дағдысы  веб  камераның  көмегімен  

видеоконференциялар мен  веб ресурстарды (Skype, Live Messenger) қолдану арқылы  дамытылады.   



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

59 



Жазылым  дағдысы  әлеуметтік  желілерде  (Facebook,  Twitter,  Whatsapp)  достармен,  тілді 

тасымалдаушылармен  хат жазысу барысында дамиды.  



Оқылым  дағдысы  түрік  тілін  үйренуге  бағытталған    тіл  үйрену  сайттардағы  түпнұсқа 

мәтіндерді  оқып  жаттығу  арқылы,  ал  тыңдалым  дағдысы  болса  түрік  тіліндегі  әндер  мен 

фильмдерді, аудиомәтіндерді интернет ресурстардан (Youtube) тамашалау арқылы дамытылады. 

Интернет ресурстармен қатар қазіргі таңда мобильді қосымшалар түрік тілін үйретуде тиімді 

құралдардың  біріне  айналып  отыр.  А.Б.Закарьянованың  «Мобильді  технологиялар  білім  беру 

үдерісінде»  атты  мақаласында    «Мобильді  индустрияның  жаһандық  дамуын  зерттеуші  GSMA 

мәліметтері  бойынша  бүгінді  таңда  қолданыстағы  мобильді  құрылғылардың  саны  әлем 

халықтарының санынан әлдеқайда артық болып отыр. Мәселен, 2015 жылдың соңына қарай GSMA 

құралдары 7,230 млрд. мобильді қосылуларды тіркеген болса, бұл кезде әлем халықтарының сандық 

көрсеткіші 7,197 млрд. адамды құрағандығы айтылады. Бұл статистикалық мәліметтерден мобильді 

технологиялар  мен  мобильді  интернеттің  әлемдік  қауымдастықта  қолжетімді  және  ең  тиімді 

байланыс  құралдары  болып  отырғанын  байқаймыз.  Мобильді  оқытуды  білім  саласына  енгізу 

жобаларын  жүзеге  асыруда  түрлі  мобильді  құрылғылардың          құралдардың  дидактикалық 

мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады [2,1б]. 

Технологияның  дамуы  арқылы  мобильді  құрылғылар  біздің  өміріміздің  ең  үлкен  бөлігіне 

айналды.  Мобильді  қосымша  бағдарламаларды  смартфондар  мен  планшеттерге  орнату  арқылы  тіл 

үйрену үдерісін жақсартуға және мұғалімсіз білім алуға мүмкіндік береді.  

Әрине,  бұл  тіл  үйренуде  пайдаланылатын  қосымша  көмекші  құрал  болғандықтан,  біз  осы 

сияқты бағдарламаларды тілді білім алушының өз бетінше  үйрену кезінде немесе үй тапсырмасын 

орындау барысында пайдалануға кеңес береміз.  

Түрік  тілін  үйренуде  қолданылатын  мобильді  қосымшалар.  Yunus  Emre  Enstitüsü:  Түрік 

тілінің әлемдік деңгейде оқыту мен үйрету миссиясын ұстанған Юнус Эмре Институтының мобильді 

қосымшасы  қазіргі  таңда  Android    экожүйесіне  қондырылған.  Merhaba  Umut  Turkcell  компаниясы 

тарапынан  дайындалған    қосымша.  Duolingo:  Duolingo  –  Google  Play-дегі  үздік  тілдік  оқу 

бағдарламаларының  бірі.  Бұл  тек  қана  түрік  тілін  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  шетел  тілдерін 

үйренуге арналған таптырмайтын құрал. Mondly Türkçe Öğren: Ағылшын тіліндегі бағдарламалардың 

бірі  Mondly  Ati  Studios  тарапынан  әзірленген  оқу,  жазу  дағдыларын  және  сөзді  оқып  үйренуді 

ұсынатын бағдарлама. Türkçe Öğrenme 6000 Kelime: Атауынан көрініп тұрғандай, ол түрікше сөздікке 

негізделген  оқыту  түрі.    Көрнекі  суреттермен  безендірілген  тіл  үйренушілерге  6000  түрік  сөзі 

ұсынылады.  Тіл  үйренушілер  көрнекі  құралдарда    бейнеленген    суреттер  арқылы  түрік  сөздерін 

үйренеді,  сонымен  қатар  визуалды  және  психикалық  оқыту  үдерістері  де  жүреді.  Türkçe  Kelime 

Oyunu:  Бастапқы  деңгейде  жаңадан  үйренетін  тіл  үйренушілерге  пайдалы  бола  алатын  бұл  ойын 

мақал-мәтелдер  мен  мағынасы  қарама-қарсы  сөздерді  (антоним)  түсінуге,  мақал-мәтелді  аяқтау, 

тұрақты  сөз  тіркестерін  атау,  сөздік  қормен  жұмысқа  бағытталған  [3,6б].  Интернет  ресурстар  мен 

мобильді қосымшаларды  пайдалану білім алушыға уақытты үнемдеуге; үнемі жаңартылып отырған 

материалдарды пайдалануға; бірнеше дереккөздермен бір мезгілде қатар жұмыс істеуге; мол ақпарат 

көзіне  қол жеткізуге; түрік тіліндегі онлайн сабақтарға қатысуға; тілді тасымалдаушылармен тікелей 

байланысуға;  білім  алу  үдерісінде  өзіне  ыңғайлы  құралды  пайдалануға;  телефон,  планшет  сияқты 

мобильді  құралдарға  қондырылған  электронды  оқулықтарды  оқу,  контенттермен  жүмыс  жүргізуге; 

сөздіктермен  жұмыс жасауға  мүмкіндіктер тудырады. 

 Қорыта  келгенде,  білім  алушыларды  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруда 

интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларды пайдалану өте тиімді. Өйткені бұл оқыту түрі жеке 

тұлғаға  тікелей  бағытталған.  Білім  алушы  өзіне  тиімді,  әрі  ыңғайлы  уақытта,  кез-келген  жерде  тіл 

үйренуге көңіл бөле алады. Тілді үйренуге арналған қолжетімді, әрі ыңғайлы құрал арқылы білім алу 

сапасы артады. Бос уақытын тиімді пайдалану үшін сұранысқа ие контентпен тиімді жұмыс жүргізе 

алады. 


 

Әдебиеттер: 

1.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:Информатика  және 

компьютерлік техника/ Жалпы ред. бас. Құсайынов А.Қ.  – А., «Мектеп», 2002. 

2.  Закарьянова А.Б. Мобильді технологиялар білім беру үдерісінде. 

http://www.zkoipk.kz

 

3.  Aytan  Т.        Ayhan  N.  H.    Türkçenin  Yabancı  Dil  Olarak  Öğretiminde  Dijital  Ortamlar. 



International Journal of Bilingualism Studies.  Cilt:1. Sayı:1, 2018.  


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау