Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет25/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39

54

өмірде қолдану».  Талаптар  оқушылардың биологиялық білім  беру  мазмұнын

репродуктивті, жемісті және шығармашылық деңгейде игеруін көздейді.

Биологияны оқытудың әдіснамалық негізінің жаңашылдығы мынада:

негізгі  жалпы  және  орта  (толық) жалпы  білім  беру  сатысында



стандартқа  «Биология ғылым  ретінде.  Биологияның  әдістері»  мазмұндық

блогын  енгізу  арқылы ғылыми  танымның  әдістерін  оқытуға  көңіл  бөлу

күшейді;

әлемнің



заманауи 

жаратылыстану-ғылыми

бейнесі 

мен 


оны

қалыптастырудағы биологиялық теорияның рөлі туралы мәліметтер енгізілген;

тірі 


табиғат 

пен 


оның

атрибуттары

деңгейлі 



(жүйелі)

ұйымдастырылуы,  эволюциясы,  бейімделуі  (тірі  жүйенің ортамен өзара

байланысы)  жөніндегі  биологиялық  ғылымның заманауи  түсініктеріне  сүйене

отырып, мазмұнды іріктеу іске асырылды;

биология  курсы  мазмұнының  қолданбалы,  практикалық бағыттылығы



күшейді;

адамның  әлеуметтік  болмысы,  оның



психологиясы  мен  мінез-құлқы,

салауатты өмір  салты  мен қоршаған  ортада өзін ұстау  ережелері жөніндегі

мәліметтерді енгізудің есебінен «Адам және оның денсаулығы» атты тараудың

мазмұны кеңейтілді.

Жоғары  сыныптағы  «Биология»  оқу  пәні  екі  деңгейде – базалық және

бейіндік  деңгейде ұсынылған.  Стандарттың екі  деңгейі  де  жалпы  білім  беру

сипатына  ие, бірақ, олар әр  түрлі  міндеттердің кешенін  шешуге  бағдарланған:

стандарттың базалық деңгейі  жалпы  мәдениетті қалыптастыруға  бағдарланған

және  көбінесе,  жалпы  білім  берудің

дүниетанымдық,

тәрбиелік  және

дамытушылық міндеттерімен, әлеуметтену  міндеттерімен  байланысты  болады;

бейіндік  деңгей  жеке  икемділікке,  оқушылардың  қажеттіліктеріне қарай

таңдалады  және  оның келесі  кәсіби  білім  алуына  немесе  кәсіби  іс-әрекетіне

дайындығына бағдарланған.

Бейіндік деңгейдің орта (толық) жалпы білім беру сатысындағы  биология

курсы  оқушыларда  тірі  табиғат  пен  оның жүйелі ұйымдастырылуы  және

эволюциясы  жөніндегі  біртұтас  білім  жүйесін қалыптастыруға  бағытталған,

сондықтан  мазмұн

әр  түрлі  биожүйенің

деңгейінде  көрінетін  жалпы

биологиялық заңдылықтар жөніндегі мәліметтерден тұрады. Бейіндік деңгейде

мазмұнды  іріктеудің негізі  ортақ амалды  білуден  тұрады.  Оған  сәйкес

оқушылар ЖОО-да білімін жалғастыруға жеткілікті базаны құрайтын, табиғатта

мінез-құлық

мәдениетін,  болашақ

биолог

үшін  маңызды  биологиялық



зерттеулерді  жүргізу  мен  рәсімдеуді қамтамасыз ететін  білім  мен  біліктілікті

игеруі тиіс.

Биология курсының мазмұны биологиялық білімдер мен біліктерді шексіз

кеңейтуге  және  тереңдетуге  емес,  жалпы  биология  бойынша  кеңейтілген  және

күрделі  материалды  сапалы  меңгертуге,  сондай-ақ оқушылардың негізгі

мектептен 

алған 

білімдерін 



тереңдетуге 

және 


біліктілігін 

дамытуға


бағытталған.  Биологиялық білім  берудің мазмұнын  жеңілдету  анатомия,

морфология  және  систематика  бойынша  талаптарға  енбеген  түсіндірме




55

мәліметтерді қысқарту есебінен; оқушылардың меңгеруі қиын бірқатар күрделі

биологиялық  ұғымдарды,  заңдылықтарды,  теорияны  негізгі  мектептен

жоғарыға  көшірудің есебінен;  міндетті  минимумға  курсивті  (курсивпен

мектептің оқушыларға беруі тиіс, бірақ талаптардың қатарына енбеген мазмұн

бөліп көрсетілген) енгізу есебінен іске асырылды [40].

Білім берудің әртүрлі сатысындағы сабақтастық пәнішілік және пәнаралық

байланыстарды  күшейтудің арқасында  жүзеге  асырылды.  Жоғарғы  бейіндік

мектепте  биология  курсының басқа  курстармен – физикамен,  химиямен,

географиямен 

вертикалды 

да 


(білім 

беру 


сатыларының

арасында),

горизонтальды  да  (оқытудың бір  сатысында)  пәнаралық байланысы  орын

алады.  Бұрынғысынша,  жоғарғы  мектепте  химия  мен  биология  курстарының

арасында  пәнаралық

байланыстарды  жүзеге  асыру  проблемасы  бар:

органикалық

заттардың

молекулаларының  құрылысының

ерекшелігімен

байланысты  бірқатар ұғымдарды  оқыту  олардың  қалыптасуын  органикалық

химия  курсында  іске  асыра  отырып,  биология  курсында  басталады.  Жоғарғы

мектепте  базалық

деңгейде  бұл  сәйкессіздік  стандарттан

органикалық

заттардың молекулаларының  құрылысы  туралы  мәліметтерді  алып  тастау

есебінен  жойылады.  Бейіндік  сыныптарда  бұл  проблема өзекті  болып қала

береді  және  биология  курсында  тиісті  материалды  озық оқыту  арқылы

шешіледі.

12  жылдық мектептердің оқу  бағдарламалары  жалпы  оқу  біліктілігін,

дағдыларын  және  іс-әрекеттердің

жиынтық


тәсілдерін

қалыптастыруға

бағдарланған. Сонымен қатар, биология бойынша талаптарға биология курсын

оқып-үйрену кезінде  оқушыларда

қалыптасатын:  танып  білу,  сипаттау,

салыстыру, талдау және бағалау сияқты жалпы оқу біліктілігі кіреді.

Биология  бойынша  бағдарламалардың мазмұны  бірқатар  жалпы  оқу

біліктілігін, 

дағдыларын 

және 


іс-әрекеттердің

жиынтық


тәсілдерін

қалыптастыруға барынша ықпал етеді [42]:

қоршаған ортаны  тану үшін әр  түрлі әдістерді  пайдалану    (бақылау,



өлшеу,  тәжірибе,  эксперимент,  моделдеу  және  басқа).  Таным  объектісінің

құрылымын анықтау,  тұтастың бөліктері  арасында  маңызды  функционалдық

байланыстар мен қатынастарды іздеу және бөліп көрсету. Процесті кезеңдерге,

топтарға  бөле  білу;  себепті-салдарлық сипатты  байланыстарды    бөліп  көрсету

біліктілігі;

берілген алгоритмдердің негізінде оқу міндеттерін шешудің адекваттық



тәсілдерін анықтау;

бір  немесе  бірнеше



ұсыныстар,  негіздер,  критерийлер  бойынша

нысандарды  салыстыру, салғастыру,  жіктеу,  саралау.  Фактілерді,  пікірлерді,

дәлелдерді, болжамдарды, аксиомаларды ажырата білу біліктілігі;

күрделі  емес  практикалық жағдаяттарды  зерттеу,  болжамдарды ұсыну,



олардың практикада  тексерілуі қажеттігін  түсіну. Ұсынған  болжамдарды

дәлелдеу үшін  практикалық және  зертханалық жұмыстарды,  күрделі  емес

эксперименттерді пайдалану; бұл жұмыстардың нәтижелерін сипаттау;



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау