Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет7/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

16

– физика-математикалық

және

ғылыми-жаратылыстану 



білім

мазмұндарының жоғары  білім  деңгейінің мазмұнымен  сабақтастығын  және

сәйкес  саласы  бойынша  оқуын  жалғастыру  мен  мамандығын  таңдауға

даярлығын;

– танып  білудің  қазіргі  заманғы ғылыми-жаратылыстану әдістерін  және

оларды оқу қызметінде практикалық қолданылуын меңгеруді;

– қиындығы жоғары  теориялық және қолданбалы  сипаттағы  есептерді

шешудің практикалық дағдыларын дамытуды;

– ғылыми-жаратылыстану  объектілерді  және үдерістерді  моделдеу  мен

зерттеу дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік  пәндер инварианттық

компоненттегі  «Математика  және  информатика»,  «Жаратылыстану»  білім

салалары  және  вариативтік  компоненттегі қолданбалы  курстар  бойынша

пәндердің мазмұнымен жүзеге асырылады.

«Математика  және  информатика»  білім  саласындағы  бейіндік пәндердің

мазмұны:


мектептік  білім  беру  деңгейлеріндегі  сабақтастықты,  математика мен

информатиканы оқытуда пәнаралық және пәнішілік байланыстарды;

қазіргі қоғамда  адамның күнделікті өміріне  және  еңбек қызметіне



қажетті,  сабақтас  пәндерді  оқуға, үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  оқуын

жалғастыруға 

жеткілікті 

математикалық

білім 

мен 


біліктер 

жүйесін


оқушылардың берік және саналы меңгеруін [25];

математиканың даму  тарихымен  және  математикалық идеялардың



дамуымен  таныстыру,

ғылыми-техникалық

прогресстегі  математиканың

маңыздылығын түсіну арқылы математика құралдарымен тұлғаның мәдениетін

тәрбиелеуді [25];

оқыту  уәждемесін  арттыруға,  оқушының  қабілеттерін,  мүмкіндіктерін,



қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру тек

білімдік компонентке ғана емес, алдымен әрекеттік компонентке бағдарлануын;

практикалық



мағыналы  математикалық

біліктер  мен  дағдыларды

меңгеруді  және  оларды  математикалық пен  математикалық емес  есептерді

шешуде қолдануды [25];

информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқыған кезде ақпараттық



және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып нақтылы объектілер

мен үдерістердің моделдерін қолдану және түрлендіре білу, қазіргі ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар  және  визуалды  программалаудың теориялық

негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру;

әртүрлі формаларда ұсынылған ақпаратты қабылдау мен сыни талдауын,



математика  мен  информатиканың  әртүрлі  тілдерін  (ауызша,  символдық,

аналитикалық, графикалық) пайдалану қабілетін дамытуды;

болашақ кәсіби қызметіне,  сонымен қатар  жоғары  мектепте  одан әрі



оқуын  жалғастыруға қажетті  деңгейде  логикалық және  операциялық ойлауды,

алгоритмдік  мәдениетті,  кеңістіктік  елестерді,  сыни  тұрғысынан ойлауды,

функционалдық сауаттылықты дамытуды;



17

әртүрлі  бағыттағы



ғылыми  жобаларды  орындау  кезінде  түрлі

математикалық  әдістер  мен  ақпараттық технологияларды  пайдалана  білу

біліктігін жүйелі дамытуды;

оқу  пәндерінің даму әлеуетін, қолданбалы  және  практикалық бағытты



күшейтуді,  пәнді  оқытудағы  негізгі  екі:  математикалық білім  беру  мен

математика мен ақпараттық-коммуникациялық технология көмегімен  білім

беру функцияларын үйлестіріп жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

«Жаратылыстану» білім саласындағы бейіндік пәндердің мазмұны:

– алдыңғы  білім  беру  деңгейлерінде  жаратылыстану-ғылыми пәндер

бойынша игерген білімді жүйелеуді және жалпылауды;

– мектептік  білім беру  деңгейлеріндегі сабақтастықты және жоғары  білім

беру деңгейінде оқуын жалғастыруға дайындықты;

– қазіргі

заманғы


коэволюциялық,

синергетикалық

парадигмаға

негізделген ғылыми-жаратылыстану  білім  берудің жаңа  тұжырымдамасының

элементтерін меңгеруді [23];

– «табиғат-қоғам-адам-техносфера» 

мегажүйесін 

тұрақты 


және

гармониялық дамуын қамтамасыз  етудің  құндылықтары  мен  мақсаттарына

жетуге бағытталуын [23];

– ноосфералық-гуманитарлық

дүниетанымды 

және 


экологиялық

мәдениетті қалыптастыруды;

– Қазақстанның

индустриялдық-инновациялық

дамуында 

пайдалану

тұрғысынан жаңа ғылыми ауқымды технологияларды меңгеруге бағытталуын;

– адамның  өнімді қызметін ұйымдастыру  және  оның мәдениетін  дамыту

құралы

ретінде


ғылыми-жаратылыстану  білімдері  мен  заңдылықтарын

практикалық қолдануды;

– әлемді

танып 


білудің 

ғылыми-жаратылыстану 

және 

басқадай


компоненттерін  ауқымды  кіріктіру  негізінде әлемнің тұтас ғылыми  бейнесін

қалыптастыратын

іргелі

ғылыми-жаратылыстану  білімдері  мен



ғылыми

танымның әдіснамасын меңгеруді [23];

– тұрақты  танымдық  қажеттіліктер  мен  мүдделерді,  креативтілікті,  сыни

тұрғысынан ойлауды, өздігінен білім алуға даярлығын дамытуды;

– оқыту  және  жобалық зерттеулерді  орындау үдерісінде  ақпараттық-

коммуникациялық

технологияларды 

пайдалану 

дағдыларын 

дамытуды


қамтамасыз етуі тиіс.


18

2 Оқытуды  бейіндендіруді  есепке  ала  отырып,  жаратылыстану-

математикалық бағыттағы сыныптарда пәндерді оқытудың әдістемесі

2003-2004  оқу  жылынан  бастап  Республика  бойынша  12  жылдық білім

беруге  көшудегі  эксперименттік  жұмыстар  жүзеге  асырылуда. Қазіргі  уақытта

эксперимент өтіп  жатқан  мектептердің саны – 104,  барлық мектептердің

сыныптарда  5784  оқушы  оқиды. Қазақ тілінде  оқытатын  мектептерде – 3  551,

орыс тілінде оқытатын мектептерде – 2 233.

2013-2014 және 2014-2015 оқу жылдарында 12 жылдық білім беруге көшу

бойынша  эксперименттік  жұмыстар  жалғастырылып,  11-12  сыныптарда

бейіндік  оқыту  жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық

бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.

12 жылдық оқытуға көшу бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстар

мен әзірленген оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік кешендері  бойынша әдіскер-

ғалымдар мен практик-мұғалімдердің тиімді ұсыныстары мен пікірлері [26, 27,

28],  12  жылдық білім  берудің тұжырымдамалық негіздері  арқылы  12  жылдық

мектептің білім  беру  деңгейлері  бойынша  білім  мазмұны  мен  оқушылардың

дайындық деңгейіне қойылатын талаптар, әдістемелік нұсқаулар анықталды.

Осыған  орай,

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде

жаратылыстану-

математикалық бағыттағы  сыныптарда  бейіндік  пәндер  мен қолданбалы

курстарды  оқытудың  әдістемелік  ерекшеліктерін білім  салалары  бойынша

ұсынамыз.



2.1 «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытудың

әдістемелік ерекшеліктері

«Математика және информатика» білім саласының мазмұны  «Математика

(алгебра және анализ бастамалары, геометрия), «Информатика» пәндері арқылы

жүзеге асырылады.



Математика (алгебра және анализ бастамалары, геометрия)

Математика 

жаратылыстану

ғылымдарының

көшбасшысы 

ретінде


қоғамның

дамуына 


белгілі 

бір 


дәрежеде 

ықпал 


етеді. 

Сондықтан,

жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту

оқушылардың жоғары оқу орнында болашақ мамандығы бойынша білім алуын

жалғастыруға қажетті  математикалық білім  мен  біліктіліктің белгілі  деңгейін

қамтамасыз етуі тиіс.

Математикалық білім  беру  мазмұны  оқушылардың бойында қоршаған

әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық

қабілеттерін дамытуға  ықпал  ететін  жалпы ғылыми  біліктерді  меңгеруіне

бағытталады. Қоршаған әлемдегі және  сабақтас  пәндердегі үдерістер  мен

құбылыстардың математикалық моделін  интерпретациялау мен құрастыру

біліктігі  теориялық мәселелерді  зерттеуде  және қолданбалы  есептерді  шығару

барысында қолданылады. Математиканы  оқытуда қалыптасқан  теориялық

сұрақтар  мен  есептерді  шешудің зерттеу  аппараты  жаратылыстану-математика

пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.



жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау