|
Жасанды интелект
|
бет | 2/12 | Дата | 15.09.2022 | өлшемі | 140,5 Kb. | | #39267 | түрі | Лекция |
| Жасанды интелектТерминология.
Адам қызметінің негізгі ойлау нақты мәселені шешу үшін адам миынан жауап күтеді. Мысалы, көшені кесіп өту алдында бас адамға жолдың бостығын тексеру жөнінде нұсқау береді. Яғни мәселені шешу үшін мидың одан нақты жауабы керек. Адамның ойлау процесінен алынуы тиіс қорытынды мақсат деп аталады. Мақсат адамды ойландырады. Мақсатқа жету үшін алдымен бірнеше ішкі мақсаттың орындалуы мүмкін. Мысалы, кітаптың бір тарауын оқып үйрену үшін оған енгізілген бірнеше тақырыптарды оқып үйрену қажет. Жасанды интеллектіні оқып үйрену кезінде берілгендер және білім атаулары жиі кездеседі. Информатикада берілгендер деп – бір облыстық нысандар мен процестерді сипаттаушы жеке фактілермен олардың қасиеттерін атайды. Білім берілгендерге байланысты ол адамның ойлау мүмкіндігінің және практикалық жұмыста алған тәжірибесінің нәтижесі. Яғни білім – бір тақырыптық облыста мәселені шешуге мүмкіндік туғызатын айқындалған заңдылық жасанды интеллект жүйесінде қарастырылатын білім – программаның интеллектуалды болуына қажет информация. Адамға тән қасиет жаңа білім алып оны қажетті жағдайға пайдалану. Жалпы алғанда интеллектіні фактілер жиынтығы және мақсатқа жету үшін оны пайдалану тәсілі деп қарастыруға болады. Фактілер нақты мәліметтер. Ойды орындау мәселені шешу көптеген алгоритмдік не алгоритмдік емес қадамдардан тұратындықтан оларды қатаң түрде компьютерде орындайтын программалар дайындалады. Мәселені күрделендіру не жаңа мәселені шешу үшін оған күрделі өзгерістер енгізу қажет. Бұл көп уақыт алатыны белгілі және программада қосымша қателердің жіберілуі де мүмкін. Сондықтан жасанды интеллектіде мәселені шешетін программа бөліктері әдетте құрылатын программа бөліктеріне байланыссыз қарапайым түрде құрылады. Программаның бұл блогына өзгерістер кеңейтулер енгізуде мүмкін. ЭЕМ-де түсінікті түрде жазылып сақталған мұндай мәләметтер білім қоры деп аталады. Ол программа жұмысын оңайлатады және оған ақыл-ой еркешеліктерін игеретін жаңа блоктар қосуға мүмкіндік береді. Мұндағы ескеретін жайт білім қоры мен берілгендер қоры бірдей емес. Берілгендер қорында информация бірліктері бір-бірімен байланыссыз мәліметтерден тұрады, ал білім қорында олар бір-бірімен байланыстырылып көрсетіледі. Жалпы білім қорының құрылымы да ерекше ол көбінесе екі элеметтен тұрады: фактілер және проблеманы шешу кезінде фактілерді пайдаланатын ережелер. Ережелердің көпшілігі егер; онда тармақталу командасы арқылы дайындалады: егер А, онда В. Мұндағы А фактілер, шарт, ал В фактілерге сәйкес орындалатын әрекет оқиға не мәлімет.
Адам бір мезетте нақты облыстан 50 мыңға жуық ережені өңдей алады. Соңғы кәсіби мүмкіндігі мол компьютердің бір жолы бірнеше жүз ережелерді өңдеуі де қиын. Сондықтан әдетте ережелер жуықталған модель
бойынша ғана программаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|