Жаратылыстану және математика


Практикалық сабақтардың жоспарлары



жүктеу 2,5 Mb.
бет19/19
Дата05.02.2018
өлшемі2,5 Mb.
#8651
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

6.Практикалық сабақтардың жоспарлары.



Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

апта

әдебиет

1

Электростатикалық өріс. Кулон заңы.

Электростатикалық өріс Кулон заңы бойынша есептер шығару

1

[6] 17.1-17.20, [5] 9.7-9.14

2

Электр өрісінің кернеулігі.

Электр кернеулігін табу, есептер шығару.

2

[6]17.21-17.37, [5] 9.27-9.33

3

Электр өрісінің потенциалы.

Потенциалдар айырымы. Өріс жұмысы.

3

[6] 17.38-17.48, [5] 9.42-9.48

4

Конденсатор

Электрсыйымдылығы. Конденсаторларды қосу.

4

[6] 17.67-17.89, [5] 9.53-9.104

5

Конденсаторлар

Конденсатор энергиясы.

5

[6] 17.90-17.107, [5] 9.105-9.129

6

Тұрақты ток.

.


Толық және тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосу

6

Әдебиет: [6] 18.1-18.27, [5] 10.1-10.25

7

Кирхгоф ережесі.

Кирхгоф ережелерін пайдаланып электр тізбегін есептеу.

7

[13]Жаттығу: 5-8,[25]21-27б., жатты:13-17 (27-28бб),[26] (9-24)

8

Тұрақты токтың

жұмысы мен қуаты.



Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і.

Энергия шығынының ПӘК-і.



8

[6] 18.48-18.72, [5] 10.38-10.76

9

Термоэлектрондық

эмиссия.


Потенциалдардың контактілік айырымы.

9

[6] 19.1-19.18,

10

Магнит өрісі.


Магнит өрісі индукциясы

және кернеулігі.



10

[6] 21.1-21.26, [5] 11.1-11.19

11

Магнит өрісі.


Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке және қозғалыстағы зарядқа әсері.

11

[6] 21.31-21.52, [5] § 11

12

Электромагниттік индукция.

Ленц ережесі. Индуктивтік ЭҚК-і. Магнит өрісінің энергиясы.

12

[6] 22.1-22.26, [5] § 11

13

Айнымалы ток.


Айнымалы ток Тізбегіндегі кедергі, индуктивтілік және сыйымдылық.

13

[6] § 23, [5] § 14

14

Айнымалы ток.


Айнымалы ток тізбегінің жұмысы мен қуаты.

14

[6] § 23, [5] § 14

15

Электромагниттік толқындар.

Электромагниттік толқындар.


15

[6] § 23, [5] § 14


7. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Дәрістерге дайындалғанда мына нәрселерді ескерген дұрыс:

Алдағы дәріс тақырыбына сәйкес:

а) өткен дәрістердің материалдары бойынша конспектіні және оқулықты қарап шығу.

б) осы тақырып бойынша мектепте не зерттелгенін еске түсіру.

Дәрісте баяндалған материалды мұқият түсіну (бақылаулар, тәжірибелер, гипотезалар, теориялар, түсініктер, шамалар, заңдар және т.б.).

Дәріс берген мұғалімнің қойған мәселелерінің шешілуіне қатысу.

Сұрақты тек дәріс тақырыбына сәйкес қою.

Физика курсын жақсы меңгеру үшін және жоғарғы оқу орнында оқуға әзірлену үшін ең алдымен сабақтың әдістемесін жасап алу керек. Жетістіктің негізгі шарты – жүйелі түрде оқу. Кез келген кітапты оқи беру пайдасыз, оны конспектілеу қажет. Яғни өзіңе керегін, яғни өзіңнің түсінгеніңді жазып алу керек. Кітапты тұтас көшіруге болмайды. Ал түсінбей қалған нәрселеріңді келесі сабақта мұғалімнен сұрап алып, қайта қосымша конспектілеу керек. Егер кітаптың белгілі бір тарауы түсініксіз болып қалса да, бұл сіздің қабілетіңіздің көрсеткіші емес, бұл тек өзіңізге және басқа адамдарға сұрақ қоя білмегеніңізден. Орта мектептің көлемінде де «неге?», «не үшін?», «қайдан?» деген сұрақтарсыз оқуға мүмкін еместігі белгілі.

Курста кездесетін қорытындыларды өз беттерімен жасау қажет (белгілі бір уақыт өткеннен кейін, конспектіге қарамай немесе оқулыққа қарамай жасауға тиісті.)

Сіз физикалық және грамматикалық дұрыс анықтама беріп үйренгеннен кейін, физикалық заңдарды жазып және олардың, қайда және қалай қолданылатындығын түсіндіріңіз, өздігіңізден зертханалық жұмыстарды істеп, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасап және есептер шығаруын үйренуіңіз керек. Бұл жағдайда, берілген тарауды оқып үйрену, аяқталған деп есептеуге болады.

Қорытындыларды, анықтамаларды және тұжырымдамаларды жаттап алуға үйренбеу керек. Олардың мәнін түсіну қажет.

Қажетті жағдайда, түсінілген және бекітілген оқу материалы жадымызға енеді. Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі оқулықтарды пайдалану тиімді. Ал, емтиханға әзірленген кезде, студенттің өзінің конспектісі жеткілікті. Практикалық сабақтар төрт компоненттен тұрады: дәріханадағы жұмыс, үй жұмысы, жеке жұмыс және бақылау жұмысы. Барлық компоненттерде де есеп шығарылуы тиісті.

Есеп шығару дегеніміз – берілген кестелік шамалар арқылы, белгісіз шаманы анықтау.

Салыстырмалы түрде есепті жеңіл шығару үшін, есепті шығарудың стандартты ретін ұстауларын қажет етеді:


  1. Есепті мұқият оқып шығып, оның математикалық шарттарын жазып алу керек. Сонымен бірге бірдей шамаларды ұқсас әріптермен белгілеу керек. (Бір шаманың әр түрлі мәндерін индекстері әр түрлі бір әріппенен белгілейді, ал бірдей индекстермен бірдей объектіге (күйге) қатысты әріптерді белгілейді.

  2. Барлық берілген шамаларды бір өлшем бірліктер жүйесіне көшіру қажет. Бұл жағдайда нәтижені есептеу керек емес. Себебі, әрбір жауапқа әрекеттердің бөлігін қойған кезде, басы артық болуы мүмкін, есептің шартында және жауабында физикалық шамаларды олардың аттарымен жазу керек. Әрекеттерді орындаған кезде, барлық шамалар өлшемділіктеріменен қойылады.

  3. Қажет тұрғызулармен суреттерді жасаңыздар.

  4. Есептің шартын ойлаңыздар. Есепте қандай процестер жүзеге асады және олар қандай заңдылықтарға бағынады. Есепті шығару жолының мысалын көрсетіңдер. Бұл жағдайда белгісіз шама – сізді алға жетелейді, ал белгілі – есепті шығарудың белгілі тәсілін ойыңызға түсіреді.

  5. Анықталатын шама енетін сәйкесті өрнек қажетті жағдайда, кітапты немесе конспектіні пайдалану арқылы өтілген материалдардан таңдап алынады. Таңдап алу, шығармашылық процесс. Есепті шығарудың ең тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұған студенттерді үйретуге болмайды. Себебі есептерді шығарудың жолдары, есептердің өздерінен бірнеше есе артық. Бірақ бұған жеткілікті түрде есептердің санын шығару процесінде және кездесетін барлық сұрақтарды анықтаған кезде, үйренуге болады (есеп негізделген теорияны түсіндірген жағдайда, ал теория меңгерілмеген жағдайда, мұндай есептерді шығару ерте.) Таңдап алынған қатынастың түрлерін жазып алыңыздар.

  6. Сіздің есепте берілген нақты процесске қатысты таңдап алынған қатынасты берілген және іздеп отырылған шамалардың белгіленулерін мүмкіндігінше пайдаланып жазыңыздар. Қатынасты қарапайым түрге келтіріңіздер.

  7. Алынған теңдеуді қарастырыңыздар. Егер онда бір белгісіз шама болса, оны табыңыздар, сонда сіз есептің әріптік жауабын шығарып аласыңдар, яғни іздеп отырылған шаманы берілген және кестелік шамалар арқылы шаманы өрнектеу арқылы.

Егер, есепте белгісіз шамалар бірнешеу болса, онда заңды анықтаманы жалпы түрде немесе жалпы формуланы тағы да таңдап алып, жазу қажет. Одан басқа белгісіз шаманы табуға болады (Берілген есепте, мұндай жазу болмаған жағдайда) 6 пункттағы әрекеттерді қайталаңыздар және алынған теңдеулердің жүйесін қарастырыңыздар.

Егер, белгісіз физикалық шамалардың саны теңдеулердің санынан артық болса, толық теңдеулер жүйесін алғанға дейін қайталау керек, яғни белгісіз шамалардың саны теңдеулердің санына тең болғанша.



  1. Ізделініп отырған шамаға қатысты теңдеулердің толық жүйесін белгілі бір алгебралық тәсілмен шығару қажет.

Есепті шығарудың осындай деңгейінің қажеттілігі өте үлкен. Себебі, осы жерде жіберілген қате есептің дұрыс шығармауына әкеп соқтырады. Сонымен бірге, бұл жерде математикалық білімді тек қана дұрыс қолдану қажеттілігін ойламау қажет.

  1. Кей жағдайда, теңдеулер жүйесін құрастырудың орнына, әрбір белгісіз шаманы тауып, ізделініп отырған шаманың теңдеуіне қойған оңай болады. Сөйтіп, бұл теңдеуде, жаңа белгісіз шамалар пайда болуы мүмкін. Оларды, бұрынғы әдістермен іздейді. Ақырында теңдеуде, белгісіз шама қалмайды. Пайда болған бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы есептің таңбамен берілген жауабы шығарылады. Жауапта кейбір берілген шамалар қатыспауы мүмкін. Себебі, есепті басы артық берілгендер болады.

  2. Таңбалық жауапқа берілген және кестелік шамалардың сан мәндерін және өлшемділіктерін қойыңыздар. Егер соның нәтижесінде дұрыс емес өлшемділік шықса, ол жіберілген қателікті тура көрсетеді. Ал, дұрыс өлшемділік есептің дұрыс шығарылғандығының дәлелі емес. Есептеулерді логарифмдік сызғышты пайдаланып шығарады және оның дәлдігімен, яғни үш мәнді цифрмен шектеледі. Мүмкіндігінше, аралық шамаларды есептеудің қажеті жоқ. Мысалы, таңбалы жауапты әрекет көбейту мен бөлумен шектелетін болса, онда бірден жауап есептелінеді.

Жуық шамаларды төрт мәнді цифрға дейін дөңгелектейді немесе мәнді цифрлардың санына дейін, яғни ең аз берілген жуық шамадан бірге артық цифрға дейін соңғы жағдайда, сандық жауапты ең аз дәл берілген шаманың мәндік цифрының шамасына дейін дөңгелектейді. «Дәл» берілген шамаларды, негізінен жеткілікті дәлдікпен, яғни төрт мәнді цифрға дейін шамалар ретінде қарастырады.

Көптеген есептерде, үш мәнді цифрлармен алынған жауапты жеткілікті дәл деп есептеуге болады. (Егерде ол дұрыс болса).

Есепті былайша өрнектеген ыңғайлы: дәптерді сол жағында баған бойынша, есептің математикалық шарты және бірліктерді бір жүйеге келтіру жазылады. Оң жағынан, тізбектің суретін сызылады. Оның оң жағына, жалпы формулалар (заңдар, анықтамалар) үшін орын қалдырылады. Себебі, солардың негізі арқылы есеп шығарылады. Есепті шығаруды, ізделініп отырған шамадан басталатын және оның таңбалық жауаппен аяқталатын тізбек түрінде жазуға болады. Басқа жағдайларда, есепті шығару толық теңдеулер жүйесін құрайды және одан таңбалық жауап алынады.

Есептер әр түрлі болады: қиын, жеңіл. Есептің күрделілігі – қиындығы, ондағы әрекеттердің санының артуына байланысты. Ал, санның артуы берілген есепте пайдаланылатын теориялық мағлұматтардың аймағының кеңейуімен байланысты. Бірақта осыған қарамастан есептің шығарылу әдісі бұрынғысынша қалады.

Есепті өз беттеріңізбен шығарыңыздар. Шығару барысында кітапқанемесе конспектіге үңілуге болады. Есепті шығару барысында, математикалық қателіктер жіберуге болмайды.
8. Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар

Зертханалық жұмыстарды орындау төмендегі талаптарды білу қажет:




  1. Зертханалық жұмысты мұқият оқу керек.

  2. Зертханалық жұмыс дәптеріне зертханалық жұмыстың тақырыбын, құралдар мен жабдықтарын, мақсатын және кестелерін сызу қажет .

  3. Зертханалық жұмысқа жіберу сұрақтарына жауап беру.

  4. Жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмысты орындауға кірісу.

  5. Алынған мәндер бойынша есептеулер жүргізіп, қателіктерін табу.

  6. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасау.

  7. Зертханалық жұмыстың тапсыруға арналған сұрақтарына жауап беру.


Зертханалық сабақтардың тізімі:
1 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Кіріспе. Қауіпсіздік ережелерімен танысу.
2 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Өлшеудің қателіктерін бағалау теориясы. Физикалық мәндерді жуықтап есептеулер теориясы.
3 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Электр өлшеуіш приборлар. Приборлардың бөліну құнын анықтау. Тізбек құрып үйрену.
4 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Электр энергиясын жинақтауыш ретінде конденсаторды демонстрациялау. Конденсатордың зарядталу тогын демонстрациялау.

Жұмыстың мақсаты: Конденсатормен танысу, онымен жұмыс жасауды үйрену және конденсатордарды параллель, тізбектей қосу.
5 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей қосу заңын тексеру.

Жұмыстың мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей қосу заңдарын тексеріп, дұрыс екендігіне көз жеткізу.
6 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді параллель қосу заңын тексеру.

Жұмыстың мақсаты: Өткізгіштерді параллель қосу заңдарын тексеріп, дұрыс екендігіне көз жеткізу.
7 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Магнит өрісін оқу және оның кернеулігінің бір құраушысын эксперимент жүзінде анықтауды меңгеру.
8 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Термопараны градуирлеу.
9 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Айнымалы токтағы электр тізбегін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Актив, сыйымдылық және индуктивтік кедергісі бар айнымалы токтың тізбегін оқып үйрену.
10 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: p-n ауысуды зерттеу. Жартылай өткізгішті диод.

Жұмыстың мақсаты: p-n ауысуды зерттеу, жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын тұрғызу.
11 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Металдар мен жартылай өткізгіштер кедергілерінің температураға тәуелділігін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: металдар мен жартылай өткізгіштер кедергілерінің температураға тәуелділігін зерттеу және кедергілердің температуралық коэффициентін тауып үйрену.
12 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Электронды осциллограф.

Жұмыстың мақсаты: Электрондық осциллографтың құрылысымен, жұмыс принципімен танысу.
13 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Уитстон әдісімен кедергіні анықтау.

Жұмыстың мақсаты: тұрақты ток көпірі (Уитстон көпірі) және потенциалдардың түсуін анықтау әдістерімен қатты өткізгіштердің кедергілерін анықтауды үйрену.
14 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Актив кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік және сыйымдылық.

Жұмыстың мақсаты: Актив, сыйымдылық және индуктивтік кедергісі бар айнымалы токтың тізбегін оқып үйрену.
15 зертханалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Ток көзінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Ток көздерінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтау әдістерін өлшеп үйрену.
9.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:


  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

  • лабораториялық тәжірибені енгізумен

байланысты.

ОЖСӨЖ-де де, СӨЖ-де де студент өз бетімен жұмыс істеу керек, өз бетімен мәселе қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді үйрену керек.



Материалды дұрыс жаза білуі қажет, яғни мақсатын, қоятын мәселелерін, оларды шешу жолдарын, қорытындыларды және т.б. келтіре алуы керек.

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)


  1. Электр және магнетизмнің табиғаты туралы көзқарастардың қалыптасуы.

  2. Ван- де Граафтың электростатикалық генераторы.

  3. Конденсаторлардың техникада қолданылуы.

  4. Сегнетоэлектриктер. Пъезоэлектриктер. Электреттер.

  5. Электр тізбектерін есептеуде Кирхгоф ережелері және басқа әдістердің қолданылуы.

  6. Толмен және Стьюарт тәжірибелері. Мандельштам және Папалекси тәжірибелерінің маңызы.

  7. Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері, олардың құндылығы.

  8. Асқын өткізгіштік құбылысы.

  9. Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері.

  10. Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.

  11. Электролизді техникада қолданылуы.

  12. Газдағы разрядтардың техникада қолданылуы.

  13. Зарядталған бөлшектердің үдеткіші.

  14. Плазма –техникада және табиғатта.

  15. Электр магниттер және олардың қолданылуы.

  16. Құйынды токтар және скин-эффект.

  17. Еріксіз тербелістерді өндіру.

  18. Радиобайланыс және теледидарласу принципі.


ГЛОССАРИЙ

Физика, электр және магнетизм пәні бойынша глоссарий


Қазақшасы

орысшасы

ағылшыншасы

Электр өткізгіштік

Электропроводность

Conduction

Электр өрісі

Электрическое поле

The Electric field(margin)

Электр тогы

Электрический ток

The Electric current

Электр заряды

Электрический заряд

The Electric charge

Өріс кернеулігі

Напряженность поля

Field tension

Өріс индукциясы

Индукция поля

Field induction

Электризация

Электрлену

Electrification

Электр потенциалы

Электрический потенциал

The Electric potential


Разность потенциалов

Потенциалдар айырмасы

Potential difference

Электр кедергісі

Электрическое сопротивление

The Electric resistance

Ток күші

Сила тока

Amperage

Электр кернеуі

Электрическое напряжение

The Electric voltage(tension;stress)


Электр тогының тығыздығы

Плотность электрического тока

Density of the electric current

Электр ығысу

Электрическое смещение

The Electric offset (displacing)

Диэлектрлік өтімділік

Диэлектрическая проницаемость

Dielectric conductivity

Вакуум

Вакуум

Vacuum

Орта

Среда, вещество

substance

Диэлектрик

Диэлектрик

Dielektrik

Өткізгіш

Проводник

The Conductor

Жартылай өткізгіш

Полупроводник

The Semiconductor

Магнит өрісі

Магнитное поле

The Magnetic field (margin)

Магниттік индукция

Магнитная индукция

The Magnetic induction

Магнит өрісінің кернеулігі

Напряженность магнитного поля

The Tension of the magnetic field(margin)

Магнит өтімділігі

Магнитная проницаемость

Magnetic conductivity

Магнит ағыны

Магнитный поток

The Magnetic flow (stream; duct)

Электромагниттік индукция

Электромагнитная индукция

The Electromagnetic induction

Электр қозгаушы (ЭҚК)

Электродвижущая сила



Электрсиымдылық

Электроемкость

Capacitу

Конденсатор

Конденсатор

The Condensator, condenser, Capacitor

Электростатикалық өріс

Электростатическое поле

The Electrostatic field (margin)

Меншікті кедергі

Удельное сопротивление

Specific resistance

Өткізгіштерді қосу

Соединение проводников

Connection of conductors

Тоқ көзі

Источник тока

Source of current

Тізбектеп қосу

Последовательное соединение

Series connection

Параллель қосу

Параллельное соединение

Multiple connection

Тоқ тасымалдаушы

Носители тока

Current …

Заряд жылдамдығы

Скорость заряда

Charge velocity

Заң

Закон

Law

Заряд тығыздығы

Плотность заряда

Charge density

Еркін зарядтар

Свободные заряды

Free charge units

Жартылай өткізгіш

Полупроводник

Semiconductor

Зоналық теория

Зонная теория

Zone theory

Контактідегі потенциалдар айырмасы

Контактная разность потенциалов

Contact difference of potentials

Шығу жұмысы

Работа выхода

Jab our output

Термоэлектрлік құбылыс

Термоэлектрические явления

Thermoelectric phenomena

Газ разряды

Газовый разряд

Gas discharge

өздік және өздік емес газ разряды

Самостоятельный и несамостоятельный разряд

Self maintained / non – self maintained gas discharge

Электролит

Электролит

Electric – thrower

Иондар

Ионы

Ions

Термоэлектрондық эмиссия

Термоэлектронная эмиссия

Thermoelectric emission

Электрлік диссоциация

Электролитическая диссоциация

Electrolytic dissociation

Иондалу

Ионизация

Ionization

Заряд тығыздығы

Плотность заряда

Charge density

Магнит моменті

Магнитный момент

Magnetic instance

Ампер күші

Сила Ампера

Ampere force

Лоренц күші

Сила Лоренца

Laurence force

Үдеткіш

Ускоритель

Accelerator

Холл эффектісі

Эффект Холла

Hall effect

генератор

Генератор

Generator

Өзгеру жылдамдығы

Скорость изменения

Alternation velocity

Электрлік тербеліс

Электрические колебания

Electric oscillations

Айнымалы тоқ

Переменный ток

Alternating current

Актив кедергісі

Активное сопротивление

Active resistance

Индуктивтік кедергі

Индуктивное сопротивление

Inductive resistance

Реактивтік кедергі

Реактивное сопротивление

Reactive resistance

Сыйымдылық кедергі

Емкостное сопротивление

Capacity resistance

Кернеу диаграммасы

Диаграмма напряжений

Diagram of tension

Қуат

Мощность

Power

Қуат коэффициенті

Коэффициент мощности

Power efficiency

Электрлік тербелмелі контур

Электрический колебательный контур

Electric oscillations conductor

Сызықтық жиілік

Линейная частота

Line frequency

Циклдік жиілік

Циклическая частота

Cyclic frequency

Тербеліс периоды

Период колебаний

Oscillation period

Томсон формуласы

Формула Томсона

Thomson’s formula

Тербеліс фазасы

Фаза колебаний

Oscillation phase

Бастапқы фаза

Начальная фаза

Initial phase

Электромагниттік өріс

Электромагнитное поле

Electromagnetic field

Электромагниттік толқын

Электромагнитные волны

Electromagnetic waves

Толқын жылдамдығы

Скорость волны

Wave velocity

Сәуле шығару

Излучение

Radiation

Жұмыс

Работа

Work

Энергия

Энергия

The Energy






11.Оқушылардың жетістіктерін қадағалау және бағалау материалдары.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:


    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау


  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).


  1. Студенттің сабаққа кешігуі, аудиторияда тәртіпті бұзуы үшін:

-0,5 балл шегертіледі.

Ұялық телефонды қосқаны үшін:

-1 балл шегертіледі.


  1. Білімді және оқушының еңбегін бағалау кестеге сәйкес жүргізіледі. Онда жұмыстың әр түріне сәйкес баллдың максималды мүмкін мәндері көрсетілген.

  2. Қорытынды емтихан 450 сұрақ бойынша тестілеу түрінде өтеді. Сұрақтар мынадай бөлімдермен топталады:

І. Ұғымдар, физикалық шамалар, оларды өлшеу бірліктері, заңдар, электр және магнетизм курсынан негізгі формулалар.

ІІ. Есептер, тәжірибелер, әдістер.

Емтиханның сұрақтары төрт бөлім бойынша топтастырылады:


  1. Негізгі түсініктер, құбылыстар.

  2. Заңдар.

  3. Сапалық және жартылай сандық есептер.

  4. Сандық есептер


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



Бағалау критериі

Бағалау түрі

Апта

% жұмыс үшін

%

барлығы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәріске қатысу

0,2

3

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау

0,5

6,5

+

+

+

+

+

+




+

+

+

+

+




+

+

3

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

0,5

6,5

+

+

+

+

+




+

+

+

+

+

+

+




+

4

Бақылау жұмысы

4

8
















+






















+




5

Практикалық сабақтардағы ОЖСӨЖ

0,5

6




+

+

+

+




+

+

+

+

+

+

+




+

6

Коллоквиумдер

5

10



















+
















+







7

Зертханалық жұмыстар

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8

Реферат

5

5


































+










9

Емтихан




40














































10

Барлығы




100
























































2,2

2,7

2,7

2,7

2,7

5,7

7,2

2,7

2,7

2,7

2,7

7,7

7,2

5,7

2,7

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Студент пәннің сабақтарының 1/3 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Практикалық сабақта белсенділігі.

Практикалық сабақта белсенділігі студенттің сабақта есеп шығару жұмысы және тақтада есеп шығаруы бойынша анықталады.



7.Зертханалық жұмыстар

Зертханалық жұмыстар бойынша балл тек тапсырылған жұмыстардың саны бойынша анықталады.



8.Коллоквиумдар.

Коллоквиумдар микроэкзамен түрінде, яғни ауызша сұрау арқылы қабылданады. Олар семестрде екі рет, аттестация алдында ОЖСӨЖ-де өткізіледі. Мақсаты: Өтілген материалды тәмамдап, талқылау, тиянақтау.



9.Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.




Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Электрмагнетизм теориясына негіз болған тәжірибелерді ата.

  2. Электр және магнит өрістерінің өзара байланысты екендігін тәжірибе жүзінде көрсеткен қай ғалым?

  3. Электрмагнетизм теориясының негізгі теңдеулерін қорытқан қай ғалым?

  4. Электрмагниттік толқындардың болатындығын болжаған қай ғалым?

  5. Электр заряды, оның қасиеттері. Кулон заңы.

  6. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары қандай? Электростатикалық өрістің негізгі қасиеттерін айтыңыз.

  7. Остроградский- Гаусс теоремасы.

  8. Өріс күшінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы және кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы. Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?

  9. Өткізгіштегі зарядтың бөлінуі қандай? Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланыстыратын формуланы жаз.

  10. Әсерлесу арқылы электрлену. Электростатикалық қорғау. Ван-де Граафтың электростатикалық генераторы.

  11. Электр сиымдылығы дегеніміз қандай шама? Конденсаторлар дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Әртүрлі әдістермен жалғанған конденсаторлар батареясының электр сиымдылығын қалай табады?

  12. Диэлектриктердегі өрісті сипаттаңыз. Оны қандай шамалармен сипаттайды?

  13. Диэлектриктердегі өріске арналған Остроградский-Гаусс теоремасын жазып бер.

  14. Сегнетоэлектриктер, пъезоэлектриктер, электреттер дегеніміз не?

  15. Зарядталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясын қалай табады?

  16. Электрстатикалық өрістің энергиясы мен энергия тығыздығы қалай есептеледі?

  17. Электр тогы заңдарын айтыңыз. Ом заңының қандай түрлерін білесіз?

  18. Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоф ережелерін айтыңыз.

  19. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық үлгісі.

  20. Металдардағы токтың табиғаты қандай? Толмен және Стьюарт тәжірибелері. Мандельштам және Папалекси тәжірибелері.

  21. Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Электр кедергінің себебі не?

  22. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің түрлері және қасиеттері қандай?

  2. Қоспалы шала өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар.

  3. Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері, олардың іс жүзіндегі құндылығы.

  4. Жартылай өткізгіш диод және транзистор.

  5. Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.

  6. Металл емес қатты денелердің электрондық, иондық және аралас өткізгіштік түрлері.

  7. Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы. Термоэлектрлік құбылыстар.

  8. Электролиттердегі электр тоғының заңдары ќандай?

  9. Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. Электролиздің техникада қолданылуы.

  10. Гальвани элементтері. Аккумуляторлар.

  11. Газдардағы электр тоғы. Газдағы разрядтардың түрлері және техникада қолданылуы. Катодтық сәулелер.

  12. Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Ампер және Био – Савар – Лаплас заңдары.

  13. Магнит өрісі негізгі қасиеттері.

  14. Магнит өрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіш орам.

  15. Лоренц күші.

  16. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіштің қозғалысы кезінде істелетін жұмыс. Магниттік ағын.

  17. Магнетиктердің магнит өрісі. Диа- және парамагнетизмнің табиғаты. Ферромагнетиктердің табиғаты.

  18. Электр магниттік индукция құбылысы. Фарадей және Ленц заңдары.

  19. Өзіндік және өзара индукция құбылысы. Индуктивтілік.

  20. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы. Құйынды токтар. Скин-эффект.

  21. Электр магниттік өрістің негізгі теңдеулері. Ығысу тоғы жайындағы Максвелл болжамы. Максвелл теңдеулері.

  22. Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.


Емтиханға дайындық сұрақтары.
1. Электрмагнетизм теориясының пайда болуы және дамуы.

  1. Электр заряды, оның қасиеттері. Кулон заңы.

  2. Электр өрісінің негізгі сипаттамалары қандай? Электростатикалық өрістің негізгі қасиеттерін айтыңыз.

  3. Остроградский- Гаусс теоремасы.

  4. Өріс күшінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы және кернеулік векторының тұйық контур бойымен циркуляциясы. Электр өрісінің потенциалы дегеніміз не?

  5. Өткізгіштегі зарядтың бөлінуі қандай? Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланыстыратын формуланы жаз.

  6. Әсерлесу арқылы электрлену. Электростатикалық қорғау. Ван-де Граафтың электростатикалық генераторы.

  7. Электр сиымдылығы дегеніміз қандай шама? Конденсаторлар дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Әртүрлі әдістермен жалғанған конденсаторлар батареясының электр сиымдылығын қалай табады?

  8. Диэлектриктердегі өрісті сипаттаңыз. Оны қандай шамалармен сипаттайды?

  9. Диэлектриктердегі өріске арналған Остроградский-Гаусс теоремасын жазып бер.

  10. Сегнетоэлектриктер, пъезоэлектриктер, электреттер дегеніміз не?

  11. Зарядталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясын қалай табады?

  12. Электрстатикалық өрістің энергиясы мен энергия тығыздығы қалай есептеледі?

  13. Электр тогы заңдарын айтыңыз. Ом заңының қандай түрлерін білесіз?

  14. Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоф ережелерін айтыңыз.

  15. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық үлгісі.

  16. Металдардағы токтың табиғаты қандай? Толмен және Стьюарт тәжірибелері. Мандельштам және Папалекси тәжірибелері.

  17. Металдардың өткізгіштігінің классикалық теориясы. Электр кедергінің себебі не?

  18. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?

  19. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің түрлері және қасиеттері қандай?

  20. Қоспалы шала өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар.

  21. Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері, олардың іс жүзіндегі құндылығы.

  22. Жартылай өткізгіш диод және транзистор.

  23. Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.

  24. Металл емес қатты денелердің электрондық, иондық және аралас өткізгіштік түрлері.

  25. Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы. Термоэлектрлік құбылыстар.

  26. Электролиттердегі электр тоғының заңдары ќандай?

  27. Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. Электролиздің техникада қолданылуы.

  28. Гальвани элементтері. Аккумуляторлар.

  29. Газдардағы электр тоғы. Газдағы разрядтардың түрлері және техникада қолданылуы. Катодтық сәулелер.

  30. Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Ампер және Био – Савар – Лаплас заңдары.

  31. Магнит өрісі негізгі қасиеттері.

  32. Магнит өрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіш орам.

  33. Лоренц күші.

  34. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіштің қозғалысы кезінде істелетін жұмыс. Магниттік ағын.

  35. Магнетиктердің магнит өрісі. Диа- және парамагнетизмнің табиғаты. Ферромагнетиктердің табиғаты.

  36. Электр магниттік индукция құбылысы. Фарадей және Ленц заңдары.

  37. Өзіндік және өзара индукция құбылысы. Индуктивтілік.

  38. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы. Құйынды токтар. Скин-эффект.

  39. Электр магниттік өрістің негізгі теңдеулері. Ығысу тоғы жайындағы Максвелл болжамы. Максвелл теңдеулері.

  40. Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.

1 микроэкзамен сұрақтары.



  1. Электр заряды. Кулон заңы. Электр зарядының саќталу заңы.

  2. Электростатикалыќ өріс және оны сипаттайтын шамалар: кернеулік, потенциал. Суперпозиция принципі..

  3. Электрлік диполь.

  4. Электростатикалыќ өрістің потенциалы мен кернеуліктің арасындағы байланыс.

  5. Диэлектриктер мен олардың поляризациясы. Диэлектриктердегі өріс кернеулігі.

  6. Электр өрісіндегі өткізгіштер.

  7. Электр сиымдылық. Конденсаторлар және оларды ќосу

  8. Электростатикалық өрістегі жұмыс және потенциал.

  9. Зарядталған өткізгіштің энергиясы, конденсатордың және электростатикалық өріс энергиясы

  10. Электр тогы. Ток күші және тығыздық. Кернеу. Өткізгіштің кедергісі.

  11. Тізбек бөлігі үшін және тұйық тізбек үшін Ом заңы. Бөгде күштер. ЭҚК.

  12. Джоуль – Ленц заңы. Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты

  13. Тармақталған тізбек. Кирхгоф ережелері.

2 микроэкзамен сұрақтары.




  1. Қатты денелердің электр өткізгіштігі.

  2. Жартылай өткізгіштер.

  3. Магниттік индукция. Магниттік күш сызықтар. Магнит өрісінің кернеулігі.

  4. Лоренц күші. Ампер заңы. Био – Савар – Лаплас заңы.

  5. Магнит өрісіндегі тогы бар контур. Вакумдагы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

  6. Тогы бар өткізгіштің тұрақты магнит өрісінде орын ауыстыру кезіндегі жұмысы. Магнит ағыны.

  7. Электрондар мен атомдардың магниттік моменттері.

  8. Индукция құбылысы. Ленц заңы. Өздік индукция. Өзара индукция.

  9. Магнит өрісінің энергиясы.




ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:



  • материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

  • материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;

  • дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.


12. Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздандыру

«Электр және магнетизм» курсы бойынша электрондық оқулық. №1 корпус. 307, 102 аудитория. Физика кафедрасы.


13. Лабораториялық аудиториялар

№1 корпус. 304,305,306 аудиториялар.
жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау