Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет6/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

14

Сонымен 12  жылдық мектептегі жаратылыстану-математикалық бағытта

бейіндік-бағдарлы

оқытуды  дамытудың

басымды  бағыттарын  былайша

тұжырымдауға болады:

– оқушылардың

жекелей


қабілеттері  мен  бейімділіктерін

ертерек


айқындау және тұлғалық пен кәсіби қалану болашағын ертерек жоспарлау;

– жоғары сынып оқушыларының өздігінен практикалық іс-әрекет ету мен

өзін-өзі дамыту бойынша білімдерін қолдану үшін түйінді құзыреттіліктері мен

қабілеттерін дамыту;

– бейіндік  мектепте  оқуға  ынтаны  күшейту,  жаңашыл  ойлау  мен  сыни

тұрғысынан ойлауды, өзіндік білім алуды қалыптастыру;

– білім  беру  мазмұнының  қолданбалы  сипатын  нығайту  және  білім  беру

үдерісі үшін оқу-өндірістік жағдай  жасау  арқылы  оқушылардың тереңдетілген

түрдегі кәсіби-бейімделген оқуын ұйымдастыру [24];

– жоғары  мектеп  компонентін  «Бейіндік  мектеп»  бағдарламасының

мазмұнына 

кіріктіру 

жолымен,

жаратылыстану-математикалық

бағытта

оқушылардың жоғары  оқу  орнында  оқуларын  жалғастыру үшін  оңтайлы



жағдаймен қамтамасыз ету [3];

– кредиттік оқыту жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіптік мектеп пен

өндіріс саласының арасындағы әлеуметтік  серіктестікті  дамыту  жолымен

инновациялық

технологиялар  мен

қазіргі  заманғы

өндірістің

бастапқы


негіздерін игеру;

– ауыл  жастарының мүдделерін  ескере  отырып,  ауылды  сақтау  мен

дамыту мақсатында мамандықтардың алғашқы деңгейін ертерек игерулері үшін

ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау;

– еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуын  және  экономиканың

дамуының өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, өмірлік келешектерді саналы

түрде анықтауға оқушыларды дайындау;

– типтік  оқу  жоспарының вариативтік  компоненті  мазмұнын  кеңейту

жолымен  оқыту  мазмұнын  саралау  және  жеке  білім  беру  бағдарламаларын

жүзеге асыру;

– оқушылардың жаңашылдықпен  ойлауын  және  креативтілігін, өздігінен

ғылыми-зерттеу  және  жобалау  іс-әрекеттерін жасау, өздігінен  білім  алу

дағдыларын қалыптастыру.

1.3  Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  бейіндік  пәндердің

білім мазмұнына қойылатын талаптар

12  жылдық мектепте  бейіндік-бағдарлы  білім  берудегі  бейіндік  пәндер

және  олардың мазмұны әр  бағытта  (жаратылыстану-математикалық және

қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) әртүрлі  болады,  яғни  бейіндік  пәндер

жоғары  сыныптағыларды  оқыту  бағыты  мен  мамандандыруды қамтамасыз

етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:

– оқыту бағыттарына сәйкес білім мазмұны сараланған түрде болады;

– инварианттық компоненттің  құрамына  еніп,  оқу бағдарламалары  мен

оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;



15

– жаңашыл  және

практикаға

бағытталған

қолданбалы  мазмұнды

қамтиды;


– көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;

– орта  мектеп  пен  жоғары  оқу  орнының сабақтастығы  пәндердің білім

мазмұнының кіріктірілуі арқылы қамтамасыз етіледі.

Жалпы  орта

білім  беру  деңгейінде  бейіндік-бағдарлы  оқытудағы

жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарының

білім мазмұны білім алушылардың мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін

есепке  ала  отырып  тиімді  педагогикалық жағдайлар  жасауға  бағытталады.

Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше

мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз

етеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім  беру мазмұны  мынадай



мақсаттарға жетуді көздейді [9, 11, 12]:

– бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

– оқушылардың  қабілеттерін,  жеке  бейімділіктері  мен қажеттіліктерін

ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың жаратылыстану-математикалық

даму ортасын жасау;

– қоршаған әлемді танып  білу  мен түрлендірудегі  математиканың,

информатиканың, физиканың, биологияның, химияның және  географияның

рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

– бейіндік  пәндер  арқылы оқытуды  бейіндендіруге  жағдай  жасау  және

оқушыларды  одан әрі  кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға және өз

мүмкіндігін жүзеге асыруға даярлау.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер:

– оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамытуды;

– оқушылардың логикалық, математикалық, алгоритмдік,  операциялық,

ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыру мен дамытуды;

– әртүрлі өмірлік жағдайларға  және  болашақ кәсіби қызметіне қажетті

оқушылардың

аналитикалық,

практикалық

біліктері 

мен 


дағдыларын

жетілдіруді;

– математиканың, информатиканың, физиканың, химияның есептерін

практикалық пайдалануға  бағыттауды  және  олардың практикалық мәнін

түсінуді;

– оқушылардың математикалық және  физикалық моделдеу  аппаратын

меңгерудегі құзыретті, білімді, білікті және дағдыларды қалыптастыруды;

– әртүрлі

сипаттағы

қолданбалы  физика-математикалық

моделдерді

тұжырымдаудың практикалық дағдыларын дарытуды;

– физика-математикалық,  ғылыми-жаратылыстану  пәндерін  пәнаралық

байланыстарды  сақтай  отырып,  тереңдетіп  және  кеңейтіп  оқытуды,  білім  беру

деңгейлерінде білім мазмұнындағы сабақтастықты;

– оқушылардың 

ғылыми-жаратылыстану 

білімінің

заманауи

тұжырымдамасын меңгеруі;




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау