2. НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ӨКПЕСІН ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көптеген клиникалық жағдайда бір ғана режимді қатаң сақтау қажет де-
ген ғылыми зерттеулермен негізделген ақпарат жоқ. Әр бөлімнің өз ерек-
шелігі бар, сондықтан маманның әр бөлімде тәжірибесі өзгереді.
Медициналық технологияның жетістігіне орай нәресте өкпесін желдету
-
ге біраз мүмкіндік бар. Көптеген заманауи неонаталдық желдеткіште алдын
ала белгіленген мақсатты/кепілді тыныстық көлемге жету үшін қысымды
шектейтін қосымша мүмкіндіктер бар.
Бұл желдеткіштердің көпшілігінде тыныс жолының ішкі және сыртқы
жағынан газдың ағынын өлшеу үшін тыныстық контурға қойылған сезімтал
-
дығы жоғары ағын датчигі қолданылады, ол көлемді санауға және нау-
қастың тыныс алуға талпыныстарын тез синхрондауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |