40
Әлеуметтік
құзыреттілік: ақпаратты іздеу, жинау, сақтау дағдылары
және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін әдістерді қолдану дағдылары;
программалау және модельдеу бойынша оқу жобаларымен жұмыс істеу
барысында сәйксінше құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып
қоғамдық ақпараттық ресрустарды қолдану біліктілігі.
Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биология, химия,
тарихпен және т.б. пәнаралық сабақтастыққа түсу мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір
жағынан, информатиканың білім мазмұнын тереңдетуге, әсіресе ақпараттық
үдерістер, құбылыстар және информатикадағы пәнаралық байланыстарды
зерттеуге көмектеседі. Бір жағынан, информатиканы оқыту жаратылыстану-
математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
және технологиялық бағыттардағы
аралас оқу пәндері бойынша білімді толықтыра түседі.
Жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқыту үдерісінде
келесі салалас оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«Алгебра және анализ бастамаларымен»:
визуалды программалау
құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді
қолдану;
жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда
математикалық формулалар мен функцияларды қолдану; координаталық
жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау.
«Геометриямен»: координаталық жүйелер, проекциялар және олардың
компьютерлік
графика
мен
модельдеуде
қолданылуы;
геометриялық
шамаларды есептеу.
«Физикамен»: ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін
пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру; физикалық үрдістерді
модельдеу.
«Химиямен»: мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын
аталған пән аймағында жобаларды құру; визуалды программалау ортасы
арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.
«Қазақ,орыс
және
шетел
тілдерімен»:
жобалық
іс-әрекеттерді
орындағанда
орфография
және
пунктуация
ережелерін
пайдалану;
информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз
қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен; программалау
тілдерінің
синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;
телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану – шетел тілін оқу құралы.
«Географиямен»: экономика мен географияны оқып үйренуде деректер
қорын қолдау құралы ретінде жасау.
«Биологиямен»:
визуалды программалау ортасы арқылы химиялық
үдерістерді модельдеу.
«Тарихпен»: әлемде және Қазақстан Республикасының
болып жатқан
тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру.
«Адам. Қоғам. Құқықпен»: ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан
Республикасының заңнамаларын білу.
Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
11-сыныпта курстың тақырыптары оқытуда қолданылатын программалық
өнім
түрлі болуы мүмкін. Оқулық авторлары ҚР аумағында кең таралған
41
немесе ҚР Білім және Ғылым Министрлігі білім беру мекемелері үшін арнайы
сатып алған программалық өнімдерді иллюстрация және тәжірибелік
дағдыларын
өтеу үшін пайдалана алады. Қажетті программалар тізімі
мынадай: 1) операциялық жүйе; 2) құрылғылар драйвері; 3) кестелік процессор;
4) мәліметтер қорын басқару жүйесі; 5) обьектілі-бағдарланған және визуалды
программалау жүйелері; 6) ақпараттық білім беру ресурстары.
Жаратылыстану-математика бағытында информатиканы оқытудың басты
мазмұның программалау тілі құрайды. Программалау тілінің негізгі ұғымдарын
оқушылар базалық курста, яғни 5-10 сыныпта өтті, сондықтан профильдік
сыныптарда алғашқы сабақтарында программалау тілінің тарихына шолу
жасалады. Ең
алғаш операциялық
(операционные) және процедуралық
(процедурные)
программалау
болған.
Оған,
Фортран
және
Бейсик
программалау тілдері жатады. Одан кейін программалау құрылымды болды
(структурный), оған Паскаль тілін айтуға болады. Кейін программалаудың жаңа
бағыты пайда болды, ол объекті-бағдарлы (Визуал Бейсик, Дельфи, С++) және
декларативті программалау (Пролог тілі, Лисп тілі) тілдері.
Информатика пәнін тереңдетіп оқытуда бір программалау тілімен ғана
шектелмей, екі программалау тілі оқытуға болады, 11-сыныпта бір
программалау тілі болса, 12-сыныпта басқа программалау тілін. Сонымен қоса,
әдіскер мұғалімдер логикалық программалауды оқығаннан кейін құрылымдық
программалауды оқытқан дұрыс болады деп есептейді. Әдетте мектептерде
құрылымдық программалау бойынша Паскаль тілін оқытады. Паскаль тілін
оқытуда Турбо Паскалға тоқтаған дұрыс. Мысалы «Алгоритмдер және
құрылымдық алгоритмдеу» тақырыбын оқытуда. Оқушылар базалық курстан
меңгерген алгоритм ұғымдарын және оларды блок-схема түрінде жазу
тәсілдерін естеріне түсіру қажет. Шарт алдында тексеретін цикл, шарт соңында
тексеретін цикл бойынша есептерге мысалдар келтіру қажет. Содан кейін 4-
суретте көрсетілген тип бойынша құрылымдық программалаудың маңызды
«суперпозиция» ұғымына көшсе.
4-суреттегі құрылымды талдай келе, оқушылар схеманың әр элементар
үзіндісі қай жерден басталатын және аяқталатын нүктелеріне назар аудару
қажет. Схемада бұл нүктелер бір вертикаль да орналасады. Бекіту үшін келесі
есепті алуға болады: компьютерге кез келген 100 санды тізбектеп енгізіп, оң
және теріс сандар қосындысын табу керек.
Құрылымды программалаудың маңызды идеясы – модульдік идея болып
табылады. Ол барлық программа модульдерге бөлінуін білдіреді, бір кіріс және
бір шығыспен. Құрылымдық алгоритмдеудің элементар біліктерін өткеннен
кейін Паскаль тіліне көшуге болады.
Паскаль тілін оқытуда, келесі сұрақтар қарастырылады: программалау
ұғымы; программалау тілінің тарихы; программалаудың парадигмасы; Паскаль
тілінің құру тарихы; Паскаль тіліндегі программаның құрылымы; программалау
тілінің метатілдері туралы сипаттама ұғымы.
Басында табиғи және формальды тілдер арасындағы айырмашылықты
қарастырған дұрыс, «синтаксис», «семантика» ұғымдарының мәнің білу қажет.