|
Жасанды интелектСараптаушы жүйелерді классификациялау
|
бет | 8/12 | Дата | 15.09.2022 | өлшемі | 140,5 Kb. | | #39267 | түрі | Лекция |
| Жасанды интелектСараптаушы жүйелерді классификациялау.
Сараптаушы жүйелер белгілері бойынша классификацияланады. Мысалы, есептің типіне қарай мына түрге бөлінеді:
Берілгендерді талдау сараптамалық жүйе.
Диагностикалық сараптамалық жүйе.
Жобалау (проектілеу)сараптамалық жүйе.
Үйрету сараптамалық жүйе.
Жоспарлау сараптамалық жүйе.
Компьютер типі бойынша мына түрлерге бөлінеді.
Пролог – жүйе;
Супер ЭЕМ – жүйе;
Дербес компьютер – жүйе;
Уақытқа байланысты мынадай: 1)Сипаттамалық.
2)Диагностикалық.
1)Сипаттамалық – уақытқа байланыссыз, өзгермейтін білім қорын пайдалану.
2)Диагностикалық – уақыт өзгеруіне байланысты жүйе.
Диагностикалық – сол жүйенің ақаулығын анықтау мақсатында құрылады.
Жобалау – қасиеттері белгілі объектілер үшін сызбаларды даярлау, түсініктеме жазбаларды дайындау.
Жоспарлау – іс-әрекеттерді орындайтын объектілер үшін іс-әрекет жоспарын құру.
Үйрету – компьютер арқылы білімді тексеру. Білімдегі ақаулықтарды диагностикалау және шешім шығару.
Күй кеңістігінде шешімді іздеу әдістері.
Нақты облыстан білімді алып сараптамалық жүйені дайындау процесін білімнің инженерлік өнері дейді, ал білім жүйелі түрде дайындалған түрлі әдебиеттерден мамандардың жинақталған тәжірибелерінен алынады. Кейде жүйелеуге келмейтін шахмат ойыны, алгоритмі, жоспарлаушы, сараптаушы жүйе программасы да даярланады. Сараптаушы жүйені дайындауда орнатылатын негізгі жұмыстар:
Компьютер жадына енгізілетін интеллектуалды білімді алу.
Білімді программаға ыңғайлы етіп формальды түрге түрлендіру.
Программалау.
Даяр сараптаушы жүйені тестілеу, тексеру.
Білімді алудың бірнеше жолы бар. Олардың ішінде жиі қолданылатындар:
Білімді иемдену (приобритание).
Білімді құрастыру (формирование).
Білімді шығару (извлечение).
Білімді иемдену деп алынған білімді білім құрылымы енгізелетін қабықша программаны қолдану.
Сараптаушы жүйеде түрлі оқиғаларды тану, компьютерді үйрету және соған сәйкес шешім қабылдауда ерекше орын алады. Түрлі облыстағы тану ұғымы түрліше. Мысалы, объектіні тану, техникалық ақауды байқау, ажырату тағы басқа. Тану программа арқылы жүргізіледі. Ақауды жою программаларды жетілдіру мақсатында компьютерді үйрету саласынан арнайы жұмыстар жүргізуде. Компьютерді үйрету деп оған енгізілген интеллектуалды программаларды жақсарту бағытындағы жұмыстар түсіндіріледі. Көбіне сараптамалық жүйе құруда алгоримдік, эвристикалық тәсілдер қолданылады. Алгоритм құрылған жағдайда есеп дәл шешіледі. Эвристикалық тәсіл есепті шешудің жоспары болмағанда және шешушінің нәтижелігін арттыру керек тұстарда қолданылады. Мысалы, симплекс әдіс сияқты эвристикалық түрде есепті шығару тәсілі. Сызықтық программалау курсында қарастырылатын есептердің шығарылуы. Эвристикалық тәсіл іздеу кеңістігінде түрлі таңдамаларды азайтып қажеттілерін ғана пайдалану арқылы оны шығаруға кететін уақытты үнемдейді. Эвристикалық іздеу ақиқатты іздеу үшін логикалық тәсілдермен теориялық түрде зерттеу ережелерін пайдалану. Сонымен эвристикалық іздеуде мынадай тәсілдер қолданылады:
Түрлі әрекеттер жиынтығынан бір әрекетті таңдау.
Осы әрекетті пайдаланып ағымдық жағдайды өзгерту.
Шыққан жағдайды бағалау.
Пайдасыз жағдайды алып тастау.
Егер қажетті шешім шықса тоқтау, әйтпесе басқа әрекетті таңдап басынан қайта бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|