Жаратылыстану және математика



жүктеу 2,5 Mb.
бет5/19
Дата05.02.2018
өлшемі2,5 Mb.
#8651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Дәрістің мазмұны:


1. Электр және магнетизм құбылыстарын зерттеу тарихы

2. Электромагнетизм ғылымының маңызы



Мақсаты: Электр және магнетизм ілімінің маңызымен, даму тарихымен, курспен танысу.

тірек сөздер. Электромагниттік өріс . Электромагниттік толқындар .

Негізгі сұрақтар және мазмұны.

1. Электр және магнетизм құбылыстарын зерттеу тарихы

Электр, магниттік құбылыстарды зерттеу ертеден басталды. ХVI ғасырда Гильберт ғылыми зерттеу негізін салды. ХVIII ғасыр аяғында Кулон, Гальвани, Вольт, Ампер, Ом, Фарадейдің тәжірибелік заңдары негізінде сол ғылымдардың түсініктері жинақталып, қалыптасты. Максвелл осы тәжірибелерді зерттей келіп, электрлік, магниттік және оптикалық құбылыстарды сипаттайтын жалпы теңдеулерді қорытып шығарды, электромагниттік толқындардың болатындығын, жарықтың электромагниттік толқынның бір түрі екендігін болжап айтты.

2. Электромагнетизм ғылымының маңызы.

Электромагнетизм ғылымының қазіргі өмірде: тұрмыста, өндірісте, ғылыми зерттеулерде алатын орны үлкен. Электр аспаптары, электр қозғалтқыштары, жарық көздері және тағы басқа қондырғылар кең қолданылады. Сол себепті электромагниттік құбылыстарды зерттеу, үйрену өте маңызды.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

- Электр құбылыстарының зерттелу тарихы

- Токтардың өзара әсерлесуін зерттеу

- Электр және магнит құбылыстарының өзара байланысын зерттеу

- Электромагнетизмнің негізгі теңдеулері

- Электромагниттік толқындарды зерттеу тарихы

- Элементар зарядты анықтау тәжірибелері

- Гальванопластика және гальваностегия дегеніміз не?

- Электр вакуумдық аспаптар дегеніміз не?

- Шала өткізгіштер қалай зерттелді



Әдебиет: Силлабусты қара.


  1. дәріс

тақырыбы: Электростатика

Дәрістің мазмұны:

1. Электростатиканың негізгі заңдары.

2. Электростатикалық өрістің потенциалы.

Тірек сөздер: Заряд, өріс,дискреттілік. Электр өтімділік,нүктелік заряд,заряд тығыздығы, кернеулік,потенциал.

Мақсаты: Электростатика түсініктерімен ұғымдарына анықтама.

Негізгі сұрақтар және мазмұны.


  1. Электростатиканың негізгі заңдары.

Зарядтары тыныштықта тұратын жүйенің өрісін электростатика зерттейді.

Электростатикалық өрістің негізгі қасиеттері екі теорема арқылы беріледі:



  1. Гаусс-Остроградский теоремасы: Тұйық бет арқылы кернеулік векторының ағыны бет ішіндегі заряд мөлшеріне пропорционал:

  2. Кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясының нольге теңдігі жөніндегі теорема:

Біріншісі күш сызықтарын оң зарядтан басталып, теріс зарядқа тұйықталатындай етіп жүргізуге негіз болады.

Екіншісі өріс жұмысының шамасы зарядты көшіру жолының формасына тәуелді болмай, тек бастапқы және ақырғы нүктелеріне ғана тәуелді болатындығын білдіреді.



Бұл- электростатикалық өрістің потенциалдығын білдіреді.

  1. Электростатикалық өрістің потенциалы.

Өрістің потенциалдық қасиеті оны потенциал арқылы сипаттау мүмкіндігін білдіреді. Потенциал- өрістің энергетикалық сипаттамасы. Оның өрістің күштік сипаттамасы- кернеулікпен байланысы:

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Электр заряды және электр өрісі

- Электр зарядының қасиеттері: зарядтың екі түрі, материалдық тасымалдаушының болуы, зарядтың жойылмайтындығы, зарядтардың өзара әсерлесуі

- Нүктелік электр заряды

- Зарядтың көлемдік және беттік тығыздығы

- Вакуумдегі Кулон заңы

- Айналмалы таразы

- Электростатикалық бірліктердің абсолютты жүйесі

- Халықаралық бірліктер жүйесі

- Электр жүйесі

- Электр тұрақтысы

- Электрон, протон, позитрон

- Зарядтардың бөлінуі арқылы денелердің электрленуі

- Ортада зарядтардың әсерлесуі

- Электр өтімділік

- Өріс жұмысы, потенциалдар айырымы, электростатикалық өрістің потенциалды сипаты

- Электр өрісінің сипаттамалары: кернеулік және потенциал

-Электр өрісінің суперпозиция принципі

- Электр өрісі кернеулігі және тұйық контуры бойымен циркуляциясы

- Потенциал градиенті және оның өріс кернеулігімен байланысы.

- Электр зарядының қасиеттері

- Вакуумде және ортада Кулон заңы

- Физикалық шамалардың өлшем бірліктері жүйесі

- Электростатикалық өріс және оның сипаттамалары

- Остроградский – Гаусс теоремасы

- Өрістің потенциалды сипаты

Әдебиет: Силлабусты қара.


жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау