«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
233
жоғары оқушының қазіргі заман талабына сай, жан-жақты, кез келген тығырықтан шыға білетінін
байқадым. А сыныбымен сабақ барысында үздіксіз логикалық есептер шығарып отырдық. Ал Б
сыныбымен тек математикалық есептерге көңіл бөлдік. Мен оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамытуда сабаққа оқушыларды түгелдей қамтып іс-әрекетке қызықтыра білдім.
Кесте 1 -Анықтау экспериментінің
нәтижесі
Оқушыларға 1 ай көлемінде А,В,С деңгейде үздіксіз тапсырма беріп отырдым. Нәтижесінде:
2-кесте. Бақылау экспериментінің
нәтижесі
Эксперимент нәтижесі
Егер тәжірибелік экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары білім деңгейін тек
20% оқушы көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін аталмыш деңгей көрсеткіші 33%-ға дейін
көтерілді. Орта білім деңгейіндегі оқушылар 35% дан 54%-ға дейін жоғарлады. Ал төменгі білім
деңгейі 45% -дан 13-%ға дейін төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер
байқалмады.
Қорытынды
Оқушыдан шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын оқушыға үйреткен дұрыс.
Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандырып, интеллектісін дамыту керек. Оқушының
логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгертіп
оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыруымыз қажет. Логикалық ойлау
қабілеті жоғары оқушыны қазіргі заман талабына сай, жан-жақты, кез келген тығырықтан шыға
білетін тұлға болып қалыптасады.
Әдебиеттер
1. Қ.Қожабаев Математиканы оқыту әдістері. Алматы «Санат», 1998.
2. Ә.Бидосов. Математиканы оқыту методикасы. Алматы «Мектеп», 1989.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
234
Амирова Анеля
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану
Ғылыми жетекшісі: пс. магистрі Г.Б.Токтогулова
ҚазМемҚызПУ
ҚИЫН БАЛАМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Аннотация. В данной статье рассматривается вопрос о социальной работе, проводимой с
трудновоспитуемыми детьми.
Abstract.
This article addresses the issue about social work carried out with difficult to educate children.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай кезеңнің болсын көкейкесті мәселелерінің бірі. Сондағы
алаңдатып отырған мәселе – қоғамда тәрбиесі қиын балалар санының көбеюі. Өтпелі кезеңнің
көлеңкелі жағы мен бұдан бұрыңғы білім беру саласындағы реформалардың салқыны қазіргі
қоғамдағы «қиын» баланың пайда болуы мен көптеген келеңсіз көріністердің алғышарттарын жасап
берді. Әсіресе, адамзатты толғандырып отырған тәрбие мәселесіне келгенде, қоғамға жат қылықты
балалардың санының өсуі кез-келген бала тәрбиелеп отырған ата-ана мен қалың жұртшылықты,
әлеуметтік педагогтарды алаңдатып отыр [1,12б.]. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын
балаларда байқалатын белгілер, ол: бірінщіден, аномальді қажеттілік, екіншіден, бойындағы тұрақты
жағымсыз қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, қоғамдық ортада тұрақсыз қылықтың пайда болуы,
төртіншіден, өзге жанның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіз болуы.
Ал қиын бала дегеніміздің өзі қандай бала? Оны қалай танып, біле аламыз? Қиын бала – көбіне
сабақ үлгерімі нашар, тәртіп бұзатын, елімізде жалпыға ортақ қалыптасқан мінез-құлық деңгейінен
ауытқыған жасөспірімдер. Жалпы, қиын бала дегеніміз – күрделі ұғым. Кейбір балалардың қиын бала
болуының басты себебі – балалық шақта шын мәніндегі адамгершілік, ортаның жоқтығы, сондай-ақ
жас кезінде жұқпалы аурумен ауыруы, ата-аналарының зиянды әрекетпен айналысуы да жатады. Бұл
– тәрбиенің ең күрделі мәселелерінің бірі. Қиын балалардың түсінбейтіндігі, немқұрайлылық
танытуы көбінесе оларда құштарлық пен қызығушылықтың жетіспеуінен көрінеді. «Қиын» баланың
пайда болу факторлары, олармен жұмыс жүргізудің теориялық жақтары әртүрлі пікірде
айтылғанымен, оны іс жүзінде зерттеу және қалыпқа келтіру әдістері толық шешімін таба алмай
отырған мәселе [1,20б.].
«Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі»,-
деген А. Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын
түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жүйе
болуы керек. Ол үшін әрбір қиын баланың дербес өзгешелігін ескеріп берілген тәрбиенің тигізген
ықпалын, яғни оқушылардың қайта тәрбиеленуге деген ниетінің оянуын бүкіл педагогтар ұжымы
болып қадағалап отыру, сынып және жалпы мектептің тәрбие беру қуатын күшейту, тәрбие беру
мақсатын іске асыру барысында педагогтар арасында ауызбірлік пен ынтымақтастық және әрекет,
талап бірлігінің қажеттігі аса ықпал етеді. Қиын баланы тәрбиелегенде ұстаздардың арасындағы
бірлік үлкен нәтиже береді.
Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
• Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау,
оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
• Әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерді құра біліп, соның негізінде тәртіпті,
айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды
ұйымдастыру.
• Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап –
тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
• Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында
жағымсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде көмек беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын
әрекеттерді жою [2, 65б.].
«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі
бала тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте,
ата-аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы