Зейінің дамуы. Баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортаны тексеруге, оның зейінін қызығушылығы басылғанша зерттелетін объектіге бағытталып ұйымдастырылады. Алты-жеті жастағы бала еш алаңдамай екі-үш сағат ойнай алады. Тура осылай өнімді іс-әрекетпен де (сурет салу, әр түрлі заттарды жасау) ұзақ уақыт айналыса алады. Бірақ зейінді жұмылдырудың мұндай нәтижелері – баланың айналысатын ісіне қызығушылық. Егер бала өзіне ұнамайтын іспен айналысса, тез шаршайды, өзін бақытсыз сезінеді.
Ересек баланың зейінін ауызша нұсқалардың көмегімен ұйымдастыра алады. Оларға орындалуы тиіс іс-әрекетті есіне салып, іс-әрекет тәсілдерін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушысы белгілі дәрежеде өз іс-әрекетін жоспарлай алады. Жоспарлау балалардың зейінін ұйымдастырады.
Бастауыш сынып балалары өз мінез-құлқын жүйелей алады. Балаларға бірдей және тартымды емес іс-әрекетке немесе қызықты іс-әрекетке бағытталу қиынға соғады.
Бастауыш сынып жасындағы балалар зейінін интеллектулдық тапсырмаларға бағыттай алады, бірақ бұл өте үлкен күш-жігер мен мотивацияның жоғары ұйымдастырылуын талап етеді.
Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы кезеңде ес Осы кезеңде ес – психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Шын мәнінде мектепке дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді. Бала маңызды деген оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамға бүкіл өміріне жетерліктей естеліктер қалдырады.
Есте сақтау сәтті ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала әрекетін жүзеге асыу мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте сақтайды. Бала есте сақтау тәсілдерін санлы түрде пайдалана алады. Ол есте сақтау керек затты қайталап, түсінуге тырысады.
Мектепте балаа өз еркімен сақтау керек қажеттілігі талабы тұрады. Оқу іс-әрекеті баладан есте сақтауды міндетті түрде талап етеді. Мұғалім балаға қандай жолмен есте сақтауға болатыны туралы нұсқау береді. Балалармен бірге ол материалдың көлемі мен мазмұнын талқылайды, оны бөлімдерге бөліп, есте сақтау процесін бақылауға үйретеді. Түсіну есте сақтаудың басты шарты – мұғалім бала зейінін түсіну қажеттілігіне бағыттайды, есте сақтау керектігін балаға түсінуді үйретеді, есте сақтау стратегиясының мотивациясын: білімді, дағдыларды игеруге үйретеді.
Бала оқу іс-әрекетінде мағыналы еске арқа сүйей алады. Есте қалдыру мен оқу материалын қайта жаңғырту балаға психикалық өзгерістерін рефлексиялауға болады.
Қиялдың дамуы. Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі ситуацияларды құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы, қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.
Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі ситуацияларды елестетуді ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы құралдармен қуаттануды талап етеді. Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер т.б. заттар болуы мүмкін.
Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы дұрыс болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан кейін сұйықтың сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.
Мұндай зерттеулерден Ж. Пиаже мынадай қорытынды жасады: алдымен қиял статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына байланысты бала алғыр және жігерлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |