«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет29/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

54 



Мамытова Айзада 

5В011900-Шетел тілі:екі шетел тілі 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Г. Сабырданқызы 

ҚазМемҚызПУ 

 

ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ  ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Аннотация.  В  этой  статье  говорится  о  видах  вопросительных  частиц,  которые  являются 

первым  шагом  в  изучении  китайского  языка,  и  с  помощью  которого  мы  можем  выражать  свои 

мысли  собеседнику  в  повседневной  жизни,    используя  фразы,  задавать  вопросы,  отвечать  на  них,  а 

также об использовании частиц при изучении языка и его грамматики. 

Abstract. This article deals  with  the types of question particles that are the first step in learning Chinese, and 

with  which  we  can  express  our  thoughts  to  the  interlocutor  in  daily    life,  by  using  phrases,  ask  some  questions,  and  

answer them, and about the using particles in the study of  language and its grammar. 

 

Күнделікті өмірде адамдар өздерінің ойларын, өзара қарым-қатынасын, бүкіл тыныс- тіршілігін 

біріне-бірі  әңгімелеп  жатады.  Ол  үшін   алдын-ала  ешқандай  ойланып,  толғанып  та  жатпайды.  

Жалпы,  адамдар  ауызекі  сөйлесуде  ең  көп  сұраулы  сөйлемді  қолданады.  Бұл  қытай  тіліне  де  тән 

қасиет. Ал, қытай тілі, граммматикасы жағынан, үйренуге өте жеңіл тілдердің бірі болып табылады. 

Қандай  да  бір  тілді  үйренуде,  біріншіден,  грамматикасынан  бастап  үйренеміз.  Сұрақтарға 

жауап беру, диалог жасау арқылы өз ойымызды білдіреміз.  

Енді  қытай  тіліндегі  сұраулы  сөйлемнің  ерекшеліктері  қандай  болатынын,  қалай 

 қолданылатын, соған қарай онын 8 түріне қысқа, әрі түсінікті түрде тоқталып өтер болсақ: 

1.  Адам өз ойын басқа біреуге жәй хабар ретінде айтады. Қытай тіліндегі сұраулы сөйлемнің 

бірінші  түрі  осы  хабарлы  сөйлемге  ма,  ме,  ба,  бе  па,  пе  (吗)    тағы  сол  сияқты  сұрау 

жалғаулары арқылы жасалады. 

М: Біз бүгін кітапханаға барамыз ба? 

      今天我们去图书馆吗? 

       你有姐姐妹妹吗? 

2.  Сұраулы сөйлемнің екінші түрі: Кім? Не? Қашан? Қалай? Қайда? Қанша? Қайтып? 

(谁,什么,什么时候,怎么,哪儿,几,多少) деген сұрау есімдіктері арқылы жасалады. 

Сұрақ қоюға байланысты ерекше мәселелер жоқ – жай ғана сіз сұрайын деп тұрған сөздің 

орнына сұрау жалғаулығын қоя саласыз. 

 

М:  今天的聚会谁来参加? 



        你星期六做什么? 

        他什么时候回国? 

        去图书馆怎么去? 

        下个星期你们去哪儿? 

Сандарға қатысты сұрақтарда 多少 немесе 几 сөздері қолданылады. Біріншісі кез келген санға 

қатысты бола береді және мөлшер сөзді  қажет етпейді, саналатын да, саналмайтын да зат есімдермен 

қолданыла  береді,  ал  екіншісі  10-ға  дейінгі  сандармен  шектеліп  (саналатын  зат  есіммен  ),  мөлшер 

сөздермен (个, 把, 本, т.) жұпталады. 

我有很多钱。

– Wǒ yǒu hěnduō qián.                          我有两个孩子。– Wǒ yǒu liǎng gè háizi.  



你有多少錢? – Nǐ yǒu duōshǎo qián?                          你有几个孩子?– Nǐ yǒu jǐ gè háizi?  

         Әр  өңірде  қытайлықтар  жиі  哪(nǎ'r)  ,  哪里  (nǎlǐ)  немесе  哪边  (nǎbiān,  něibiān)    сұрау 

жалғаулықтарын      пайдаланады.  Олардың  бір-бірінен  айырмашылықтары  жоқ.  Атап  өтілгендей, 

көбінесе,  Қытайдың  солтүстігінде哪  деп  қолданылса,  ал  оңтүстігінде  哪里.  哪边деп  айтып  жатады. 

Дегенмен,  олардың  мағынасы  ұқсас  болғанымен,  халықтың  қалыпты  сөз  әдеттеріне  байланысты 

соңғы екі жалғау қазіргі кезде сирек пайдаланылуда.  

3.  Сұраулы  сөйлемнің  үшінші  түрі:  Хабарлы  сөйлемдегі  баяндауыштың  немесе  етістіктің 

болымды және болымсыз түрде қосарланып келуі арқылы қарама-қарсылы сұраулы сөйлем 

жасалады, жауап болымды немесе болымсыз түрде беріледі. 

М: 你是不是留学生? 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

55 



      你觉得写汉字难不难? 

      你有没有关于中国历史的书? 

4.  Сұраулы  сөйлемнің  төртінші  түрі:  Талғаулықты  сұраулы  сөйлем.  Сұраулы  сөйлемнің  бұл 

түрі (әлде) 还是 деген (кез келген сөз табын жазу) сөз арқылы  жасалады. 

М: А: Алматыдан келдің бе, әлде Астанадан келдің бе? 

         你从阿拉木图来还是阿斯塔那来?[1,32], 

         这件衣服蓝的好看还是白的好看? 

5.  Сұраулы  сөйлемнің  бесінші  түрі:  Қысқартылған  сұраулы  сөйлем  -ны  жалғауы  арқылы 

жасалады, яғни қазақ тіліндегі (ше?) 呢. 

М:  А: Мен студентпін.           

       В: Сен ше? 

       A: 我是学生. 

       B:  你呢? 

       我是从美国来的留学生,你呢? 

       我爸爸是一名警察,你爸爸呢?[2,55], 

6.  Сұраулы сөйлемнің алтыншы  түрі: Қарсы жаққа өтініш білдіре сұрақ қою. (好吗) 

М:  Екеуміз бірге кино көруге барайық. Жарай ма? 

      今天晚上我们一起去看电影,好吗? 

      我的专业是英语,你的专业是汉语,我们互相帮助,好吗? 

7.  Сұраулы  сөйлемнің  жетінші   түрі:  Белгілі  бір  іс-қимылдың  нәтижесіне  немесе  белгілі  бір 

затқа  байланысты  қарсы  жақтың  көзқарасын  білу  үшін  қойылатын  сұраулы  сөйлем. 

(怎么样) 


М: Оның жаңа сатып алған машинасы қалай екен? 

      你觉得他新买的汽车怎么样? 

      我们要有个西红柿炒鸡蛋,怎么样?[3,71], 

8.  Сұраулы сөйлемнің сегізінші   түрі: Хабарлы сөйлемге болымсыз жақта сұрау қою арқылы 

жасалады. 

М: Сен шетелдік студент емес пе едің? 

    你不是 留学生吧? 

       你不是新来的同学吗? 

       你昨天没去健身房吗? 

         Ойымызды  қорытындылай  келе,  сұрақтар  интонация  мен  коммуникативті  жағдайларға  қарай 

емес,  сұраулы  жалғаулықтардың  көмегімен  жасалады.  Яғни,  қытай  тілін  меңгергенде,  біріншіден, 

сұрақтарды  ажыратып,  оларды  күнделікті  өмірде  пайдалануға  тырысу  керек.  Қытай  тіліндегі  жиі 

кездесетін   осындай  сұраулы  сөйлемдер  мен  жалғаулықтары  арқылы  сөйлеу  дағдысын  тереңдетіп 

меңгере аламыз.  



 

Әдебиеттер: 

1.  汉语读写(华中师范大学出版社,2013ж . Құрастырушысы: Ли Шяң Нуң (李向农). 

2.  Новый практический курс китайского языка. Пекин. (Beijing  language and culture 

university press, 2010 ж.). Аударған: Сирко Е.В. 

3.  Жалпыға арналған Қытай тілі. (Шинжияң оқу-ағарту баспасы, 2010 ж.). Аударған: 

Толқын Қалибекұлы, Бақытжан Зеядаұлы  



 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау