Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет23/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

50

мазмұны  жоғары

ғылыми  деңгейде,  бірақ

оқушыларға  түсінікті  түрде

қабылдануын қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  «Биология»  пәнін оқытудың



мақсаты:

тірі  материя,  оның биологиялық  құрылым  деңгейлері  туралы  негізге



алынатын түсініктерді қалыптастыру;

тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;



жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

өсімдік және  жануар  жасушаларының  құрылысы  туралы  түсінік



қалыптастыру;

органикалық және  бейорганикалық заттардың рөлі  туралы  білім



қалыптастыру;

организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;



органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар

туралы түсінік қалыптастыру;

адамның



тұқымқуалаушылығына

қоршаған 

ортаның

қолайсыз


факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;

Оқытудың міндеттері:

түр және оның критерийлері туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;



эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

экология  пәні  және  экологиялық факторлар,  экологияның міндеттері,



экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету;

экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;



табиғатты қорғау  бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін

ашып көрсету;

Қазақстанның табиғатын қорғау  туралы Қазақстан  Республикасының



заңдарын негіздеу;

цитологияның міндеттерін игеру;



жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;

энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;



органикалық дүниедегі  көбею әдістері  мен  жасушалардың бөліну

типтерін игеру;

организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;



тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;



селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  биологияны  оқытудағы  күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:

Ақпараттық  құзырет:

оқушылар


әртүрлі  ақпараттық  құралдарды

пайдалану  арқылы  тірі  және өлі  материя,  олардың химиялық құрамының

ұқсастығы, құрылым  деңгейлері  туралы қажетті  ақпарат  алу қарастырылады;

заманауи  ақпараттық  құралдарды  (теледидар,  магнитофон,  телефон,  факс,




51

компьютер,  принтер,  көшірме)  және    ақпараттық технологияларды  (аудио-

бейнежазу,  электрондық пошта,  ЖАҚ, интернет)  меңгеру; қажетті ақпарат

іздеу, талдау және таңдап алу , оны өзгерту, сақтау және беру;



Коммуникативтік құзырет: оқушылар айналасындағы адамдармен қарым-

қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады, екі-екіден бірігіп жұп құрып,

топтасып,

ұжыммен  жұмыс  істеп,  түрлі

әлеуметтік  рөлдерді  игереді.

Сұхбаттасушымен

әңгімелесу,  пікірталас  жүргізу  арқылы  мәселелерді

талқылайды және сыпайы түрде өзінің пікірін жақтап шыға алады;



Құндылық-мағыналық 

құзырет:

оқушының 

құндылық

бағдарын


меңгерген, қоршаған әлемді көру, түсіну, сол ортаға үйрену, өзінің рөлін сезіне

білу қабылеті; өзінің іс әрекеттері  мен қылықтарына  арнайы  мақсаттық және

мағыналық бағыт  таңдай  білуі,  шешім қабылдауы.  Мұның бәрі  сабақ оқу

кезінде  немесе  басқа  да  тіршілік  жағдайларында  оқушының өз тағдырын өзі

шешу  механизмін қамтамасыз  етеді.  Осыған  байланысты  оқушының жеке

басының білім  алу  жолы  және  оның тіршілік әрекетінің бағдарламасы

қалыптасады; оқушы  сауықтыру  шараларының кешенін  және қоршаған

ортаның денсаулыққа әсері туралы ақпаратты біледі;



Жалпы  мәдени құзырет: оқушы ұлттық және  жалпыадами  мәдениет

саласындағы әрекеттер  тәжірибесін  түсінеді;  адам  және  адамзат  тіршілігінің

рухани-адамгершілік негіздерін танып біледі; отбасылық әлеуметтік, қоғамдық

құбылыстар мен салт дәстүрлердің мәдениеттанушылық негіздерін, ғылым мен

діннің адам өміріндегі рөлін, бос уақытты тиімді пайдалану әдістерін біледі;

Өзін-өзі кемелдендіру құзыреті: оқушы  физикалық, рухани  және  зияттық

бағытында өздігінен  жетілудің, сезімін  реттеудің және өзін-өзі қолдаудың

әдістерін  меңгереді; оқушы  жеке  басының мүддесі  мен  мүмкіндіктері үшін

әрекет ету тәсілдерін меңгеруі олардың ұдайы өзін-өзі тану, заманауи адамына

қажетті жеке  басының  қасиеттерінің, психологиялық сауаттылық, ойлау  және

мінез-құлық

мәдениетінің 

қалыптасуынан 

көрінеді. 

Ішкі


экологиялық

мәдениетті игереді;



Әлеуметтік-еңбек

құзыреті:

оқушы 


азаматтың,

бақылаушының,

сайлаушының,  өкілдің,  өндірушінің, отбасы  мүшесінің рөлін  атқарады.

Экономика және құқық мәселелерінде өзінің құқығы мен міндеттерін біледі.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  «Биология»  пәнін  оқып  білу

барысында  мына  төмендегі  оқу  пәндерімен  пәнаралық байланыстар  жүзеге

асырылады:

«Қазақ тілі және әдебиетпен»: сөздік қордың биологиялық терминдермен

одан әрі  байытылуы;  органикалық дүниенің  құрылысы  мен  эволюциясының

ерекшеліктері  бойынша  оқу  материалын қабылдау  арқылы  ауызша  сөздің

дамуы; қысқаша  шығармалар-сипаттамалар,  ойбөлісу  түрінде  материалды

баяндау,  баяндаманы  дұрыс  көркемдеу,  Эссе,  хабарлама,  биологиялық

диктанттар  жазу,  шығармашылық тапсырмалар  орындау  арқылы  жазбаша

сөздің дамуы.

«Математикамен»:

биологиялық

эксперименттердің

тәжірибелердің,

бақылаудың,

зертханалық

жұмыстардың 

қорытындысын 

шығаруда



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау