Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет4/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

10

саралау,  оқушыларды әлеуметтендіру  мүмкіндіктерін  кеңейту,  жалпы  және

кәсіби  білім  беру  деңгейлері  арасындағы  сабақтастықты қамтамасыз  ету,

мектеп  түлектерін  жоғары  оқу  орындарының бағдарламаларын  меңгеруге

тиімді  даярлау. Мектептің жоғары  сатысындағы  бейіндік  оқыту  базалық

пәндер,  бейіндік  пәндер  және  элективтік  курстар  арқылы  жүзеге  асырылады.

Базалық пәндер  барлық оқыту  бағдары  бойынша  міндетті,  ал  бейіндік  пәндер

оқытудың нақтылы  бағытын  анықтайтын,  жоғары  деңгейдегі  пәндер  болады.

Мысалы,  физика,  химия,  биология – ғылыми-жаратылыстану  бағдарының;

әдебиет,  орыс  және  шетел тілдері – гуманитарлық бағдарының; тарих, құқық,

экономика – әлеуметтік-экономикалық бағдарының бейіндік пәндері.

Қазақстандағы бейіндік  оқыту  11-жылдық білімнің МЖМБС  сәйкес

қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша

жүзеге асырылады. Оның негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы

білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында (1996), жалпы орта білім

мазмұнының тұжырымдамасында (1996) көрсетілген.

Қазақстан Республикасында  Білім  беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басымды бағыттарының бірі ретінде

көрсетілген  12  жылдық оқыту  моделіне  көшу үдерісі қазақстандық білімнің

бәсекеге қабілеттілігін  арттырудың келесі  міндеттерін  орындауы  тиіс:  сапалы

білім

алуы


үшін  барлық

азаматтарға  бірдей  мүмкіндіктерді

ұсыну;

қазақстандық патриоттыққа,  адам құқықтары  мен  бостандығына құрметпен



қарауға,  азаматтық жауапкершілікке  және құқықтық сана-сезімге  тәрбиелеу;

ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға,  толеранттыққа  тәрбиелеу; қоғамда

әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру;  оқушылардың оқу  жүктемесін  білім

беру 


деңгейлеріндегі 

жас 


ерекшелік 

мүмкіндіктерімен 

және

психофизиологиялық даму  заңдылықтарымен өзара  байланыстыру;  жеке  білім



беру траекториясын қалыптастыру; жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды

бейіндендіру;  тілдерді деңгейлеп оқытуды  енгізу  және  оның негізінде  көптілді

тұлғаны қалыптастыру [18, 19].

Орта  білім  мазмұнын  бағдарлы  жіктеу  бойынша қазақстандық тәжірибені

талдау  барысында,  12-жылдық білім  беру  жағдайында  бейіндік  оқытудың

моделін құрылымдау  кезінде  ескеру қажет  болатын  11-жылдық білім  берудегі

бейіндік  оқытудың бірқатар  мәселелері  анықталды:  материалдық-техникалық

базаның сәйкессіздігі;  кадрмен  жеткіліксіз қамтылуы;  бейіналды  даярлық

жүйесінің жетілмегендігі;  бейіндік  оқытудың екі  бағытпен  шектелгендігі;

бейіндік 

оқытудағы 

білім 


мазмұнының

басқа 


білім 

деңгейлерімен

сабақтастығының жүзеге аспағандығы; бейіндік мектепте оқушылардың оқуын

жалғастыруға  ынтасының төмендігі;  бейіндік  оқыту  нәтижелерін  бағалаудың

дұрыс  жүйесінің болмауы;  шағын  жинақты  мектептер  жағдайында  бейіндік

оқытуды ұйымдастырудағы қиыншылықтар [20].

12-жылдық білім  беру  жағдайында  бейіндік  оқыту  моделін құрастыру

кезінде, әлеуметтік  тәжірибені, қоғамдағы  жаңа құндылықтардың бекуін  және

11-жылдық білім берудегі бейіндік оқыту мәселелерін ескеру керек. 12-жылдық

білім  берудегі  бейіндік  оқытудың мазмұны,  ішкі  бағдарымен  екі  бағыт




11

(жаратылыстану-математика,

қоғамдық-гуманитарлық)

бойынша


жүзеге

асырылады.



1.2 Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім

беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері

Мектептің негізгі орта білім деңгейін аяқтаған оқушылар таңдау бағытына

қарай жалпы орта білім беру деңгейінде оқуларын жалғастырады.

Жалпы  орта  білім беру оқушының табиғат, қоғам  және адам  туралы

біртұтас,  аяқталған  білім  жүйесін  меңгеруін,  функционалдық сауаттылығының

дамуын,  тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік  және  физикалық

дамуын,  білім  мазмұнын  саралау,  кіріктіру  және  бейіндеу  негізінде  болашақ

мамандығының бағытын  таңдау  жағдайын қамтамасыз  етеді.  Сонымен қатар

оқушылардың бағдарлы  бағыттар  шеңберінде өз  бетінше  білімге  деген

сұраныстары  мен қызығушылықтарын  анықтау,  сондай-ақ олардың  өмір  бойы

оқуға  дайындығын қамтамасыз  ету  және  мамандық таңдауға  дайындығы

негізінде әртүрлі  типтегі  білім  беру  мекемелерінде бейіндік-бағдарлы білім

беруге мүмкіндік береді.

Бейіндік-бағдарлы білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі

анықтауын қамтамасыз  ететін,  оқытудың даралануы  мен  саралануын  жүзеге

асыратын  жалпы  орта  білім  беруді  аяқтау  кезеңі.  Бұл  оқыту әрекетінің

ұйымдастыру жүйесінде  жоғарғы  сынып  оқушыларының  қызығушылығы  мен

талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби

бағдарына сәйкес дербес дамуы үшін бейіндік оқыту жүзеге асырылады [21].

Бейіндік  оқыту – жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің жоғары

сыныптарында  даралап  оқытуға,  оқушының  әлеуметтенуіне,  сонымен қатар

орта  және  жоғары  кәсіптік  білім  беру  мекемелерімен  ынтымақтастығына

бағытталған арнайы дайындық жүйесі [3].

12  жылдық білім  беру  жүйесіндегі бейіндік  оқытудың мақсаты –

жаратылыстану-математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық

бағыттары  және

олардың ішкі  бағдарларға  бөлінуі  бойынша  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын

саралау,  жүйелеу,  кіріктіру  және  кәсіптік  бейімдеу  жолымен  оқушылардың

қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру

бағдарламаларын  таңдап  алып,  сапалы  білімді  игеруіне  мүмкіндік  беру  болып

табылады.

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі жоғары  сыныптарға арналған типтік

оқу жоспарын шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады:

1) жалпы білім беретін базалық пәндер. Бұл сыныптағы барлық оқушылар

үшін міндетті болып саналады;

2)  белгілі  бір  бағыттағы  таңдаған  оқушылар үшін  міндетті  және  сол

бағытты толық анықтайтын тереңдетілген бейіндік пәндер;

3)  оқушылардың  өз  таңдауы  бойынша  енгізілетін  таңдау  (қолданбалы)

курстары.



жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау