|
Жартылай стационарлық ұйым
|
бет | 1/4 | Дата | 02.03.2023 | өлшемі | 383,77 Kb. | | #41569 |
| tіrek-қimyl-apparaty-bұzylғan-balalarғa-psihologiyalyқ-pedagogikalyқ-kөmek-kөrsetu Тақырыбы: Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға психологиялық педагогикалық көмек көрсету Жартылай стационарлық ұйым - Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар: - 1) күндіз болу бөлімшелері (орталықтары);
- 2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;
- 3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;
- 4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.
-
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі міндеттері: 1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; 2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; 3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның негізгі функциялары мыналар: - 1) қызмет алушыларды қабылдау және олардың сырқатын, жай-күйінің ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
- 2) қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
- 4) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
- 5) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;
- 6) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
- 7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
- 8) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
- 9) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|